Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Сентября 2013 в 12:34, реферат
аксиология
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтикалық Академиясы
Қоғамдық пәндер кафедрасы
Тақырыбы:Аксиология-
Шымкент 2012жыл.
Жоспар
Ι. Кіріспе.......................
ΙΙ. Негізгі бөлім.
2.1.Аксиология................
2.2.Натуралистік психологизм
2.3Құндылықтар
ΙΙΙ. Қорытынды.....................
IV.Пайдаланылған
әдебиеттер....................
V.Пікір.......................
Ι. Кіріспе.
Аксиология. Ғылыми-техникалық
прогресс және экология
Аксиология (гр axia - құндылық және logos- ілім)
- құндылықты зерттеу ілімі және олардың
нақты әлеммен қатынасы. Құндылық
түсінігі алғашқы рет Канттың философиясында
пайда болды. Ол үшін құндылық өзінше болмыс
болмайды, құндылықтың
алғышартты болмыс пен міндеттенуді ажырату
болады. ХІХ–ХХ ғасыр философиясындағы
ағымдар адамның жоғарғы рухани
қабілетін ерік деп, құндылық мәселесін
әлеуметтен тыс феномен ретінде қарайды.
Объективті-идеалистік философия
ағымдары, неотомизм, интуитивизм құндылықты
кеңістік пен уақыттан тыс тұрған о дүниелік
нәрсе ретінде түсіндіреді.
Логикалық позитивизм құндылықты сананың
құбылысы, адамның бағалайтын объектіге
субъективтік қатынасы деп санайды.
Құндылықтың натуралистік теориясында
адамның табиғи қажеттіліктерінің немесе
жалпы табиғат заңдарының көрінісі ретінде
таниды.
Құндылықтың маркстік ұғымы басқа философиялық
ағымдардан принципті түрде өзгеше. Ғылыми
түсіндіруде құндылық мәселесі
универсалдықтан арылған. Бұл мәселенің
астарында ғылыми жолмен шешілетін алуан
түрлі философиялық мәселелер жатыр.
Шындығында табиғаттан тыс немесе таза
табиғи қасиет болмайды, құндылық өзінше
ерекше әлеуметтік құбылыс. Табиғаттың
адамнан тыс ешқандай өзіндік құндылығы
жоқ, ал бағалау болса қоғамға тән әлеуметтік
қатынасты білдіреді.
Құндылықты жалпыадамзаттық, ұлттық, әлеуметтік
таптық, топтық және адамдық деп ажыратуға
болады, осыған байланысты
олардың мән-мазмұны, ауқымы, өзгешелігі
әрқилы болып келеді. Оның әр қоғамда,
әр халықта әртүрлі болуы заңды. Себебі
оларға табиғи және әлеуметтік орта, тарихи
ерекше даму, көрнекті тұлғалардың өсиеттері,
діни көзқарастар, алдына қойған
мақсаттары т.б. әсер етеді. Құндылық өз
тарапынан елдердің білімдерінің деңгейіне,
салалық бағытталуына, іздестіру
тәсілдеріне, басқаларға жеткізу әдістеріне
көп әсерін тигізеді. Өмірдегі маңызы
үлкен зат пен құбылыс терең зерттеліп,
оның
әр күйі жекеленіп, арнайы атауға (сөз,
термин) ие болады. Мысалы, түйе малы көшпелі
қазаққа өте құнды болды, сондықтан
оны 20-30 шақты атаумен нақтылайды, еуропа
халықтары оның ұрғашы немесе еркегі екенін
де ажырата алмай ересек және
бала түйе деген атаулармен шектеледі.
Құндылықтар тарихи дамып, заман талабына
сәйкес өзгеріп отырады. Құндылыққа тек
материалдық нәрсе емес, рухани
құбылыстар да жатады: этикалық, эстетикалық
принциптер мен нормалар, діни және ғылыми
қағидалар т.б. Қазіргі кезде
барлық адамзат үшін ерекше бір құндылыққа
техниканы жатқызу қажеттілігі туды.
