Араб философиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 14:24, творческая работа

Описание

№ 1 Мәселелі сұрақ (есеп) Екі дос бір қызға ғашық болады. Екеуі не істерін білмей әбден сасады, өйткені екеуіде бір - бірінің көңілін қимайды
№ 2 мәселелі сұрақ - Арабтілді философия
3.Классикалық кезең(VIII-Xғ )

Работа состоит из  1 файл

7.pptx

— 1,008.29 Кб (Скачать документ)

Араб философиясы 

№ 1 Мәселелі сұрақ  (есеп) Екі дос бір қызға ғашық болады. Екеуі не істерін білмей әбден сасады, өйткені екеуіде бір - бірінің көңілін қимайды

Осылайша олардың қысылып  жүргенін сезген қыз оларға мынадай  талап қояды:

Кімнің аты озып келсе  мен, соның қалындығы боламын. Сөитіп екі дос ерсілі-қарсылы атпен  жарысып жүреді. Бұны  байқаған бір  қария  екеуінен жөн сұрайды. Екі  дос мән-жайды түсіндіреді  Дана қарт  оларға кенес береді . Ол қандай кеңес еді? Кеңес берген Дана қарт кім еді?

Әл-Фараби өзінің “Бақытқа апаратын жол атты енбегінде  бақытқа жетудің жолдарын көрсетеді”. Философтың пікірінше  бақыт дегеніміз не және оған қалай  жетуге болады?

 

№ 2 мәселелі сұрақ 

Арабтілді философия

 

          Арабтардың ықпалында болған  және Орта Шығыс халықтары  мен арабтар жасаған философияны  айтады. Ортағасырда философияны  негіздеуге атсалысқандар түрлі  ұлттардың өкілдері болғанмен  өз еңбектерін бәрі де араб  тілінде жазғандықтан, “араб философиясы”  емес, “арабтілді философия” деп  атау қабылданған.

 

Орта ғасырлық арабтілді философия дамуы

 

1.VII-IXғғ – арабтілді философияның тууы мен қалыптасуы

2.IX-XVғғ –арабтілді философияның ежелгі грек философиясын қабылдауы, игеруі. Арабтілді философияның араб-грек философиясына айналуы.

 

 

Мутакаллимдер мектебі 

 

Мутазилиттер мектебі

 

суфизм

 

          Радикалды исламды жақтаушылар. Мутакаллимдер мектебінің өкілдері исламның діни догмаларын  негіздеп, араб-ислам схоластарының рөлін атқарды.            

 

 Ислам философиясын дамытқанымен, кейбір мәселелерді материалистик тұрғыдан түсіндірді. Мысалы:

1.Исламның дамуының жаратылуы, дүниенің шығуы, тағдырдың жазылуы, т.б. туралы догмаларды рационализм мен материалистік тұрғыдан түсіндірді;

2.Құдай туралы антропоморфты түсінікті(Құдайдың адам бейнелілігін) терістеді;

3.Құдай мен Әлемді бір деп жариялады;

4.Адам ақылының күшіне сенді;

5.Адам танымының күші мен мүмкіндіктеріне сенді.

 

(“суф” – “жүн шекпен киген адам”; “саф”, “сафа”- “тазалық”; “сафуа”- “таңдаулы болу” деген мағыналар гректің “софос”- “даналық” сөзінен алынған). Суфизм – адамның өз еркімен сыртқы дүниеден, бұ дүниелік қызықтан бас тартып, өз өмірін Құдай жолына арнау. Суфизм аскетизм, мистиканы жоғары игілік деп есептейді.

 

 

Бірінші кезеңдегі негізгі бағыттар:

II ғасырда европаландырылған арабтілді философияының қалыптасуына үлес қосқан философтар:

    • Әл Кинди
    • Әл Фараби
    • Ибн Сина(Авицина)
    • Ибн Рушд(Аверроэс)

 

1. Медицина мен жаратылыстану саласындағы жаңалықтар нәтижесінде материалистік идеалардың күшеюі;

 

2.Ежелгігрек философиялық идеаларының енуі нәтижесінде араб философиясына айналуы;

 

IX ғасырда араб философияның жаңа, II кезеңі басталады

Мұсылман  философиясының түрлері

 

  Мұсылмандық философияның ең бірінші түрі КАЛАМ деп аталады.  Xғ мұсылмандық (Батыс және Шығыс) перипатетизм(аристотелизм) дамыды. Мұсылмандық философияда маңызды орынды мистикалық философия(суфизм) иеленді. Калам VIII-XV ғ мұсылмандық философиядағы ағымның атауы(арабтың “калам” сөзі “әңгіме”, “ойтолғау” мағынасын береді). Каламды жақтаушылар мутакаллимдер деп аталады. Каламды жақтаушылар мутакаллимдер деп аталады. Каламды “мұсылмандық схоластика” деп атауға болады: калам исламдағы діни идеаларды рационалды тұрғыдан негіздеудің алғашқы талпынысы. Ортағасырлық дәуірдегі европалық схоластика сияқты, калам да мұсылмандық мәдениетте “құдайтанудың қызметшісі” рөлін атқарады.

