Ә. Нұрпейісовтің «Қан мен тер» романына талдау жасау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2011 в 14:36, реферат

Описание

Талант – Жаратушының сыйы. Қасиетті міндетті абыройлы атқару- дарынға жүктелген зор міндет. Ел жүрегіндегі қатпары қалың мұңды айта біліп, қаламынан туған көркем дүниесі көңілден шыға білсе, өнерпазға құрмет, өнеріне ілтипат арта түседі. Сондай қаламгердің бірегейі, өзіндік қолтаңбасы бар әдебиет әлемінің заңғары – Әбдіжамал Нұрпейісов. Ол 1924 жылы 22 қазанда Қызылорда облысы, Арал ауданының Құланды ауылдық кеңесіне қарасты Үшкөң деген жерде туған.1942-1945 жж. Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1956 жылы М.Горький атындағы Әдебиет институтын бітірген, 1962-1964 жж. "Жұлдыз" журналының бас редакторы болды.

Работа состоит из  1 файл

Мейрамбек СОЖ.doc

— 55.50 Кб (Скачать документ)

             Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 
 

                                                               

 

                    

Тақырыбы:  Ә. Нұрпейісовтің «Қан мен тер» романына               

                                     талдау жасау

                                         

                                         Орындаған: Таубалдиев Мейрамбек

                                                              қф 08-2к тобының студенті

                                          Тексерген:  Зейнол-Қабден Бисенғали

                                                                ф.ғ.д., профессор  
 
 
 

                                         Алматы-2011

Талант –  Жаратушының сыйы. Қасиетті міндетті абыройлы атқару- дарынға жүктелген зор міндет.  Ел жүрегіндегі қатпары қалың мұңды айта біліп, қаламынан туған көркем дүниесі көңілден шыға білсе, өнерпазға құрмет, өнеріне ілтипат арта түседі. Сондай қаламгердің бірегейі, өзіндік қолтаңбасы бар   әдебиет әлемінің заңғары – Әбдіжамал Нұрпейісов. Ол 1924 жылы 22 қазанда Қызылорда облысы, Арал ауданының Құланды ауылдық кеңесіне қарасты Үшкөң деген жерде туған.1942-1945 жж. Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1956 жылы М.Горький атындағы Әдебиет институтын бітірген, 1962-1964 жж. "Жұлдыз" журналының бас редакторы болды. Қазір халықаралық Қазақ ПЕН клубының президенті.Әдебиетке 1947 жылдан араласа бастады. Тұңғыш шығармасы - Ұлы Отан соғысы тақырыбына арналған "Курляндия" романы 1950 жылы жарық көрді. Бұл шығармасы үшін жазушыға Жамбыл атындағы республикалық сыйлық берілді. "Курляндия" романын кейіннен өңдеп, толықтырып, 1958 жылы "Күткен күн" деген атпен қайта жариялады. "Қан мен тер" трилогиясы (1-кітап - "Ымырт", 1961; 2-кітап - "Сергелдең", 1964; 3-кітап - "Күйреу", 1970) және "Сең" (1983), "Соңғы парыз" (1999) романдары дүние жүзі халықтарының көптеген тілдеріне аударылған."Қан мен тер" романы бойынша жасалған инсценировкасы М.Әуезов атындағы академиялық қазақ драма театрының (1974 жылдан) репертуарынан тұрақты орын алды, экранға шығарылды. Таңдамалы әдеби-сын мақалалары "Толғау" (кейіннен "Жүрегі толы жыр еді") деген атпен қазақ және орыс тілдерінде жеке кітап боп шықты (1972). 