Су таскыны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Января 2013 в 18:12, реферат

Описание

Сұрапыл апаттар дегеніміз-адамдармен жануарлардың өліміне,халықтың өмірінің күрт бұзылуына,материалдық құндылықтардың жойылуына әкелетін құбылыстар.Сұрапыл апаттар көбінесе адамның қолынан келмейтін табиғат күштерінің әсерінен болады.Мысалы;су басу,жер сілкінісі,ормандағы өрттер,көшкін т.б жатады.

Работа состоит из  1 файл

су таскыны.docx

— 30.75 Кб (Скачать документ)

                       

                    Ғылым және Білім Министрлігі Қорқыт Ата атындағы   

                                    Қызылорда  Мемлекеттік   Университеті

 

 

 

 

                                                  

      

 

 

                        

 

 

 

 

    Тақырып:

     Орындағын:

    Тобы:

     Қабылдаған:

 

 

 

 

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                   

 

 

                                 Қызылорда 2013 жыл

 

 

 Кіріспе

 

Сұрапыл апаттар дегеніміз-адамдармен жануарлардың өліміне,халықтың өмірінің күрт бұзылуына,материалдық құндылықтардың жойылуына әкелетін құбылыстар.Сұрапыл  апаттар көбінесе адамның қолынан  келмейтін табиғат күштерінің әсерінен болады.Мысалы;су басу,жер сілкінісі,ормандағы  өрттер,көшкін т.б жатады.

Төтенше жағдай дегеніміз  — табиғат немесе өндіріс апаттарының  зардаптарын күнделікті қызметпен, қаражатпен жоюға мүмкіндік бермейтін, ол үшін әдейі материалдық, техникалық, ақша қаражатын және адам күшін талап  ететін жағдай.

Қазақстан мемлекетінің орналасқан жері – орасан зор, кең байтақ. Ол жерлерде табиғат апатының неше түрі: жер сілкіну, қар тасқыны, қатты  жел, су тасқыны сияқты құбылыстар жиі  болып жатады.

Зілзала — бұл кенеттен пайда болатын, халықтың қалыпты  тірлігін күрт бұзатын, материалдық  құндылықтарды үлкен шығынға  ұшырататын, сондай-ақ адамдар мен  хайуанаттардың өлім-жітімі болатын  табиғат құбылысы.

Әрбір зілзаланың өзіне тән  физикалық қасиеті, пайда болу себебі, қозғаушы күші, сипаты мен даму сатысы, қоршаған ортаға өзіндік ықпал ету  ерекшелігі бар.

Зілзала кез келген мемлекет үшін үлкен ауыртпашылық, келтірер залалы мол төтенше оқиға.

Қазақстан Республикасы аумағында  мынадай зілзалалар болуы мүмкін: жер сілкінісі, сел, қар көшкіні, сырғыма, дауыл, су тасқыны, буырқасын, өрт.

Дүние жүзінде су тасқынына  бүкіл зілзаланың 40 пайызы келеді екен, 20% — тропикалық циклондары, 15% —  жер сілкінісінің, ал қалған 25% —  зілзаланың басқа түрлері.

Каспий теңізі деңгейінің өзгеруіне, Арал теңізінің құруына, Балқаш көлінің таяздауына байланысты құбылыстар табиғи сипаттағы төтенше  жағдайлар арасында ерекше орын алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Су басу — өзен, көл немесе теңіз суының деңгейінің көтеріліп, жердің белгілі бір бөлігінің су астында қалуы. Ол елді мекендердің су астына қалуына, адам мен малдың өлім-жітіміне алып келеді.

Көптеген су басудың негізгі  себептеріне нөсер жаңбыр жаууы, қардың, мұздақтардың үздіксіз еруі жатады.

Сырғымалар, бөгеттерден, тоғандардан  кенет бұзылуынан пайда болатын  су басу өте қауіпті болады.

Судың көтерілуінен болатын  су басуы Қазақстанның барлық аймақтарындағы өзендерде болып тұрады. Оңтүстік Қазақстан өзендерінде мұндай құбылыстар ақпан-наурыздан, оңтүстік-шығыс және Шығыс Қазақстанда — наурыз –  шілдеде, республиканың жазықтағы  өзендерінде – наурыз-маусым айларында  болады.

Жаңбырдан болатын тасқындар, Қазақстан аумағында таза түрінде  негізінен оңтүстіктегі, оңтүстік-шығыстағы  тау етегінде және ортасындағы өзендерде, сайларда көктемнің аяғында және жаз мезгілінде, сондай-ақ жазғы-күзгі  мерзімде. Ертіс байссеіні өзендерінде  байқалады. Орта таулы аймақтардағы жаңбыр тасқынының ерекшелігі сол, белгілі  бір жағдайларда олардың селге  айналуы мүмкін.

