Автор работы: K********************@mail.ru, 27 Ноября 2011 в 10:38, реферат
Зерттеудің көкейкестілігі: Қазақстан Республикасындағы қоғамдық өзгерістердің ауқымдылығы, күрделілігі және тұрақты дамудың жаңа жолына түскен кезеңде жастарды ізгілікке, парасаттылыққа баулитын экологиялық білім мен тәрбиенің маңызы арта түсуде. Себебі «табиғат-қоғам-адам» жүйесіндегі қарым-қатынастардың шиеленісуі жылдан-жылға күшейіп, экологиялық зардаптар жердегі тіршілікке қауіп төндіріп отыр.
Кіріспе
Негізгі бөлім
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Л.Н. ГУМИЛЕВ
атындағы ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТI
Реферат
Тақырыбы: «Адам-қоршаған
орта» жүйесіндегі негативті
факторлар
Астана – 2011
Жоспар
Кіріспе.
Зерттеудің көкейкестілігі: Қазақстан Республикасындағы қоғамдық өзгерістердің ауқымдылығы, күрделілігі және тұрақты дамудың жаңа жолына түскен кезеңде жастарды ізгілікке, парасаттылыққа баулитын экологиялық білім мен тәрбиенің маңызы арта түсуде. Себебі «табиғат-қоғам-адам» жүйесіндегі қарым-қатынастардың шиеленісуі жылдан-жылға күшейіп, экологиялық зардаптар жердегі тіршілікке қауіп төндіріп отыр. Адам мен табиғаттың, қоғам мен ортаның өзара әрекеттестігі, оның өнеркәсіпті өндірістің қазіргі таңдағы көптеген жарамсыз технологиялармен қарқынды өсу жағдайында өмір сүруі, қиындықтың шама-шегіне жетті. Адамзат тіршілігінің өзіне қауіп төнді: табиғат қорлары үзіліссіз сарқылысқа түсті, ортаның ластануынан адам өміріне қауіп төнді. Бүкіл әлемде экологиялық дағдарыстар мен апаттар ұлғая түсуде. Экологиялық апаттар биоортадағы жағдайларға еткен әсері арқылы дүние жүзінің әрбір аймағындағы құбылыстардың дамуына айтарлықтай ықпал жасауда.
Үшінші мыңжылдықта адамзаттың ғаламдық экологиялық мәселелерінің шешілуі жоғарғы оқу орындары студенттерінің қоршаған орта туралы сапалы білім алуына байланысты. Сондықтан да студент жастарға экологиялық білім беру бүгінгі күн тәртібіндегі бірден-бір қажетті кезек күттірмес мәселе екендігі «Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналға экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасында» және «Қазақстан Республикасында көпшілікке үздіксіз экологиялық білім берудің ұлттық стратегиясында», «Білім туралы» заңда көрсетілген.
Бұл құжаттарда экологиялық білімді үздіксіз білім беру арқылы ғана жүзеге асыруға болатыны баса айтылды, яғни олар: биосфера тұрақтылығын сақтау үшін бұл салада оқу-ағарту жұмыстарын ұйымдастыру арқылы; адам баласына туылғанынан бастап, өмір бойы экологиялық білім беру; халық арасында экологиялық пікірталас өткізу, экологиялық білім беруге мемлекет тарапынан қолдау көрсетті.
Мұндай нақты міндеттер экологиялық білім беруді ұйымдастырудың жаңа принциптері мен ғылыми әдіс-тәсілдерінің белсенді түрін пайдалану, оқыту технологияларының жаңашыл түрлерін оқу-тәрбие процесіне енгізу мәселелерін өзекті ете түсуде.
Орта ғасыр ғұламалары табиғатты қорғауға байланысты өз көзқарастарын, пікірлерін айтып өткен. IX-XV ғғ. Қазақ топырағынан шыққан ғұлама ғалымдар Әл-Фараби, Ж.Баласағұн, Қожа Ахмет Ясауи, М.Қашқари және т.б. табиғат, қоғам, адам дамуының заңдылығын, біртұтастығын, өзара байланыстылығын өздерінің ғылыми дүниетанымына арқау еткен.
Сонымен қатар, ағартушылар Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, қазақтың ұлы зиялылары Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев шығармаларында табиғат құбылыстарын, оның әсем көріністерін «табиғат - адам» қарым-қатынасымен байланыстырып қарастырған.
