Адам және қоғам өміріндегі философиялық мәселелердің өзектілігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 17:36, аттестационная работа

Описание

Мыңдаған жылдар бойы әр түрлі ойшылдардың, үлкен-кішілі философиялық ағымдардың өмірге және өмір сүру туралы ой-пікірлері мен мен көзқарастары қазірде қажетін жоймаған өсиет түрде қалған. Алдымен оның бәрін қарастыру алдында философияның толық объективтік мағынасын түсініп алған жөн.

Содержание

Кіріспе.........................................................................................................................3
Философия және дүниеге көзқарас..........................................................................4
Дүниетанымның тарихи типтерi: мифология, дiн және философия....................5
Көне түрік жазбаларындағы алғы философиялық ойлар......................................7
Философияның пәнi мен тәсiлi, олардың арақатынасы және басты функциялары............................................................................................................10
Философия және ғылым..........................................................................................13
Қорытынды...............................................................................................................16
Пайдаланылған әдебиеттер.....................................................................................17

Работа состоит из  1 файл

filosofiya semestrovyi.docx

— 48.13 Кб (Скачать документ)

Орхон-Енесей жазбалары «Қорқыт  Ата» кітабы, Оғызнама жәдігерліктерінде  тотемдік, аналистік көзқарастар  сілемдері сақталғанымен, мифтік ойлаудың ықпалы азая бастағаны байқалады. Оны оқиғалар желісінің реалистік, тарихи шындыққа біршама жанасымды тұрғыда баяндалатынынан-ақ пайымдауға болады.

Қазақ топырағында қалыптасқан  философиялық ойлардың құрамдас бөлігі ретінде, осыдан 2,5 мың жыл шамасында  бұрын өмір сүріп, грек философиясында скифтердің ой-үрдістерінен өшпес із қадырған скифтік Анахарсисті (Анарыс) айтуға болады. Ол туралы грек философы Платон былай дейді: «Анахарсис –  аты ауызға айналған скиф. Грецияға саяхат жасағанда Солонмен кездесіп, оның ықпалында болып, данышпандылығынмен атағы шыққан».

Диоген Лаэртскийдің грек философиясының тарихына арналған кітабында  Анарыс жайлы жеке бөлім бар. Онда ұлы бабамыздың Грецияға келіп, император  Солонмен кедескені, өмір тарихы және философиялық нақылдары туралы мәліметтер келтірілген.

Біздің жыл санауымыздың бірінші ғасырында өмір сүріп, ел басқарған атақты Майқа би бабамыз  Анарыстың өсиеттері деп ел билеудің жолдарын айтып отырады екен. «Ең ақылды адам – ел билеуден аулақ адам» депті.

Майқы бидің айтуынша, латыншалап кеткен Анахарсис  скфиский дегеніміз  осы Анарыс бабамыз. Бұл туралы Ғ.Есімовтың  дәлелдемелері көңілге қонарлық. «Біріншіден – дейді ол, Майқы  бабамыздың айтуынша Анарыс ел билеу  жолдарын айтқан ғұлама. Анахарсис  Сақ патшасы Кадуйдің інісі. Ол Афиныдағы  Солонмен достасып, онда бірнеше жыл  өмір сүрген. Солон Афинский – ел басқару жүйесінде реформа жасаған  әйгілі саясаткер. Сондықтан Анарыстың  ел билеу туралы айтқандары болуы  өте орынды. Екіншіден, Анарыстың  өлі көп пе, тірі көп пе? – деген  сұраққа кері жауп бергені философия  тарихынан белгілі.

