Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 21:06, реферат
Біздің дәуірімізге дейінгі УІІ-УІ ғасырларда Эллада полистерінде (қала-мемлекет) қолөнер, сауда, ақшалай-заттық қатынастар жоғары қарқында дамып, осы себептердің негізінде өзіндік талап-мүдделері ерекшеленген әлеуметтік топтар пайда болды.Евпатридтердің билігінің орнына мемлекеттік тирандық, кейінірек келе, құлдық демократия түрлері дүниеге келді.Азаматтардың қоғам сатысында алатын орны шығу тегіне байланысты болмай, олардың мүліктік жағдайымен байланыстырылды.Осы себептер ой еңбегі мен дене еңбегінің бөлінуіне, осы негізде таза зиялылар қауымының пайда болуына, әртүрлі әлеуметтік топтардың талап-мүдделеріне сай саяси- әлеуметтік, философиялық көзқарастардың қоғамдық сана ретінде қалыптасуына әкеліп соқты.
Парменидтің ілімін әрі қарай жалғастырушы, оның шәкірті, Элеаттар мектебінің көрнекті өкілі - Зенон (шамамен б.д.д. 490-430жж.) болды. Негізгі еңбектері: «Философтарға қарсы», «Табиғат туралы». Бұл еңбектері толық сақтамаған , бізге тек фрагмент күйінде ғана жеткен. Зенон Парменидтің болмыс жалқы, біртұтас және қозғалмайды деген пікірін басқа жолмен дәлелдеуге тырысады. Егер Парменид өз дәлелін болмыстан бастап, көзге көрінетін және көрінбейтін әлемді қарастырумен аяқтаса, Зенон, керісінше, өз дәлелін көзге көрінетін, ақиқатқа жатпайтын әлемнен бастап, болмыс әлемін қарастырумен аяқтайды. Оның пікірінше, физикалық әлем қарама-қарсылыққа толы, сол себепті ол ақиқатқа жатпайды, ол нағыз ақиқат біздің түйсінуімізден тыс жатқан әлем, ол - болмыс.
Болмыстың жалқылығын және
біртұтастығын Зенон өзінің атышулы
тәсілі «эпихейрема» алқылы дәлелдемек
болды. Бұл тәсілдің мәні - тікелей
дәлелдеу тәсілінің орнына кері бұрмалап
дәлелдеудің негізінде
Екінші эпихейремада былай делінеді: Егер болмыс шексіз көп болса, онда ол үлкенді-кішілі болып бөлінулері керек.Үлкен болғанда соншалықты шексіз үлкен, ал кіші болғанда, соншалықты мөлшерсіз кіші болуы мүмкін. Ал егер шексіз көп заттар бөлінбейтін болса, онда олардың мөлшерлері жоқ болғаны. Себебі, ол заттар шексіз кіші. Ал егер олар шексіз бөлінетін болса, онда олар шексіз таусылмайтын бөліктерден тұрады да, шексіз үлкен болады.
Дүниеде бар нәрсенің мөлшері болады, ал мөлшерлі нәрсенің денесі болады. Егер бөлшектері жоқ нәрселер - өте мәнсіз құбылыс болса, онда сол бөлшектенбейтін және өте мәнсіз құбылыс - Парменид айтқан біртұтас, жалқы болмыс, - деп дәлелдейді Зенон.
Болмыстың қозғалмайтындығын
Зенон өзінің «Дихотомия» (ортасынан
қақ бөлу), «Ахиллес және тасбақа», «Жебе»,
«Стадион» деген апорияларына (шешілмейтін,
лажсыз жағдайлар) сүйеніп, дәлелдемек
болады.Зенон элеаттардың
Зенонның қойған біртұтастық пен шексіз көптік, қозғалыс пен тыныштық сияқты мәселелері ғасырлар бойы талай ғұламаларды ойландырып, олардың философиялық іздестірді.