Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 15:57, реферат
Ұлы Абайды өмір, қоршаған дүние, табиғат, болмыс сыры, олардың заңдылықтары көп ойландырған, ол дүние сырына бойлап, өзін мазалаған сауалдарға жауап табуға тырысқан. Мен осы кіммін? Жан иелері өмірінің түпкі мәні неде? Барлық адам баласы, жан-жануарлар да тамақтанады, ұйықтайды, қорғанады, артына ұрпақ қалдырады. Сонда адам баласының басқа жан иелерінен айырмашылығы неде?
Абай философиясы
Ұлы Абайды өмір, қоршаған дүние, табиғат, болмыс сыры, олардың заңдылықтары көп ойландырған, ол дүние сырына бойлап, өзін мазалаған сауалдарға жауап табуға тырысқан. Мен осы кіммін? Жан иелері өмірінің түпкі мәні неде? Барлық адам баласы, жан-жануарлар да тамақтанады, ұйықтайды, қорғанады, артына ұрпақ қалдырады. Сонда адам баласының басқа жан иелерінен айырмашылығы неде? Міне, Абай әркімді де толғандыратын терең сырлы сұрақтарға жауап іздейді. Ол өзінің ілімінде, пәлсапалық шығармаларында адам баласының өмір сүру мақсатын, сол мұратына жету жолын, әлемдегі болмыстың мәні мен өзіндік ішкі байланысты, жалпы заңдылықтарын ашып көрсетеді.
Кемелдену, жетілу – адам өмірінің мақсаты екенін айтады Абай.
Жетілу дегеніміз не? Түрлі жетілулер бар. Мысалы,
спортпен шұғылданып өзіміздің денемізді, күш-қуатымызды жетілдірсек,
ал ғылым-білім, өнерге үйрену арқылы ой-өрісімізді жетілдіреміз.
Абай осыларды айта отырып, бұлардан гөрі маңыздырақ жетілу барын, ол – рухани
жетілу, яғни жанды жетілдіру деп
көрсетеді.
Абайдың айтуы бойынша жан жүректе орын тепкен. Жан
адамның тыныс-тіршілігін, іс-әрекетін жүрек арқылы басқарады. Егер жан жетілмеген
болса, онда адамның іс-әрекетінде де кемшілік
болады. Ішкі дүниесі тазарып, жетілген
адам ғана қателікке ұрынбай, өмірде жаңсақ баспай, дұрыс өмір сүре алады. Адам баласының бақыты оның жүрегінің тазалығымен тығыз байланысты деп үйретеді Абай. Сонымен,
жетілудің негізі – женді, жүректі жетілдіру екен.
Бұл – адамның ішкі нәзік болмысын тазарту деген
сөз.
Абай өз шығармаларында жетілу жолдарын,
олардың түрлі белестерін көрсетеді. Әрбір адам осы жетілу жолдарынан өте отырып өзінің қай деңгейде тұрғанын және өмірінің келесі белесін анықтай алады. Мәні терең ашылып, келешегі айқындалғанда ғана адам өмірі маңызды болмақ. Абай ілімі осылай әркімнің өмірінің мәнін ашып, оның келешектің жарқын жолына шығуына мүмкіндік береді.
Ақын мұрасында бір жүйеге түсірілген көзқарасын тұжырымдайтын арнайы философиялық шығармасы жоқ. Дегенмен, Абайдың көптеген өлеңдері мен прозалық шығармаларында “… адам мен
адамгершілік, ар, ұждан, мораль философиясына
төтелей қатынасы бар, толып жатқан бөлек-бөлек бір көлемді, әрі сапалы ойшылдық пікірлері бар екені даусыз.
Абай шығармашылығын зерттеудің алғашқы кезеңінде, 1920-30 жылдарда ақынның идеялық мұрасы қызу айтыстар тақырыбына айналды, «Абай
философиясын» діншілдігі басым әдеттегі буржуазиялық идеалистік философияның жамап-жасқаған біртүрі деп дәлелдемек болушылар да
табылды (Қабдолов З. Қазақ ақыны Абайдың философиясы және оған сын. «Советская степь»,
1928, 2 тамыз).
Көрнекті мәдениет қайраткерлері мен жазушылар:
М.О.Әуезов, С.Мұқанов, Қ.Жұбанов, С.Сәдуақасов, С.Қожанов, І.Жансүгіров т.б. Абайдың ақындық мұрасын анайы-социологиялық шабуылдан қорғап, мақалалар жазды. «Көзқарасының қарама-қайшылықтарына карамастан, - деп
жазды Мұқанов, - Абай бұл сөздің ұнамды мәнінде ең озық реалист-суреткер болды
және сонысы үшін де біз оны құрмет тұтамыз, сондықтан да оның әдеби мұрасы біз үшін баға жетпес байлық болып табылады, тап солай
болғандықтан да қазақ халқы Абайды өзінің аса ірі ұлттық ақыны деп біледі» («Казахстанская
правда», 1934, 30 көкек).
Ақын шығармалары 19 ғасырда да Қазақстанда демократиялық қоғамдық ойдың қалыптасып, дамуына негіз
болған басты-басты идеялық үш қайнардан нәр алды:
1) қазақтың ауыз әдебиеті мен өткен замандардағы жазба ескерткіштерінен
сусындаған алдыңғы қатарлы халықтық дәстүр;
2) ежелгі және орта ғасырдағы Шығыс ойшылдарының таңдаулы шығармалары;
3) орыстың материалистік философиясы
мен демократиялық мәдениеті, сол арқылы дүниежүзілік (ең алдымен Батыс Европаның) философиялық ойдың жетістіктері.
