Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2012 в 19:37, реферат
Біреулер есірткі таратып, байлыққа кенеліп, белшесінен батып жүр, ал қаншама жан бұдан бақытсыздыққа ұшырап, өлім құшуда. Ел ішінде нашақорлар саны жыл сайын артуда, ал біз болсақ көрмеген, білмеген кейіп танытамыз. Өз басымызда болмаған соң, өзгенің проблемасына жүрегімізді де, жанымыздыда ауыртқымыз келмейді. Адам баласы алдында не күтіп тұрғанын білмейді, артта ұрпақ өсіп келеді. Не істеу керек? Жастарды оның құрығынан қалай құтқарамыз? - деген сауалдар әрине адам жанын мазалайды.
Нашақорлық ғасыр – дерті
Адамзат
тарихындағы қаншама қанды
Біздің ғасырымыздың басты дерті - нашақорлық.
Біреулер есірткі таратып, байлыққа кенеліп, белшесінен батып жүр, ал қаншама жан бұдан бақытсыздыққа ұшырап, өлім құшуда. Ел ішінде нашақорлар саны жыл сайын артуда, ал біз болсақ көрмеген, білмеген кейіп танытамыз. Өз басымызда болмаған соң, өзгенің проблемасына жүрегімізді де, жанымыздыда ауыртқымыз келмейді. Адам баласы алдында не күтіп тұрғанын білмейді, артта ұрпақ өсіп келеді. Не істеу керек? Жастарды оның құрығынан қалай құтқарамыз? - деген сауалдар әрине адам жанын мазалайды.
Есірткіге еліктейтіндер негізінен жасөспірімдер мен жастар. Олар өлімнің не екенін терең ұғынбайтын жаста есірткіге ұрынады. Өлімнен үлкендер қорқуы мүмкін, жастар қорқпайды нашақор үшін өлім- жалған дүниемен бірдей.
Жастар психологиясына жүргізілген зертеулер, олардың – орта іздейтіндігі, ортасы жоқ жасөспірім жапанда жалғыз қалғандай сезінетіндігі дәлелденген. Ал ортада қай бала жан-жақты пысық, соңынан өзгелерді ерте алатындай қаблеті болса, соған ұқсағысы келіп ұмтылады. Ол жақсы бала ма, жаман бала ма есеп беріп жатпайды, әйтеуір айналасындағылардың түрткісін оятады, ол түрткі немен аяқталады, ол баланың табиғатына байланысты болады.
Бүгінгі күні баланы қызықтыратын орта аз, қала баласы түнгі клуб, би алаңдарын айландырса, ауыл баласы көше тоздырып, арақ-шарап ішуге әуес. Нашақорлар неге көбейіп кетті дейсіз? Оның себебі бала тәрбиесіне көп көңіл бөлінбеуінде. Жасыратыны жоқ, көптеген ата-ана баласымен тек қана материалдық тұрғыда ғана әңгімелесумен шектеледі, қарның тоқ па, көйлегің көк пе дегендей. Баламен әңгімелесуге, оны не толғандырып жүргенін, оның ортасы қандай, достары кім екенін білуге, жас өспірімнің бос уақытын қайда, қалай, кіммен өткізетіндігін білуге, сырласуға уақыт таппаймыз. Көбнесе ауқатты отбасының балалары қарны тоқтықтан, істейтін іс жоқ болғандықтан нашақорлыққа, есірткі сатушыларға қосылғанын байқамайды да.
