Нашақорлық ғасыр – дерті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2012 в 19:37, реферат

Описание

Біреулер есірткі таратып, байлыққа кенеліп, белшесінен батып жүр, ал қаншама жан бұдан бақытсыздыққа ұшырап, өлім құшуда. Ел ішінде нашақорлар саны жыл сайын артуда, ал біз болсақ көрмеген, білмеген кейіп танытамыз. Өз басымызда болмаған соң, өзгенің проблемасына жүрегімізді де, жанымыздыда ауыртқымыз келмейді. Адам баласы алдында не күтіп тұрғанын білмейді, артта ұрпақ өсіп келеді. Не істеу керек? Жастарды оның құрығынан қалай құтқарамыз? - деген сауалдар әрине адам жанын мазалайды.

Работа состоит из  1 файл

Нашақорлық.docx

— 43.02 Кб (Скачать документ)

 

Дүниежүзілік денсаулық  сақтау ұйымының дәлелдемелері бойынша  адам денсаулығының 50-55 пайызы өмір сүру салтына, яғни адамның өз денсаулығына қарайтындығына байланысты. 17-20 пайызы экологиялық факторларға байланысты, яғни қоршаған орта әсеріне тәуелді болады. 17-20 пайызы тұқым қуалаушылыққа, ал 10 пайызы ғана денсаулық сақтау саласына байланысты. Зерттеуде дәлелденгендей, әрбір адамның денсаулығы тікелей өзіне байланысты болғандықтан, халықтың санасына  салауатты өмір сүру мәдениетін сіңіріп, күнделікті өмірде ұстануына күш салу қажет. Осы уақытқа дейін атқарылған салауатты өмір салтын насихаттау жұмыстары көптеген кедергілерге байланысты өз деңгейінде жеткіліксіз болып келеді. 
Біріншіден, орталықтың материалдық – техникалық базасының ескеруінен     халыққа тарататын әдістемелік материалдардың басым бөлігі қарапайым түрде таратылғанның өзінде, халықты түгел қамти алмай отыр. Бұл облыс халқының 2 пайызын ғана қамтамасыз етіп отыр. Ал таратылған 30500 материалдың 500-і ғана түрлі – түсті. Сондықтан тартымды, көрнекті материалдармен халықтың ең азы 10 пайызын қамтып тарату үшін орталыққа минитипография ашу қажет. 
Екіншіден, аудандарда  материалдық – техникалық база мүлдем жоқ, 1 ғана маман бар, денсаулықты нығайту кабинетінің атқарып отырған жұмысы қысқа жіптің күрмеуге келмейтіні секілді, бір аудан халықтың, түгел қамтуға еш мүмкіндігі жетпейді. 
Мамандар нашақорлықтың жасарып бара жатырғаны жөнінде дабыл көтеруде. Елімізде ең жас нашақор 3 жаста екен. Қасірет осы емес пе? Нашақорлыққа, наркобизнеске қарсы жұмыстар пәрменді жүргізіліп отырғанына қарамастан, нашақорлықтың өршуі жұртшылықты алаңдатып отыр. "Тәрбие басы тал бесіктен" дейді халқымыз. Тәрбиені ең бірінші отбасынан, өсіп-өнген ортамыздан, балабақшадан, мектептен, арнаулы және жоғарғы оқу орындарынан бойымызға сіңіретініміз анық. Қазір қу тіршіліктің қамымен жүріп, кейде балаларымызға, "әй осы сен немен шұғылданып жүрсің" дейтін бір ауыз сөзге уақыт таба алмайтынымыз ащы да болса шындық. Бақылау, қадағалау болмағандықтан, әрі-сәрі күйде жүрген өтпелі жастағы (переходной возраст) жасөспірім орны толмас жағдайларға ұрынып, артынан бармақ шайнап қалатынымыз рас. Екінші орындағы тәрбие құралы – балабақша, білім ордасы. Балабақша жасындағы балалар зерек, әуесқой, әрі зейінді болады. Оларға жаман әдеттерден аулақ болуға үйрететін тәрбиелік мәні бар шаралар, тақпақтар, нақыл сөздердің ықпалы зор. Ал мектеп жасындағыларға заманның талабына орай, тәртіпті болуды, жаман әдеттерден аулақ болуды насихаттайтын арнайы пән енгізілуі тиіс сияқты. Сонымен қатар, тәртіпті қадағалайтын мұғалім-инспектор штатын енгізу артық болмайды деп ойлаймын. Ауылдық жерлерде тұрақты түрде жұмыс жасайтын әр түрлі спорт секцияларын ашуды қолға алу да көптеген маңызды бастамалардың алғышарты болары анық. 
“Адам азса, заман тозады” оны жаңғырту да, құрдымға құлдырату да өзімізге байланысты. Арақ ішу, темекі тарту аздай жастарымыз енді есірткіге бой ұра бастады. Бұның себебі не? Күні кешеге дейін “нашақор” деген атау қазақ ұғымында болған емес. Мсакүнемдік те бізге жат еді. Енді, міне, деректерге жүгінсек республика бойынша 20 мыңнан астам нашақор екені анықталып тіркеуге алынды. Бұл елімізді жайлаған үлкен дерт, түпсіз құрдым. 