Әуезов бұл идеялық бағыттарды бір-бірімен табиғи ұштасып, жалғасып кететіндігін айта
келіп, Абай дәуірі үшін осылардың ішінде үшінші қайнармен, орыс классиктерінің шығармаларымен таныстықтың маңызы аса зор болғанын, Қазақстандағы қоғамдық ойдың болашақта жандана түсуіне ықпал еткенін атап көрсетті.
Ғалым Абайдың орыс әдебиетімен және философиялық озық ойымен байланысын оның аударған шығармаларының санымен немесе оған революционер демократтар
идеясы ықпал етті деген қарапайым түсініктерді еске алумен ғана дәлелдемек болған «жеңіл-желпі, қара дүрсін пікірлерге» қарсы шықты. Ол Абай шығармашылығының өткен заман ойшылдарының теориялық мұраларымен байланысын
анықтайтын мәселелердің тым тапшы зерттелгеніне өкініш білдірді; Абайдың орыс әдебиетіне ғана емес, сонымен қатар адамзаттың бүкіл рухани мәдениетіне қатынасын тұтастай даму үстінде «орыс және қазақ халқының байланыстарын сол кезеңнің мазмұнын анықтайтын саяси оқиғалармен тығыз органикалық байланыста карастыратынының» методологиялық маңызы аса зор. (Әуезов М. Әр жылдардағы ойлары.-Алматы, 1961, 148-149
6.)
Өз заманының ғұламасы болған Абай көптеген орыс жазушылары
мен философтарының, әсіресе, А.С.Пушкиннің, М.Ю.Лермонтовтың, И.А.Крыловтың, В.Г.Белинскийдің, А.И.Герценнің, Н.Г.Чернышевскийдің, Н.А.Добролюбовтың шығармаларын оқып, зерттеді, орыс революционер-демократтарының озық ойы, оның дүниетанымының қалыптасуына үлкен ықпал етті.
Ойшыл-ақын ежелгі заман философтары
Сократ, Платон, Аристотель, сондай-ақ, Шығыстың ұлы ойшылы әл-Фараби мұраларымен де жақсы таныс болды; Батыс Европа
философиясын, дәлірек айтқанда Р.Декарт, Б.Спиноза,
Г.Спенсер, Л.Фейербах еңбектерін оқыды: «...өзінің рационалдық философиясын Абай кездейсоқ жасай салған жоқ, алдымен осындай бай мектептердің оқуынан өтіп алып, сөйтіп, бұларды өзінің творчестволық өңдеуінен өткізген соң ғана жасай алды» (Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. А. , 1969, т.15 , 141-б.).
Ол Ч. Дарвиннің даму теориясы мен анатомиялық ілім негіздерін білді.
Абайдың жаратылыстану ғылымындағы білімінің кеңеюіне орыстың материалистік психологиясы,
нақтырақ айтқаңда И.М.Сеченов пен К.Д.Ушинский
еңбектері маңызды қызмет атқарды. Ақынның дүние-танымына сол кезеңде Семейде тұрған, саяси аударылған адамдарымен достығы игі әсерін тигізді. Олардың арасында Е.П.Михаэлис,
Н.И.Долгополов т. б. демократтардың идеясында тәрбиеленген алдыңғы қатарлы зиялы қауым өкілдері бар еді. Абайдың көптеген өлеңдерінде терең философиялық ойлары, табиғатқа, таным, ақыл жайлы толғаныстары көрініс тапқан:
«Өлсе өлер табиғат, адам өлмес»,
«Көк тұман - алдыңдағы келер заман» т. б., 45 «сөзден» тұратын қара сөзбен жазылған «Ғақлиялары» - ақынның философиялық көзқарасының мәйегі, өзінің мәні мен тұжырымдарының тереңдігі жағынан ұлттық мәдениет шегінен әлдеқайда асып түсіп жатқан маңызды мұра. Бұл «Сөздер» қазақ хапқының сан ғасырғы тәжірибесінен (мәдениет, тарих, дәстүр, әдет-ғұрып, адамгершілік қасиеттер т. б.), адам және адамзат туралы ойларынан
сусындаған.
Абай дүниетанымының бағыттарын зерттеуге Әуезов елеулі үлес қосты. Ол Абайдың көптеген өлеңдері мен 19 ғ-дағы көрнекті орыс ойшылдарының шығармаларын салыстыра зерттеу
арқылы олардың терең тамырластығын ашып берді.
«Дүние - үлкен көл,
Заман - соққан жел,
Алдындағы толқын - ағалар,
Артқы толқын - інілер,
Кезекпенен өлінер,
Баяғыдай көрінер...»
Абайдың философиялық көзқарастарын оларды тек өзіне ғана тән ерекшеліктерімен, өзіндік белгілерімен және сонылығымен, басқаша айтқанда, белгілі бір дәуірмен байланысты және сол дәуірді танытатын нақты-тарихи ережелер жүйесін қаз-қалпында қабылдаған күнде ғана дұрыс түсінуге болады. Абайдың дүниетанымындағы айналадағы қоршаған әлемнің объективті шындығы таным барысын құдайға сенумен және жанның өлмейтіндігімен ұштастыра қарастыратын көзқарасы қарама-қайшылықта және күрделі болып келеді. Солай
бола тұрса да ақын кұдайды табиғат-адамзаттың болмысының алғашқы себебі деп есептемейді,
ол дүниені әлдеқандай күш жаратты дегенді теріске
шығарады. Әуезов айтқандай «... тіпті, оның ақынның діни нанымы мен сеніміне
байланысты өлеңдерінің өзі ең басты мәселеде мұсылман дінінің кітаби қағидаларына қайшы келеді». Ол бүкіл табиғатта орталық тұлға етіп адамды қояды, философиялық ойларының көпшілігін де адам және адамгершілік мәселесіне баса көңіл бөледі. 17-19 ғасырлардағы антропологизм, тіпті,
Фейербахтың өзі де, адамды абстрактылы
түрде, жай ғана биологиялық тіршілік иесі ретіңде қарастырып, оның барлық қасиеттері мен ерекшеліктерін
табиғи шығу тегімен ғана түсіндіреді.
