Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 14:30, реферат
Мұсылмандық Шығысты зерттеумен айналысқан тарихи-философиялық және мәдениеттанымдық еңбектерге қарағанда ислам әлемiнiң данышпандары ерте грек ғылымы мен философиясымен қатар алдыңғы Азия, Орталық Азия және Шығыс мәдениетi мен философиясын қабылдай отырып, философиялық дәстүрлердi онан ары жалғастырған. Егер ортағасырлық Батыс Европада христиандық дiндi идеологияландыру, философиялық интоксикациялау және негiздеу процесi жүрiп өтсе, ал мұсылман аймағында, әсiресе VII-X ғасырларда философия мен ғылым өзiнiң гүлденген кезеңiн бастан кешiрдi.
Мұсылман әлемiнiң көптеген философтары адам сүбъективтiгiнiң адамгершiлiк қасиеттерiне үлкен көңiл бөледi. Әл-Фарабиден бастап мұсылман әлемiнде жалпы адамзаттық маңызды мәселелердi шешу барысында адамның адамгершiлiк қасиеттерiнiң маңыздылығын алға тартатын дәстүр қалыптасқан. Ортағасырлық мұсылман философтарының бұл идеялары жетiлген адам туралы идеяның қалыптасуының алғышарты болып қызмет еттi. Олар үшiн мұндай адам гуманист болып саналды, оның қылықтары, әрекетi мен позициялары қоғамның рухани-адамгершiлiк өмiрiне ықпал ететiн болғандықтан бiлiмдiлiк пен тәрбиелiлiктiң көрсеткiшi болды. Бекерден-бекер әл-Фараби, Ж.Баласағұн, А.Йугнеки, А.Яссауи сияқты түрiк философтары әдепке үлкен көңiл бөлмесе керек. Әдеп идеясын суфизм философиясы да басты назарға алады. Нақты өмiрдегi рухани бөлектенудiң, мемлекеттiк және құқықтық нигилизмнiң орын алатынын ескере отырып, суфизмнiң идеялық данагөйлерi рухани-адамгершiлiк тұрғыда толысудың жолын ұсынады. Осы парасаттылыққа жеткен адамға ғана ақиқат ашылады. Бұл ақиқаттың мәнi Құдайға деген сүйiспеншiлiк, барлық әлем мен оның өзгерiстерiн Құдайға тән құдiреттi сұлулықтың феноменi, “әсем тазалық пен асқақтық” арқылы түсiндiрiледi. Сопылардың пiкiрiнше, бүкiл дүние құдаймен толық бiрегей. Әлем мен адам - Құдай мен Ақиқаттың, Құдай мен Құштарлықтың бiрегейлiгiнiң көрiнiсi. Мәндiлiктiң Тұтастығы теориясы (вахдат аль-вуджуд) барлық нәрсенiң құдай екендiгiн мойындайды. Барлық бар нәрсе Мәндiлiктiң Тұтастығында бар, демек ол құдай. Бұл бiрлiк құштарлық арқылы ғана жүзеге асады, ол жаратылғанды жаратушымен, ғашықтарды құдай-құштарымен байланыстырып, ақырында олардың Мәндiлiк Тұтастығында толығымен қосылуға алып келедi. “Ана-аль-хакк” - “Мен құдаймын” – дейдi сопылар. Суфизмнiң ең көрнектi өкiлдерi қатарына Қ.А.Яссауи (оның философиялық көзқарастары туралы мына кiтаптан оқуға болады: Қасабек А., Қасабек С. Искание истины. А., 1998), А.Йугiнеки (ХIғ), Шабустари (1320ж қайтыс болды), әл-Хуруфи (1339-1393/94), ибн Араби (1165-1240), Мағриби (ХVғ), Әнуар Қасими (ХIVғ), Рузбехан Богли (ХVIIIғ) және т.б. жатады. Осы және тағы басқа суфизм философтары Барлығына тән және Бiртұтас Құдай туралы ойды дамытып қана қоймай, рухани жетiлген адам туралы, олардың өмiрде әдiлетсiз мемлекетке, қоғамның азғындауына үнемi қарсы тұратыны туралы идеяларды да насихаттайды. Зұлымдыққа белсендi түрде бұзу-қирату тән – деп пайымдайды сопылар, - ол жүрегiнде құдайға деген сүйiспеншiлiгi жоқ адамдарды дереу өз қатарына тартып алады. Мұндай адамдар осының ықпалымен әрекет етiп, әртүрлi қылмыстар мен жамандықтар жасайды. Адамгершiлiктiң таяздығы, ниеттiң арампиғылдылығы, сананың тұрпайылығы адамды Құдайға деген сүйiспеншiлiктен алшақтатып, бiреудiң қайғысы мен қасiретiне бей-жай қарайтын адамға айналдырады. Мұның бәрi адамның қылығына, жүрiс-тұрысына өз ықпалын тигiзедi. Азғындық, арам пиғыл, сананың таяздығы өмiрдiң барлық қырына, саясатқа, құқыққа, дiнге зиянды әсерiн тигiзiп, мемлекеттегi әдiлетсiздiкке, берекесiздiкке әкеледi.