1985 жылы "Ақбидай туралы аңыз" атты очерктер жинағы жарық көрді.А.П.Чеховтың, А.М.Горькийдің, Назым Хикметтің, испан жазушысы А.Кэсоның шығармаларын қазақ тіліне аударған.КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1974). 2001 жылы Мәскеудегі Халықаралық Әдеби қордың "За честь и достоинство", 2003 жылы Халықаралық М.Шолохов атындағы сыйлықтардың лауреаты атанды. Қызыл Жұлдыз, Еңбек Қызыл Ту, "Құрмет Белгісі" ордендерімен және медальдармен, РСФСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Құрмет Грамотасымен марапатталған. 1985 жылы Қазақ КСР Халық жазушысы.  Қысқаша осылай.  Ал көрнекті ғалым М. Жолдасбековтың пікірі бұл деректі бұдан әрі толықтыра түседі: «Ұлы жазушылар өмір бойына өзін-өзі жазып өтеді.Суық майдан суреті “Курляндия” романында көз алдымызда қалқып тұрып алады. Мектеп қабырғасында жүрген кезінде тұтана жаздап өшіп тынған тұңғыш махаббаты – Зағипа бейнесінде, соңынан көкелеп хат жазып тұратын қарындасы Зейне, бозбала шағы тағдырдың қатал соққысына – Есей есімді солдатына арналған жазушы бейнесі роман беттерінен қалқып шыға келеді. Жазушы көзіндегі соғыс – Есей көзіндегі соғыс. Бір-бірінен мүлдем айырғысыз мінез, болмыс дегеніңіз осы.Романның беломыртқа – фабуласы жазушының санасында солдат окобы мен блиндажында-ақ пісіп жетіліпті. Көзбен көріп, көңілге сіңген жәйт жылдам жазылды. Қыруар кейіпкердің басын құраған, төрт бөлімнен тұратын романның көлемі жиырма баспатабақтан асып жығылады. “Сәбит Мұқановтың “Адасқандар”, “Жұмбақ жалау”, Мұхтар Әуезовтің “Абай” романындағы алғашқы екі кітабы (эпопеяның екінші кітабы кейінше шықты), Сервантестің “Дон-Кихот” романының қазақша аудармасы қол сөмкемізден түспеуші еді”, – дейді жазушы естелігінде. “Курляндияны” автор жиырма үш-жиырма бес жасында жазып, алғаш рет жиырма алты жасында – 1950 жылы басылып шығыпты. Сол кездегі мектеп баласымыз, сырты көкшіл, мұқабасы қалың кітапты қолдан-қолға тигізбей оқығанымыз есімде.Ұлы Отан соғысының тұтас панорамасын адам тағдыры арқылы көкірекке сіңіре баяндап беру, эпикалық кең тыныс, шалқар шабыт, құнарлы тіл – шығарманы шүу дегеннен оқылықты етті.Роман екі қасиетімен ерекшеленді. Бірі: түрлі ұлт өкілдерінің шынайы, типтік бейнесі. Соғыстан кейінгі көп әдебиеттер естелік жанрында жазылды. Кеңес жауынгерлерін баяғының батырларынша суға салса батпайтын, отқа салса күймейтін ержүрек етіп суреттеу бел алды. “Курляндиядағы” қазақ Есей, орыс Долгушев, татар Хиззатулин, латыш Шоцикас, қайсы бірін айтасыз, жанама кейіпкерлер аса мол, кәдуілгі ішіне қан қатып ызаланатын, ажалдан қорқатын, бәзбір түнде елін, отбасын ойлап көз ілмей шығатын – көн қатса қалыбына дегендей, көнтерлі қалпында көрініс табуы шығарманы әрі шынайы, әрі қызықты етті. Кітаптың екінші ерекшелігі: тіл құнары еді. Сол кездегі біраз кітап басына тартса аяғына, аяғына тартса басына жетпей жататын кедейдің көрпесіндей тақыл-тұқыл, болады, қояды, бара жатыр, келе жатыр баянымен жазылатын. Әбдіжәміл алғашқы шығармасымен-ақ кең тынысты, жағаны өкіріп сүзіп жататын теңіз толқынындай әрі ілкімді, әрі ырғақты, екпіні мол қазақы шұрайлы тілі шығарманың шоқтығын биіктете түсті.»  Әділ баға, мағыналы байлам. 

