Орынбай Бертағыұлы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 22:37, реферат

Описание

Импровизаторлық қабілеті зор,кең тынысты ақынның мол мұрасын ақын-жазушыларымыз ақын шығармашылығы мен өмір жолын зерттеп,талдап халыққа тәнті еткенмен де,Орынбайдың мұрасы мәңгі тарих сахнасынан өшпек емес.Аузымен ұшқан құсты ілген,өнердің туын аспандата желбіреткен өнерпаздардың жұлдызды шоғырының темірқазығы бола білген Орынбай ақын айтыс өнерінің Оқжетпесі іспеттес.

Работа состоит из  1 файл

Орынбай Бертағыұлы.docx

— 41.74 Кб (Скачать документ)

Деп жауап беріп,әуелі құдайды  ауызға алыпбарып қарсыласының сұрағына нақты дәлелмен жауап береді.Дана айтыста оның өнеріне бас иіп,барлық сұрақтарын жаттанды сөз қайталау шумақтары  арқылы беруге ғана шамасы жетеді.Ал Орынбай  екеу деген өлі мен тірі,үшеуге үш нәсіпті,төртеуге төрт мұғаріп пен  төрт кітапты,бесеуге бес уақыт  намазды,алтауға он екі иманның  алты кәлимасы,жетеуге жеті тозақ,сегізге сегіз бейішті,тоғызды жер мен көк жеті қабатқа қоса ғарсы,гүрсі,лауқылмен тоғыз қабат десе,оныншыны сегіз сәнусия,екі сәлбия мен құдайдың он сипаты бар дейді.Он біріншіге Жақыптың он бір ұлын атаса,он екіншіге он екі айды тілге тиек ете отырып,Данаға кезекте өз сұрағын қойып тосылтады.Жауабын таппаған соң өзі жауап айтып өрелі асыл сөздерімен айтысты аяқтайды.

  Осы айтыстан кейін А.Янушкевич ойларын қорытындылай келе:«Мен бұдан бірнше күн бұрын бір-бірімен дауласқан екі партияның қақтығысын көріп,ешуақытта Демосфен(Афин шешені) мен Цицерон(Рим шешені)туралы естімеген шешендерге қайран қалып қол соғып едім.Ал бүгін менің алдымда оқи да,жаза да білмейтін ақындар мені қайран қалдырды.Өйткені олардың жырлары менің жаным мен жүрегіме көп нәрсені аңғартты.Міне,бұларды жабайы варварлар деуге бола ма?Міне,осындай халыққа өмір бақи тек мардымсыз малшы болу ғана жазылған,одан өзге болашағы жоқ деп қарауға бола ма?Жоқ,ақиқат олай емес!Құдірет осындай қабілет берген халық цивилизациядан сырт қалуы мүмкін емес:оның рухы күндердің күнінде қазақ даласына да жетеді,мұнда да жарықтық ұшқыны үрлейді»,-деген екен.[Адамбаев Балтабай.Орынбай ақын.-Қазақ әдебиеті,1969.26 апрель]

     Қазақ әдебиеті тарихының  қазіргі данагөйі «Геродоты»  десек артық болмайтын Мұхтар  Мағауин:«Жанақ,Орынбай,Арыстанбай  сияқты суырып салма ақындар  бүкіл қазақ даласын өлең-жырға  толтырды,тек туған жұртына ғана  емес,сахараға ат ізін салған  орыс және европа ғалымдары  мен оқымыстыларына да кеңінен  танылып,көшпенділердің ақындық   өнерінің жайсаң тұлғалары ретінде  мәжһүр болды.»-деп алыптардың  алдына Орынбайды қосуы оның  шығармашылығына берген әділ бағасын береді.

