Бейімбет Майлин - сатирик жазушы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2012 в 14:17, курсовая работа

Описание

Майлин Бейімбет (Бимағамбет, 1894-1938) - қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі. Туып-өскен жері – Қостанай облысының Таран ауданы.Саяси репрессияның құрбаны болды.
Бейімбет поэзия, проза, драма саласында бірдей өнімді еңбек еткен қаламгер. Бейімбет қазақ поэзиясында поэма жанрының өрісін ұзартып, өресін биіктетуге қомақты үлес қосқан. Бейімбет Майлин дарыны оның прозалық шығармаларында айрықша жарқырап көрінген.

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................3
І. Бейімбет Майлин - сатирик жазушы
1.1 Б. Майлин өмірі мен шығармашылығына қысқаша сипаттама...................4
1.2 Б. Майлиннің әңгімелеріндегі сатира мен юмор...........................................8
1.3 Бейімбет Майлиннің сатиралық драмалары.................................................16
1.4 Бейімбет Майлин поэзиясының стиль ерекшелігі.......................................21
Қорытынды..........................................................................................................26
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................28

Работа состоит из  1 файл

Бейімбет Майлиннің прозасыкурстық жұмыс.doc

— 126.00 Кб (Скачать документ)

"Төртбақ, теке көз, шалбар бет қараны көрсең, бұл Арыстанбайдың Мұқышы екен де  қой. Мұқыш екенін сездіруге өзі де құмар: қызмет басындағы адамды көрсе, шырғалап соның маңынан шықпайды.

— Жақсы келдің, шырағым, сені көруге құмар болып отыр едік,—деп, өзіңе жастық қоя, сені мақтай сөйлейтіні де бар.

— Кеңес үкіметінің жұмысына қасық қаным қалғанша дайынмын!—деп белсенділік көрсететіні де бар.

Онда да түсіне алмай томырықтық істесең:

— Арыстанбайдың Мұқышы дейтін белсенді кедейің мен боламын!—деп төсін қағып қоюдан да тайынбайды.

Осының бәрін жаудырса, "Мұқыш осы екен ғой",—деп, өзің де қол қоясың.

Ал "төртбақ, теке көз, шалбар бет қара", ежірейген мықыр Мұқыштың сырт кескіні де сондай нысаналы. Одан әрі Мұқыштың "қызмет басындағыларды" әбден ығыр қылған екі-үш ауыз үйреншікті жәдігөй  сөзі мынау “сені көруге құмармын", "жұмысыңа дайынмын", "белсенді кедеймін". Шынында, Мұқыш, әкесі Арыстанбай секілді, күні кешеге дейін "осы ауылды бір шыбықпен айдап келген" атқамінер, қу, ел жегіш парақор болатын; бүгінгі тіршілігі де сол: "баққаны өсек, айтқаны — ғайбат; көксегені — ұрыс-керіс, жанжал; жұрт арасына іріткі салып, біреуді біреуге атыстырып-шабыстырып жүрген, жалақор, пәлеқор. Мұндай алаяқ бұрын да болған, қазір де бар. Жазушы сондайлардың өз кезіндегі бір типтік бейнесін жасаған.

"Шұғаның белгісі" хиқаяты. Өзінің проза жанрындағы тұңғыш туындысы—"Шұғаның белгісі" хикаятын Б. Майлин жасы жиырмаға толар-толмаста "Садақ" атты қолжазба журналда жариялайды. Соған қарамастан, бұл шығарма күні бүгінге дейін қазақ прозасының айтулы үлгілерінің бірі болып қалып отыр. Егер ол кез — 1914—1915 жылдары — қазақ прозасының жаңа ғана бой көтере бастаған балаң шағы екенін ескерсек, онда мұндай ғажайып туындыны қолына жаңа қалам ұстаған шәкірт талапкердің дүниеге әкелуі танымдық тұрғыдан да ерекше қызық кұбылыс. Хикаятта ескі қазақ қоғамындағы кезекті мәселе — әйел теңсіздігі, бірін-бірі сүйген жастардың махаббат бостандығы әңгіме болады. Әлеуметтік теңсіздік кедергі болып, армандарына жете алмаған байдың қызы — аяулы Шұға сұлу мен кедейден шыққан мақтаулы, оқыған жігіт Әбдірахманның қайғылы тағдыры суреттелген. Есімбек бай қызын кедей жігітке бергісі келмей, олардың жолығысуына тыйым салады. Онымен де тынбай, өтірік жала жауып, Әбдірахманды айдатып жібереді. Осындай қатыгез зорлықтан ішкұса болған нәзік жанды Шұға айықпас дертке шалдығып қайтыс болады. Айдаудан босатылған Әбдірахман сүйікті ғашығы — Шұғасына асығып жеткенде, қайран арудың қазасының үстінен шығып, бордай егіледі, өзіне қалдырған хатын оқып, көз жасын көл етеді...