Адам мәселесін Абай әр түрлі: философиялық, биологиялық-психологиялық, эстетикалық және этикалық көзқарастан қарастырған. Абайдың адам туралы негізгі түжырымдары Чернышевскийдің «Философиядағы антропологиялық принцип» (1860) деген еңбегінде айтылатын ойлармен ұштасады. Чернышевскийдің түсіндіруінше болмыс бірыңғай болған жағдайда адам басынан екі
түрлі: материалдық (адам тамақ ішеді, ұйықтайды, жүреді) және адамгершілік тұрғыдағы (адам ойлайды, сезеді, қалайды) құбылыстарды байқаймыз. Абай Жетінші сөзінде: «Жас бала анадан
туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі
- ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады... Біреуі білсем екен
демеклік. Дүниенің көрінген Һәм көрінбеген сырын түгелдеп, ең болмаса денелеп білмесе,
адамдықтың орны болмайды», - дейді
ойшыл-ақын.
Ақынның дүниетанымы шынайы заттарды
тануға және адамдар бақытын о дүниеден емес, жарық дүниеден іздеуі керектігіне
бағытталды. Ойшыл-ақын, әсіресе, ғылыми ақиқатты жоғары бағалады: «... әрбір хақиқатқа тырысып ижтиһатыңмен көзің жетсе, соны тұт, өлсең айрылма!» Ол діни қағидалардың мәнін аша келіп, Алланың «барлығының» өзіне, оның құдіретті күшіне деген сенімге күдік келтіреді: «Дініміздің бір жасырын тұрған жалғаны жоқ болса, ақылды, оны ойлама дегенімізге
пенде бола ма? Ақыл тоқтамаған соң, діннің өзі неден болады? Әуелі иманды түзетпей жатып, қылған ғибадат не болады? Алла
мен бүкіл басқа дүниенің арақатынасын бұлайша түсіндіру, құдіреттің ұйғарымынсыз ешнәрсе де жасалмайды деп
пайымдайтын Құран қағидасынан тікелей бас тарту
болып табылады. Абай дүниетанымы бұлжымайтын қағида мен нанымға негізделген тапжылмайтын
дін сияқты емес, санаға сүйенеді. Ол өзінің бірқатар өлеңдеріңде молдаларды, мұсылмаңдық қағидаларды уағыздаушы дін қайраткерлерін, ырымшылдық пен қараңғылықты қатал сынап, айыптайды.
Абай мұрасында таным мен логика
мәселелері ерекше орын алады.
19 ғ-дың 2-жартысында Қазақстанның қоғамдық дамуына байланысты туған талаптар ойшыл-ақынды заңды түрде таным мәселелеріне көңіл бөлуге мәжбүр етіп, оған өзіндік көзқарасын айқындап берді. Қоғамдық өмірдегі ғылым мен білімнің маңызын жоғары бағалап, оларды әлеуметтік жаңалықтармен тығыз байланыстырған ақын таным қызметін қоғамның үздіксіз дамуындағы басты күш деп есептеді. Ол объективті әлемді тану мүмкіндігін және оның даму заңдылықтары мәселелерін дұрыс шешті. Оның ойынша қандай да болмасын білімнің, ақиқаттың қайнар көзі адам өзінің сезім мүшелері арқылы танитын объективті
шындық. Біздің біліміміздің салыстырмалы шама екенін
айта келіп, Абай «... хабарлардың ұнамдысы ұнамды қалпыменен, ұнамсызы ұнамсыз қалпыменен, әрнешік өз суретімен көзге түседі. Ол көңілге түсіруші... бес нәрседен өткен соң, оларды жайғастырып көңілде суреттемекке», -
деп атап көрсетті. Ол таным мәселесін шешкенде ерікті
адамның жеке басы мен оның белсенді күресіне деген сеніміне
сүйенеді. Адамды дәрменсіз, әлсіз жан иесі деп қарайтын діни ілімдерге қарама-карсы ойшыл-ақын адамды белсенді, саналы,
жасампаздық қызмет атқара алатын қуатты күш деп санайды. Абай сананы,
«өз рухын» адам надандыққа қарсы күресте, қажырлы еңбек арқылы үнемі нығайтып отыруы керек деп
есептейді. Бір жағынан «сана ерікпен бірігуі қажет», екінші жағынан - сана мен еңбек әрқашанда бір жерден көрінуі керек. Ары таза,
еңбекқор, білімді адамдар үшін табиғат құпияларын танудың шегі жоқ. Ақын білімді адам құбылыстар мен заттардың өзінен бұрынғы беймәлім жаңа қырлары мен қасиеттерін тануға кең мүмкіндік алатынын атап
көрсетеді. Ол ғылымды: «Адамның білімі хақиқатқа, растыққа құмар болып, әр нәрсенің түбін, хикметін білмекке
ынтықтықпен болады», - деп қарады.
Әлемді тануға құштарлық адамның бойына біткен табиғи қасиеті деп есептеді ойшыл.
Бірақ, оның бұл мүмкіншілігі үнемі жетілдіріп отыруды
талап етеді. Бала рухани қасиеттерін жетілдіру үшін оның өзін қоршаған ортамен, оның қасиеттерімен, адамдардың қызметімен танысуы керек.