Осы орайда «Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық аздырар адам баласын» деген Ұлы Абайдың орынды тауып айтқан өлең шумағы есіңізге түседі. Жас кезінде адам қызыққыш келетіндіктен қызық көріп, біреулері есірткі дәмін татып көруден бастап, ал екінші біреулері, біреулердің мәжбүрлеуімен нашақор болып кеткендер бар. Есірткіні таратушылар қызық көріп жүрген жастарды, «Инемен салмасаң болды» нашақор емессің, ал біз иіскейміз, одан нашақор болмаймыз деп алдауы да мүмкін. Ал шындығында, жас организм есірткінің дәмін бір рет татқан соң тәуелді болып шыға келеді..Біз бала тәрбиесін мектепке қарай ысырып қойғанбыз, содан кейін сол мектепті кінәлаймыз. Бұл үлкен қателік екендігін, қайта біз мектептің және мұғалімнің беделін, мәртебесін көтеруге ықпал етуіміз керек. Біз бала тәрбиесін уыстан шағарып алдық. Өз ара ұғыну психологиясы ескерілуден қалып бара жатқандығын, от басында ата-ана мен бала бір-біріне суық, рухани адамгершілік тұрғысында отбасында дағдарыс қалыптасты. Бірақ бұл дағдарысты көпшілік сезіне бермейді, өйткені әркім өз кемшілігін өзі көре алмайды, түзей алмайды. Отбасындағы дағдарыс қоғамдық деңгейге қалықтап шықты, осыдан келіп өз арамызда нашақорлар мен араққұмарлар саны арта түсті. Бізде, «бала ертең-ақ өседі, ненің жақсы, ненің жаман екенін өсе келе өзі де біліп алады» деген қате ұғым бар.
Психолог- дәрігерлер: «отбасында бала ішімдік, темекі, есірткі сияқты естен айыратын әзәзіл туралы ерте бастан естігені дұрыс екендігін, бала жаман әдет туралы ерте білсе, соғұрлым тез жиренетіндігін, одан бойын аулақ ұстайтындығын ескертеді.
Күнен күнге психоактивтік заттардың зияндығына қарамастан оны қолданатын адамдардың саны артуда. Жасөспірімдер нашақорлығының әлеуеттік келешегін мамандар алдын ала болжауға болатындықтан олар:
- біріншіден, 12-18 жастағы нашақорлар - бұл ар-ождан принциптері бұзылған, адамгершілік қасиеттері төмен денгейдегі адамдар.Сонымен қатар, есірткі қолдану балаларды жиі қылмысқа итермелейді. Сөйтіп 10-20 жылдан кейін жас өспірім нашақорлық әлеуметтік қауіп тобын құрайды.
- Екіншіден нашақор балалардың көпшілігі өліп кетеді немесе дені сау келешек ұрпақ өсіре алмайды, яғни СПИД, вирусты гепатит, ақыл-ойдың дұрыс болмауы және т.б. аурулар біздің қоғамның дамуына көп қауіп төндіреді.
- Үшіншіден мұндай жағдай
қоғамның экономикалық және
Осыған байланысты, қоғамдық – қасіреттің алдын алу мақсатында жергілікті жерлерде оқушылар арасында кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет, жастарды спортқа, басқада мәдени ұйымдарға тарта отырып олардың бос уақыттарын кіммен қалай өткізетіндігіне аса көңіл бөлінсе дегім келеді.
“Салауатты өмірге кері ықпалын
тигізетін
жағымсыз әрекет – ол нашақорлық”
Басқа елдермен тереземізді
теңестіреміз, алдыңғы қатарлы елдер сапынан
табыламыз десек жастарды салауатты өмір
салты дағдысы қалыптасқан, рухы биік,
жан дүниесі таза, адамгершілігі мол, білімді
азамат етіп тәрбиелеуіміз керек. Баспасөз
мәліметтеріне сүйенсек, Қазақстанда
жыл сайын нашақорлықпен ауыратын адамдардың
саны көбейіп, героин мен синтетикалық
есірткілерді тұтыну артып отыр. Егер
2000 жылдың қорытындысы бойынша есепте
38 мыңнан астам адам болса, қазіргі таңда
54 мыңнан артық адам есепте тұрады екен.
Олардың ішінде 4500 әйел және 3800-ден астам
бала бар. Қазіргі заманда нашақорлықтың
салдарынан жарымес, мүгедек, аурушаң
балалардың өмірге жиі келетіні бәріңізге
белгілі.
Дүние жүзін жайлаған нашақорлық дерті
күн сайын тамырын жайып барады. Қазіргі
таңда Қазақстанда 55 мың нашақор бар екен.
