Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2012 в 17:48, реферат
Жалпылама философиялық мәселелер төңірегінде қоғам, қоғамның даму заңдылықтары адам мен қоғамның ара қатынасы. Қоғамдық қатынастар туралы ой-пікірлер алғашқы қауымдық қоғам дәуірлерінде қалыптаса бастаған. Осыған орай адамзаттың сана-сезімінде қоғам деген не?, ол қалай пайда болады?, қоғамның даму жолдары қандай?, қоғамдағы процестердің өзара байланыстары бар ма? деген сұрақтар туындаған.
Адам және қоғам мәселелері
Жалпылама философиялық мәселелер төңірегінде қоғам, қоғамның даму заңдылықтары адам мен қоғамның ара қатынасы. Қоғамдық қатынастар туралы ой-пікірлер алғашқы қауымдық қоғам дәуірлерінде қалыптаса бастаған. Осыған орай адамзаттың сана-сезімінде қоғам деген не?, ол қалай пайда болады?, қоғамның даму жолдары қандай?, қоғамдағы процестердің өзара байланыстары бар ма? деген сұрақтар туындаған. Осындай сұрақтардың негізінде адамдар бірлесе отырып бір қоғамға бірігіп өздерінің тұрмыс тіршіліктерін қалыптастыруға бет бұрып, қоғамның даму жолдарын өздерінің практикалық өмірлерімен байланыстырған. Сондықтан да қоғам дегеніміз- адамдардың өзара бірлесе отырып, саяси әлеуметтік, экономикалық және рухани іс-әрекеттерін атқаратын ортасы болып табылады. Қоғамдағы әр түрлі жағдайларды зерттеуде философия тарихында материализм мен идеализм бағыттарының арасында үздіксіз күрес жүріп келе жатыр. Материалистер қоғамды және оның даму жолдарын объективті құбылыстарға байланыстырып түсіндірсе, ал идеалистер сана-сезімге рухани әлемге байланысты мәселелермен түсіндіреді. Бұл жолда материалистік қоғам өмірін ғылыми тәжірибелер айқындаса, идеалистік бағыттағы қоғам мәселелерін дін тұрғысынан шешеді. Қалай болса да қоғамның дамуы ой еңбегі мен дене еңбегінің дамуына немесе еңбекші халықтың қоғам туралы ой-пікірлерінің, іс-әрекеттерінің дамуына себеп болды, яғни қоғамдағы өндірістік қатынастарды дамыта отырып, қоғамның адамзат өміріндегі мәңгі құбылыс екендігі дәлелденді. Қоғамның пайда болу жолында негізгі роль адамзат қауымымен тығыз байланысты. Өйткені адамзат өзінің жанұясынан бастап, белгілі бір ортада қоғамның пайда болуына түрткі болатын, жоғары рухани құндылық басым тұлға болып табылады. Сондықтан да адамзат қоғамда өмір сүріп, қызмет ете отырып қоғамның ажырамас бөлігі болып табылады.