Адам табиғат құбылыстарының құпияларын ұғу немесе соған байланысты белгілі
бір дәрежеде жорамал жасау арқылы өзінің қызметін нығайта түседі: «Дүниенің көрінген Һәм сырын түгелдеп, ең болмаса денелеп білмесе,
адамдықтың орны болмайды. Оны білмеген
соң, ол жан адам жаны болмай,
хайуан жаны болады». Дегенмен, ол қоршаған ортаны тануға болатындығын мойындай отырып, сонымен қатар таным қызметінің мүмкіндіктері шектеулі
екенін, барша танымның толық аяқталмайтындығын да ескертеді. Ол мұның себебі материалдық әлемнің шексіздігі мен таусылмайтындығында, бітпейтіндігіңде деп біледі: «Бұл ғаламды көрдің, келісті керімдігіне
және қандай лайықты жарастықты законімен жаратылып,
оның ешбірінің бұзылмайтұғынын көресің. Бұлардың бәріне ғажайып ықыласың және ақылың жетпейді».
Данышпан нұсқаған жолмен жүріп, оның өсиеттерін бұлжытпай орындаған адамның жан сарайы күннен-күнге тазарып, кемелденудің биік деңгейіне шыға алады.
Ұлы
Абайды өмір, қоршаған дүние, табиғат, болмыс сыры, олардың заңдылықтары көп ойландырған, ол дүние сырына бойлап, өзін мазалаған сауалдарға жауап табуға тырысқан. Мен осы кіммін? Жан иелері өмірінің түпкі
мәні
неде? Барлық адам баласы, жан-жануарлар да тамақтанады, ұйықтайды, қорғанады,
артына ұрпақ қалдырады.
Сонда адам баласының басқа жан иелерінен айырмашылығы неде? Міне, Абай әркімді де толғандыратын терең сырлы сұрақтарға жауап іздейді. Ол өзінің ілімінде, пәлсапалық шығармаларында адам баласының өмір
сүру
мақсатын,
сол мұратына жету жолын, әлемдегі болмыстың мәні мен өзіндік ішкі байланысты, жалпы заңдылықтарын
ашып көрсетеді. Кемелдену, жетілу – адам өмірінің мақсаты
екенін айтады Абай. Жетілу дегеніміз
не? Түрлі жетілулер бар. Мысалы, спортпен шұғылданып өзіміздің денемізді,
күш-қуатымызды
жетілдірсек, ал ғылым-білім, өнерге үйрену арқылы ой-өрісімізді жетілдіреміз. Абай осыларды
айта отырып, бұлардан гөрі маңыздырақ жетілу барын, ол – рухани жетілу, яғни
жанды жетілдіру деп көрсетеді.
Абайдың айтуы бойынша жан жүректе орын тепкен. Жан адамның тыныс-тіршілігін, іс-әрекетін жүрек арқылы басқарады. Егер жан жетілмеген
болса, онда адамның іс-әрекетінде де кемшілік
болады. Ішкі дүниесі тазарып, жетілген
адам ғана қателікке ұрынбай, өмірде жаңсақ баспай, дұрыс өмір сүре алады. Адам баласының бақыты оның жүрегінің тазалығымен тығыз байланысты деп үйретеді Абай. Сонымен,
жетілудің негізі – женді, жүректі жетілдіру екен.
Бұл – адамның ішкі нәзік болмысын тазарту деген
сөз. Абай өз шығармаларында жетілу жолдарын,
олардың түрлі белестерін көрсетеді. Әрбір адам осы жетілу жолдарынан өте отырып өзінің қай деңгейде тұрғанын және өмірінің келесі белесін анықтай алады. Мәні терең ашылып, келешегі айқындалғанда ғана адам өмірі маңызды болмақ. Абай ілімі осылай әркімнің өмірінің мәнін ашып, оның келешектің жарқын жолына шығуына мүмкіндік береді.
Ақын мұрасында бір жүйеге түсірілген көзқарасын тұжырымдайтын арнайы философиялық шығармасы жоқ. Дегенмен, Абайдың көптеген өлеңдері мен прозалық шығармаларында ''… адам мен
адамгершілік, ар, ұждан, мораль философиясына
төтелей қатынасы бар, толып жатқан бөлек-бөлек бір көлемді, әрі сапалы ойшылдық пікірлері бар екені даусыз.
Абай шығармашылығын зерттеудің алғашқы кезеңінде, 1920-30 жылдарда ақынның идеялық мұрасы қызу айтыстар тақырыбына айналды, «Абай
философиясын» діншілдігі басым әдеттегі буржуазиялық идеалистік философияның жамап-жасқаған біртүрі деп дәлелдемек болушылар да
табылды (Қабдолов З. Қазақ ақыны Абайдың философиясы және оған сын. «Советская степь»,
1928, 2 тамыз). vКөрнекті мәдениет қайраткерлері мен жазушылар:
М.О.Әуезов, С.Мұқанов, Қ.Жұбанов, С.Сәдуақасов, С.Қожанов, І.Жансүгіров т.б. Абайдың ақындық мұрасын анайы-социологиялық шабуылдан қорғап, мақалалар жазды. «Көзқарасының қарама-қайшылықтарына карамастан, - деп
жазды Мұқанов, - Абай бұл сөздің ұнамды мәнінде ең озық реалист-суреткер болды
және сонысы үшін де біз оны құрмет тұтамыз, сондықтан да оның әдеби мұрасы біз үшін баға жетпес байлық болып табылады, тап солай
болғандықтан да қазақ халқы Абайды өзінің аса ірі ұлттық ақыны деп біледі» («Казахстанская
правда», 1934, 30 көкек).