Осы қысқа қайырымды оқиға сүйіскен жастар бостандығын қолдап, оған ерік бермейтін ескілікті сынайтын, ғасырға жуық уақыт бойы оқырмандарын тамсандырумен келе жатқан сұлу да сырлы, әсем де әсерлі хикаятқа қалай айналған десеңізші!

Хиқаят күзгі табиғаттың әсем суретінен басталады: "Біз елден шыққанда күн де сәскелікке жақындап еді. Ұшпалысу бұлттар көшкен керуен сықылды тіркесіп оңтүстікке қарай жылжып ұшып, күннің көзі біртіндеп ашыққа шығып, жылы шырайлы нұрын шаша бастады". Баяндаудың осы бір жайма шуақ әуені әсерлі әңгіменің нышанындай сезіледі.

Әрі қарай "біз" дегеннің бірі — автор, екіншісі — "отыз-қырықтың шамасындағы жер ортасы адам" — Қасымжан деген "сиректеу сақал-мұрты бар, қара бұжыр" кісі екенінен хабардар болып, біршама портреттік белгілерін де біліп аламыз. Әңгімешінің мінген атының үсті-үстіне ұрып отырмаса, кейін қалып қала беретін қырсау, ал тыңдаушының атының "жүргіштеу... жортақтау" болуының өзі де оқырманның хикая қызығына деген ынтасымен әуендестік танытады...

"Жел артымыздан еді" деген де алдағы әңгіме қызығына асықтырғандай әсер етеді.

Ал әншейін ғана: "Пішініне қарағанда, бір түрлі сөйлемпаз адам" дей салғаны да әлденендей бір қызық оқиғадан дәмелендіре түседі. Әне, сол "Пішініне қарағанда, бір түрлі сөйлемпаз адам" "сөзді бастап та жіберді": "Бала күнімізде анау көрінген төбенің басында талай асық ойнап едік... онда бірдәурен...иә... бұл елдің күзге қарай қонатын жері, жазғытұрғы барып, тамызға дейін отыратын жайлауымыз, бұл көл де "Шұғаның белгісі" атанды, бұрын "Тарғыл өгіз сойған" деуші едік. ... Есімбек сол "Өгіз сойғанның" ең шұрайлы жеріне қонушы еді.... Ортан қолдай төрт ұлы болды—шетінен қасқыр. Сол төрт ұлдың ортасында бұлаңдап өскен Шұға дейтін қызы болды, Шұға десе, Шұға  ! Шұға, өй, шіркіннің өзі келбетті-ақ еді..."

Жазушының әңгімені Шұға жайына көшіруі мен шеберлігі де сондай тартымдыәрі көп мағыналы.

-       Мынау аттан түсіп жатқан кім?—деді Шұға.

-       Артыма жалт қарасам, екі жігіт түсіп, аттарын байлап жатыр екен. Біреуі орысшалау киінген. Тани кеттім:

-       Әбдірахман ғой, — дедім.

-       Әбдірахманың кім?

-       Қазақбайдың баласы.

-       Иә, әлгі учителъ баласы ма?

-       Иә.

-       Жап-жас жігіт екен ғой, — деп бірер қарады да, Шұға отауға кіріп кетті.