Қума желге байланысты апатты тасқын Қазақстан аумағында  Орал өзенінде және Каспийдің бүкіл  солтүстік-шығыс жағалауында болады. Атырау және Маңғыстау облыстарының бүкіл шаруашылық кешеніне орасан зор  залал келтірген соңғы жылдардағы су тасқыны Каспий теңізінің деңгейінің көтерілумен ушыға түсуде.

Кептелулер мен тосқауылдардан болатын қирату салдары бар тасқынның  таралу аудандары Іле, Жоңғар Алатауының, Шығыс Қазақстан өзендері болып  табылады. Олар күз бен көктемде мұз жамылғысының бұзылуы мен  пайда болуы кезінде байқалады.

Өзеннің жоғарғы бөлігінде  мұз тосқауылдары топырақ бөгеттерінің бұзылуы жағдайында тасқын қас-қағым  сәтте болуы мүмкін.

Қалған жағдацларда су басу қауіпіне дер кезінде назар  аударуға мүмкіндік беретін азды-көпті  уақыт бар. Алайда қардың көктемгі еруі, құбылмалы ауа райының созылуы, мұз жүрген кезде, қар еріп жатқанда және қолайсыз ауа райы кезінде батпақтардың үстімен жүрі өте қауіпті. Су батпақтардың сінгіштіген азайтады да, батпаққа батудың қауіпі туады.

Су тасқыны апаты кезінде  мүмкіндігінше төменгі жерден жылдам кетіп, биік жерлерге көтерілу қажет.

Елді мекендегі тасқын кезінде қауіпсіздің көп жағдайда оның алдында жүргізілген сақтандыру жұмыстарымен қамтамасыз етіледі.

Республика аумағындағы  көптеген тасқыдардың судың деңгейінің көтерілуінің болатындығынан белгілі. Алдын алу жұмыстарының тұтас  жүйесі бар: судың басуы болатын  аумақтың тасқын судың арнасын бұру; су қоймасы, ьөгет, тосқауыл тұрғызу; жағаны биіктету және түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу; ғимараттар мен үй-жайларды судан оқшаландыру қондырғысын  қою; қысқа бұталы ағаштар отырғызу; жүзу және құтқару құралдарын жасау  және даярлау; толқын соққыларына төзетін  күрделі құрылысты тұрғызу; отбасының  барлық мүшелерін жүзуге үйрету; қайықтың болуы; жақын орналасқан биік жерді  білу; жақындаған зілзала туарлы хабарды алуға дайын болу; тұрғын үйдің жанына топырақ салынған тосқауылдар қою, топырақ төгу.

Тұрғындарды уақытша көшірудің  басталуы мен тәртібі туралы жергілікті радио мен теледидар, ал жұмыс  істейтіндерге кәсіпорын, мекеме және оқу орындары арқылы, ал өндіріс  пен қызмет көрсету саласында  жұмыс істейтін халыққа тұрғын үй басқармасы органдары арқылы хабарланады.

Халыққа жиналатын орынды, жиналу мерзімін, көшу кезінде жаяу баратын бағыт, сондай-ақ апаттың  күтілген көлеміне орай туындаған жағдайларды, оны ауыздықтау жолдарын және барысын  және басқа да мәліметтер хабарланып отырады.

Уақыт жеткілікті болған жағдайда қауіпті аймақтағы халық дүние-мүлкімен бірге су басу аймағынан тыс орналасқан жақын елді-мекендерге көшіріледі.

Кәсіпорын мен мекемелер  су қауіпі төнген жағдайда жұмыс тәртібін өзгертеді, ал кей жағдайда жұмыс  мүлдем тоқтайды. Су басу ықтимал аймақта  мектептер мен балалардың мектепке дейінгі мекемелері уақытша жұмысын  тоқтатып, балалар қауіпсіз жерге  орналасқан ментеп пен балалар мекемесіне ауыстырылады. Егер төменгі қабатта  тұратын және кешенді адамдар  судың көтерілуін байқаса, жоғарғы  қабаттарға көтерілуге, егер үй бір  қабатты болса, шатырға шығу тиіс. Жұмыста әкімшілік нұсқауымен белгіленген  тәртіпті сақтап, биік орналасқан орындарға  көтерілу керек. Далада кенеттен су басқан кезде дөңеске немесе ағашқа шығып, әр тұрлі жүзу құралдарын пайдаланған  жөн.