 Осы күні екі сөздің басын иіп сөйлем құрастырғанның бәрі кітап шығаратын болды. Кітап шығарғанның бәрі – жазушы аталады. Аталы сөзіміздің қадірін түсірдік. Бос сөзге айналдырдық. Бас-аяғы жоқ естеліктерді сапырып жаза беретін болдық. Бұрындары елге жазушы шықты десе көреміз, қолын аламыз деп алдынан шығушы еді. Халықтың көкейіндегісін тап басып сөйлейтін, халықтың төрдегі төресі де, құлы да осылар еді. Не нәрсені болсын жүрекке орап жазатын, жүректің сөзін айтатын. 

Қазір қарадай  қорланасың. Жазатыны жүректің сөзі болмаған соң, сөздің қадір-қасиеті түсті  ме, кім біледі, кім көрінген жазғыш болып алды. Халықтың құлы емеспіз, жұлдызымыз!.. жұлдызымыз жанбай жүр!.. қолдаушымыз болмай жүр дейтіндер көбейді. Елге күлкі, есекке таң болдық өстіп жүріп.Ол кезде мемлекет тарапынан жазушыларға қамқорлық ерекше еді; қаламақы, пәтер беру, жазушыға жағдай жасаудың жөні бөлек еді. Ешбір жазушы кеңселерде, бастықтың алдында телміріп отырмайтын. Қадірлейтін. Бірден төрге шығатын. Жазушылардың да, Жазушылар одағының да беделі биік еді. Бүгінде саны өскенімен, жазушылардың да, Одақтың да беделі қалмай барады. Көбісінің аңдығаны өсек, баққаны сөз, іздегені шатақ. Газеттердің бетінде қызыл кеңірдек болып айқайға аттан қосып, ала шапқын жасап жүретіндер де сол жазушылар. Болмайтын нәрсеге дауласып, бір-бірімен жауласып, қадірлерін кетіріп алды. Елді дүрліктіріп, ұлтты, тілді саудаға салып, саясатқа айналдырғанды шығарды. Ақын-жазушыларымыздың мұншалықты төмендегенін көрген емеспіз. Жазушыларымыздың беделі, әсіресе, осы нарық заманында төмендеп кетті. Нарық қоғамға, руханиятқа неге қызмет етпеуі керек? Рухани құндылықтарымыз­ды неге мансұқ етуіміз керек?Жазушылық, ақындық қасиет кім болса соның басына қона салмайды. Ол-дағы Алланың адамға берген сыйы, бағалай білуіміз керек, халық арасынан шыққан дарындарды қадірлей білуіміз керек. Әдебиет сонда ғана дамиды.Егер кезінде Әбдіжәміл Нұрпейісовке Сәбит Мұқанов, Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсірепов, Ғабиден Мұстафин, Ілияс Омаров секілді қаламгерлер соншама көңіл бөліп, қамқорлық жасамаса, Нұрпейісов деген жазушының болмауы да мүмкін еді. Онда “Қан мен тер” де, “Соңғы парыз” да жазылмас еді.Сәбит Мұқанов үлкен бір алқалы жиында Әбдіжәміл Нұрпейісов жайында: “Менің қазақ әдебиетінде 20 жыл бойы күткен адамым енді келді”, – деп көпшіліктен сүйінші сұрап, жар салған екен. Әбділда Тәжібаев та жылт етіп көрінген жас ақындарға батасын беріп, бағыт сілтеп жүруші еді. Бүгінде ондай жанашырлық та, бауырмашылық та азайып кетті. Биліктің тізгінін ұстаған азаматтар да руханияттан алыстаған. Қалай дегенде де ұлттың тұтқасы да, ұйытқысы да  жазушылар, ақындар, ғалымдар екенін, әрқашан оларға қамқорлық керек екенін мемлекет ұмытпауы керек.Билік пен интеллигенция тізе қосып, ынтымақтаса тірлік еткенде ғана елдің де, ұлттың да, тілдің де бағы жанады.Өз ойымша жазушылық – Алла берген өнер нығметін іске асырушы, қалың елге қасиетті қадым лепесті сөзбен жеткізуші! 