Ақын
шығармалары
19 ғасырда
да Қазақстанда демократиялық қоғамдық ойдың қалыптасып,
дамуына негіз болған басты-басты идеялық үш қайнардан
нәр алды:
1) қазақтың ауыз әдебиеті мен өткен замандардағы жазба ескерткіштерінен
сусындаған алдыңғы қатарлы халықтық дәстүр;
2) ежелгі және орта ғасырдағы Шығыс ойшылдарының таңдаулы шығармалары;
3) орыстың материалистік философиясы
мен демократиялық мәдениеті, сол арқылы дүниежүзілік (ең алдымен Батыс Европаның) философиялық ойдың жетістіктері.
Әуезов бұл идеялық бағыттарды бір-бірімен табиғи ұштасып, жалғасып кететіндігін айта
келіп, Абай дәуірі үшін осылардың ішінде үшінші қайнармен, орыс классиктерінің шығармаларымен таныстықтың маңызы аса зор болғанын, Қазақстандағы қоғамдық ойдың болашақта жандана түсуіне ықпал еткенін атап көрсетті.
Ғалым Абайдың орыс әдебиетімен және философиялық озық ойымен байланысын оның аударған шығармаларының санымен немесе оған революционер демократтар
идеясы ықпал етті деген қарапайым түсініктерді еске алумен ғана дәлелдемек болған «жеңіл-желпі, қара дүрсін пікірлерге» қарсы шықты. Ол Абай шығармашылығының өткен заман ойшылдарының теориялық мұраларымен байланысын
анықтайтын мәселелердің тым тапшы зерттелгеніне өкініш білдірді; Абайдың орыс әдебиетіне ғана емес, сонымен қатар адамзаттың бүкіл рухани мәдениетіне қатынасын тұтастай даму үстінде «орыс және қазақ халқының байланыстарын сол кезеңнің мазмұнын анықтайтын саяси оқиғалармен тығыз органикалық байланыста карастыратынының» методологиялық маңызы аса зор. (Әуезов М. Әр жылдардағы ойлары.-Алматы, 1961, 148-149
6.)
Өз заманының ғұламасы болған Абай көптеген орыс жазушылары
мен философтарының, әсіресе, А.С.Пушкиннің, М.Ю.Лермонтовтың, И.А.Крыловтың, В.Г.Белинскийдің, А.И.Герценнің, Н.Г.Чернышевскийдің, Н.А.Добролюбовтың шығармаларын оқып, зерттеді, орыс революционер-демократтарының озық ойы, оның дүниетанымының қалыптасуына үлкен ықпал етті.
Ойшыл-ақын ежелгі заман философтары
Сократ, Платон, Аристотель, сондай-ақ, Шығыстың ұлы ойшылы әл-Фараби мұраларымен де жақсы таныс болды; Батыс Европа
философиясын, дәлірек айтқанда Р.Декарт, Б.Спиноза,
Г.Спенсер, Л.Фейербах еңбектерін оқыды: «...өзінің рационалдық философиясын Абай кездейсоқ жасай салған жоқ, алдымен осындай бай мектептердің оқуынан өтіп алып, сөйтіп, бұларды өзінің творчестволық өңдеуінен өткізген соң ғана жасай алды» (Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. А. , 1969, т.15 , 141-б.).
Ол Ч. Дарвиннің даму теориясы мен анатомиялық ілім негіздерін білді. Абайдың жаратылыстану ғылымындағы білімінің кеңеюіне орыстың материалистік психологиясы,
нақтырақ айтқаңда И.М.Сеченов пен К.Д.Ушинский
еңбектері маңызды қызмет атқарды. Ақынның дүние-танымына сол кезеңде Семейде тұрған, саяси аударылған адамдарымен достығы игі әсерін тигізді. Олардың арасында Е.П.Михаэлис, Н.И.Долгополов
т. б. демократтардың идеясында тәрбиеленген алдыңғы қатарлы зиялы қауым өкілдері бар еді. Абайдың көптеген өлеңдерінде терең философиялық ойлары, табиғатқа, таным, ақыл жайлы толғаныстары көрініс тапқан: «Өлсе өлер табиғат, адам өлмес», «Көк тұман - алдыңдағы келер заман» т. б., 45 «сөзден» тұратын қара сөзбен жазылған «Ғақлиялары» - ақынның философиялық көзқарасының мәйегі, өзінің мәні мен тұжырымдарының тереңдігі жағынан ұлттық мәдениет шегінен әлдеқайда асып түсіп жатқан маңызды мұра. Бұл «Сөздер» қазақ хапқының сан ғасырғы тәжірибесінен (мәдениет, тарих, дәстүр, әдет-ғұрып, адамгершілік қасиеттер т. б.), адам және адамзат туралы ойларынан
сусындаған.
Абай дүниетанымының бағыттарын зерттеуге Әуезов елеулі үлес қосты. Ол Абайдың көптеген өлеңдері мен 19 ғ-дағы көрнекті орыс ойшылдарының шығармаларын салыстыра зерттеу
арқылы олардың терең тамырластығын ашып берді.
«Дүние - үлкен көл,
Заман - соққан жел,
Алдындағы толқын - ағалар,
Артқы толқын - інілер,
Кезекпенен өлінер, Б
аяғыдай көрінер...»