 

Бар әлемді жайлап алған 
             нашақорлық жойылсын, 
Алдымызға мақсат болып 
             тек жақсылық қойылсын. 
Қазақстан бар әлемге 
             жан – жағымен танылып, 
Қасиетті “Алаш елі” тоқшылыққа 
                 бой ұрсын. 
Елің болса нарық заман өткелінде қарағым,

Нашақорлық қасіретінен 
              арыла алсаң, жарадың. 
Сенің теңің арақ емес, наша емес білгенге, 
Болашаққа уланып мен енді қалай барамын.             

 Тербеле жайқалған  көгі бар, мөлдір шалқар көлі бар, айнала қоршаған асу-асу таулары, еркін тыныстар ауасы бар кең жазира дархан даламда өмір сүрген тіршілік атаулының тілегі-бейбіт өмір, еркіндік және денсаулық. 
Деніміз сау болмаса шалқыған байлықтан, қалтадағы ақшадан не пайда?! 
Байлық әрқашан денсаулықтың теңі бола бермейді. Сол денсаулығымызға кейбір залалды нәрселер әсерін тигізуде. Айдаһардың үш басындай арақ, темекі, наша – ауруға жол ашатын мүмкіндіктердің басты себептері. 
Нашақорлық-тұңғиық түбі, адамды еліктіретін аждаһаның бір басы. 
Дүниежүзі елдерін жайлаған нашақорлық дерті күн сайын тамырын тереңге жайып барады. Бұл «жұқпалы ауруға» Қазақстан да шалдыққан. Тіпті ол уақыт озған сайын асқынып бара жатыр. Неге? Оның әр түрлі себептері бар. Менің ойымша, ең негізгісі – жоқшылық, қымбатшылық, жұмыссыздық. Кейінгі есірткілік заттарды қолданатындардың басым көпшілігі – мектеп жасындағы бойжеткендер мен бозбалалар. Оның себептері әр түрлі. Біріншіден, олар өз-өздеріне есеп беріп жатпайды. Өмірдің не екенін әлі жете түсінбейді. Екіншіден, бұл жаста әр нәрсеге еліктегіш, тез бейімделгіш келеді. Адам болған соң әркімнің мінезі де әр түрлі болады емес пе? Осы мінезден болашағына емес, бір күндік рақат-ләззатқа, қызыққа еліктеп «шоқ басқанын» өзі де білмей қалады. Ал есірткінің қарамағына бір іліксең, одан аман-есен құтылып шығудың екіталай екендігін ата-аналарымыз, ұстаздарымыз қаншама айтып, теледидар, газет-журналдарда көрсетіліп, жазылып жүр. Нашақорлардың өмірі көбінесе қайғы-қасіретпен аяқталатынын естіп, көріп те жүрміз. 
Нашақорлық дертіне шалыққан адам онсыз өмір сүре алмайтындай күйге түседі. Өзінің денсаулығын, өмірін құртып қана қоймай, жақындарының, қоршаған адамдардың өміріне де қауіп туғызады. Күн өткен сайын елімізде нашақорлыққа байланысты жасалатын қылмыстың саны күрт өсіп отырғаны ешкімге жасырын емес. 
Әркімнің ата-анасы – әулиесі емес пе? Мұхаммед пайғамбарымыздың хадистерінде ең алдымен ананы құрметтеу парыз екені айтылады. «Әуелі анаңа, тағы да анаңа, тағы да анаңа, содан соң әкеңе жақсылық жаса»,- делінген онда. Өкінішке орай есірткінің құрығына іліккен жастардың ата-анасының қасіретін сөзбен жеткізу қиын. 
Тәуелсіздік алып, шет мемлекеттермен байланысымыз нығайып келеді. Абай атамыздың «Үйрен де жирен» сөзін тура түсінетін адамдар қолдарынан келгенше батыстан, одан қалса Шығыстан үйренуде. Қазақстандағы нашақорлардың саны тәуелсіздік алғаннан бергі жылдарда 5-6 есе өскенін немен түсіндіруге болады? 