Негізгі бөлім
2.1.Аксиология
Аксиология (грек, axios — құңды, logos — ілім) — құндылықтардың табиғаты, олардың әлеуметтік шындықта аталған орны және құндылық әлемінің құрылымы туралы философиялық ілім. Аксиологияның негізгі мәселесі — "Игілік деген не?" деген сұрақты алғашқы болып Сократ қойған. Платон философиясыңда құндылықтар жалпы ізгілікпен байланыстырылып, әмбебапты мәнге ие болды. Мәдениеттануда құндылықтар мәселесі ерекше орын алады, өйткені мәдениет адамзат жасаған барлық құндылықтардың жиынтығы деген түсінік кең тараған. Құндылықтардың болмыстық жалпы мәнін ашуға бағытталған Аксиологияның философиялық қырынан, оның мәдениеттанулық өлшемі өзгеше болып келеді. Аксиология әртүрлі өркениеттердің жетістіктерін, мәдени құндылықтардың қалыптасуын, нақтылы даму тектерін және бағдарларын айқындайтын білімдердің нақтылы-тарихи жүйесі ретінде көрініс тапты. Бұл әсіресе тарихи мөдениеттануда анық байқалды. Мәдениет — адамдық қарым-қатынастарды реттеудің маңызды тұлғалық әлеуметтік тетігі, ал құндылық — норма, үлгі, мұраттармен қатар осындай реттеу жүйесінің шешуші элементі екендігі белгілі. Сол себепті Аксиология әлеуметтік-мәдени талдаудың маңызды құралына жатады. Қазіргі мәдениеттануда құндылықтардың тарихтан тыс әмбебапты жүйелерінен бас тартып, тарихи әдістеме арқылы тең құқықты құндылықтар жүйелерінің молдығына негізделген мәдени-тарихи релятивизм мектебі (Дильтей, Шпенглер, Тойнби, Сорокин, т.б.) қалыптасты. Салыстырмалы мәдени зерттеулердің дамуы нәтижесінде кез келген мәдениет құрылымының, басымдылықтарының және мазмұнының салыстырмалылығы туралы идеялар (Боас, Риверс, Бенедикт) өрістеді. Сонымен қоса, Аксиологиялық плюрализм концепцияларының тарауы бұрынғы жалпы құндылықтар ілімінің негіздерін шайқалтып, олардың құрамына нақтылы тарихи-мәдени контекст енгізді. Қалыптар мен құндылықтар әрбір мәдениетке өзіңдік сипатымен айқындалғандықтан, бүкіл адамзатқа бірдей тұжырымдалған мәдениет кодексін ұсыну мүмкін емес. Алайда жалпы қоғамдық ынтымақтастық, үйлесімдік пен келісімді де бекерге шығаруға болмайды, яғни тұлға үшін ортақ мақсаттар да қажет (Клахкон). Аксиологиялық зерттеудің маңызды жақтарына психоанализ (Әсіре-Мен, Құндылық архетиптерін талдау — К.Юнг), құндылықтар сұхбаты (М.Бахтин), т.б. жатады.
Бұл мәселені құндылықтар
Құндылықтар мәселесінің XIX
ғасырдың ортасына дейін
2.2.Натуралистік психологизм
Натуралистік психологизм
Пермоналистік онтологизмнің
Құндылықтар өмір сүріп қана қоймайды,
сонымен қатар бір-бірімен салыстырыла отырып өзіндік
Әдебиеттерде құндылықтардың
Рух, руханият ұғымдарын нақтылай келе,
біз құндылықтар әлеміне келіп тірелеміз.
Оны зерттейтін философия саласын аксиология (aksios
- құнды, logos - ілім) дейді. Жалпы алғанда, құндылықтар
дегенде адам өмірінің бағытын
анықтайтын, оған керек, мәнді,
оның құрмет тұтатын,
керек болса, бас иетіннің
бәрін жатқызуға болады. Құндылықтар «лемінің
өмір сүруінің терең себептері адамның
өзінде, оның саналы пенделігінде, өмірдің
мән-мағнасын іздеуінде жатса керек. Өйткені
адам - ерікті пенде, ол өз тағдырын өзі
күнделікті өмірге келетін мүмкіндіктерді
таңдау арқылы жасайды.
Дүниенің екі жағын - материя мен рухты - бір-бірінен ажыратып, бөлек қарауға болмайды, біз оны жоғарғы тарауларда көрсетуге тырысқан болатынбыз. Адамның өзі, бір жағынан, дене болса, екінші жағынан, рух емес пе? Дегенмен де құндылықтар әлемін, негізінен, екіге бөлуге болады. Олар материалдық және рухани құндылықтар. Қайсыбір рухани құбылыс өмірге келу үшін заттанса, яғни материалдық қабыққа ие болса, онда шынайы өмірде материалдық және рухани құндылықтарды бір-бірінен қалайша айырып алуға болады? Оларды бөлудің негізінде адамдардың сан-алуан қажеттіліктері жатса керек. Қажеттілік деп адамның өмір сүруіне, оның жан-жақты дамуына керектінің бәрін айтуға болады.
Бүгінгі қоғамдағы адамдардың қайсыбірі рухани қажеттіліктерін оятып, ең жоғарғы сатыға көтерілді деп айту шындыққа жатпас еді. Өкінішке қарай, материалдық құндылықтарға құмартқан көпшілік бүгінгі таңда соның шырмауынан шыға алмай жатыр.
Егер қайсыбір жануардың
қажеттіліктері оның инстинктері арқылы
берілсе, адамның қажеттіліктері оның
сана-сезімдерінен өтіп, белгілі бір
мүдделерге айналады. Жануарлар бір
нәрсеге мүдделі деп айту ақылға
сыймайды, ол - тек адамға ғана тән
нәрсе. Өз мүдделерін іске асыру үшін
адам алдына неше түрлі мақсат-мұраттар
қояды. Соңғыны іске асыру жолында
адам өз ырқын шыңдап, неше түрлі
қиындықтардан өтуге дайын
III.Қорытынды.
Сөйтіп құндылық -
Аксиология теориясы туралы айту үшін
ол онтологиялық негіздерден өзінің салыстырмалы
еншісін алу керек еді. Сондықтан Антика
заманында өзіндік құрылымы бар, құндылықтар
туралы ілім - аксиология қалыптаса қойған
жоқ еді. Бірақ, құндылықтардың абсолютті
және салыстырмалы қасиеттері туралы
түсініктер ерте заманнан-ақ пікірталастар
туғыза бастады. Мәселен, Платон үшін ең
жоғарғы құндылықтар абсолютті түрде
өмір сүреді, ал софистер болса, өздерінің
атақты "Адам барлық нәрсенің өлшемі"
деген тезисі арқылы барлық құндылықтардың
адамдардың бағалауынан өтетінін білдіріп,
олардың салыстырмалы қасиетіне назар
аударған.