Абайдың философиялық көзқарастарын оларды тек өзіне ғана тән ерекшеліктерімен, өзіндік белгілерімен және сонылығымен, басқаша айтқанда, белгілі бір дәуірмен байланысты және сол дәуірді танытатын нақты-тарихи ережелер жүйесін қаз-қалпында қабылдаған күнде ғана дұрыс түсінуге болады. Абайдың дүниетанымындағы айналадағы қоршаған әлемнің объективті шындығы таным барысын құдайға сенумен және жанның өлмейтіндігімен ұштастыра қарастыратын көзқарасы қарама-қайшылықта және күрделі болып келеді. Солай
бола тұрса да ақын кұдайды табиғат-адамзаттың болмысының алғашқы себебі деп есептемейді,
ол дүниені әлдеқандай күш жаратты дегенді теріске
шығарады. Әуезов айтқандай «... тіпті, оның ақынның діни нанымы мен сеніміне
байланысты өлеңдерінің өзі ең басты мәселеде мұсылман дінінің кітаби қағидаларына қайшы келеді». Ол бүкіл табиғатта орталық тұлға етіп адамды қояды, философиялық ойларының көпшілігін де адам және адамгершілік мәселесіне баса көңіл бөледі. 17-19 ғасырлардағы антропологизм, тіпті,
Фейербахтың өзі де, адамды абстрактылы
түрде, жай ғана биологиялық тіршілік иесі ретіңде қарастырып, оның барлық қасиеттері мен ерекшеліктерін
табиғи шығу тегімен ғана түсіндіреді.
Адам мәселесін Абай әр түрлі: философиялық, биологиялық-психологиялық, эстетикалық және этикалық көзқарастан қарастырған. Абайдың адам туралы негізгі түжырымдары Чернышевскийдің «Философиядағы антропологиялық принцип» (1860) деген еңбегінде айтылатын ойлармен ұштасады. Чернышевскийдің түсіндіруінше болмыс бірыңғай болған жағдайда адам басынан екі
түрлі: материалдық (адам тамақ ішеді, ұйықтайды, жүреді) және адамгершілік тұрғыдағы (адам ойлайды, сезеді, қалайды) құбылыстарды байқаймыз. Абай Жетінші сөзінде: «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі
- ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады... Біреуі білсем екен
демеклік. Дүниенің көрінген Һәм көрінбеген сырын түгелдеп, ең болмаса денелеп білмесе,
адамдықтың орны болмайды», - дейді
ойшыл-ақын.
Ақынның дүниетанымы шынайы заттарды
тануға және адамдар бақытын о дүниеден емес, жарық дүниеден іздеуі керектігіне
бағытталды. Ойшыл-ақын, әсіресе, ғылыми ақиқатты жоғары бағалады: «... әрбір хақиқатқа тырысып ижтиһатыңмен көзің жетсе, соны тұт, өлсең айрылма!» Ол діни қағидалардың мәнін аша келіп, Алланың «барлығының» өзіне, оның құдіретті күшіне деген сенімге күдік келтіреді: «Дініміздің бір жасырын тұрған жалғаны жоқ болса, ақылды, оны ойлама дегенімізге
пенде бола ма? Ақыл тоқтамаған соң, діннің өзі неден болады? Әуелі иманды түзетпей жатып, қылған ғибадат не болады? Алла
мен бүкіл басқа дүниенің арақатынасын бұлайша түсіндіру, құдіреттің ұйғарымынсыз ешнәрсе де жасалмайды деп
пайымдайтын Құран қағидасынан тікелей бас тарту
болып табылады. Абай дүниетанымы бұлжымайтын қағида мен нанымға негізделген тапжылмайтын
дін сияқты емес, санаға сүйенеді. Ол өзінің бірқатар өлеңдеріңде молдаларды, мұсылмаңдық қағидаларды уағыздаушы дін қайраткерлерін, ырымшылдық пен қараңғылықты қатал сынап, айыптайды.
Абай мұрасында таным мен логика мәселелері ерекше орын алады.
19 ғ-дың 2-жартысында Қазақстанның қоғамдық дамуына байланысты туған талаптар ойшыл-ақынды заңды түрде таным мәселелеріне көңіл бөлуге мәжбүр етіп, оған өзіндік көзқарасын айқындап берді. Қоғамдық өмірдегі ғылым мен білімнің маңызын жоғары бағалап, оларды әлеуметтік жаңалықтармен тығыз байланыстырған ақын таным қызметін қоғамның үздіксіз дамуындағы басты күш деп есептеді. Ол объективті әлемді тану мүмкіндігін және оның даму заңдылықтары мәселелерін дұрыс шешті. Оның ойынша қандай да болмасын білімнің, ақиқаттың қайнар көзі адам өзінің сезім мүшелері арқылы танитын объективті
шындық. Біздің біліміміздің салыстырмалы шама екенін
айта келіп, Абай «... хабарлардың ұнамдысы ұнамды қалпыменен, ұнамсызы ұнамсыз қалпыменен, әрнешік өз суретімен көзге түседі. Ол көңілге түсіруші... бес нәрседен өткен соң, оларды жайғастырып көңілде суреттемекке», -
деп атап көрсетті. Ол таным мәселесін шешкенде ерікті
адамның жеке басы мен оның белсенді күресіне деген сеніміне
сүйенеді.
Адамды
дәрменсіз, әлсіз
жан иесі деп қарайтын діни ілімдерге қарама-карсы ойшыл-ақын адамды белсенді, саналы, жасампаздық қызмет
атқара
алатын қуатты күш деп санайды. Абай сананы, «өз рухын» адам надандыққа қарсы күресте, қажырлы еңбек арқылы үнемі нығайтып отыруы керек деп есептейді. Бір
жағынан
«сана ерікпен бірігуі қажет», екінші жағынан - сана мен еңбек әрқашанда
бір жерден көрінуі керек. Ары таза, еңбекқор, білімді адамдар үшін табиғат құпияларын танудың шегі жоқ. Ақын білімді адам құбылыстар мен заттардың өзінен
бұрынғы беймәлім
жаңа қырлары
мен қасиеттерін тануға кең мүмкіндік алатынын атап көрсетеді. Ол ғылымды: «Адамның білімі хақиқатқа,
растыққа құмар болып, әр нәрсенің түбін, хикметін білмекке ынтықтықпен болады», - деп қарады.