Д. Паэртскийдің аталған кітабында ол туралы былай делінеді: «На вопрос кого больше, живых или мертвых, он переспросил: «а кем считать плывущих»». Анарыс айтты деген сөзбен Анахарсистің айтқаны дәлме-дәл келіп отыр. Бұл екеуінің бір адам екенінің тағы бір дәлелі. Үшіншіден, Майқы Анарысты қайдан біледі? – деген ой келеді, Анахарсис біздің дәуірімізге дейінгі VІ ғасырда өмір сүрген. Майқы би біздің дәуірімізге дейінгі І ғасыр басында дүние кешкен. Араларында 600 жыл тарихи уақыт. Бұл мерзімде әлі Анахарсис есімі ел жадында сақталған, ұмытылмаған. Төртіншіден, Анарысты Майқының бабам дейтіні – үйсіндердің сақ тайпаларынан таралғанына тағы бір дәлел болса керек. Үйсіндер туралы Геродот тарихында айтылған. Анахарсисті де тарихқа түсірген көне авторлардың бірі Геродот, ал Майқы би оның тарихын білмеді деуге негіз жоқ.

Аты ауызға айналған дала данышпанының, Анарыстың нақты өмірбаян туралы деректер сақталмаған. Тек Диогеннің  мәлметтері бойынша, ол шамамен біздің дәуірімізге дейінгі 594 жылы «архонт  Эвкраттың тұсындағы 47 Олимпиада  өтіп жатқан сәтте Афиныға келген». Осы күннен бастап Солонды үйіне  іздеп келіп, өмір бойы дос болып  өтіпті. Геродоттың айтуы бойынша, «Анахарсис – скиф патшасы Спаргапиптің шөбересі, Пиктің немересі, Гнурдың баласы. Ол сондай-ақ Анахарсистің ата-тегін, есімін, Грекияға қалай келгенін де айтып  өтеді. Геродот Анахарсисті Қара теңіздің солтүстік жағалауындағы  скиф тайпаларынан шыққан, жастайынан өмір-білімге құмар, Элладаның тілін  үйреніп өсен, әскери өнерден де тағылым алған, скифтердің әдет-ғұрпын өте жетік білген, дүниенің сырын  білмекке ұмтылған атақты адам» - деп  жазды.

 

Философияның пәнi мен  тәсiлi, олардың арақатынасы және басты функциялары

 

Философия (б.д.д. 6 – 5 ғғ) Үндiстанда, Қытайда, Мысырда, Грек елiнде пайда болды. Бұл терминды алғашқы қолданған антик философы, математигi Пифагор, ол оны «даналыққа құштарлық» деп түсiндi. Бұл сөздiн тiркесiндегi «құштарлық» белгiлi бiр нәрсеге тандануды, өзiңнен жоғары тұрған сезiмiңмен мойындауды және басқа осындай әсерлердi бiiлдiрумен қатар, «өзге» үшiн «өзiңдi ұмыту», өзiңнен бас тарту сезiмiн де аңғартады.Осылай зерделеудiң нәтижесiнен мынадай түйiн келiп шығады: философия - адамның өзiнiң шенберiнен шығуға мүмкiндiк беретiн рухани форма. Сонымен, философияны «даналық» түсiнiгiмен байланыстырар болсақ, онда бұл сонғы ұғым «бiлiмнiң жоғары синтезi», белгiлi бiр нәрсе туралы «толық жетiлген бiлiм» деген мағынаны бiлдiредi. Демек, философия осындай бiлiмге деген құштарлық,ал бұл даналықтың объектi-менiң өзiмнен тыс табиғат және адамзат әлемi, сонымен қатар, өзiм және феномен ретiндегi бiлiмнiң өзi (антика дәуiрiнде философия бiлiмге ұмтылуды, таза да тұнық. Ақиқатқа жетудi бiлдiрдi). Философияның бастапқы негiздерi мифология, дiн және алғашқы ғылымдарда (математика,физика,астрономия,медицина) жатыр.Оның ерекшiлiктерi:

1.Оның негiзгi зерттеу объектi-адам,оның  әлемде алатын орыны және оған  деген қатынасы.

2.Ол, дүние құрылымының бастапқы  негiздерiн қарастырады. Дүние  қандай, оның мәнi,мазмұны қандай

3.Философия өмiрдiн әсерiмен,  жаңа фактiлердiң әсерiмен өзгередi, ал оның таным әдiстерi ақыл-ой  мен интуиция(мифте-сезiм,қиял болса;дiнде-сенiм  және сезiм).

4.Философиялық танымның эмпирикалық(тәжiрибе) негiзi,базасы-жеке ғылымдармен, қоғамдық-тарихи  практика.