 Калам да христиандық философия сияқты, антикалық философияға екіұдай қатынасты ұсынады: мұсылмандық ойшылдардың бірі антикалық философияны білу-діни сенім ақиқаттарын терең түсіну үшін қажет деп санаса, екіншілері философияны білу қажеттінің бәрі Құран деп сенді. Араб авторларының бірінде калам туралы: “калам – философтардың метафизикасын терістеу үшін – Құдай, оның атрибуттары және ислам заңдары бойынша болуы мүмкін, нәрселердің шарттары туралы ілім” деген анықтама берді.

  1. Каламның даму тарихы мынандай кезеңдерге жіктеледі:

Алғашқы кезең (VII соңы-VIII ғ басы аралығы). Өз дамуының алғашқы кезеңінде калам мұсылмандық құдайтану шеңберінде дамыды. Бұл кезеңде иудаизм мен христиандық діндер өкілдерімен жүргізілетін полемика маңызды орында. Кең талданатын орталық мәселелерге мыналар жатады:

Үлкен және кіші күнәлар мәселесі. Олардың ара-жігін ажырату және ұлы күнә жасаған адам статусы, яғни содан кейін де ол мұсылман болып қалама?

Құдіреттің  жазуы-ислам догматтары бойынша Алла әрбір адамның тағдырын ол туылғанға дейін белгілеп қояды. Құдіреттің жазуын мойындау адамның өзі жасаған әрекеті мен күнәләрі алдыңдағы жауап кершілік туралы мәселе қояды: “Адамның күнәға бататындығы Алланың жазуы болса, сол үшін адам жауапта ма? Жоқ па?”

 

 

2.Мутазилиттік кезең(VIII-Xғ ортасы)

 

         Мутазилиттік кезең Хасан аль Басри(728ж дүние салған) мен оның шәкірттері әрекеттерінен басталады.

          Ежелгігрек философиясынның әдістері  мен идыаларын философиялық зерттеуге  қолдануды дәл осы мутазилиттер  бастады. Сондықтан мұсылмандық  философиядық философияның тарихы  белгілі дәрежеде ислам теологиясынан  бөлініп шыққан мутазилиттерден  басталады деуге болады.

    • Мутазилиттер Құранды догма ретінде қарастыруға қарсы шығып, оның оның аллегориялық тұрғыдағы түсіндірмелік сипатын жақтады.
    • Құранның мәңгіліктігі тезисіне қарсы шығып, оның жаратылғандығы идеасын жақтады.
    • Олар құдіретті жазу догматына қарсы шығып, адам еркінің бостандығы идеасын демек, адамның өз іс әрекетіне жауаптылығын қорғады.
    • Мутазилиттер дүниенің атомарлы құрылымы туралы түсінікті жақтады; атомдар – әрқайсысын әрдайым Алла  басқарып отыратын бөлшектер деп түсінілді.

 

 

Мутазилиттер  жиі талдайтын мәселе қатарына Жаратушы мен алғашқы жаратылу, және Құдай  атрибуттары туралы  сұрақтар енді. Ортодоксалды каламның классикалық кезеңінің негізін қалаушы – өз әрекетін мутазилит ретінде бастаған әл-Ашади (873-935), Матуриди (941) және әл-Газали (1058-1111) болып табылады.

      Ортадоксалды каламның толық қалыптасу уақытын Халиф әл Каирдің 1041жылғы мұсылмандық “сенім символдарын” жариялап, келіспеушілермен пікір таластыруға тиым салатын жарлығымен байланыстырады.

 

 

3.Классикалық кезең(VIII-Xғ )

    • Түрік тілдес философияның қалыптасуы.  
       

 

 

Ақынның «Құтты білік» поэмасынан басқа жазған көптеген рубаилары да болған. Мысалы, Наманган қолжазбаларының ішінен оның 600 жолдан астам рубаилары табылған. Олардың да поэзиялық көркемдігі жоғары, философиялық толғамдары терең.