Әлемді тануға құштарлық адамның бойына біткен табиғи қасиеті деп есептеді ойшыл.
Бірақ, оның бұл мүмкіншілігі үнемі жетілдіріп отыруды
талап етеді. Бала рухани қасиеттерін жетілдіру үшін оның өзін қоршаған ортамен, оның қасиеттерімен, адамдардың қызметімен танысуы керек.
Адам табиғат құбылыстарының құпияларын ұғу немесе соған байланысты белгілі
бір дәрежеде жорамал жасау арқылы өзінің қызметін нығайта түседі: «Дүниенің көрінген Һәм сырын түгелдеп, ең болмаса денелеп білмесе,
адамдықтың орны болмайды. Оны білмеген
соң, ол жан адам жаны болмай, хайуан
жаны болады». Дегенмен, ол қоршаған ортаны тануға болатындығын мойындай отырып, сонымен қатар таным қызметінің мүмкіндіктері шектеулі
екенін, барша танымның толық аяқталмайтындығын да ескертеді. Ол мұның себебі материалдық әлемнің шексіздігі мен таусылмайтындығында, бітпейтіндігіңде деп біледі: «Бұл ғаламды көрдің, келісті керімдігіне
және қандай лайықты жарастықты законімен жаратылып,
оның ешбірінің бұзылмайтұғынын көресің. Бұлардың бәріне ғажайып ықыласың және ақылың жетпейді».
Данышпан нұсқаған жолмен жүріп, оның өсиеттерін бұлжытпай орындаған адамның жан сарайы күннен-күнге тазарып, кемелденудің биік деңгейіне шыға алады.
ШӘКӘРІМ-ФИЛОСОФ
Жұмабекқызы С.Ж.
ШҚО облысы., Абай ауданы, Саржал ауылы
«Ш.Тоқжігітов атындағы орта мектеп» коммуналдық
мемлекеттік мекемесі
Қазақ халқында белгілі философиялық
дәстүр қалыптасқан тарихи данышпандыққа
баулу мектебі болмаған. Ең алғаш осындай
мектептің есігін ашып, арнаулы дүниетанымдық
еңбек қалдырған Шәкәрім Құдайбердіұлы
болды. Шәкәрімге арнайы философиялық
еңбек жазу оңайға түспегенін байқатады.
Шәкәрім ғылыми табыстарына сүйене отырып,
молдалардың жаратылыс ғылымдарынан мүлдем
хабарсыз, дүмше екендігін айтып сынайды.
Діннің мәдени дәрежеде жүргізілгенін
қалайды. Шәкәрім бұл еңбегін жазғанда
бүкіл батыс Еуропа, Шығыс елдері, ғалымдарының,
философтарының еңбектерін кеңінен зерттейді,
түрлі ойлар қозғайды, басқаның жетегінде
де кетпейді, өздігінен сүрлеу іздейді.
Ол жөнінде Шәкәрім: «Осы кітаптың аяқ
жағында менің қай қорытындым болса да,
көбісі Еуропа ғалымдарының таласты сөздері
болды. Оның ішіндегі өз ойым қабылдағынын
алып отырмын. Өз білімімше, сыңар езу
болғаным жоқ деп өзіме сенемін», - деп
жазады.
Кітап бастамасынды Шәкәрім тіршілік
туралы зиялы қауым арасында көптен бері
айтылып келе жатқан екі түрлі пікір, көзқарас
бар екенін айтады: «Бірі дене өлсе де
жан жоғалмайды, өлгеннне соң ол да тіршілікке
тіпті, ұқсамайтын біртүрлі өмір бар».
Екіншісі, «Әлемдегі барлық нәрсенің бәрі
өздігінен жаралып жатыр, оны былай қылайын
деп жаратқан иесі жоқ, һәм өлген соң тірілетін
жан жоқ» деген философиялық қорытындыға
келді. Осы екі пікірдің қайсысы дұрыс,
соны біліп алу үшін әртүрлі дінгерлер
мен ғалымдардың пікірінен хабардар болу
керек, деп тұжырымдайды.
Одан соң, қай бір нәрсе болсын адам қашанда
оны жаратушы не деп оны іздеп әркім әртүрлі
ой жүргізген дей келіп, ерте замандарда
өмір сүрген ойшылар жаратушы осы деп
күн, от, ағаш, тас сияқтыларға табынған,
деп тұжырымдайды. Сондай- ақ бақсы, жәдігей,
дуанаға сенген, ал ғалым, - дейді Шәкәрім,
- жаратқан ие жоқ, өлгеннен соң өмірде
жоқ деген жолдың түбіне түсе келіп, дүниенің
пайда болуын жаратылыстың заңынан, - деген
қорытындыға келеді. Мәселен, дүниенің
негізгі төрт нәрсе деп түсіну: от, су,
топырақ, ауа. Ал тағы басқалар деп төрт
нәрсенің әрқайсысын жеке алып, олардың
ішінде көзге көрінбейтін де бөлшектері
бар екенін айтады: бұл жөнінде автор былай
деп жазы. «Әр дененің көзге ілінбейтін
кішкентай тараулардан қосылып жаралғанын
тауып. Ол кішкентайды қанша ұсақтаса
да ақырында, тіпті, бөлуге келмейтін болады».
Бұл Шәкәрімнің сол кездегі алдыңғы қатарлы
ғылыми тұжырымдарға сүйенгенін көрсетеді.