Жоғарыда айтқанның ескере отырып философияға келесi анықтамалар  беруге болады Философия-бүкiл адамзаттың даналық ой-пiкiрлерi, талғамы, дүниетанымы, көзқарасы. Философия- жалпыадамзаттық iлiм, адамзаттын рухани табысы. Философия-жалпы  теориялық iлiм, ол объективтi шындықтың  жалпы зандылықтарын зерттеп, теориялық  қорытынды жасайды. Философия-материя  мен сана,таным мен болмыс, адам мен қоғам жайлы адамзат ой санасының дамуы барысында жинақталған,жүйеленген ғылыми ой-пiкiрiдiң теориялық жиынтығы. Философия-бүкiл әлемдi, оның басты салалары (табиғат,қоғам,адамсанасын) тұтас құбылыс ретiнде алып, оның жалпы зандылықтарын ашып, объективтiк шындық жөнiндегi белгiлi қағидалар жүйесiн қалыптастыратын ғылым. Бұл философиялық сұрақтардың iшiнде әң маңызды орынды «адам және әлем» мәселесi алады.Өйткенi, философия iлiмi бүкiл дүниенiң құрылымын, даму орынын, оның өзiнде адамдардын алатын орынын, оның iскерлiгiн қарастырады. Философияның негiзгi мәселесiнiң (ф.н.м.) мәнi шындықтың екi жағынан туып тұр-объективтiк,материалдық және субъективтiк,идеялық; ойлаудың болмысқа қатынасы немесе сананың материяға, рухтын табиғатқа қатынасы деуге болады.Бұл мәселенiң екi қыры барбiрiншi қыры нақтылықтың бастақы себебi неде,дүниенiң негiзi ретiнде ненi алуға болады; ал екiншi қыры дүниенi танып бiлуге болама деген сұрақ. Ф.н.м.бiрiншi жағынаң-дүниенiң мәнi,табиғаты туралы-онтологиялық мәселеден екi қарама-қарсы көзқарастар туып отыр,олар идеалистер мен материалистер. Бiрiншiлер дүниенiң бастамасы,негiзi абсолюттi рух, дүниежүзiлiк ақыл-ой, адам санасынаң тыс және тәуелсiз материалды емес тек рухани, идеалды субстанция, Құдай (объективтiк идеалистер Платон, Г.Гегель, Фихте, Шеллинг) немесе адамның өзiнiн санасы (субъективтiк идеалистер Д.Беркли, Э.Мах, Р.Авенариус, Д.Юм ). Ал екiншiлерi, дүниенiң бастамасы, негiзi тек материалды субсанция ғана,өйткенi ол мәнгi, жасанды емес, және жойылмайды су, ауа, жар, от,атом (тұрпайы материалистер Гераклид, Демокрит); механикалық санауда болатын зат (метафизикалық материалистер Ф.Бекон, Т.Гобс, Ж.Ламетри, Д.Дидро); сан алуан түрлi объективтiк нақтылық (диалектикалық материалистер Маркс, Энгельс, Ленин). Ф.н.м. екiншi жағы- дүниенiң танымалдығы туралы-гносеологиялық мәселеге келетiн болсақ,бұл сұраққа көптеген философтар мақұлдаған жауап бередi. Бiрақ,дүниенi танып бiлу адамның танымдық мүмкiндiктерiмен шектеледi (скептиктер), немесе «өзiндiк» заттарды объективтi танып бiлу мүмкiн емес дейп есептейтiн ойшылдар (агностиктер Д.Юм, И.Кант) да болды.

Қазiргi философияның құрылымы Онтология- болмыс туралы iлiм, гносеология- таным  туралы iлiм, философия тарихы- философиялық өй-пiкiрлердiн дамуы туралы iлiм, әлуметтiк  философия- қоғам өмiрiнiң болмысы  туралы iлiм, этика- әдептiлiк мәселелерiн  зертейтiн iлiм, эстетика- әсемдiк пен  сұлулы туралы iлiм, антропология- адам мәселесiн зерттейтiн iлiм, аксиология- құндылықтар табиғатын зерттейтiн iлiм, логика-адамның ойлау процесiн  зерттейтiн iлiм.

