Төтенше жағдай кезінде халықты қорғау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Ноября 2011 в 10:59, реферат

Описание

Эвакуация- адамдардың өмірін сақтау және өндірістің жұмыс істеуіне жағдай жасау мақсатында халық пен материалдық құндылықтарды төтенше жағдайлар аймақтарынан және осы заманғы зақымдау құралдары қолданылуы мүмкін аудандардан ұйымдасқан түрде әкету шығару. Эвакуацияланған барлық халық қауіпсіз аймаққа орналыстырылған пункттерде тіршілік қызметіне қажеттілермен аз шамада қамтамасыз етілуге тиіс.

Работа состоит из  1 файл

реферат.doc

— 117.00 Кб (Скачать документ)

      Сонымен қатар бұл жерде Қазақстан  Республикасының  заңдары негізінде  жергілікті халықтың төтенше жағдайлар саласында мемлекеттік әлеуметтік сақтандырылуға міндетті екенін ескеруге болады.

      Қазақстан Республикасының «Табиғи және техногендік  сипаттағы төтенше жағдайлар  туралы» заңының 13 бабына сәйкес, аудандардағы, ауыл әкімдіктеріндегі жергілікті атқарушы органдар тиісті аумақтардағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою үшін жауапты.

      1. Аудан әкімдері мен ауыл әкімдері  жергілікті ауқымдағы төтенше  жағдайлардың алдын алу мен  оларды жою жөніндегі шараларды  ұйымдастырады;

      2. Төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соққан аварияны, зілзала мен апатты тергеуге (зерттеуге)  қатысады;

      3.  Халықты (тұрғындарды)  және ұйымдарды  қауiпсіздік, төтенше жағдайлардың  алдын алу мен оларды жою  жөніндегі шаралар туралы хабардар  етеді; (Қызметкерлер күшімен, БАҚ  арқылы, байланыс және хабар беру құралдары арқылы, т.б. )

      4.  Төтенше жағдайлардың алдын алу  мен оларды жою жөніндегі шараларды  ауданның бюджетінен, ауыл әкімдіктерінің  қорларынан қаржыландырылады;

      5. Материалдық-техникалық, азық-түлік,  медициналық және басқа ресурстардың жергілікті қорларын құрады және пайдаланады;

      6. Төтенше жағдайлар салдарынан  зардап шеккен тұрғындардың және  қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуын  қамтамассыз етеді;

      7. Азаматтардың денсаулығы мен  мүлкіне, қоршаған ортаға және  шаруашылық жүргізуші объектілерге келтірген зиянның өтелуін қамтамасыз етеді;

      8. Медициналық қызмет көрсетуді  ұйымдастырады; 

      9. Азаматтар мен қызметкерлер төтенше  жағдайлар аймақтарында тұрғаны  және жұмыс істегені үшін өтемақылары  мен жеңілдіктер алуды өз құзіреті  шегінде қамтамасыз етеді;

      10. Төтенше жағдайлар жойылғаннан  кейін қоршаған ортаны сауықтыру  бағытында шаралар жүргізеді;

      11. Ұйымдар мен азаматтардың шаруашылық  қызметін қалпына келтіру бойынша  шаралар жүргізеді.

                     «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше

    жағдайлар туралы» ҚР Заңы

№19-1 1996ж. 5 шілде

(2006.10.01 берілген өзгерістер  мен толықтырулар)

     5-бап.  Ұйымдардың табиғи  және техногендік  сипаттағы төтенше  жағдайлар саласындағы  міндеттері

      Меншік  нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, ұйымдар табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласында:

      - өз жұмысының орнықтылығын арттыру  және қызметкерлер мен халықтың  қауіпсіздігін қамтамасыз ету  жөніндегі шараларды жоспарлап,  өткізуге;

      - төтенше жағдайлардың пайда болу қаупі туралы немесе пайда болуы туралы белгіленген тәртіппен ақпарат беріп отыруға, қызметкерлер мен халықты бұл жөнінде хабардар етуге;

      - қызметкерлерге төтенше жағдайлар  кезінде әскерилендірілмеген құрылымдар  құрамында қорғану және әрекет  ету әдістерін үйретуге, төтенше жағдайлар туралы хабардар ететін жергілікті жүйе құрып, оны үнемі әзірлікте ұстауға;

      - қарауындағы өндірістік және  әлеуметтік мақсаттағы объектілерде, соларға іргелес аумақтарда бекітілген  жоспарларға сәйкес қорғану шараларын  құтқару, авариялық-қалпына келтіру және төтенше жағдайларды жою жөніндегі басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге;

      - заңдарда көзделген реттерде, төтенше  жағдайлардың салдарынан қызметкерлер  мен басқа да азаматтарға келтірілген  залалдың өтелуін қамтамасыз етуге, төтенше жағдайлар жойылғаннан кейін қоршаған ортаны сауықтыру, ұйымдар мен азаматтардың шаруашылық қызметін қалпына келтіру шараларын жүзеге асыруға міндетті.