Негізгі мәселе нашақордың санында емес,
жасында болса керек. Келешек ұрпаққа
ақыл, бағыт – бағдар беретін аға – апаларымыз
есірткіні “ табыс көзі ” көріп, қаншама
адам өмірін құртып отыр. Олардың тіпті
мектеп оқушсына алғашқы мөлшерді тегін
беріп, қызықтыруы айуандық деп есептеймін.
Дәл қазіргі таңда әрбір
жанұяның есігі мен терезесіне ұңіліп,
үй айналасын торып, ғасыр індеті жүр.
Бұл індеттің аты – нашақорлық.
Халқымыздың денсаулықты байлық пен басқадан
да жоғары қоюынан-ақ оның қадірі қаншалықты
екенін білуге болады. Осындай баға жетпес
байлықтың қадірін түсінбей, өз өміріне
өз қолдарымен балта шауып жүрген жандар
қаншама!
Қазіргі уақытта жастар арасында есірткіге
бой ұру етек алып барады. Менің ойымша,
оған көптеген себептер бар. Біріншіден,
бозбалалар мен бойжеткендердің бұл жаста
өздеріне не керек екенін білмей, еліктеушілікке
салыну. Екіншіден, бір сәттілік ләззат
үшін шоқ басқанын білмей қалған жастардың
қателігі. Кейбіреулер Абайдың сөзімен
айтқанда:
“ Тамағы тоқтық, қайғысы жоқтықтан”
азады.
Уа, халқым, назар аудар
денсаулыққа,
Өмірде бақыттысың денің са да.
Денсаулық терең бақыт деген сөзді,
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да
Бүгінгі күні нашақорлық бір
адамның ғана басындағы емес, бүкіл қоғамның
қасіреті болып отыр. Нашақорлықтың қасіретін
тек дәрігерлер ғана емес, күнделікті
көріп жүрген әр жан сезеді.
Бүгінгі жастардың ой – арманы, мақсат
– мүддесі, тілегі, тірішлік – тынысы
біздің халықтың ХХІ ғасырдағы бет – бейнесін
көп жағдаяттан анықтап берері даусыз.
Есірткі қазіргі таңда көп түрі кездеседі
мысалы: марихуана, кокаин, морфин, LSD, героин
және тағы басқа түрлері адамның миына,
психикасына, орталық жүйке жүйесіне қатты
әсер етіп, рухани және физикалық тепе
– теңдікті бұзатын зиянды заттардың
бірі.
Есірткіге құмарлық ең қауіпті және апатты
аурулардың бірі. Есірткіні пайдаланудың
кезеңі қоғамдық факторлармен байланысты
өзіңнің
таныс топтарыңның арасына оларға еліктеу
және абырой алу болады. Нашақорлық тұңғиық
түбі, адамды еліктіретін аждаһаның бір
басы. Адам ағзасына өте тез уландыратын
аса қауіпті психикалық дерт. Оны әсіресі
жас ағза тез қабылдайды. Бұл адамның көңіл
– күйін, сана – сезімін, мінез – құлқын
бұзатын қауіпті, тыйым салынған химиялық
зат. Ол адамның есін алып, құмарлық желігіне
ұшыратады, нащақор есірткісіз өмір сүре
алмайтын бейшара халге түседі. Есірткі
– аса қауіпті, айығуы үмітсіз әлеуметтік
дерт және осыған жету үшін дұрыс жолды
білмейтін балалар да бар.
Есірткіге басталса егер әуестік
Ертеңінде қояр оған әуес қылып
Үшінші күні құмарлығың артады.
Келер күнде магниттей тартады
Бұл сөзімді кімдер қалай ұғады
Деме қайдан нашақорлар шығады?
Нашақордың есірткіден улануы
оның бүкіл психикасы өзгереді. Біріншіден,
жүйке жүйесін бірден улайды, елтіріп
жібереді, ақылмен істейтін жұмыстардан
бас тартатын болады, өмірге қажетті барлық
жұмысты орындауға ынтасы, белсенділігі
пәс болып тұрады, енжар өмір кешеді. Есірткі
адам психикасына өте қатерлі. Нашақордың
есіл – дерті қайдан болса да есрткі заттарды
тауып ішуге болады. Ең қатерлісі – нашақор
есірткіге ақша табу үшін кісі тонаудан
бастап, тіпті жақын адамын өлтіруден
де тайынбайды. Бұл күнде жігіттер ғана
емес, қыздардың да темекі тартаныны, арақ
ішетіні, есрткіге берілетіні ешкімге
сыр бөлмей қалады. Бұл әрине, өкінішті
жай. Өйткені, бұлардың қайсысы болсын,
денсаулық үшін зиян.