    Ақынның тағы бір баспа  бетін көрмеген айтыстарының  бірі Тезекбаймен болған айтысы.Ол  айтыс ұзақ емес,Орынбай қарсыласына  « құдай үйін көрген бар ма екен» деп сұрақ қояды,оған Тезекбай жауап бергенменен Әлібай қажы айтысты тоқтатып тастайды.Шамасы имам,молдалар екі ақынның да шариғат туралы білімдерінің тереңдігінен тайсақтап,өз дүмшеліктерін байқатып алудан қорыққанға ұқсайды.[ Биғожаұлы Қ,Мұсаұлы.-Орынбай ақын,Жұлдыз-2001 №1]

      Ақынның Жанақпен айтысына да поляк саяхатшысы А.Янушкекичтің естелігінің Орынбайға арналған тұсында:«Орынбай домбырасын қағып-қағып жіберіп,дүниенің басынан Адам ата мен Хауа анадан түсіп,мына отырған сұлтандарға тағзым еткендей,аты шыққан арғы аталардың әр қайсысын бір-бір көтеріп тастады;Содан Нұх кемесіне мініп топан судан өтті.Жолшыбай барлық оқиғаларды тіпті,Вавилон Навуходоссорын да,Египеттің перғауындарын да қалдырмай сүзіп шықты.Сағат бойы толассыз жырлап,Ниагар сарқырамасындай арындап келіп,ақыры аман-сау Мұхаммедтің өзіне де жетті-ау»,-дей келе оның талантына табынғандығынзор сүйіспеншілікпен жазады.

     Айтыстарының ішінде  өзшелеуі Қожабекпен айтысы.Айтыс мазмұны жұмбақ айтыс түріне жатады.Мысалы,Қожабек:

             Бейақыл,он екі ала,сегіз бала,

             Ұяң құс,ілік-ілік жұмыртқа ала.

             Жұмбағым таба алмасаң, ақын  бала,

             Сұм бала көп пе саған,бермен  қара,-

Деп жұмбақ қойса,Орынбай шешуін:

              Он екі ала дегенің-он екі  айды,

              Сегіз бала дегенің-сегіз жұма.

             Ілге-ілге дегенің ұшпа бұлт  қой,

            Қос жұмыртқа дегенің күн мен  ай-ды,-

деп шешеді.[Биғожаұлы Қ,Екінші Орынбай ақын хақында-Жаңа Сарыарқа 2005, №4 ,36-41 бет]

     Орынбай ақынның айтыстарының  ішіндегі көп таныла қоймағаны  Өтеулімен айтысы.Бұл айтысты  көлемі жағынан сүре айтысқа  кіргізуге болады.Айтыс басында сөз алған Орынбай ұзақ толғанған.Өмірінің соңғы кезеңіндегі ауыр тұрмыс тауқыметін,опасыз дүниені жырлап,мұңын шағады.

    Өтеулі ақынның Орынбайды  тосылтқан мәселесі дін жайы.«Пайғамбар  жасынан астым,өлеңді,айтысты қойдым  деген сөзіңді бұздың,бұл саған  жараспайды» деген тұжырымымен  Өтеулі басым түседі.«Айтысты  ант арқылы қойғам жоқ-ты» деп  қанша ақталғанмен тағы да  өзі айтқандай« ауыздан шыққан лебіз бір жел,бола ма қолмен ұстап атқан оқты» деген сөздері арқылы өз сөзінің қарсы келгені қынжылыс білдіреді.Әйтсе де дауылпаз ақын үшін бұл жеңілу емес,қайта айтыстың ащы-тұщысын енді тата бастаған Өтеулі үшін үлкен өнер мектебі.[Сейфолла Шайынғазы.Айтылмаған айтыс,Егемен Қазақстан-2008,28 қыркүйек-9 бет]және[Н.Ахатұлы.Орынбай мен Өтеулі айтысы хақында.Ұлт  тағылымы-2004 №1, 120-122 бет]

  Іргелі айтыстарымен белгілі болған Орынбайдың шығармашылығы сонымен қатар,қағысуларымен де қызықтырады.Олардың қатарына ақынның қырғыз ақыны Сақаумен,Түбекпен,Шөже,Құлтума,Есенбай,Ақан серімен,Ұрқия қызбен қағысуларын жатқызуға болады.