Жаратқан ие кісі жүрегіне сөз кепиетін қондырып, дарын сыйлаған соң – сол дарын  нығметін халқына, оқырманына қайтарар мұрсат та береді. Қызметін көрсетіп қалар  уақыт бұйыртады деп ойлаймын. Мінекей, Әбдіжәміл атамыз Ұлы Отан соғысының сұсты жылдарын Есей болып жүрегіне сіңіріп, өзі де есейді, оқырманын да есейтті. Өткен ғасырдың екінші жартысында өзге жұрт қайта құру, Американы басып озу, ғарышпен үн қатысу деп дүрлігіп жатқанда – бұл ағамыз туған жер топырағында жүріп-ақ өтіп жатқан ұлы өзгерістерді хатқа түсіруге кірісті. “Қан мен тер” трилогиясын бірінен соң бірін жазып бітіре бастады.Бұл жылдары қаламгер Еламан кейпінде жанкештілік жазатайым халді басынан өткеріп, “ауыздығымен су ішті, етігімен су кешті”. Үміт пен күдіктің жүгін арқалады. Қызыл төңкерістің от жалынына күйіп шықты. Еламан тағдыры сол өрттен қалған түбіртекке келеді. Ал, құм арасына тастай салған жақұт секілді мөлдіреген Арал теңізі ше. Беларанның кезіне шыға келгенде күншығыс беттен бұйра толқынды үлкен теңіз жалтырап жатушы еді. Жоны күдірейген Беларан, шағырмақ күн астында жарқыраған көк теңіз – буланып аспанға ұшқан, ақшағыл сортаңға айналған, Беларан аласарып төбешік боп қалған. Жұтау деген осы емес пе. Өзінің туған өлкесі Аралдың тартылып бара жатқанын алғаш қабырға қайыстыра жазды. Одақ баспасөзінде, “Огонек” журналында жанайқайы үзбей естіліп жатты. Сонда да әдебиетші қауым Арал тартылып бара жатқанда Нұрпейісов жұмған аузын ашпады деп қарадай күйдірді. Өткен ғасырдың 50-60-шы жылдарындағы ел өміріндегі, адам табиғатындағы елеулі өзгерістер туралы оңды-солды жазылып жатқан шығармаларды оқып қаламгер ащы дәрі ішкендей ылғи қабағын аша алмай жүретін. “Біздің бір ағамыз маңайдағы көлтабанның қалың біткен құрағын көріп, әбден балбырап бабына келсін, шалғымды шар болаттай қайрап келіп, жас нәрестенің қарын шашын алғандай ғып әдемілеп орып алам деп жүргенде олақ біреу орақ салып, ала-құла етіп кеткенін көріп: “Қолынан келмейтін найсаптың есіл құрақты арамдап кеткенін қарашы”, – деп күйіп-пісуші еді. Әдебиетте де сондай найсаптар көбейіп барады”, – деп күйініп, үнемі күйзелетін. Әбдіжмал атамыз алақолдыққа, олақтыққа жан-тәнімен қарсы болды, сөйлеп жүрді, күреске шықты. Енді істемегенді істеді деп қарадай күңіренген бақталастары халтураға қарсы сөзін, күресін құлағына ілмей… істегенін істемеді, алақолдыққа ден қойды деп күйдірді… “Қан мен терде” ұлтының басына төнген қиын халге аз да болса себім тие ме деп әлеуметтік өш­пенділік өртіне араласып, өмірі зая ұрпаққа айналған Еламан мен Қален тірі жүрсе де – тірідей қара жердің астына көміліп, өз көздеріне өздері құм құяды. Біресе ана еркекке, біресе мына еркекке көңілін бұрып бейбақ сергелдеңге түскен ару Ақбала қасіреті – тек әйелдік қасірет емес, бағы ашылмаған қазақтың тағдыр-талайы, пұшайман тіршілігінің куәсі еді. Күрделі шығарманың астарын ашып сараптауға салғырттық танытқанымыз да рас. Тәуір сөзімізді де аядық, жүректе сақтап келдік.Ең қиыны: уағында тәп-тәуір әңгімелерімен көрініп, кейінгі кезде өз шығармаларынан қолы шығып қалған Юрий Казаковтың аудармашылық дарынын ашып, қазақтың ағыл-тегіл шұрайлы тілін орысша сөйлеткені адыра қалып, қазақ сыншылары: “Қан мен тер” орысша аудармасында ғана құлпырып ашылды десе; орыстың бәзбір бейауыздары: орыс қаламгерінің ғажайып дарыны қазақ Нұрпейісовтің ортақол шығармасының шоқтығын биіктетті деп көкіді. Мұндай кеселді сөзді ағамыз қаперіне де алған жоқ, құлағына да ілмеді. Қайсарлығы жеңді.Қаламын қатты ұстап жазуға жүгінді. Қанық бояулы қазақ тұрмысын орыс орманының арасынан келген орыс түгілі мынау деген қазақ қаламгерлері айна-қатесіз суреттей алмас еді. Шығарма бірауыздан жақсы бағаланды. Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылды. Ілік іздеушілер індете түсті. Сол кездегі Одақтық жазушылар ұйымының басшысының аты-жөні Нұрпейісов романында жағымсыз кейіпкер болып кетіпті. Арызшылар соны да сөз ғып Мәскеуге арыз түсірді. Аралда балық сатумен айналысқан Марков есімді көпес болғанын анықтап, құжат табылды. Ақырында романға дербес сыйлық бергізбей, мәртебелі сыйлықты сол бойынша қойылған пьесаға бұйыртты. Күпінің аш битіндей жабылған сынға, арызға қыңқ еткен Нұрпейісов болмады.Жазушының бір қасиеті – өзінің діттеген мақсатына, көздеген межесіне жетпей тынбады. Жолда кезіккен кедергіні, әдеби оппоненттерінің ой-пікірін, басылым беттеріндегі артық айтып, кем түсіп жататын сыңаржақ сыни мақаланы ешқашан елең етіп, жүрегіне жүк етпеді. Өз бағытын, өз ұстанымын алдына отшырақ етіп ұстады. Баяғының жұлдызшы көріпкелі секілді сөз керуенінің бұйдасын ұзарта тартып шеберліктің келешек көкжиегіне қашан жеткенше тыным таппады. Романдары басылған сайын өңдеумен болды. “Қан мен тер” он бес рет басылса, жазушы соның бәрін де ерінбей қайта-қайта редакциялаумен келеді. Бұл да бір тынымсыз еңбекқорлықтың, үздіксіз ізденістің көрінісі емес пе!? 
 

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Нұрпейісов Ә. «Қан мен тер» романы.- А.,1974
  2. www.google.ru
  3. Атымов М. Қазақ романдарының поэтикасы
  4. Елеукенов Ш. Замандас парасаты

Информация о работе Ә. Нұрпейісовтің «Қан мен тер» романына талдау жасау