Нашақорлар қайғылы оқиғлардың басты
себепкерлері. Әрине, осындай жолға түсіретін
нашаны ешқандай саналы адам өз еркімен
қолданбайды. Осы заттарды алғаш рет дәмін
татуға үйретушілер егер олар көнбесе
зорлаушылар болады.
Нашақорлық дертіне шалдыққан адам онсыз
өмір сүре алмайтындай күйге түседі. Өзінің
денсаулығын, қоршаған адамдардың өміріне
де қауіп туғызады. Күн өткен сайын елімізде
нашақорлыққа байланысты жасалатын қылмыстың
саны күрт өсіп отырғаны ешкімге жасырын
емес.
Есірткі – бұл өте айрықша әрі қатерлі
сала, бұл мәселе ізгілік принциптерін
қолдануды қажет етеді. Таразының бір
басында оны жеткізетін және тарататын
адамның өмірі, ал екінші басында оның
“ көмегімен ” есірткі қолданушылардың
құрып бара жатқан өмірі.
Нағыз бұзылған нашақор түзелмейді, емдеуге
де келмейді. Ол қоғамның саналы мүшесі
емес. Ал біз осыған қарсы бүгінгі қоғамдағы
мыңдаған құрбыларымызға бұдан сақтану
жолдарын түсіндіріп, насхаттауымыз керек.
Адамдарды нашақорлыққа баулу – қылмыстың
ең зор түрі.
Сөзім 2030-дың біз басармыз,
Жетістікке бастайды әр ісіміз.
Өркениетті әлемді қорғау үшін
Нашаға қарсы күресу парызымыз
“ Нашақорлыққа қарсы күрес – әлемді
құтқарып қалады ”
Батпаңдап кіріп, мысқылдап
шығатын есірткі дертінің елімізге дендеп
енгеніне де біраз жылдың жүзі болып қалды.
Жасыратыны жоқ, көрінгенге еліктегіш
ұшқалақ жастарымыз әртүрлі себептермен
есірткіге алғашқыда қызығушылық білдіріп,
кейін өздерінің қалай бастары байланып
қалғанын сезбей қалады. Нашақорлар есірткінің
қандай түрін қолданса да, тарататын зардабы
біреу. Алайда, бұлыңғыр болашағына мән
бермейтін нашақорлар уақыт өте келе доза
мөлшерін көбейтіп отырады.
Мәселен, олар есірткінің бір түрі болып
табылатын конопляны місе тұтпай, басқасын
тартып көруге әуесқойлық танытады. Сөйтіп
олар есірткінің ауыр түріне көшіп, шегіп
немесе иіскейтін нашадан егу арқылы “ләззат”
алатынына көшеді. Ең сорақылығы, бұл кезде
де олар өздерінің нашақор екендерін мойындамай,
“біз тек ермек қылып жүрміз, кез келген
уақытта тастай саламыз”, – дейді. Шын
мәнінде, нашаны тастау үшін нашақор кем
дегенде оның зиян екенін және түбінде
жақсылық әкелмейтінін сезінуі қажет.
Өкінішке қарай, көпшілік жағдайда олар
“менде бәрі жақсы, қорқатын түгі жоқ”
деген байламға келеді.
Қазіргі күні нашақорлықтың 25 жасқа дейінгі
жастар арасында кеңінен таралып отырғаны
алаңдатады. Әрине, осыған орай, есірткіге
қатысты қылмыстың да ұлғайып отырған
жайы бар. Атап айтсақ, адамдарды аяусыз
өлтіру, зорлық – зомбылық жасау, ұрып
– соғу, әртүрлі жазатайым жайттарға әкелу
сияқты оқиғалардың басым бөлігі нашаға
бой алдырғандар тарапынан болып отыр.