     Ақын қағысуларының  бір мысалы ретінде  Сақау  ақынмен қағысуын келтірейік.Орынбай  қырғыз еліне барғанда,оны сыйлап  жүйрік мінгізсе керек.Елге қайтарында  ақын алдынан жасы ұлғайған  қарт ақын Сақау шығып «Бір олжаңды байлап кет,жүйрік інім» деп сауға сұрайды.Оған Орынбай:

            Кішкенеден атандың Сақау атқа,

            Қас қылмайсың тапсырған аманатқа.

            Әлі көзің тоймаса дүниеге,

            Құтың түссе ала ғой шабдар  атқа,-

дегенде,Сақау тұрып:

           Ағасы  інісінен сұрар сауға,

           Сауға  сұрап ағасы қалды дауға.

          Дүниенің малына көзің тойса,

          Бата қылып барып па ең Алатауға?-

дегенде Орынбай сөзге тоқтап,астындағы  жүйрігін беріп кетеді.Мұнда ақынның  өзінен жасы үлкен өнер адамын сыйлаушылығын  байқасақ,екіншіден Сақаудың ұтымды бір ауыз сөзіне тоқтап,қадірмендік белгісін жасайды.[Р.Қаренов Р,Сұңқардың жебесіндей ұшқыр ақын-Азия Транзит.2003-№9 ,10-14 бет]

         Келесі  үлгі ретінде Ақан серімен  қағысуын келтірейік.Бір мәжілісте  Орынбайдың үстіне келген Ақан  сері ақын ағасына еркелеп  өлеңмен сәлем береді.Ақанның  қаптал шапанының үлкендігін  байқап қалған Орынбай:

             Үстіңде киімің бар қолбырайған,

             Әкеңнің киіміндей солбырайған.

             Киімі әр заманның басқа-басқа,

             Бұл кім ұнамай тұр інім  саған,-

дейді.Сонда Ақан:

            Ақан да сөз табады ағасына,

            Қарайды ағасының бағасына.

            Бұрынғы ата-баба киген киім,

            Мирас боп қалмас па екен баласына,-деп жауап береді.[Кәкімбек Салықов.Орынбай ақынның Ақан серімен айтысы,-Жұлдыз.2004. №12, 204-205 бет]

   Осындай әділ қағысулар Орынбай мұраларында көп кездеседі жіне олардың ерекшелігі көп варианттылығында.Оның себебі аяқ астынан айтылғандықтан халық есінде әр түрлі жатталады.Ақанмен сөз қағысын Ғаббас Елеусізұлы мен Мырзахметұлы Естайларда жыр шумақтарынан өзгешеліктер байқадым және сөз қағыстың жалғасын оқи алдым.[Мырзахметұлы Естай.Ақан сері мен Орынбай ақынның жүздесуі,өәм сөз қағысуы.Арқа ажары-2004-28 қазан,3 бет]және [Ғ.Елеусізұлы.Орынбай ақынның Ақан серімен айтысы.Жұлдыз-2004 №2,204-205 бет]

     Ақындық қабілеті  мен шеберлігінің келесі қыры  оның өлеңдері мен толғауларынан  көрінеді.Ақын өз заманына сай  білімді,зерделі болғандықтан ислам  философиясын,оның тарихын өте  жақсы білгендіктен толғауларының  дені адами дүниетанымның,болмыс  тіршілігінің  қыр-сырын ашуға,адам  мен діннің байланысын сипаттауға арналған.Көлемді толғаулары:«Адамның жаратылуы туралы»,«Қырық парыз»,«Бұл дәурен тұрар ма екен сіздерге ұдай»,«Бәри ахунға»,«Жүз жұлдыз» шығармалары.

    Ақынның «Адамның жаратылуы  туралы» толғауынан ақынның дін  тарихы жөніндегі білімінің жан-жақты  екенін аңғарамыз.