«Әкеңді өлтіргеннен құн сұрама, апиынға үйрет!» деген  сөзді ата-бабаларымыз айтқанын үлкендерден естіген едім. Неге бұлай ащырақ айтқанын өзімше түсінгенім: әкесін өлтірген адамды ешкімде алмасы анық. Оның құны да өлшеусіз. Сондықтан әкесін өлтірген адамның баласын апиынға үйретіп, аздырып-тоздырып, тұқымын жойып жібермекші. Бұл ата-бабаларымыздың ескерту үшін айтқан сөзі сияқты. Қазақстанда нашақорлық тарату ісінің кеңірек етек алуына жағдай жасайтын немесе сол іске тікелей қатынасы барлардың балалары бар ма екен деп ойлаймын. Бар болса сақтандыру ретінде айтқан бабаларымыздың «ащы дауысын» естісе деймін. Баласының болашағы – елінің болашағы емес пе?! Сондықтан мұндай жолдан аулақ болу керек. Өзің ғана емес, өзіңнің жолдас-жораларыңды да аулақтату парызымыз екенін ұмытпағанымыз абзал. 
Жас, бойында күш-қуаты мол адам ғана пайда келтіреді. Ауру, нашақор, маскүнем жандар ешкімге де керек емесі аян. Сондықтан да аз ғұмырды өзіңе де, өзгеге де пайдаң тиетіндей етіп өткізу керек. 
Нашақор, маскүнем жандар – отбасы мен сол қоғамда өмір кешіп отырған есті адамдар қателігі деп білемін. Көптеген отбасы ата-аналары осындай жаман қылықтарға салынып, өз өмірін жалғастырушы ұрпағына көңіл бөлмей, оларды аздырып отыр. Қоғам оларды ерте анықтап, оның ұрпағының азбауына жол бермеуі керек болса да, ол міндетті әлі де болса дұрыс атқара алмай отыр деп ойлаймын. 
Адам барлық жағынан толық қамтылған болса, қорғалған болса бұл сияқты жандар болмас еді. Әр азамат пен азаматшаның денінің сау болуы өзіне де байланысты. 
Олай болса, денсаулыққа зиян келтіретін нәрселерден, жаман әдеттерден аулақ болайық.. Жаман әдеттерден аулақ болудың  жолы – адам баласының өзін-өзі тәрбиелей білуі, өз денсаулығын қорғай білуі, адамдық қасиетін жоғалтпауы. Тәуелсіз мемлекетіміздің тірегі болар  жас ұрпақтың дені сау болса ғана шыңдарға қолы жетері, халқына қызмет етері даусыз. 
Нашақорлық, қасіреті туралы қаншама айтылып жүрсе де, азаймағаны рас. Сондықтан бұл дертпен жалғыз күреспей, бірлікте жұмыла күресек, алынбас қамал жоқ. 
Ашық аспанымызға қара бұлт төңірген заман кеселдерінен арылу, арылту – көкірегі ояу, көзі ашық әрбір азаматтың борышы. 
Біз салауатты өмір салтын қалаймыз. 
Ол үшін жеке бас және қоғамдық тазалықты сақтап, спортпен айналысып, зиянды нәрселерден аулақ болуымыз керек. 
Жас достар! Нашақорлыққа қарсы күрес жүргізу – біздің қолымызда, өйткені біздер жаңа дәуірде елімізді сақтайтын таза, мықты, денсаулығы зор ұрпақ жалғастыратын қазақ елінің салауатты перзентіміз… Ойланайық! Санамызға сала пайымдайық! Нашақорлыққа ымырасыз болуға шақырамын барлықтарыңызды! 
Салауатты өмір салты – біздің ата-бабаларымыздан келе жатқан, әрине, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын қазынамыз. Осы, қазынамызды тұңғиық түбіне батырмайтық, нашақорлық-тұңғиық түбі.    
  «Өмір» атты  кемеде тұңғиыққа батпай, шексіз-шетсіз ғарыш кеңістігінде бізге аманат еткен тәуелсіз мемлекетіміздің алтын кілтін жоғалтпай, көк туын көкке қарай биік көтерейік достар!


Информация о работе Нашақорлық ғасыр – дерті