Әсіресе, нашақорлар наша ашаршылығына
ұшыраған кезде өздерінің іс – әрекеттеріне
жауап бере алмай, есірткі сатып алу үшін
қаражат табу барысында ұрлық, тонау, зомбылық
жасауға дейін барады екен.
Статистика мәліметтеріне сүйенсек, нашақорлар
арасында адам өлімі сол жастағы, сол жыныстағы
дені сау адамдармен салыстырғанда өте
көп болып отыр. Тіпті, жеңіл – желпі науқастанған
нашақорларды емдеудің өзі күрделі екен.
Сондықтан да олардың көбі мидың қабынуынан,
жүрекке салмақ түсудің салдарынан қайтыс
болып жатады. Оның үстіне, нашаға әуестенген
жасөспірімнің бірден адами кейпі өзгеріп,
күйгелек, ашушаң болып шыға келеді, жиі
үрейге беріліп. өмірден түңіледі. Жалпы,
жасөспірімнің есірткі қолдана бастағанын
сыртқы келбетінің жүріс – тұрысынан
байқауға болады. Есірткіні көп қолданған
адамның терісінің түсі өзгеріп, шашы
түседі, әсіресе нашаның ашаршылығына
ұшараған кезде жасөспірімнің мінез –
құлық күрт өзгеріп, қит еткенге ашуланып,
қолы дірілдеп терлейді. Бүгінде есірткі
дерті ауылды аралап, болат жол бойындағы
стансаларда да өршіп тұрғаны ащы да болса
шындық. Осыған орай қазыргы күні аймақтық,
қалалық құқық қорғау органдары мен ішкі
істер бөлімі, автокөліктегі полиция қызметкерлері
бірлесіп есірткі саудасын құрықтауға,
нашақорлықтың алдын алуға шұғыл шаралар
жүргізіп отыр. Осы ретте, есірткі бизнесінің
өкілдері мен қылмыскерлер заң алдында
жауап беріп, қатаң жазаға тартылатынын
ескерткіміз келеді.
Өйткені ойы тұнық, санасы таза ұрпақ
қана еліміздің көсегесін көгертіп, ілгері
дамуына үлес қоса алады. Бұл туралы Елбасының
өзі де халыққа жолдауында сан мәрте айтып,
жастарды салауатты өмір салтын ұстануға,
зиянды әдеттермен күресуге шақырып келеді.
Иә, нашақорлыққа қарсы күрес елі үшін
жанын беретін әр азаматты бей – жәй қалдырмасы
анық. Себебі, ертеңгі күні бұл дерт бәріміздің
де ұрпағымызды жаулап алмасына кім кепіл?
Сондықтан дертті емделгеннен гөрі алдын
алған әлдеқайда тиімді.
Нашақорлық елге, оның болашағына
төнген үлкен қатер, ел қауіпсіздігімен
тура сабақтас екендігі саналы қауымға
белгілі жағдай.
Елге нашақорлық үш тұрғыда қауіпті.
І – әлеуметтік салаға;
ІІ – ел эканомикасына;
ІІІ – саяси тұрақтылыққа;
Аталған мәселелерді ширата айтқанда,
әлеуметтік салада – бұл ұлттың салауатты
тектік қорының сақталуына төнетін қатер.
Бала мен жасөспірімнің, жастардың нашақорлыққа
ерте салынуы мен оның зардаптары келешек
ұрпақтың болашағын бұлыңғыр етеді.
Эканомикалық салады – ол өтпелі кезеңде
есірткі бизнесінің дамуымен нашақорлықтың
өсуі үшін жағдай туғызатын эканомикалық
проблемалардың шиеленісуі. Орталық Азия
елдеріндегі есірткі ахуалының нашарлауына
ықпал ететін факторлардың қатарында
халық кедейшілігінің жоғары деңгейде
сақталауын, жұмыссыздықты және көлеңкелі
эканомиканың дамуын айтуға болады.
