Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Мая 2012 в 12:51, реферат
Араб-мұсылман философиясы - Орта ғасырда мұсылман дінін қабылдап, араб тілін қолданған Шығыс халықтары ойшылдарының философия ілімдерінің жүйесі. Араб философиясы шығу тарихы мутазилиттер («ерекшеленушілер») қызметімен байланысты. IХ ғ-да арабтар антик. дәуірдегі жаратылыстану және философия ілімдеріне қатысты мұраларымен кеңінен таныса бастайды. Басты назарда Аристотель философиясы болды. Аристотель филос
I Кіріспе
II Ж.Болатовтың диалектология саласындағы еңбектері
III Қорытынды
IY Пайдаланған әдебиеттер тізімі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ
С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ
ШЫҒЫС
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Қазақ тілі және әдебиеті кадедрасы
РЕФЕРАТ
Ж.Болатов және қазақ
диалектологиясы
Орындаған: 1 курс ст. Алданыш.Е.
Тексерген:
жетекші Айтмұқашова А.А.
Өскемен,2012
ЖОСПАР
I Кіріспе
II Ж.Болатовтың диалектология саласындағы еңбектері
III Қорытынды
IY
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Жамалбек Болатов 1931 жылы 9 науырызда Жамбыл обылысы, Жамбыл ауданы, Бес жылдық ауылында туған. Филология ғылымдарының докторы 1971 жылы, профессор 1976 жылы Қазақ Педагогикалық Институттың филология факультетін пітірген. 1952 жылы, қазіргі Қазақ Ұлттық Педагогика Университеті және аспирантурасын 1955 жылы бітірген.
Қазақ
Педагогика Институтында 1954-1956 жылдары
оқытушы қызыметкерін және Қазақстан
Ғылым Акедемиясының қазіргі
Тіл білімі институының 1961 жылға
дейін Тіл және әдебиет институты
ғылым қызыметкерін атқарған. Сонымен
қатар 1956-1976 жылдар аралығында Қазақ Педагогика
Иститутының қазақ тілі кафедрасының
меңғерушісі қызыметтерін атқарды. 1970
жылы «Қазіргі қазақ тілінің шығыс говорлар
тобы» деген тақырыпта докторлық диссертация
қорғаған. Ж.Болатов 1978 жылы 6 тамызда
Алматы қаласында дүние салған.
Ж.Болатов
және қазақ диалектологиясы
Ж.Болатовтың негізгі ғылыми еңбектерінің негізгі бағыты қазақ тілінің диалектологиясы. Диалектілік жіктелісі айқын тілдердегі диалектердің саны ең кем дегенде екеу болады. Халық тіліндегі диалектердің жігі оларды бір-бірінен ажырататын белгілердің сипатына байланысты. Қазақ тіліндегі мұндай белгілер әр түрлі. Олар көбіне-көп тілдің дыбыс жүйесіне, граматикалық құрамына, сөз құрамына, қатысты болып келеді. Қазақ тұрмысына ең тән деген, ең дәстүрлі деген киіз үйдің өзін Жетісу өңірі қазақ үй. Сырдың төменгі бойы қара үй. Ойыл-Жайық жағы ағаш үй. Еділ маңы терме үй. Қазақстаның солтүстігі мен орталығы киіз үй деп атайды. Сол сияқты оңтүстік, оңтүстік-батыс қазақтарындағы етістіктің барың, келің секілді тұлғасы өзге өңірлерде ұшыраспайды. Халық тіліндегі осы секілді құбылыстарды жинап-теру, хат бетіне түсіру, олардың тілде өмір сүру тарихын, пайда болу жолдарын, таралу тегін анықтау-диалектология және тарихи диалектология болып бөлінеді. Дұрысында, бұлар бір ғылым нысанның екі түрлі әдіспен зерттелуі.
●Тарихи диалектологияның міндеті- жазба ескерткіштердегі және этнография, т.б. тарихи мәліметтерге сүйене отырып, диалектердің даму сипатын, қалыптасу тарихын ашу.
● Сипатама диалектологияның міндеті-диалектіле мен сөйленістердегі
ерекшеліктердің қазіргі жайы мен тпрплған көлемін сипаттап түсіндіру, әдеби тілден қандай ерекшеліктері бар екенін анықтау.
Диалектология қажеті материал экспедициялық жолмен ел арасынан жинау нәтижесінде және лингвистикалық география әдістерін қолдану арқылы жасалады. Зерттеушілер бұл екі әдісті көбіні бірлікте, бір-бірімен сабақтастыра алып қарайды. Қазақ диалектологиясы жөніндегі алғашқы талпыныс 1937 жылы Нарынқол, Кеген, Мақтаарал, Нұра аудандары қазақтарының тілінен дерек жинаудан басталды. 1944 жылы Ж.Досқараевтың қорғаған кандидатық, 1948 жылы С.Аманжоловтың докторлық диссертациясы қазақ диалектологияның ғылым ретінде дүниеге келуінің басы болды. Қазір қазақ диалектологиясы тіл білімінің дербес саласына айналды.
Ж.Болатов Монғол тілдерінен енген диалектаолгия сөздерді зерттеуі
Монғол тілдерінің қазақ әдеби тіліне де диалектілерге де тигізген әсері шамалы. Егер қазақ сөйленістерінде қазақ пен монғолдарға ортақ сөздердің барлығын монғол элементтері деп қарасақ, онда аяқ алып жүре алмаймыз, мәселен, әдеби тілдегі қап-қара, сап-сары, маңдай, құйқа, бауыр, қал сияқты сөздердің монғол тіліндегі хав-қар, шап-шар, магнай, хұйх, боор, хал деген баламаларына қарап, олардың бәрін монғол тілінен енді деуге сене қою қиын. Ол әлі дәлелдеуді керек етеді. Ж.Болатов Монғол Халық Республикасының Баян-Өлгей қазақтарының тілін сипаттауға арналған мақаласында төмендегі сөздерді монғол тілдерінен енген элементтер деп есептейді. Лоңқа – бөтелке, монғолша лонх, дөңсе – махоркадан орап тартатын шылым (дунс), бақчы – ұстаз (бахч), домбы – шәйнек, монғолша домбо.
Одан беріде Қазақстан территориясынан тыс аймақтардың ішінде Өзбекстан, Қарақалпақстан, Түркіменстан, Ресей қазақтарының тілі зерттеліп, монографиялық еңбектер жарық көрді. Ал шетелде тұратын диаспораның тілін зерттеуде тек Монғолиядағы қазақтардың тілі мен Ауған, Иран қазақтарының тілі ғана зерттеліп, ғылыми нысанаға айналды. Ал Қытайда тұратын қазақтардың тілі тек жекелеген мақалалар түрінде ғана көрініп келеді. Ол жайында Ш.Сарыбаевтың, Ж.Болатовтың және Б.А.Бафиннің бірқатар мақалаларында сөз болған. Бұл мәселе қытай тілші ғалымдарының да назарынан тыс қалмаған. Бұл мәселенің зерттелуі жаңа Жоңго құрылғаннан кейін, XX ғасырдың 50-ші жылдарында Қазақстанда өріс алған қазақ тіл білімінің диалектологиясы.