Біржан сал Қожағұлүлы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2011 в 08:51, доклад

Описание

Біржан сал Қожағұлүлы (1834-1897)

Қазақ әдебитінде, мәдениетінде аса ірі түлғаның бірі XIX ғасырдағы қазаң ән өнерінің, сөз өнерінің ірі өкілі Біржан сал Қожағүлүлы. Ол 1834 жылы қазіргі Аңмола (Көкшетау) маңайындағы Сексенкөлдің бірі Жекей көлінің жаңғасында дүниеге келген. Біржанның ескі ата ңонысы Обаған болған. Біржанның арғы атасы Бертіс-тен Аңшолақ, Айшуақ, Жаншуақ, Қожамқүл, Қожағүл, Қожағүлдан Түрлыбай, Нүралы, Ералы туады. Біржан Түрлыбайдың баласьь Атасы немересін бауырына басып, ежелден ерке өсіреді. Ата мен әже тәрбиесін көріп өскен ерке Біржан «Баласы Қожағүлдың Біржан салмын» деп жар салатын содан. Дәулетті атасының тәрбиесінде өскен Біржан түрмыс таршылығын көрмей, еркін ер жетеді. Бас еркіндігі өзіндегі талантты бала жас шағынан домбырамен ән салуға, өлең сөз қиыстыруға бейімдігін байқатады. Өлеңге қүмар жас тар аяда ңалмай, ошақ басы, от ңасы әңгімелерінен биік түрып, ел тамсаидырар серілер өміріне қызығып, өзі де салдық, серілік ңүра бастайды. Осы әншілігінің, ақындығының арңасында Біржан алты алашқа оңай танылып, кейінгіге ертегідей жетіп, қазақтың ерекше салтдәстүрі серілік дәстүрін шыңға шығарған жанға айналады. Ол тек Көкшетау аймағы ғана емес, бүкіл Сарыарқаға танылып, кейіндері қазақ әдебиетінің биік түлғасына айналады. Жаяу Мүса, Үкілі Ыбырай, балуан Шолақ секілді әнші-ақындар Біржан жолын жалғастырушы болып, соның жолымен жүрген жандар еді. Біржанның әр әні ерекше жағдайларда, ерекше жайларда туады. Мәжіліс қүрып отырған шақтарда, я болмаса көңілінде қалған бір түйткіл жайларға байланысты Біржан ән шығара береді.

Работа состоит из  1 файл

Біржан сал.docx

— 103.09 Кб (Скачать документ)

Көл жағалай бітеді көкше құрақ,  
Шырқаушы еді осылай Ләйлім шырақ.  
Қозыбақтың үйінде мәжіліс боп,  
Ән еді Біржан салған жаймашуақ -

деп басталатын әнде Қозыбақтың үйіндегі жиында отырған шағында, әншінің шабыттанған кезіндегі, тольқсып, творчестволык тұрғыда биікке шапқан кезіндегі шығарған әніндей болып көрінеді. Бұған қарағанда Біржан әнді көңіл-күйдің қалауымен шығарған секілді. Көңіл хошы түскен кезінде, жан рахатын кешкен сәтінде осындай «Жаймашуақ» секілді қай кезде де алып қарасаңыз өз биігінен түспейтін әдемі әнді шығарып кете береді. Осы секілді өндердің тағы бірі «Айтбай» деп аталады. Айтбай бұл қыздың аты. Қазақ келесі туатын бала ұл болсын деп ырымдап, қыз балаға кейде ер адамның есімін қоятын әдеті бар.

Мамекем Айтбай десем күлімдейді,  
Сұр жорга астындағы сүрінбейді.  
Аққудай аспандағы жүз құбылып,  
Сал Біржан ән салуға ерінбейді, - 
дейтұғын тұстарында Айтбайдың әдемілігі, Айтбайдың сұлулығы айтылады.

Осындай әндердің бірі, жақсы әндерінің бірі — «Ләйлім шырақ» әні. Жалпы бұл әннің тууы да ерекше болады: Біржан сал Ләйлім атты қызы бар өзімен тұстас, замандас Көлбай, Жанбай деген азаматтары бар үлкен елге келеді. Біржанның әнші екенін, жүртқа қадірлі екенін біліп түрып, Көлбай мен Жанбай салға өзі қалағандай құрмет көрсетпейді. Жұрт алақанға салған серіні менсінбегендей сипат көрсетеді. Осыны байқап таңертеңінде «Ләйлім шырақ» атты бір ғажап әнді туғызады. Бұл бір қарағанда қызға еркелеп, сол ауылдағы әдемі аруға айтқан назындай болып көрінгенімен, екінші жағынан Көлбай, Жанбайға да тиетіні байқалады.

Ләйлім  шырақ,  
Мен де өзіңдей жас едім, жана талап,  
Біреу Ташкент барғанда алдырып ем,  
Қызыл жібек қырмызы төрт-бес қадақ, - 
деп келеді де:  
Өзіме бер шідерді тауып алсаң,  
Елу теңге берер ем сүйінші алсаң.  
Жерде шіріп қалса да көзім көріп,  
Қыршын жасым қиылсын бітім алсам, -

дейді. Яғни шідерді сен алдың, шідерді Ләйлім алды, ұрлап алды және жай алмады үлкен бір ғашықтық жүрекпен ұрлап алғандай астары бар деп көрсету үшін өзгеше бір әдетке, өзгеше бір әдіске басады. Біржан шідерінің өзі үшін бағасының тым қымбат екендігін қайта-қайта айтады. Содан кейін ғана барып Көлбай, Жанбай ауылы салды басқаша құрметпен күтіп, өзгеше бір ілтипатпен қарсы алып, сал-серіге тән дәрежеде шығарып салады. Бұл Біржан салдың аса бір ерекше жазылған шығармасы.

Кейін келе Біржан жасы ұлғайған шағында ауылдан, елден көп шыға бермейді. Бұл тұстары алдындағы қалыптасқан әдеттен, мінезден өзінің ағалары Ержан, Нұржан мүмкіндігінше тежеп, әншіні көбінесе шығармай, өз ауылында шідерлеп ұстауға тырысады. Бірақ Біржан бүған көне бермейді.

Жасым бар елу бесте жасырмаймын,  
Басымнан жаман сөзін асырмаймын.  
Қысқа жіп келмесе де күрмеуіме,  
Саған да туысым бас ұрмаймын, -

деп айтады. Бүл тұстарда Біржанның шын мінезін, оның кімнен болса да қайтпайтындығын, күрескерлігін, ержүректігін анық тануға болады.

Аяғында көп қиналумен 64 жасында байлаулы жатып, аспандагы аққуға үн қосатын, бүкіл қазақ даласын әнге бөлеген асыл өнердің иесі — Біржан бұл дүниемен қоштасады. Біржанның өмірі, Біржанның әндері — қазақ музыкасының биік белесі. Біржан сонысымен қымбат, сонысымен керек. 
 

Информация о работе Біржан сал Қожағұлүлы