Айтыс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2011 в 16:16, реферат

Описание

Айтыс-халық ауыз әдебиетінің ерекше бір түрі. Айтыс қазақ ауыз әдебиетінде саны жағынан да, сапасы жағынан да айырықша орын алады. Тек қазақта ғана емес, бүкіл Шығыс елінде бар айтыс қазір өзінің жанрлық қасиетін, түрін қазақ әдебиетінде ғана сақтап қалып отыр.
Айтыстың бірнеше түрі бар: 1. Бәдік. 2. Жар-жар. 3. Жануарлар мен адамның айтысы.
4. Өлі мен тірінің айтысы. 5. Жұмбақ айтысы. 6. Салт айтысы-қыз бен жігіттің айтысы, ақындар айтысы. 7. Осы күнгі айтыстар.

Работа состоит из  1 файл

Айтыс.doc

— 25.50 Кб (Скачать документ)

Айтыс-халық ауыз әдебиетінің ерекше бір түрі. Айтыс қазақ ауыз әдебиетінде саны жағынан да, сапасы жағынан да айырықша орын алады. Тек қазақта ғана емес, бүкіл Шығыс елінде бар айтыс қазір өзінің жанрлық қасиетін, түрін қазақ әдебиетінде ғана сақтап қалып отыр.

Айтыстың бірнеше  түрі бар: 1. Бәдік. 2. Жар-жар. 3. Жануарлар  мен адамның айтысы.

4. Өлі мен  тірінің айтысы. 5. Жұмбақ айтысы. 6. Салт айтысы-қыз бен жігіттің  айтысы, ақындар айтысы. 7. Осы күнгі  айтыстар.

Бәдік айтысы-айтыс  жырларының көне түрі. Ол адамның табиғаттың жұмбақ сырына түсінбеген кезінде, шаманизм діни нанымына байланысты туған. Адам өзі танып-білмеген күштердің бәріне табынған, солардың бәрінің өз иесі бар деп білген, жақсылық, жамандық атаулының бәрінің өз тәңірісі бар деп ұққан. Соларға құлшылық етіп жалбарынған, солардан медет тілеген.

Жануарлар мен  адамның айтысы. Төрт түлік халық  ауыз әдебиетінде ерекше орын алады. Онда жануарлар мен адамның айтысы да кездеседі. Бұл айтыстардан халықтың күн көріс, тіршілігін, бір кездердегі дүниетану көзқарасын аңғаруғ болады.

Айтыстардың ішінде ерекше орын алатын түрі- жұмбақ айтысы. Жұмбақ айтысы халықтың өмір, табиғат  құбылысын білсем деген арман-тілегінің  елесі. Алуан өмір құбылыстарын түсіну, білу, білмегендерді соған жетектеу, әсіресе жастардың ой-санасын кеңейтуге тілегінен туған. Сондықтан ұсақ  нәрселерден бастап жұмбақ етіп, қиынға көшу, өзінше сол ой-сананы өрістету, ойлауға дағдыландыруды мақсат етеді.жұмбақ айтысқа кез келген ақын бел байлап айтысуға шыға алмайды. Жұмбақталатын нәрсенің көпшілігі шындық өмірден алынады.

Салт айтысы екіге бөлінеді: қыз бен жігіт  айтысы ж/е ақындар айтысы.

Қыз бен жігіт  айтысы көбіне ойын-тойда айтылады. Әдетте бұл айтыстүрі ақынды талғамайды, ақындығы жоқ жігіттер де, қыздар да үйреншік, жаттамалы өлеңдермен айтыса береді. Бірақ кейде ақын жігіт пен ақын қыздың не әдейі кездесіп, не кездейсоқ ұшырасып айтысатыны да болады.

Қыз бен жігіттің айтысы- салт айтысының жоғары сатысы деп есептелетін ақындар айтысының даярлығы, соның бастамасы секілді. Қыз бен жігіттің айтысы кейде өз шеңберінен шығып, ру айтысының дәрежесіне жетеді. Кейде екеуі аралас-құралас келіп те отырады. Сондықтан көп жағдайда бұл екі айтыстың арасында үзілді-кесілді шек қою да қиын.

Қазақтың айтыс  өнері- ат жарысымен, балуандар күресімен  пара-пар. Демек, ақындар айтысы да жарыс. Бірақ бұл- өнер жарысы, сөз сайысы. Ақындар айтысы- айтыс жанрының кейінгі  даму кезеңінің жемісі. Ақындар айтысының негізгі тартыстары ру мәселесінің айналасында болады. Ақындар өлеңді табан астында шығарады, тосыннан айтысады. Айтыс әсерлі болу үшін ақындар домбыраның не сырнайдың, қобыздың сүйемелдеуімен әнмен айтылады.

Бүгінгі айтыс  өнерінің мәні тек арқалы ақындардың шарпысуында ғана емес, тыңдаушы жұртшылыққа әлеуметтік ахуалды көбірек тілге тиек етіп, шынайы өмір мысалдарын тапқырлықпен суреттеуінде.

Айтыс- ақындық  тәрбие мектебі.

Айтыс- халықтың көзі, хылықтың тілі екеніне күмән  жоқ.

Айтыс өнері- бүгінгі  рухани мәдениетіміздің ажырамас бір бөлігі. Бұл өнер- ұрпақтан-ұрпаққа, буыннан- буынға ауысып өрісі ұлғайып ілгерілеп дами береді.

Айтыс- еріккеннің ермегі емес, биік өнер. Ол- сөз бен  ойдың, тапқырлықтын шыңы.

Информация о работе Айтыс