Бүгінгі таңда бұл проблемаға философтар, психологтар, педагогтар ерекше мән беріп, әр қырынан зерттеуде. Мәселен, оның философиялық негізін ТМД ғалымдары (Э.В.Гирусов, М.С.Каган, Р.С.Карпинская, Д.С.Лихачев, Ф.Я.Полинчак, Н.Ф.Реймерс, К.О.Стошкус), республикамыздың ғалым философтары (Ақмамбет Ғ.Ғ., Әбділдин Ж.М., Әбішев Қ.Ә., Нысанбаев Ә.Н., Шалабаева Г.К.), білім мазмұнын, оның ішінде жоғары мектептегі оқытудың дидактикалық негіздерін ғалым педагогтар М.Н.Сарыбеков, К. Беркімбаев, К.Иманғалиева, Ө.Танабаевалардың еңбектерін атап өтуге болады.
Ғалымдардың зерттеу жұмыстарына жасалған талдау нәтижесінде, атап айтқанда: Ресейде (Голубец М.А, Захлебный А.Н, Иоганзен Б.Г, Кучер Т.В, Миронов А.В, Соломина С.Н, Тихонова А.Е,) Өзбекстанда (Тұрдықұлов Э.А, Хакимов Э.) және Қазақстанда (Аймағанбетова Қ, Бейсенова Ә.С, Бірмағанбетов Ә.Б, Жатқанбаев Ж.Ж, Жүнісова К.Ж, Чилдебаев Д.Б., Тілеубергенов С.Т, Торманов Н.Т., Сыдыкова З.Е., Турабаева Г., Қойбагарова Б.Х., Смирнова Г.М.) экологиялық білім мен тәрбие берудің теориялық негіздерін, мазмұнын, ұйымдастыру жолдары мен әдістерін қарастырғаны айқындалды.
Экологиялық
білім беруде жоғары оқу орындары
оқытушылары тарапынан
Философиялық және педагогикалық әдебиеттерде кейбір ғалымдар инновациялық процеестерді зерттеу барысында жаңалықтың жүйелілік, әрекеттік тұжырымдамасын ұсына отырып, жаңалықты енгізуді әртүрлі деңгейде (жалпы ғылымилық, жалпы әдіснамалық) талдаудың қажеттілігіне ерекше көңіл аударады.
Инновациялық-
Соңғы
жылдары Қазақстандық ғалымдар педагогикалық
инновация мәселесіне ерекше мән
беріп (Ш.Т.Таубаева, Қ.Қ.Қабдықайыров,
Қ.Құдайбергенова, С.Н.Лактионова, Р.Р.Масырова,
Қ.М.Нағымжанова С.А.
Алайда, бұл еңбектерде жоғары оқу орындары студенттерінің экологиялық білімдерін арттырудағы инновациялық технологияларды пайдалану туралы ғылыми тұрғыда жеке мәселе ретінде зерттелмеген.
Демек,
ғылыми-педагогикалық
Негізгі бөлім
Қоғамдағы жахандану, адам баласының ақыл-ойы мен білімі арқылы қолдана бастаған құрал – жабдықтар, дамыған өндірістік күштерді қолдану нәтижесінде және адамзаттың табиғатқа қатынасы, биосферадағы ішкі тұрақтылық, тепе-теңдік сақталмай қоршаған ортаның табиғи байлығы, қалпы өзгеріп, экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуына алып келуде. Мұның өзі енді, керісінше табиғатқа адам көмегі, қамқорлығы қажеттігін тудыруда. Ірі оқиғалар мен өзгерістерге толы ХХ ғасыр көптеген проблемалармен қатар экологиялық мәселені де алдыңғы кезекке қойды. Бұл бағытта ХХІ ғасырдың басында істелетін шаралардың бірі экология бойынша білім беру жүйесіне көңіл бөлу.
Экологиялық білім халықаралық ұйымдар арасында жоғары деңгейде қызығушылық таныта білді. Экологиялық білімнің маңыздылығы, оның мазмұны түрлі халықаралық форумдарда нақтылай айтыла бастады.