                Құдайды білмек бар,пайғамбар  хақ,

                Осы сөзім жамиғат тыңдап бір  бақ.

                 Дінім ислам,кітабым құран үшін  деп,

                Осылайша  сөйлесін тіл менен  жақ,-

Деген кіріспе шумақтармен бастаған ақын одан әрі адам жаратылғанға дейінгі  дүниені суреттейді.

    Келесі бір толғауына  «Қырық парыз» жатады.Толғауда  ақын ислам дінінің имандылық,ізгілік  жолындағы жақсы қасиеттерін  насихаттап,адам баласының соны  ұстануын,ар-ұждан категорияларын  игеруін дәріптейді.

             Баласы Бертағының Орынбаймын,

             Алдымда ақын бар деп қорынбаймын.

             Мойнында адамзаттың қырық парыз  бар,

             Міндетімді өлеңмен орындаймын,-

деп бастап,одан әрі дін қағидалары мен өз ортасы,өз қоғамының арасындағы ара байланысты салыстыра бейнелеп,теңестіре  саралап өтеді.Өмірде жақсы адам болу,еңбек ету,жақсы мен жаманды  айыра білуді меңгеруге шақырады.[Орынбай ақынның Уәли Ахмет Хазіреттің алдында қырық парызды баяндауы.Жұлдыз-2000,№4-144 бет]

       Ақын «Жүз жұлдыз»  дейтін ұзақ толғау шығарған.Молдахмет  қарияның айтуы бойынша(туысы),бұл  «Адам атаның жаралуы» деп  аталатын ақынның діни толғауына  қарама-қарсы,жаңаша,реалистік жыр  екен.Өкінішке орай,жыр әлі қолға түскен жоқ.[Б.Адамбаев,Орынбай ақын.Қазақ әдебиеті-1969.26 апрель]

     Ақын өлеңдерінің  келесі бір тақырыбы өз қоғамындағы әділетсіздікті сынау.Ел үстінен күн көрген елу басы,болыстар мен надан байларды,жұртын сатқан арамзаларды әшкерелеген өлеңдері ақынның халықшылдық принципін анықтайды.

                Билер пара жейді тоқтығынан,

                Кедей ұры қылады жоқтығынан.

                Ұрлық қылған кедейден билер жаман,

               Олардың әркім алар шоқтығынан.

             Біреу қожа,молда болғанда,біреу бақсы,

              Әйтеуір тіленшілік емес жақсы.

             Кей жандар әулие тауыпты деп,

             Сөйтіп жүріп бұл халықты алдамақшы,-

деп ойын бүкпесіз айтады.Сондай өлеңдеріне «Аға сұлтан Ыбырайды мақтап және жамандап айтқаны» келтіруге болады.

       Ақын қарапайым  халық басына түскен зор ауыртпалықты  қоғамдағы әділетсіздіктерді іске  асырушы болыс-билерден,шала сауатты  молда,ишандардан көреді.Саяси-әлеуметтік  мәселелерді арқау еткен өлеңдерінің  қатарына тағы да «Бір жан  жоқ болыстыққа талас емес»,«Маймаққа айтқаны»,«Айдосқа,Байғабылға айтқаны» жатады.

                Сөзі үлгі болады нақылдының,

               Онбасы көз қылады жақындығын.