Үйден (пәтерден) шыққан кезде  өзіңізбен бірге құжаттарыңызды, құнды заттарды, аса қажетті заттарды, екі-үш тәулікке жеткілікті азық-түлік  қорын алу ұсынылады.

Судың басуынан сақтауды қажет  ететін және алу мүмкін емес мүлікті  жоғарғы қабатқа, шатырға шығару керек. Үйден (пәтерден) шығардың алдында  электр мен газды ажырату, пешті  өшіру, есікті, терезені, ғимараттағы  желдеткішті және басқа да саңлауларды  нығыздап жабу керек.

Су басқан аумақтағы ададмдарды іздеу шұғыл ұйымдастырылып осы  жұмысқа АҚ және ТЖ құрамалары, әскери бөлімдері, жүзу құралдарының экипажы  мен басқа барлық қолда бар  күш пен құралдар тартылады. Құтқару  жұмыстары кезінде ұстамдылық танытып, құтқарушылар талабын бұлжытпай  орындау керек. Жүзу құралдарына (қатар, қайық, желкен және т.б.) шектен тыс салмақ алуға болмайды, өйткені бұл адамдардың өміріне қауіпті. Көмектің бірінші  кезекте балаларға, ауру адамдар  мен қарттарға көрсетілетінін есте ұстаған жөн.

Су тасу апаты. Су тасу –  теңіз, көл және өзен жағалауларында болатын табиғат құбылысы. Су тасудан  мұхиттар мен теңіз жағалауларындағы елді мекендер жиі зардап шегеді. Біздің республикамызда су тасу жағдайлары Іле, Жайық , Сырдария, Нұра, Тобыл, т.б. өзендер бойында көктемде жиі  байқалады. Оның себебі, көктемде қар  сулары қосылып, жағаны су басып кетеді. Су басқан жерлер бұзылып, ластанып, жарамсыз жерлерге айналады. Ал фаунасы мен  флорасы лай су астында қалып, тіршілік мекендері бұзылып, жаппай қырылып қалуы мүмкін.

Соңғы жылдары Каспий теңізінің  деңгейінің көтерілуі салдарынан оның жағалауындағы мұнай ұңғымаларын, мұнай қоймаларын, жолдар мен елді мекендерді, мұнай өңдейтін зауыттарды су басып қалып, мұнай өнімдері теңіз  суына араласып, табиғатқа үлкен  экологиялық апат әкелді.

 

Қызылордада көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстары  басталды

 

Бұл көктем айларында өзендерге  судың мол келетінін аңғартады. Мамандардың айтуынша, ол Сырдария өзенінде сең жүретін уақытпен сәйкес келеді. Болжам бойынша сол кезде  Шардара су қоймасына құйылатын  су секундына 2 мың текше метрге дейін  жетуі мүмкін. Сондықтан қазірден бастап төтенше жағдайдың алдын-алу  мақсатында арнайы жұмыс тобы құрылып, төтенше жағдайлар және ауыл шаруашылығы  министрліктері тиісті шараларды қолға  алды. Былтырғы жылдың желтоқсан айында Оңтүстік Қазақстан облысындағы  Отырар ауданының Маяқұм ауылы мен  Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы  Көктөбе елді мекенінің тұсындағы  магистралды арнада қиын жағдай орын алған болатын. Мұз кептелісінен бөгеттер жырылып кетіп, егістік  пен ауыл арасындағы жолға су жайылған еді. Қазір бұл аумақтарда қорғаныс бөгеттері нығайтылды. Қызылорда  облысында дарияның қауіпті деген  тұстарын бекіту жұмыстары қолға  алынды. Қазір облыс аумағындағы  өзен бойына қалыңдығы 25 пен 45 сантиметр  мұз қатты. Сырдария өзеніне Шардарадан секундына 600 текше метр су түсіп  жатыр. Оның Көксарай реттегішіне жіберілетін  көлемі де ұлғайтылып, секундына 400 текше  метрден алынуда. Қызылорда облысындағы  Қараөзек тос-пасы арқылы секундына 180 текше метр су арналарға жіберіліп  жатыр. Өзбекстандағы Арнасай ойпатына да су жөнелтіле бастады.

 

Қызылордадағы 51 елді-мекенге су тасқыны қауіпі бар

 

Тағы да ауа райының  салған әлегі туралы, ақпарат. Қызылорда  өзенге қатқан мұздан 51 елді-мекенге  тасқын қауіпі төніп тұр. Оның үстіне Көксарай су реттегiшiне құйылып жатқан судың көлемі арта түскен. Ал, өзен бетін  құрсаулаған мұздардың кесірінен  су жағалауға шығып кетуі әбден  мүмкін.