Мен Әбдірахманға амандасып, үйге ертіп жүрдім. Отаудың сықырлауығынан Шұғаның сығалап, бізге қарап тұрғаны білінді..."

Бұл шағын үзіндіден Шұға қыздың сергек сезімталдығы мен есті дегдарлығын сыртынан естуі бар жігітті көргендегі сәл таңырқаныспен жарыса жан түкпірінде пайда болған ынта ұшқынын, ендігі оқиғаның бәрі осы ұшқыннан өрбитінін аңдап, жалғасына ынтыға түсеміз.
Шынында да, ендігі жерде Шұға мен Әбдірахман арасындағы сүйіспеншілік оқиғасы бірте-бірте трагедиялық сипат алып, бүкіл хикаяттың отты өзегін құрайды. Шұғаның да, Әбдірахманның да оқырманды қатты сүйіндіріп, ынтықтыратын сыр-сипаттары нәзік те терең ашылады.

Шұға — сертіне берік, сезімі мөлдір, махаббатын өміріндей қастерлеген нұрлы сана иесі. Ол өмір талқысын көріп, шынықпаған, өктем, зорлықшылдармен қалай күресудің жолын да білмейді, сондықтан ызасы мен наразылығы ішкі күйігіне айналған. Әкесінің Әбдірахманды айдаудан босатқанын естіген кездегі қатты сырқат Шұға мен Қасымжан арасындағы мына диалогті оқып көрелікші.

-       Жайың қалай, тәуірмісің?—дедім.

— Тәуір емеспін, — деді. Көзіме көзі түсіп кетіп, қамыққандай болды,.. — Тәуір емеспін. Тәуір болуды

тілемеймін де. Сәлем, сәлем айт, — деді. Жылап қоя берді. Жастығының астына тығылған орамалымен көзін сүртті.          

— Тірі келсе, көресің ғой, бірақ мен...

—... Бәріміз де көреміз. Ажарыңыз тәуір ғой, жазыларсыз, — дедім.

—  Жазылып керегі не? Бәрібір мен бақытты бола алмаймын. Әкем аяса, менің дертім жаныма батқан соң аяп отыр.

Шұғаның бұл сөздерінен сүйгені Әбдірахманнан айырылуды өмірге деген үміт отының сөнгені деп санайтынын аңғарамыз. Жазушы шеберлігінен туған осы түйсік бізді алдамағанына көп ұзамай көзіміз жетеді.

"Біз ауылға жеткенде, Беркімбайдың үйінің қасылық толған адам екен. Атты байлап, Әбдірахманды үйге кіргіздім де, неге жиналып тұрғандарын білейін деп, аяңдап кісілерге қарай жүрдім. Жақындай бергенде, бір салт атты шоқытып келді де, айқайлап бірдеме айтып, кейін жүріп кетті. Не айтқанын есіте алмадым. Бірақ әлденеге жүрегім тітіркенді. Бойым мұздады... Жүгіре басып жандарына келгенімде: "Құдай рақымет етсін!.," деп беттерін сипап, бата қылысты. Мен аң-таң болдым, Айтбай маған қарап:

Есіттің бе, Шұға қайтыпты-ау, — деді. Суық суды төбемнен құйып жібергендей болды. Тұрған орнымда қаттым да қалдым... Жиылған жұрттың бәрі де бастарын шайқасты:

Өй, Шұға десе,Шұға еді-ау!..—десті".                         

Ал енді осы Шұғаның үзілер алдында Әбдірахманды шақырып қалдырған арыздасу хатын оқып көрейікші:

... Хаты деп ақтық жазған ғашық жардың,

Есіне ал, дұғаңа мен ынтызармын.

Қош, сау бол, ойнап-күліп жолығармыз,

Астында ақ туының пайғамбардың!..

Қандай арман-мұң, қандай шерлі сыр, қандай салтанатты сабыр! Хатты оқып, Әбдірахманмен бірге егілген үстіне егіле түсеміз, сонымен бірге біздің көз алдымызда алтын арайға бөленген асыл Шұғаның нұрлы бейнесі биіктей, асқақтай береді.