 

Негізгі еңбегі «Диуани лұғат ат-түрік» («Түркі сөздерінің жинағы») деп аталады. Сөздікте ерекше тәлімдік-тәрбиелік, ғибарттық мәні бар мақал-мәтелдер мен қанатты сөздер жиі кездеседі: «Ақылымды ал, ұлым менің, рақымшыл бол, әулетіңнің ағасы бол, ақылшы данасы бол, білгеніңді ортақтас…» , «Ұлым менің, ақыл сенің серігің», «Ашу-ыза ақылыңды алады, мажыма мылжың дүниеңді тарылтады».

 

 

Ахмед Иүгінеки қысқаша тақырыптарға бөліп, ислам құндылықтарына негізделген өлең-жырларын өмірге келтіре бастайды. Кейін бұл жәдігерліктердің басы біріктіріліп, “һибуат-ул-хақаиқ” (“Ақиқат сыйы”) деп аталатын дидактикалық өлеңдер жинағына айналған. Мазмұны, танымдық нәрі жағынан алғанда “Ақиқат сыйы” — Әбу Насыр әл-Фараби, Махмуд Қашқари, жылы Баласағұни, Қожа Ахмет Иасауи мұраларымен іштей астасып, 9 — 13 ғ. аралығындағы түркі дүниесінің рухани қазыналарының жарқын туындысына айналды.

 

Қожа Ахмет Йассауи– түркістандық ғұлама, әулие. Қожа Ахмет Йассауидың арғы тегі қожалар әулеті. Әкесі – Исфиджабта даңққа бөленген әулие, Әзірет Әлінің ұрпағы Шейх Ибраһим. Анасы – Мұса шейхтың қызы Айша (Қарашаш ана). Мұса шейх те Исфиджабта әулиелігімен танылған. Оның бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы — «Диуани Хикмат» (Хикмат жинақ). Бұл шығарма алғаш рет 1878 ж. жеке кітап болып басылып шығады. Содан кейін ол Ыстамбұл, Қазан, Ташкент қалаларында бірнеше қайыра басылады. Соның бірі 1901 ж. Қазанда Тыныштықұлының қазақтарға арнап шығарған нұсқасы болатын.Төрт тармақты өлеңмен жазылған бұл шығармасында ақын өзінің бала күнінен пайғамбар жасына келгенге дейін өмір жолын баяндайды, тіршілікте тартқан азабын, көрген қайғысын айтады, бұхара халыққа үстемдік жүргізуші хандардың, бектердің, қазылардың жіберген кемшіліктерін, жасаған қиянаттарын сынайды, бұл фәнидің жалғандығын білдіреді.«Диуани Хикматтан» түркі халықтарына, соның ішінде қазақ халқына, ертедегі мәдениетіне, әдебиетіне, тарихына, этнографиясына, экономикасына қатысты бағалы деректер табуға болады.

 

Әдебиеттер:

 

    • Негізгі:
      • Ахмет Иассауи Диуани хикмет Қазан 1964.
      • Баласағұн Ж. Құтты білік Алматы 1986
      • Қашқари М. Түбі бір түркі тілі Алматы 1993
    • Қосымша:
    • Әбішев Қ. Ерғалиев У. Әлеуметтік философи. Хрестоматия Алматы, 1998
    • Ғабитов Т., Мүтәліпов Ж., Құлсариева А. Мәдениеттану негіздері Алматы 2000
    • Алтай Ж., Қасабек А., Мұхамедәли Қ., Философия тарихы Алматы 1999
    • Қоңыратбаев Ә., Қоңыратбаев Т. Көне мәдениет жазбалары. Алматы 1991
    • Келімбетов М. Ежелгі әуір әдебиеті Алматы, 1991

 

    • Бақылау сұрақтары (кері байланыс)
        1. Перипатизм деген не
        2. Не себепті Әл Фараби Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанды
        3. Ибн Рушдтың «Екі ұдайы» ақиқатының мәні неде
        4. Суфизм философиясын дамытудағы Ибн Араби мен Әл- Ғазалидің үлесі
        5. Суфизмнің негізгі рухани құндылықтарын атаңыз
        6. Ахмет Иассаумдың суфисттік ілімінің түп негізі
        7. Батыс елдерінің философиясына суфизмнің әсері болды ма
    • Ж. Баласұғынның «Құтты білігі» туралы не ой түйдіңіз

 

Назар  
салғандарыңызға 
рахмет!!!


Информация о работе Араб философиясы