      ҚР  Үкіметі белгіленген тізбе бойынша  қызметінде төтенше жағдайлардың пайда  болу қатері басым ұйымдар қаржы және материалдық ресурс резервтерін жасап, ТЖ алдын алу және оларды жою жөніндегі күштер  құрылуын, дайындалуы мен әзірлікте ұсталуын қамтамасыз етуге міндетті.

     13-бап.  Облыстардың  (республикалық  маңызы бар қаланың,  астананың) жергілікті өкілді және атқарушы органдарының табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы өкілеттілігі

      Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласында:

      - жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі шараларды ұйымдастырады;

      - төтенше жағдайлардың пайда болуына  әкеп соққан аварияны, зілзала  мен апатты тергеуге қатысады;

      - халықты және ұйымдарды қажетті  қауіпсіздік, ТЖ алдын алу мен  оларды жою жөніндегі шаралар  туралы хабардар етеді;

      - ТЖ алдын алу мен оларды  жою жөніндегі шараларды жергілікті қорлардан қаржыландыруды жүзеге асырады;

         - материалдық-техникалық, азық-түлік медициналық және басқа ресурстардың жергілікті қорларын құрады және пайдаланады;

      - ТЖ салдарынан зардап шеккен  халықтың және қызметкерлердің  әлеуметтік қорғалуын, азаматтардың  денсаулығы мен мүлкіне, қоршаған  ортаға және шаруашылық жүргізуші объектілерге келтірілген зиянның өтелуін, медициналық қызмет көрсетуді, ТЖ аймақтарында тұрғаны және жұмыс істегені үшін өтемақылар мен жеңілдіктер алуды өз құзыреті шегінде қамтамасыз етеді;

      - ТЖ жойылғаннан кейін қоршаған  ортаны сауықтыру, ұйымдар мен азаматтардың шаруашылық қызметін қалпына келтіру жөніндегі шараларды жүзеге асырады.

     15-бап.  Ғылыми зерттеулер, жағдайды қадағалау,  бақылау мен табиғи  және техногендік  сипаттағы төтенше  жағдайларды болжау

      Табиғи  және техногендік сипаттағы ТЖ саласындағы ғылыми зерттеулердің негізгі міндеттеріне мониторинг әдістерін әзірлеу мен  ТЖ-дың деректер банкін жасау, ТЖ болжау, алдын алу әдістерін, бақылау шаралары мен қорғану құралдарын, оларды болжау, зардаптарына баға беру, олардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі нысаналы және ғылыми-техникалық бағдарламаларды әзірлеу кіреді. Жағдайды қадағалау, бақылау мен табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ болжау қызметі (сейсмикалық қызмет, сел жүретінін хабарлау, радиациялық қауіпсіздікті бақылау жүйелері және басқалар) арнайы уәкілдік берілген мемлекеттік оргндардың жанынан құрылады және ТЖ алдын алу мен оларды жоюдың мемлекеттік жүйесіне енгізіледі.

     18-бап.  Табиғи және техногендік  сипаттағы ТЖ саласындағы  қорғану шаралары

      Табиғи  және техногендік сипаттағы ТЖ пайда болған кезде қатер қауіпін, шығындар мен залалды мүмкін болғанынша барынша азайту үшін мынадай қорғану шаралары жүзеге асырылуға тиіс:

      - сейсмикалық жағынан берік құрылыстар салу және үйлер мен ғимараттардың сейсмикалық беріктігін күшейту;

      - гидротехникалық және инженерлік геологиялық қорғану шаралары;

      - көлік қауіпсіздігін қамтамасыз  ету және көлікте ТЖ болғызбау  үшін коммуникациялар жүйелерін  жетілдіру;

      - қауіпті өндірістік объектілердегі  қорғану шаралары;

      - өрттерге (жарылыстарға), індеттер мен малдың жұқпалы ауруларына, ауыл шаруашылық өсімдіктері мен ормандардың кеселдермен және зиянкестермен зақымдануына жол бермеу шаралары;

      - арнайы уәкілдік берілген органдардың  міндетті күші бар нұсқамаларында  көздеген басқа да шаралар.

      Ұйымдар мен азаматтардың төтенше жағдайлардың пайда болу қатеріне байланысты қызметі міндетті түрде сақтандырылуға тиіс 
 
 
 
 
 

Төтенше жағдайда халықты  қорғау.

