Орынбай Бертағыұлы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 22:37, реферат

Описание

Импровизаторлық қабілеті зор,кең тынысты ақынның мол мұрасын ақын-жазушыларымыз ақын шығармашылығы мен өмір жолын зерттеп,талдап халыққа тәнті еткенмен де,Орынбайдың мұрасы мәңгі тарих сахнасынан өшпек емес.Аузымен ұшқан құсты ілген,өнердің туын аспандата желбіреткен өнерпаздардың жұлдызды шоғырының темірқазығы бола білген Орынбай ақын айтыс өнерінің Оқжетпесі іспеттес.

Работа состоит из  1 файл

Орынбай Бертағыұлы.docx

— 41.74 Кб (Скачать документ)

                     Манат киіп,қанат жайып тұрған  шақта,

                     Қызметі бай-кедейге бір-ақ сағат,-

деп Орынбайға жұмбақ бергенде атақты ақын бірнеше рет ойланып жауабын  таба алмай,мүдірген және оны өзі  де мойындап «мына бала мені жығып  кетті»деп оған батасын берген екен.Сөйтсе берілген жұмбақтың жауабы самауыр  екен.

      Орынбайдың жұмбақтарының  ішінде дінге арналған бір  жұмбағынан мысал келтіре кетейік:

                    Он екі қара ат пар жектім  бір шанаға,

                    Жиырма бір тай байладым тамашаға.

                    Тағы да жиырма жеті құлынменен,

                    Соны сапар шықтым бала-шаға.

  Орынбайдың аты шулы айтыс  ақыны,«төбе ақын»,«бас ақын»  атағын алғаны белгілі.Оның ақындық талантын,импровизаторлық дарынын А.Янушкевич,В.Радлов,Я.Лютш,Г.Потанин өткен ғасырда-ақ жазып кетсе,қазақ әдебиетін зерттеуші ғалымдардан С.Сейфуллин,с.Мұқановтврдан бастап бүгінгі фольклортанушылардың бәрі де айтып,шығармашылығына зор баға берген.Әйтсе де Орынбайдың ақындығынан басқа әншілік өнері туралы дәйекті деректер,ғылыми сараптамалар жоқ деуге болады.Ақын мұрасын зерттеуде оның әндерінің табылғанын айта кету парыз.«Орынбайдың үш әні» деген атпен ауыз әдебиетін зерттеуші С.Құдабаевтың 1946 жылы белгілі әнші –ақын Молдахмет Тырбиевтың орындауында жазып алған әндері сирек қолжазбалар қорында сақталғаны белгілі болды.

  Ж.Есекеев:«Орынбай бабамыздың әншілік өнеріне шүбә келтіруге болмайды.Ақан сері,Үкілі Ыбырай әлбетте Орынбайдан үйренген.Үкілі Ыбырай атақты «Әгугай-гай-гай»деп келетін толқынды,неше түрлі құбылмалы әрі әсерлі,әдемі мақамды осы Орекеңнен қабылдауы,үйренуі әбден мүмкін»,-дейді.

                                Көкірегім дариядай толқушы еді,

                                Қызыл тілім кемедей қалқушы  еді.

                               Сөйлесем мың кісінің ортасында,

                               Тыңдаушым қорғасындай балқушы  еді,-

деп өз талантының дәрежесіне өзі  баға беріп кеткен. Орынбай туындылары ұлт мәдениетінің қайнар бұлағы,қазақ халқының ұлы мұрасы.Оның жырлары,айтыстары,толғаулары халқымен бірге жасасып келеді және бірге жасай бермек.

        Пайдаланылған әдебиеттер:

   

1.Бес ғасыр жырлайды.Алматы.«Жалын»  1987ж, 57-63 бет

2.Сүйіншәлиев Х.XIX ғасыр әдебиеті.А;Ана тілі 1992,92-98 бет

3.Сүйіншәлиев Х.Қазақ әдебиетінің  тарихы.Алматы,2006, 513-517 бет

4.Сүйіншәлиев Х.Қазақ әдебиетінің  қалыптасу кезеңдері.А.1967.246-250бет

5. Ахатұлы Н. Орынбай ақынның әдеби мұрасы.- Алматы, 2007.- 70-75 бет.

 
6.Қазақстан:Ұлттық энциклопедия:Т7.-Алматы,2005.-202-203 бет.

7.Орынбай ақының Уәли  Ахмет сұлтанға қырық парызды  баяндауы,-Жұлдыз -2000.№4-144 бет

8.Б.Адамбаев.Орынбай ақын,Қазақ  әдебиеті.1969,26 апрель.

9.Боранбай Ж.Оңтүстікте Орынбай,сөздің асыл қорындай.Айғақ.2009.13,20 мамыр.№18-19 11бет.

10.Қаренов Р.Сұңқардың  жебесіндей ұшқыр ақын.Азия Транзит.2003 №9, 10-14 бет.

11.Мырзатайұлы Естай.Ақан  сері мен Орынбай ақынның жүздесуі,һәм  сөз қағысуы.Арқа ажары-2004-28 қазан-3-бет.

12.Ғаббас Елеусізұлы-Орынбай  ақынның Ақан серімен айтысы.Жұлдыз-2004.№12,204-205 бет.

13.К.Салықов.Орынбай мен Ақанның айтысы.Жұлдыз,2009.№10,3-4 бет

14.Биғожаұлы Қ,Мұсаұлы.Орынбай  ақын.Жұлдыз-2001,№1

15.Сейфолла Шайынғазы.айтылмаған  айтыс.Егемен Қазақстан.-2008.-24 қыркүйек-9-бет.

16.Н.Ахатұлы.Орынбай мен Өтеулі айтысы хақында.Ұлт тағылымы-2004.№1.120-122 бет.

17.Шаяхмет Ақылбек.Тақтақ  ақындар және ділмар шешендер.Қазақ  тілі мен әдебиеті.2006,№9.53-61 бет.

18.Н.Ахатұлы.Сөз үлгі.Орынбай  ақынның әлеуметтік тақырыптағы  өлеңдеріндегі тарихи мәселелер.//Ақиқат-2004.№1.91-93 бет.

19.Мәрсеков Райымжан.Қазақ  әдебиеті жайынан.Жұлдыз-2009.№5,141-144 бет.

20.Н.Ахатұлы.Орынбай ақынның  толғаулары.Жұлдыз-№1.106-109 бет

 

 

 

 

           

           

  

 

 

 

      

 

 

 

 

               

                     

  


Информация о работе Орынбай Бертағыұлы