Философияның функциялары

1.Гуманистiк-адамның өз өмiрiнiң  мәнiн түсiнуге, табиғат пен қоғамда  өзiнiң орының табуға, құлықтылық  жол табуға көмектеседi. Адамға  адам болуға көмектеседi.

2.Гносеологиялық-адамдардың бiлiмдерiн  топтастыра, жинақтай отырып, терендете  түседi де, арнайы ұғымдар, категориял  арарқылы дүниеге толық, тұтас,  жұйелiлiк көзқарас қалыптастырады.

3.Аксиологиялық- адамды этикалық  және моральдық, адамгершiлiк тұрғыдан  дамытады, адам санасында белгiлi  бiр құндылықтар бағдарларын қалыптастырып  (жақсылық пен жамандық,еркiндiк  және тендiк,әсемдiк пен гармония  және т.б.) құндылық ережелерiмен  идеалдарын табуға мүмкiндiк бередi (А.Энштейн атом бомбасын жасаудан  не үшiн бас тартқан).

4.Әлеуметтiк-философия қоғам дамуын  талдай отырып, қоғам дамуының  жалпы және спецификалық зандылықтарың  ашады.Социумнiң дамуын сараптай  отырып, оның даму бағытын болжамдайды.

5.Тәрбиелеушi- мәдениеттi материалды-рухани  феномен ретiнде қарастырып, адамның  өзiнiң жеке мәдениетiн қалыптастырады (ой әдептiлiгiн, сыни көзқараспен  қарау, басқа адамдармен қатынас  орнату).

6.Методологиялық- философия жалпы  (өзiнiң категориялық аппараты  мен, принциптер мен, заңдарымен, әдiс-тәсiлдерiмен) басқа ғылымдар  үшiн жалпығылыми және жеке  методологиялық фундамент болып  табылады.

Адамға қоршаған ортада бағдар жасауына, оны өзгертуiне көмек беретiн-ғылым. Ғылымның барлық салалары жекелей және барлығы жиылып әлемдi белгiлi дәрежеде түсiнуге септiгiн тигiзгенiмен дүниетанымының орнын алмастыра алмайды. Дүниетаным ғылым жетiстiктерi негiзiнде қалыптасады, бiрақ ол сонымен қатар, қоғамның тарихи тәжiрибесiне, оның мәдениетiне сүйенедi, әлеуметтiк дамудың жеткен деңгейi мен өмiр сүру тәртiбiн бейнелейдi. Мұның бәрi бiлiмнiң ерекше жүйесi- философияны игерудi қажет етедi. Мәселе шешуӘр дәуiрдiн ойшылдары философиялық мәселенi қоюына, шешуiне әр-түрлi қараған. Мысалы Френсис Бэкон (1561-1629) табиғаттың дүлей күштерiн игеру ф.н.м. болып табылады десе,осы күнгi сциентизм өкiлi Бэртран Рассел (1872-1970) ф.н.м. мүлде жоқ деп есептеген, ал белгiлi француз философы Огюст Конт (1798-1857) философияның дәуiрi өттi деп санады. Қалыпты немесе, оның терминологиясы бойынша «позитивтi» ғылымдар-физика,математика,химия және т.б. философияны керек етпейдi. Олар барлық мәселелердi өздерi шеше алады, олр «өздерiнше» философия. Бұл көзқарас деген атауға ие болды. 20ғ.француз философы Альфред Камю (1913-1960) негiзгi мәселе- өмiр сүру қажет пе әлде жоқ па деген мәселе болдып табылады дейдi.