Саяси тұрақтылық бағытында нашақорлыққа
және есірткі бизнесіне қарсы күрес проблемалары
айқын халықаралық сипатқа ие, осыған
баланысты ол тек қана мемлекеттік деңгейде
шешілуі мүмкін емес. Яғни, стратегия қазіргі
кезде елімізде қалыптасқан ахуалға және
Ел Президентінің Жолдауында айтылған
мемлекеттік органдар қызметінің перспективаларын
бағалауға негізделген, нашақорлыққа
және есірткі бизнесіне қарсы күрес бойынша
мемлекеттің басым міндеттерінің бірі
ретінде көрініс тапқан.
І. Бірінші реттегі профилактика – нашақорлықтың
бастапқы алдын алу (салауатты өмір салтын
насихаттау, жас ұрпақ бойында есірткіге
қарсы иммунитет орнату.)
ІІ. Екінші реттегі профилактика – науқастардың
арнайы медициналық мекемеде емделуі.
ІІІ. Үшінші реттегі профилактика – емделіп
шыққан науқастарға ықпалды оңалту шараларын
атқару, яғни ауруханадан емделіп шыққан
науқастарды күнделікті толыққанды өмірге
қосу.
Жапон елінде бала бойында есірткіге
деген жағымсыз көзқарасты 5-6 жасынан
бастап қалыптастырады. Соны облыс көлемінде
енгізу қиын шаруа емес. Ол үшін нарколог,
психолог және әдіскер – педагог мамандар
бірлесе отырып оқыту бағдарламасын әзірлеп,
соны практикалық тұрғыда қолдану, облыс
көлеміндегі балабақшаларды көрнекті
құралдармен жабдықтау қажет.
шетелдегідей баласының тәртіпсіздігіне
ата – анасын жазалау практикасы көрсеткендей,
ата – аналардың, мұғалімдердің, отбасының
жауапкершілігі арттырылуы керек;
кіші және орта бизнесті қолдау органдары
тарапынан спиртті ішімдіксіз және темекі
бұйымдарынсыз кафе, ресторан ашуға ниет
білдірген кәсіпкерлерге жеңілдіктер
қарастырылып, олар кеңінен насихатталса;
кәмилетке толмаған жастарға спирт ішімдігін,
темекі бұйымдарын сатуға қатаң бақылау
жасалса;
Астана және Алматы қалаларында есірткі
тартушылар туралы нақты мәлімет берген
және ол анықталған жағдайда хабарлаушыға
ынталандыру шарасын жүргізу мәселелері
қоғамдық қорлар арқылы шешілсе;
Ішімдік ішіп, автокөлік жүргізген жүргізушілер
қатаң жазаланса;
Мысалы, 2005 жылы 4113 адамның 279 – нан, яғни
7% – нан орта дәрежелі масаңдық анықталса,
2006 жылы бұл 5251 адамның 939 – нан, яғни 18%
– нан анықталған, демек екі есеге өткен.
мектеп психологтарын, валеологтарын
және инспекторларын нашақорлыққа қарсы
насихаттай, қиын балалармен отбасыларына
психологиялық – әлеуметтік кеңес беру
мәселелерін оқытуды ұйымдастырса;
бүгінде наркология саласында арнайы
қаржы бөлінбегендіктен ықпалды үгіт
– насихат құралдарын жасауға мүмкін
болмай отыр. Салауатты өмір салтын насихаттауға
бөлінген аз қаржы олардың өз мұқтаждарынан
артылмайды. Мысалы, облыс орталығында
200–ге жуық билборд орнатылса, оның 2- еуі
ғана салауатты өмір салтын дәріптеуге
бағытталған. Сондықтан наркологиялық
кеселдерге қарсы насихат жұмысына арнайы
қаржы бөлінетін мезгіл жетті деп білемін.
Сөзімді қорытындылай келе, нашақорлыққа
және есірткі бизнесіне қарсы күрестегі
мүдделі мекемелер алдағы уақытта бірлесіп
іс – қимыл жасап, атқарылған іс – шаралардың
сандық мәліметтерінен гөрі олардың сапалық
тұстарына көбірек көңіл бөлуі қажет деп
санаймын.