Екінші дәлелі «жаратылыс жолы». Ол да
дүние өздігінен жаралғанын, «Біліп жаратушы
ие бекер сөз», «жаралғандардың өзінен
бөлек нәрсе емес» деген тұжырым жасап,
бұлардың бәрі бір заңдылыққа бағынатынын
айтады. «Ол заң өсіп - өнуге, жоғарлауға
ұмтылып, ең жақсысын сайлап алады» деп
тұжырым жасайды. Сөйтіп, Шәкәрім табиғатта
ең бейімделген, ең күшті құбылыстардың,
заттардың дамитынын уағыздайды. Үшінші
дәлел: «Тұқымдастық жол».
Мұнда автор түрлі заттар, түрлер бірден
пайда болған жоқ, олар ұзақ эволюциялық
дамудың нәтижесі екендігіне тоқталады.
Мәселен, «құрлықтағы хайуандар, адамдар,
өсімдіктен, құстар - бәрі теңізден туған»
дей келіп, алғашқы тіршілік теңіздің
жылы суынан пайда болғанын мойындайды.
Сондықтан да Шәкәрім «бұларды бөлек –
бөлек ие жаратқан ие жоқ деген қорытындыға
келеді». Төртінші дәлел: «Дене сезімі».
«Біз әр нәрсені денедегі сезімімізбен
білеміз» деп ол белгілі ғылыми танымды
жақтайды. Былайша айтқанда, көзбен көріп,
құлақпен естіп, қолмен ұстап, мұрынмен
иіскеп, тілмен дәмін танып дүниені танып
білуге болады деген ғылыми қағиданы берік
ұстайды.
«Егер біліп жаратушы ие бар болса, бұл
жаратылыс себептерінің түк керегі жоқ
болар еді», - деп нақты, біржақты пікір
айтады. Құдырет бар болған болса ғана
білімнің бәрі бізде өздігінен болар еді,
ал олай болмаған соң, «біліп жаратушының
бар дейді», - деген тоқтамаға келеді. Ақырында,
бесінші дәлел «Әртүрлілік дүниедегі
ағаш - өсімдіктер хайуандар адамдар, су,
от сияқты бірінен бірі тіпті ұқсамайтын
заттар бар » - дейді автор. Ал енді «бұл
нені көрсетеді?» деген өзінен - өзі заңды
сұрақ қоя отырып, «Бұл әр нәрсе қалай
болса, солай кезі келгендіктен себебіне
қарай жатыр» деп тұжырымдайды. Бұл келтірілген
тұжырымдар XIX ғасырда кең тараған деген
тоқтамға келіп, ол XX ғасыр басында ғылымда
жаңа тұжырымдар пайда болғанын айтады.
Енді Шәкәрім басқа ой қорытындысына келеді.
Ол - материалистік тұрғыдан ауытқып, болмыстыққа
сенеді.
Шәкәрімнің философиялық концепциясының
қорытындысы, жұртына ұсынар теориясы,
бірнешеден ойшылдың дәстүрлі әдіспен
үйреншікті жолды қалайтындығы. Дүние
негізіне тіршілік, имандылық, адамшылық
өлшемі бір тау - өрісі антикалық пифагористерге,
бір ісі ортағасырлық Шығыс және Орта
Азия аймақтарына тән құбылыс. Мысалы,
Баласағұн: «Кісіге екі дүниеде пайдалы
үш нәрсе ізгі іс (мінезі түзулік), ұят,
әділдік және үш пайдасыз нәрсе бар: жауыздық,
жалғандық, сараңдық» десе, Абай: «Қасиетті
адам бойында үш нәрсе қатар сақталуға
тиіс, ол - ақыл, қайрат, жүрек» немесе «Күллі
адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар.
Сонан қашпақ керек. Әуелі - надандақ, екінші
- еріншектік, үшінші-залымдық деп білемін»
дейді.
Екіншіден бақытты, қоғамға жетудің кілті
әлеуметтік реформада немесе ағартуда
(Шоқан, Ыбарай), тарих – жақсылық пен зұлымдықтың,
ағартушылық пен надандықтың күресі деп
сенген өкілдерден Шәкәрім ілімінің тереңдігі
де осында. Адамды өз мақсатына жету үшін
сыртқы қозғушы күштерге емес, өз жанына
үңілдіру, жан тілегін тыңдату - өмірінің
екінші жартысында Мекке барып, қажы болған
Шәкәрімнің бастауын сонау неоплатонизмнің
тәңірілік эманация теориясы мен үнді
буддистік медитация, христиандық аскетизмнен
алатын суфизмді қабылдағанын, мойындағанын
көрсетеді. Көсемдері әл-Басри, әл-Мұхазити,
әл-Халлай болып табылатын Исламның бұл
бағыты Құдайды өзінен іздеу, оған деген
сүйіспеншілікті арттыруды және өзін
Жаратушының еркіне бағындыра отырып,
өзін Алланың құралына айналдыруды уағыздайды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Г.Әбдірәсілова «Шәкәрім: ұждан - ұлағаттық
үлгісі»\\ Жұлдыз - 1995 жылы, №4
2. Т.Кішібеков «Шәкәрім философ» \\ Ақиқат
- 1994 жылы, №7
3. Сәтбаева «Шәкәрім Құдайбердіұлы»Алматы;1990
жылы
4. С.Маусымбаев «Шәкәрімнің атомистикалық
көзқарастары»\\Абай -2005 жылы, №1
5. Қазақ Сөвет Энциклопедиясы 12 том 1978
жылы
6. . С.Ізтілеуова «Шәкәрімнің сырлы сөзі»
Алматы; 2004 жылы 141 бет
7. Сәруәр Қамаева «Шәкәрім шығармаларының
тарихи сипаты»