Эвакуациялық  шараларын ұйымдастыру

       Бейбіт уақытында барлық баспаналар  шаруашылық мақсатқа пайдаланылады.  Қала мен селолық жерлердің халқы радияцияға қарсы баспаналарда, туннелдерде, кен орындарында, жер асты гараждарында және басқа да паналау ғимараттарында жасырынады, сол үшін жоспарлы жиналу және есеп сондайақ халықты жасырыну ғимараттарына бөлу жүргізіледі.

    Халықты қорғау әдістерінің ең негізгісі уақытша көшіру (эвакуация) шаралары болып табылады, оған: адамдардың өмірін сақтау мақсатында төтенше жағдайлар аймағынан және қазіргі заманғы қырып жою құралдары қолданылуы мүмкін аудандардан халықты көшіру; соғыс уақытында санатталған қалаларда жұмыс істеп жатқан, ұйымдардың жұмысшылары мен қызметкерлерін қауіпсіз аймаққа жайғастырып бөлу және орналастыру жатады.

    Халық аймақтық және көлемді төтеше жағдайлар  аймағынан қауіпсіз орынға авиациялық авиациялық және су көліктері арқылы, төтенше жағдайлар аймағынан көліктің әр түрін тарта отырып және жаяу жүру тәртібімен қауіпсіз аймақтың сыртына шығарылады; соғыс уақытында қарулы күштерін тасымалдауға жатпайтын авиациялық, темір жол, автомобиль және көліктердің басқа да түрлерімен тасымалданады, көлік құралдары жетіспеген жағдайда көшіру бекеттерінің аралығына дейін жаяу жүру тәртібімен ұйымдасқан түрде көшіріледі.

    Соғыс уақытында кенеттен болған қатерлі  жағдайларда және төтенше жағдайларда  көшірілу жедел жүргізілуі тиіс.

    Тұрғындардың толық немесе бөлігін қатерлі аймақтардан алдын ала көшіру бейбіт уақытта да, соғыс уақытында да жүргізілуі мүмкін.

    Уақытша көшіру шаралары:

    • ұйымдардың жұмысшылары мен қызметкерлерін және олардың отбасы мүшелерін – өндіістік прингцип бойынша;
    • халықты көшіру – аумақтық принципі бойынша жүзеге асырылады;
    • көшіруді ұйымдастыру және мүмкіндіндігінше жеке меншік көлік иелерінің көлігін тарту жеке меншік пәтерлер кооперативтеріне жүктеледі.

      Эвакуация- адамдардың өмірін сақтау  және өндірістің  жұмыс істеуіне  жағдай жасау мақсатында халық пен  материалдық  құндылықтарды  төтенше жағдайлар аймақтарынан  және  осы  заманғы зақымдау  құралдары қолданылуы  мүмкін  аудандардан  ұйымдасқан  түрде әкету шығару.

         Эвакуацияланған  барлық  халық  қауіпсіз  аймаққа орналыстырылған  пункттерде  тіршілік  қызметіне  қажеттілермен  аз  шамада  қамтамасыз  етілуге  тиіс.

       Төтенше жағдай  тәртібін  енгізе  отырып, соғыс кезінде, сондай-ақ  табиғи және  техногендік  сипаттағы  төтенше жағдайларда  эвакуациялауды  Қазақстан  Республикасы Үкіметінің  шешімі  бойынша  жергілікті  атқарушы органдар, ұйымдар  жүргізеді.

       Халықты эвакуациялау  сабақтас  тәсілмен-халықты жаяу  немесе  көліктің  барлық  түрімен көп мөлшерде әкетуді үлестіру  жолымен жүзеге  асырылады.

        Төтенше жағдайлар қауіпі  туындағанда халықты қауіпті аймақтардан қауіпсіз жерлерге  уақытша көшіру  жүзеге асырылады.

      Эвакуация мүмкіндігінше қысқа мерзімде  жүргізіледі. Халықты қауіпті аймақтардан тыс жерлерге  жеткізу ( шығару) мерзімі  оның аяқталуы  болып саналады.

      Қауіпті аймақта эвакуацияланатын халық өз  облысының аумағында орналастырылады. Әрбір ұйымға орналастыру ауданы ( пункті)  белгіленеді.

       Халықты соғыс кезінде  орналастыру  аудандары  (пункттері) күні бұрын белгіленеді, жергілікті  атқарушы  органдармен келіседі, және солардың шешімімен  қаулысымен бекітіледі.

      Бытыраңқы  орналастыру –соғыс  кезінде  өндірістік  қызметін  одан әрі жүргізіп  отырған  ұйымдардың жұмысшылары  мен  қызметшілерін категорияланған қалалардың, ұйымдасқан  түрде әкету және қауіпсіз аймаққа орналастыру.

Информация о работе Төтенше жағдай кезінде халықты қорғау