              Ақша шашқан адамдар болыс болып,

               Бәрі де жайында жүр ақылдының,-

деген Орынбай  ақынның өз заманы туралы әлеуметтік мәселелерге арналған өлеңдерінің бүгінгі күні де маңызын жоймағанын айта кету абзал.[Н.Ахатұлы.Сөз үлгі.Орынбай ақынның әлеуметік тақырыптағы өлеңдеріндегі тарихи мәселелер//Ақиқат-2004. №1, 91-93 бет]

   Орынбайдың  молырақ сақталған  мұрасы-арнау өлеңдері.Арнауларының  бір тобы мақтау(«Ерден батырға айтқаны»,«Базылға айтқаны»),сынау («Шыңғыс сұлтанды сынағаны»(«Зілғараның Әлібегіне»,«Жанқожаның Ыбырайына»,«Нұркей ақынға», «Бексұлтан байға»,«Бари ахунға»), көңіл айту(«Жазы бидің көңілін сұрағаны», «Шоқан қайтыс болғанда Шыңғыс пен Зейнепке айтқан көңілі») және бірсыпыра әзіл-сықақ өлеңдер.

     Оның арнау өлеңдерінде,әсіресе  көңіл айтуларында құлай,пайғамбарлар  жиі аталады,діни ұғымдар қайталанады.Ақын  ажалға айла таппай күйініп,түңіліп  отырған адамдарды  ислам қағидаларымен  жұбатқысы келеді.Сол сияқты дүниенің,адамның  жаратылысын да діни аңыз әңгімелер  арқылы түсіндіреді.[Б.Адамбаев.Орынбай ақын.Қазақ әдебиеті-1969.26 апрель]

           Орынбай  Бертағыұлының тағы да бір  шығармалары қатарына оның әр  кездерде шығарған шағын өлеңдері  жатады.Бұл өлеңдері көлемі аз,көбінесе  оның өмірінде әр түрлі жағдайда  кездескени адамдарына арналған,әйтсе  де ақынның суырып салма өнерін  анықтайды.Осылардың ішінде «Ерденге,Нөгербекке  айтқаны»,«Орынбайдың бір байдың  үйінде айтқаны»,«Шоң биге айтқаны»,«Жазы  биге»,«Көккүмбезге барғанда»,«Тышқанбайға  айтқаны»,«Орынбайдың Шоң-Шорманды татуластыруы»,«Алсай Құрақбайға айтқаны» сияқты экспромт өлеңдері белгілі.

              Орынбай ақынның арнау өлеңдерінде тарихи тұлғаларға арналған туындыларының ішінде «Ғұбайдоллаға» және «Ерденге» деген өлеңдері өте маңызды.

    Бұрынғы заманда сөз  қымбат,өлең қадірлі еді деп  едік.Сөйлей білмек өнер еді.Өлең  білмек жігіттің көркі еді.Ол  кезде атағы алты алашқа шыққан  ақындар да болып еді.Орынбай,Кешімбай,әйелдерден  Айман,Шолпан,Болық ақындар шықты.Бұлардың  өлеңдері барша қазаққа жайылып,үлгі  болды.

   Бұл ақындардың ішіндегі  жүйрігі Орынбай  ақын еді.Осы  Орынбай ақын кез келіп,Ерден  батырға көргеннен-ақ кідірместен  айтқаны мынау:

                    Ассалаумағалейкум,батыр ерден!

                   Кетіп тұр бақ-дәулетің тағы  керден.

                   Ішінде көп қарғаның бір бүркіттей,

                   Көзіме көрінесің кезеген жерден.

                   Ұсынса,қол жетпейтін асқар белім,

                   Өлімнен қарсы келген қорықпас  серім!

                   Қарындас қадір білмес тіршілікте,

                   Арыстандай асып туған асыл ерім.[Мәрсеков Райымжан.Қазақ әдебиеті жайынан.Жұлдыз-2009.№5.141-144 бет]

      Енді ақынның жұмбақтарына  тоқтала кетсек.Ақынның Дана,Қожабекпен  жұмбақ айтысы белгілі.Кейде ақын  қарсыласына да жұмбақтар айтқызып,жауабын  өзі табуды қызық көрген.Мәселен,Тасмағанбет  деген бала ақынның Орынбайға  берген жұмбағы сақталған.

   Бала ақын:

                     Бір нәрсе төрт аяқты,екі қанат,

                     Үстінде темір сауыт киген  манат.

Информация о работе Орынбай Бертағыұлы