Деградациядан, апатиядан, нигилизмнен шығатын жол сопылардың пiкiрiнше, Құдайға бетбұруда, Жаратқанға деген сүйiспеншiлiкте, рухани жетiлген адамды тәрбиелеуде. Егер бұл жетiлген адам мұсылман рационалистерiнiң ұғымында моральдық-этикалық сипатта болса, ал сопылар үшiн онтологиялық, космологиялық және танымдық сипатта болады. Суфизмнiң негiзiн қалаушының бiрi Мухий—д-Дин ибн Араби жетiлген адамды дәл осы аспектiде қарастырады. Онтологиялық қырынан алғанда әдеп – бұл универсалды нақтылық (логос). Онда феноменалды болмыстың дифференциалды емес және потенциалды жағдайларындағы барлық түрi сақталған. “Адамда әлемдегi барлық мәндiлiк потенциалды түрде жинақталады” (ибн Араби), одан ғарыштың бүкiл алуан түрлiлiгi туындайды. Адам-логос—бұл әлемнiң алуан түрлiлiгiн келтiрiп шығаратын монада. Екiншi тұғыр—ғарыш. Ғарыштың өзi жетiлген адамның бiр келбетi ретiнде қарастырылады. Адамның өзi - әлемдегi барлық нәрселердiң iшiндегi ең жетiлгенi, және ол Ғаламның көшiрмесi сияқты жетiлген адамның ерекшелiгi сонда, дәл осы адамнан абсолют өзiн тани алады, дәл адамда ғана құдайдың барлық қырлары синтезделедi. Адам эзотериялық бiлiм арқылы ғана құдаймен Тұтастыққа қол жеткiзедi және тұтастықпен сүйiспеншiлiк экстазында қосылады. Сонымен адам гнозисте (танымда) Тұтастықпен өзiнiң субстанционалды бiрлiгiне қол жеткiзедi, әлемдiк процестермен үйлесе отырып, Ғаламның жалпы ырғағына енедi, әлемдiк бүтiндiктiң бiр бөлшегiне айналады. Дәл осы жағдайда ғана адам толық еркiндiкке жетедi. Ибн Араби дiни төзiмдiлiктi уағыздайды. Ол дiннiң адамдарға үстемдiк ету мақсатында қолданылуына қарсы шығып, бүкiл дiндер мен наным сенiмдердiң теңдiгiн жариялады. Бұл идея гнозис принципiнен келiп шығады, өйткенi гностик өзгелерiн терiске шығара отырып, бiр ғана наным сенiммен өзiн шектемейдi, себебi әрбiр құдiреттi нәрседен ол құдайды көре алады. Құдай өзiн әртүрлi формада көрсетедi және барлығында да оның құдiреттi қуаты мен сұлулығы көрiне алады. Ибн Арабидiң плюрализмi барлық дiндердiң тең құқылығын, әрбiр адамның жеке сенiмiне құқықтылығын мойындауға мүмкiндiк бередi. Ибн Арабидiң тұжырымдауынша құдайға барудың жолы әртүрлi, бiрақ оның бәрi ақыры соңында Тұтастықты мойындауға әкеледi. Әралуандылық пен айырмашылықты көре бiлу және осы айырмашылықтан Тұтастықты аңғарып, оған құштар болу – мiне, осы әдепке тән қасиет. Егер құдайға деген сүйiспеншiлiк жетiлген нағыз, шынайы болса, онда бұл құштарлықтың нәтижесiнде Құдаймен бiрiгуге адамның қолы жетедi. Ибн Арабидiң пiкiрiнше, сүйiспеншiлiк ғашықтық себебi және қозғаушы күшi болып табылады, онсыз ешнәрсе де өмiр сүрмес едi.
Суфизмнiң көптеген идеяларын мұсылман әлемiнiң әл-Газали сияқты iрi теологы да қостады. Әл-Газалиге дейiн өмiр сүрген ойшылдар да, оның замандастары да мемлекеттiк құрылым мәселесiн айналып өте алмады. Әл-Газали өзiнiң бiрқатар жұмыстарында мемлекеттi басқару мәселесiнде сұлтанға ұсыныстар бередi, сұлтанның нақты билiгiн заңдастыру негiзiнде оны нығайту мәселесiн көтерiп, халифты сынайды. Газали халиф пен сұлтан арқатынасы мәселесiн жан-жақты сипаттап, имамат теориясын дайындайды. Газалидiң пiкiрiнше, мемлекет ислам мен мұсылманша өмiр сүру тәртiбiн қорғауға тиiс. Ол өзiнiң “Философтарды терiстеу” деген еңбегiнде Фарабидi, ибн Синаны сынап, оларға өзiнiң “әлемнiң ешнәрседен жаратылысы” туралы идеясын қарсы қояды. Бұл идеяда ол бүкiл қоршаған әлемге өзiнiң ықпалын жүргiзетiн құдайдың шексiз еркi туралы ойды негiздейдi. Газали Фарабидiң, ибн Синаның ақыл-ойдың рөлi туралы позициясымен келiспейдi. Мистиктiң пiкiрiнше, ақыл-ой тек реттеушi рөлдi ғана атқара алады, ол бiздiң iзденiсiмiздi мақсатқа қарай бағыттай алғанымен, мәндiлiктi ешқашан да аша алмайды. Мәндiлiктi танудағы жалғыз тәсiл өзiне-өзi терең бағытталған мистикалық жағдай, сонда ғана мәндiлiк ашылады. Бұл мәндiлiк - Құдайдың болмысы.
Сопылық
философия европалық
ЖОСПАР
Кіріспе 2
Мұсылман әлемiнiң философиясы 2
Ислам философиясының негiзiн қалаушылар 3
Араб елдерінің философтары 7
Қолданылған әдебиеттер тізімі 13
Болат-Канал. «Әбу Әли ибн Сина»
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АҚ «АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯ АКАДЕМИЯСЫ»
Конференция
Тақырыбы: Араб-мұсылман философиясының ерекшелігі.
Орындағандар: Шынтаева А.
ДЭМх-09.каз
Тексерген: Төлепбергенова Е. Ж
Алматы, 2011ж.
Информация о работе Араб-мұсылман философиясының ерекшелігі.