 

Философия және ғылым

 

 

Философияны түсiнуде және оның дүние  мен адамды тануда атқаратын ролiн  анықтауда жиi көптеген пiкiрлер айтылды. Мысалы, әйгiлi Аристотель (б.з.д.384-322, философ, энциклопедист-ғалым, формальды логиканың негiзiн қалаушы, Этика және политика,метафизика, физика, биология және психологиядан көптеген еңбектер жазған. Оның iшiнде ең танымалдылары «Категориялар», «Аналитика», «Топика», «Физика», «Метафизика», «Политика», «Никомахтын этикасы» т.б).философияны «ғылымдар иесi» деп атады, құлы иесiнiң алдында қандай болса, жеке ғылымдар да философияның алдында сондай әлсiз деп түсiндi.Жеке ғылымдардын әр қайсысы өзiне тиiстi құбылыстарын зерттеумен айналысушы, ал философия болмыстың ең жалпы бастамалары мен бiрiншi себептерi жайындағы iлiм деп анықтады. Сондықтан ол «бiрiншi философия».

Теориялық жағынан пiсiп жетiлмеген жеке ғылымдардың философиялық ой-пiкiрлерге тәуелдiлiгiн бiлдiретiн сол дәуiрдегi бұл түсiнiк көптеген ғасырлар ьойы философтардың санасында сақталып келдi. Сол түсiнiктi қабылдаған немiс философы Гегель де (1770-1831) философияны «ғылымдардың патшасы» немесе «ғылымдардың ғылымы» деп атады, өйткенi тек философия ғана нағыз шындық пен ақиқатқа әкеледi. Арнаулы бiлiмдер дамуының жоғары кезенiнде 19ғ. екiншi жартысы мен 20ғ. жеке ғылымдарды дәрiптеп, философияның маңызын жоққа шығаратын ой-пiкiрлер шықты. Философиялық бiлiмдер ақиқатқа жеткiзбейдi өйткенi олар априорлы (тәжiрибеден тыс) деп анықтады О. Конт. Бұл кезенде пайда болған позитивизм iлiмiнiң өкiлдiрi философияның танымдық мүмкiндiктерiне, оның ғылымдылығына күмән келтiрiп, ғылымдардың «патшасын» оның «қызметшiсiне» айналдырды. Алайда, қазiргi ғылымдардың негiзiн құрайтын көптеген идеяларды тұнғыш рет философия ұсынған(Левкип пен Демокриттiң- атомдары,Декарттың-рефлекс туралы ұғымы, П.Гассенди атомдардан тұратын күрделi бөлшектер молекулалар деген). Сонымен қатар ғылымның прогрессi өз тарапынан философияны байытты(жаратылыстануда әрбiр ұлы жаналық ашылған сайын материализм өз формасың өзгерттi). Қазiргi заманғы көрнектi зерттеушiлер философиялық көзқарастың ғылыми зерттеуге бағыт берушiлiк маңызың ерекше зор екендiгiн үнемi атап көрсетiп жүр.(Луи де Бройль неопозитивизм алған пiкiр философияға да, жаратылыстануға да зияның тигiзетiнiн атап көрсеттi; Альберт Энштейннiң пiкiрiнше, бiздiн кезiмiзде гi физиктер философиялық проблемалармен көбiрек айналысуда, өйткенi ғылымдарды бұған мәжбүр етiп отырған өз ғылымның қиыншылықтары).

Қазiргi заманғы жаратылыстану ғылымдары  интеграциялану тенденциясын бастан кешiрiп  отыр, сондықтан ол жалпылаудын жаңа теорияларын iздестiру үстiнде (элементарлық бөлшектрдiн, өсiмдiктер мен жануарлар  дүниесi дамуының, күрделi жүйелердiн, басқарудың және т.б. жалпы даму теориясы). Мұндай жоғары денгейлi жалпылаулар жоғары философиялық мәдениет бар жерде ғана мүмкiн. Сондықтан философия мен жеке ғылымдардың арақатынасы символикалық түрде бiлiм ағашы болып көрiнедiфилософия мұнда-өзек-дiнгек болса, ал жеке ғылымдар-оның сыртқы қабыршығы деуге болады (Р.Декарттың (1596-1650)-барлық философия ағашқа ұқсайды, тамыры-метафизика, орта бұтағы-физика, ал осы бұтақтан таралған бұтақшалар басқа ғылымдар). Өйткенi жеке ғылымдар дүниенiң тек жеке үзiндiлерiн ғана зерттейдi, ал философия болсашы сол ғылымдардың негiзгi даму бағыттарын ұйғарып отырады да, олар жасаған қорытындыларды қоғамдық-мәдени денгейде жалпылап, түсiндiрiп отырады.