Біз онымен іштей күбірлеп қоштаса тұрып, алғаш рет қалай кездескенімізді есімізге түсіреміз:

Шұға десе, Шұға, өй, шіркінің өзі де келбетті-ақ еді... Аққұба, талдырмаш, көзі қап-қара. Осы үріп ауызға салғандай еді. Ажары қандай болса, ақылы да сондай. Жеңілдік дегеннің не екенін білген бала емес. Сөйлеген сөзі, жүрген жүрісі қандай, бір түрлі паң еді-ау, шіркін!"

Көкірегімізде тағы да бір жатталып қалған сурет бар еді ғой... "Апырмай адамзатта да ондай сұлу болады екен-ау! ...Аққудың көгілдіріндей, осы аппақ... Үстінде шетін кестелеген ақ көйлек, омырауын неше түрлі ілгектермен безеп тастаған қызыл пүліш қамзол, басында үкі таққан бөрік өзі сұлу адамды мүлде жандандырып, құбылдырып тұрды".

Ал осы ару Шұғаның әсем үні, тәтті лебізі қандай еді? Асыл текті нәрсе әманда аз, сирек болады емес пе. Артық сөзге жоқ асыл зат жан еді-ау. Аузынан шыққан сол аз ғана лебізі көкейімізде ұялап қалған. Әбдірахманды алғаш көргенде-ақ Шұға жүрек түбінде бүлк еткен бір ыстық толқынды жасыра алмай: "Жап-жас жігіт екен ғой", — десе, айдалып бара жатқан Әбдірахманға жолдан кездесіп қалғанда: "Қош, қалқам, калқам! — деп, кемсеңдеп, жылап отыра кететіні бар еді-ау". Ақырғы демі таусыларда, Әбдірахман "жаным шығарда: "Шұғам!" — деп бетіме бетін тигізсе, бар арманым бітіп, дүниеден армансыз өтер ем", — дейді. Осы үш үзік лебіз Шұға бейнесін даралай, ажарлай түседі, мұндай аз сөзді, ыстық сезімді, терең мәнді мәнер тек Шұғаға ғана лайық, Шұғаға ғана жарасатындай. Дүниеден озған аяулы жан туралы, бір күрсініп алып, біз де енді: "Өй, өзі де Шұға десе, Шұға еді-ау!.." — дейміз.

Хикаянның басты қаһармандарының бірі — Әбдірахман бейнесі де ескі қазақ ауылынан шыққан көзі ашық, көңілді сәулелі оқыған жастардың келбетін танытады.

  "Шұғаның белгісі" — жастардың теңдік, еркіндікті аңсап, әлеуметтік әділетсіздіктерге қарсы үн көтере бастағанын шынайы бейнелеген шығарма.

Біріне-бірі себеп, бірінің-бірі салдары болып жымдасып келген оқиғаларының шынайылығы мен тартымдылығы, шұрайлы да суретті тілінің сиқырлы мәнерлілігі, әсіресе махаббат бостандығын аңсап әлеуметтік теңсіздікке қарсы шыққан Шұға мен Әбдірахман бейнелерінің айырықша сүйкімділігі мен сәулеттілігі, сондықтан да олардың тағдыр-талайының трагедиялық әсерлілігі хикаяны көркемдік-эстетикалық деңгейі ең биік туындылар қатарына қосады.

 

1.3 Бейімбет Майлиннің сатиралық драмалары.

Шамамен, XX ғасырдың алғашқы ширегінде қатарласа қалам сілтеген өзінің дарынды замандастары сияқты, Б.Майлин де бір емес, бірнеше жанрда өндіре еңбектенген әмбебап суреткер. Бұл өзі жалпы, жас, жазба әдебиеттің әлеуметтік күшті сұраныс жағдайындағы қалыптасу дәуіріне тән сипат болса керек. Өзі отына күйіп, суығына тоңған, кім-кімнен де артық болмаса, кем білмейтін және поэзиясы мен прозасында суретті шежіресін жасаған өмірді "жанды қалпында" көрермендер мен сахна арқылы беттестіру өзіне де қызық көрінген. Оның үстіне, әсіресе прозасындағы тұрмыс суреттері мен типтік кейіпкерлері қатты кызықтыратын оқырмандар оларды сахнадан көргілері келгені анық.