Сондықтан тасқынға қарсы  әзірлік жұмыстары басталып кетті. Бұл мақсатта облыстық бюджеттен 180 млн. теңге бөлінген.

Бүгiнде Шардара су қоймасына  көп мөлшерде су құйылып жатыр. Соның  салдарынан дариядағы сірескен мұз  оңтүстiк өңірлерге айтарлықтай  қауiп төндіруі мүмкiн. Ал Көксарай су реттегiшiнiң төменгi жағындағы мол  су арнасынан асып кетуі ықтимал. Осыған орай қазір дария жағалаулары  нығайтылып, гидротехникалық қондырғылар  ретке келтiрiлуде. Шардара су қоймасынан секундына 600 текше метр жіберіліп  жатқан судың 500 текше метрі Қызылорда  су торабынан өтеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Су тасқынының ауыр салдарын жеңілдетуге болады, егер келесі қауіпсіздік ережесін ұстанса:

 

- Көктемде қарқынды қар  ери бастаған кезде, қолайсыз  ауа райында, сел жүре бастаған  кезде төмен өзен жалағалауына  тоқтауға болмайды;

- Апатты су тасыған  кезде тез төмен жерлерден  кету керек, тым болмаса бедердің  жоғарғы жағына қарай жету  керек;

- Су қоймасы бөгетінің  және өзендердің жанында орналасқан  саяжайға барудан бас тарту  керек;

- Өзендердің үстінен өтетін  терең және кең жырадан, каналдардан,  орлардан және басқада конструкциялардан  өтуге болмайды;

- Құрлықтан алшақ болмау  үшін өзендердегі түбектерге  баруға болмайды;

- Жазатайым оқиға болмау  үшін белгісіз жерлерден, өзендердің, арықтардың, басқада суаттағы мұздың  үстімен өтуге болмайды;

- Балалардың өзендердің, қазаншұңқырлардың, терең жыралардың  жанында ойнауға тыйым салыңыз;

- Балықшылар осы кезеңде  су толық түскенге дейін балық  аулаудан бас тарту керек.

 

 

Егер сіз су тасқыны мен су басу қаупі туралы дабыл алсаңыз не істеу керек

 

Егер сіздің аудан су тасқыны  мен су басудан жиі зардап шегетін  болса, онда су басу аймағының шекараларын, сондай-ақ биік жерлерді, өзіңіз тұратын  жерге жақын орналасқан, сирек  су басатын жерлерді, сондай-ақ сол  жерлерге баратын төте қысқа жолды  біліп және есте ұстаңыз,

Қайықтың, су салдарының және жүзу құралдарының дайындауға қолда  бар материалдардың сақтау орындарын  есте сақтаңыз. Эвакуация болған жағдайда бірінші кезекте өзіңізбен бірге  алатын құжаттардың, мүлік пен дәрілердің тізімін алдын-ала жасаңыз.

Құндылықтарды, қажетті жылы киімдерді, артық тамақтарды, суды, сондай-ақ дәрі-дәрмектерді арнайы шамаданға немес рюкзак қапшыққа салып қойыңыз. Қайық пен басқа  да жүзу құралдарын дайындаңыз. Оларды су айдап әкетпес үшін, міндетті түрде байлап қойыңыз.

 

Су тасқыны мен су басу қаупі туралы дабыл алған кезде:

- суды, газды және электр  тоғын өшіріңіз;

- жанып тұрған пешті  сөндіріңіз;

- егер уақытыңыз жеткілікті  болса үйдің жоғарғы қабатына (шатырға) құнды заттар мен  мүліктерді, тұщы су қорын және  ұзақ мерзімге сақтауға келетін  консервіленген тағамдарды тасып  шығарыңыз;

- ауылшаруашылық инвентарларын  қауіпсіз орынға апарыңыз;

- өз үйіңізді апат соққысына  дайындаңыз;

- бірінші қабаттағы барлық  есік пен терезелерді жабыңыз,  қажет болғанда және уақыт  көтерсе терезелер сынбас үшін  оларды тақтаймен немесе үйеңкі  фанерасымен шегелеп тастаңыз;

 

 

- өзіңізбен бірге су  өткізбейтін пакетте жеке құжаттар, ақша, бағалы заттар, медициналық  қобдиша, мезгілге сай киім  мен аяқ киім, жатын жаймалары  мен дәретханаға қажеті заттарды  сонымен қатар үш күндік тамақ  (киімдер мен тамақты чемоданға  немесе сөмкеге салған жөн)  алыңыз;

Информация о работе Су таскыны