Әрине философия ұлы данышпандардың өй-толғауларының туындап отыр, бiрақ  философияны субъективтiлiкке жатқызуға  болмайды (Ницше- философия жеке дара ойшылдың шығармашылығы деп есептеген), өйткенi философия тек форма жағынаң  субъективтi, ал оның мазмұны әрине  объективтi болып келедi. Ұлы философтардың жүйелерi ғылымилық өлшеуiшке әбден келiп тұр, ол рационалдық, объективтiлiк, жүйелiлiк,интерсубъективтiлiк.

Егер тарихқа жүгiнетiн болсақ, онда философия мен арнайы ғылыми бiлiмнiң арақатынасында үш кезеңдi аңғартуға  болады

1) ертедегiлердiң алғашқы бiртұтас  бiлiмдерiнiң жиыны барлық пәндердi  қамтитын «философия» немесе  «табиғат философиясы» деп аталды; бұл алғашқы бiлiм ғылым бастамалары  да, философия бастамаларын да  қамтиды.

2) бiлiмдердiң мамандануы, яғни жекеше  нақты ғылымдардың қалыптасып, бiртұтас  жиыннан бөлiнiп шыға бастауы,әсересе  16-18 ғғ. жылдамдата жүрдi.

3) Бiрқатар ғылымдардың теориялық  тарауларының қалыптасып, олардың  бiртiндеп интеграциялануы.19ғасырдан  басталған үшiншi кезең одан әрi жалғасуда.Соңғы кезеңде бұрынғы  дерексiз философиялықформада ғана  қарастырылып келген көптеген теориялық мiндеттердi ендi ғылым өз мiндетiне алды. Философия қайта ғылыми бiлiмдердi жалпылаудың негiзiнде шешушi тиiс екендiгi барған сайын дәлелдене түстi. Ал бұл философияның ғылымилық сипатың арттыра түстi.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Арман – мақсат болған кемел  қоғамға бет алдық. Жаңа қоғам  жаңа азаматты-рухани деңгейі биік, парасат -пайымы терең, ғылым мен мәдениеттің озық үлгілерінен сусындаған адам мұратын талап етуде. Өйткені адамзаттың ой-тарихы оның болмыс тарихымен астасып жатады: кемел қоғамды кемел ұрпақ қана жасайды. Ал кемелдікке адамзат баласы жасаған рухани игіліктерді бойға дарытпай жету мүмкін емес. Сондықтан адамды  «әлеуметтендіру», «тұлғаландыру» саласының мамандары алдында киелі де күрделі міндет – адамзат баласының рухани жәдігерлерін кейінгі ұрпаққа шашау шығармай жеткізу міндеті тұр.

Рухани өміріне үңілген  сайын адам ақылы мен парасаты байи түсетіні белгілі. Сондықтан адамзаттың ой-тарихы мен танымдық ұмтылысының көрінісі болып табылатын философияны оқып-үйрену – үлкен мектеп, терең рухани процесс.

Біздің заманымызда философ болмаса да, философиялық өмір стилін ұстанатын адамдар бар. Олардың ерекшелігі өмірге көзқарасында білімі жан-жақты, түрлі құбылыстардың себеп-салдары мен түпкі мәнін түсінетін, табиғи, әлеуметтік процестердің даму заңдылықтарын көре білетін және оларды өз өміріндегі құбылыстармен байланыстыра алатын, білімге пайда үшін емес, ақиқат пен кемелдік үшін ұмтылатын, жеке басының қажеттілілтері шектеулі, ал өзі ұстамды, өмірлік жағдайлардан қанықпайтын, кемсіту мен мақтауды, жолыболғыштық пен сәтсіздікті, қуаныш пен қайғыны, тіпті өлімді салқын сабырмен қарсы алатын адамдар.

Информация о работе Адам және қоғам өміріндегі философиялық мәселелердің өзектілігі