Осылар түрткі болған еңбекқор талант бұл жанрда да кұлшына қалам сілтейді, соның нәтижесінде қазақтың жас драматургиясына саны жағынан да, көркемдік құндылығы (жанрлы сапасы) жағынан да сүбелі үлес болып қосылған туындылар береді. Олардың қазақ әдебиеті тарихында алатын орны жағынан елеулілерінің ұзын саны 10-нан асады. Олардың ішінен "Шаншар молда", "Ауыл мектебі", "Неке қияр", "Амангелді", "Көзілдірік", "Талтаңбайдың тәртібі", "Майдан" тәрізді көп актілі комедиялар мен драмаларын бөліп атауға болады.

Майлиннің шығармашылық стиліне тән мысқыл мен сықақ күлкі әсіресе оның драматургиялық кейіпкерлерінін сатиралық толық қанды бейнесін жасаудың таптырмас кұралына айналады. Өйткені Бейімбеттің күлкісі де, мысқылы да өмірдің шынайы шындығынан, өрескел, керағар үйлесімсіздігінен туады. Мәселен, "Талтаңбайдың тәртібі" комедиясын алып қарайық.. Туындының атынан-ақ, кісі есімі болса да, Талтаңбай сөзі мен тәртіп сөзінің тіркесінің өзінен-ақ өрескел сорақылықты бағамдаймыз. Жөні түзу, түйсігі бар адам талтаңдамайды, Ақылы жоқ ақымақ, көргенсіз делкұлы ғана талтаңдайды. Ал біз танысқалы отырған көргенсіз, ұрда-жықтың аудан берген өкілеттілігі бар. Екі сөздің басын жөндеп кұрай алмайтын, жазған  мәнін өзі де жөнді түсінбейтін және тілі де келе бермейтін орыс сөздерін араластырып, ата-бабасында көріп, білмеген, естімеген колхоз дегеннен шошып, үркіп тұрған елдің зәресін ұшырады, асқағын ашса болды, тіліне "темпу, саботаж, лодыр" деген сұмдық сөздер оралады, онымен де қоймай: "құқ", "түрмеге тық!-" деп бейкүнә, момын жұрттың басына әңгір таяқ ойнатады.

Ұлы Абай: "Кісіге қарап сөз алма, сөзіне қарап кісіні ал" деген ғой, Талтаңбай Талтаңбаевтың " үдетпелі жоспарды жиырма төрт сағат ішінде орындау үшін не істеу керек екенін жұртқа "түсіндіргенінің" сыйқы мынау: "Талтаңбаев (үстелге сүйене тұрып); Жолдастар! нағыз тәртіп беремін, үдетпелі жоспар жиырма төрт сағат ішінде орындалады, понятно? Оның үшін не істеу керек? Вот былай істеу керек: мәселен, үй салса, оның алдымен төрт аяғын тұрғыза ма? Төрт аяғын тұрғызады, яғни қадайды. Понятно? Сосын стенасын қалайды. Сонан крышасын покрывать қылады... Понятно? Бұл да сол: алдымен төрт аяқтан бастау керек. Орысша айтқанда низ дейді. Нағыз опасность низда жатыр, понятно? Бір кітаптан оқығаным бар... Ымм... да вот былай: "капиталистическое хозяйство өрбиді дейді, — низдан, понятно? Сонда Парыз деген өтірік белсенді: "Пай, пай, пай, пайым-ай!"—деп қолпаштаса, Талтаңбаев одан сайын еліріп: "Соның үшін мұның низін қопарып, тамырын жұлып, е... сүйтіп нетпесе, е... Бұл қаулап жанған өрт болып, өрт пожар... Бұл солай болады, понятно?"

Информация о работе Бейімбет Майлин - сатирик жазушы