Қоғамдағы өндіріс орындарының артып, ғылым мен техниканың өркендеуіне байланысты, қоршаған ортаны сақтау, қорғау және табиғи ресурстарды үнемді пайдалану қазіргі күннің өзекті көкейкесті мәселелерінің бірі болып отыр. Бұл мәселелерге түсініссіздікпен селқос қарау мен техникалық және экологиялық қате саясаттар, қоршаған ортаның ластануына және жер бетіндегі оганизмдердің қалыптасқан жағдайларына негативті әсерін тигізеді. Қордаланған негізгі проблемларды шешуде, табиғат пен адамзат қоғамының арасындағы қарым-қатынасардың орны ерекше. Бұл қарым-қатынастардың дұрыс дамымауы адамзатқа үлкен қауіптер туғызуы мүмкін. Табиғат ресурстары мен өзіндік құны арзан қажетті заттарды алу, экономикалық пайда табу, экологияны бұзудың негізгі себептерінің бірі. Қуатты энергия көздерімен және қазіргі заманғы жетілген техникамен қаруланған адамзат табиғатқа елеулі әсерін тигізе алары сөзсіз. Егер бұл әрекеттер мен табиғат заңдарын бұзу фактілері миллиондаған жылдар бойы орныққан байланыстарды бұзса, оның соңы-катастрофалық салдарларға жеткізуі мүмкін. Түптеп келгенде, адамдар қазіргі уақытта өз іс-әрекеті нәтижесінде туындаған апаттармен арпалысып жүр. Әсіресе, адамзаттың қоршаған ортаға әсері мен оған деген орныққан көзқарастарының биосферада қалыптасқан тепе-теңдіктерді сақтаудағы орны ерекше болып отыр.
Өткен ғасырдың екінші жартысында жер бетінде экологиялық жалпы жағдай өте нашарлап кетті. Мамандардың мәліметтері бойынша, адамда кездесетін науқас түрлерінің басым көпшілігі қоршаған ортаның ластануы тікелей байланысты. Осындай қиын жағдайлардың орын алуы- экологиялық проблемаларды шешу барысында ғылыми нәтижелерден туындаған шешімдердің дұрыс қолданылмауы немесе оған дұрыс мән берілмеуінен болып отыр.
Жалпы экология мәселесіне биология тұрғысынан ғана емес, одан да жоғары көзқарастар мен түсініктермен қарау керек сияқты. Табиғат пен қоғам арасындағы гармониялық байланыстарды дұрыс шешу жоғары білімді эколог мамандардың жауапкершілігінде. Әрине, қоғам мүшелерінің интелектуалды дәрежесі жоғары болған сайын, қазіргі күннің экологиялық проблемаларын шешу жеңіл болатын да сияқты. Экология жаратылыстану және әлеуметтік ғылымдар саласына жатады. Жаратылыстану ғылымы ретінде де, ол адамзаттан сыртта қала алмақ емес, ал әлеуметтік ғылым ретінде оны табиғаттан бөліп қарастыра алмаймыз.
Қазіргі
таңда экологияның бірнеше
Экология деп, жаратылыс кұбылыстарының ықпалымен, адамзаттың іс-карекетінің, тіршілігінің салдарынан қоршаған табиғи ортаның өзгеру заңдылықтарын карастырып, оғам тәуелді және байланысты заттар мен құбылыстарды анықтайтын жаратылыстану ғылымының бір бөлігін айтады.
Экология дербес ғылым ретінде шамамен 1900 жылдары қалыптасты. «Экология» терминін 1869 жылы белгілі табиғат зерттеушісі, биолог, дәрігер, аса дарынды неміс ғалымы Э.Геккель, ғылымға бірінші болып енгізді. Латын тілінде «ойкос»- үй, отан, мекен, ал «логос»- ілім, ғылым деген мағынаны білдіреді, яғни сөзбе-сөз аударғанда –тіршілік мекені туралы ғылым. Аталған ұғым бойынша, экология қоршаған ортаны сақтаудың ғылыми негізі болып саналады. Экология ғылымына берілген көптеген анықтамалар бар, дегенмен, осы заманғы зерттеушілердің басым көпшілігі: экология - организмдердің тіршілік ету жағдайларын және организмдер мен олардың тіршілік ету ортасы арасындағы өзара байланыстарды зерттейтін ғылым - деп есептейді. Экология түсінігі өте ауқымды, сондықтан оның қай қырына баса мән берілуіне қарай, оның анықтамаларының тұжырымдалуы да өзгеріп отырады. Қолайлы колданыс үшін, ұзақ мерзімге дейінгі экология - қоршаған ортаның экологиясы деп аталды.
Қазіргі
педагогикалық теорияда экологиялық
білім берудің ғылыми негізін, мақсаттары
мен міндеттерін, принциптерін толық,
әрі тұтас анықтауға
Педагогикалық әдебиеттерде экологиялық білім берудің мазмұнын айқындауға және экологиялық материалдарды басымырақ беру керектігі жайлы ғылыми нұсқаулар мен озат тәжірибелер әлі де болса дәлелдене қойған жоқ.
Психологиялық-педагогикалық әдебиеттермен таныса және талдай отырып, экологиялық білім берудің мақсаты- жастарды айналадағы табиғи ортаға жауапкершілікпен қарауға үйрету екенін анықтадық.
Информация о работе «Адам-қоршаған орта» жүйесіндегі негативті факторлар