Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2012 в 20:15, реферат
Қазақ халқын тану үшін оның ұлтының бойына сіңген ұлы данышпан даналардың қалыптастырған ғасырдан-ғасырға ұласқан, ғасырлар бойы қазақ халқының қойнауын бойлаған даналық рухын тануға міндетті. Қазақтың даналық рухы даналық дүниетанымы басқа елдерде қайталанбайтын төл тума өнерінде мақал-мәтелінде, аңыз әңгімелерінде шешендік өнерінде, рухани құндылығында жатыр. Қазақтың кең байтақ даласы тау-тасы, топырақ жануары оның дүниетанымдық көзқарастарында ерекше орын алған
Ақырында бір қарт адамға жолығып әрбір қаладан үй сал дегеніміз, әр қалада өз үйіңдей үйің болсын деген сөз. Апта сайын қыз ал дегеніміз сен алған жолдасыңды жаңа ғана алғандай көрсең өмір бақи сыйлап өтесің деген мағынада деп таныған екен. Ал не жесең де, бал же дегені өзіңнің адал еңбегіңмен же, сонда ол бойыңа балдай сіңеді деген мағынада айтылған екен. Өмірде еш нәрсе адамға дәлме-дәл күйінде айтылмайды. Сондықтан біз кейде шатысып жатамыз. Өмірдің өткелінің қайда екенін білмей аяғымызды шалыс басатын себебіміз сондықтан.
Қожанасыр ілімін көбіне біз жай ысқақ ретінде көреміз. Шындығында онда да үлкен философиялық ой жатыр.
Мысалы: Қожанасыр қаншама жыл намаз оқып, Аллаға құлшылық етіпті. Олар кедей болған екен. Бір күні оған жұбайы ұрысып, сенің намаз оқып, Аллаға табынғаның қайда, бізге Алланың бергені қайсысы-деп ұрысады. Қожанасыр үйінен шығып, үйін шатырлап жатқан бір адамның жанына келіп Аллаға жалбарынады.
Ей,Алла маған бере көр,- деп. Сонда үйін шатырлап жатқан адам оған ақша береді. Қожанасыр риза болып үйіне қайтады. Екі-үш күн өткеннен кейін Қожанасырдан қайта ақшасын сұрап келеді. Сонда Қожанасыр тұрып мен сенен сұрадым ба? Мен Алладан сұрадым. Алла сенің қолың арқылы маған берді -деп жауап береді. Қазақ халқының мақал-мәтелдерінде де үлкен философиялық мәселелер жатыр.
"Сусыз жерде қамыс жоқ, азған елде намыс жоқ". Бұл мақал да халық даналығынан туындаған. Расында сусыз жерге қамыс өспейді, азған адам на-мыстың не екенін білмейді. Азған деген сөзді бұл жерде адамның намысын ояатардай, адамға жанына түрткі боларлықтай сөз. Қазақ халқы дана, әсіресе ешбір халықтың тіліне аударылмайтындай, өзіміздің ұлтымызға ғана тән халық даналығында кейбір сөздер бар. Көбіне сол сөздерді біз мақал-мәтелдерде кездестіреміз. "Бидай сен қашқанмен қайда барасың, сенің ор-ның диірмен". Адамның тағдырында біз түрлі жазымыш заңдылықтарын көреміз. Кейбір кезде біз қанша бұрмаласақта бұрмалауға келмейтін тағдыр бар. Жазмыштың жазған жазуы бар. Адамның басына жазған жазымышы бар. Сол жазымыштан ешкім қашып құтыла алмайды, бас тарта алмайды. Халықтық дүниетанымда ерекше көзқарастар түсініктер қалыптасты.
Ақтүйенің қарыны жарылды-деген секілді. "Алла жарылқады" ісіміз оңға басты деген мағынада айтылған сөз. "Жақсының жақсылығы жақынына білінбес, шамның жарығы түбіне түспес" -деген секілді. Туысыңа істеген жақсылық ол саған бір міндет секілді болып көрінеді, ал оған сен қанша жақ-сылық жасасаң да білінбейді. Қазақтың даналығы осы емеспе. Тіпті өзіңді өзгедей сезінуге, туыстықққа бірлікке шақырады. Сен өзіңнің туған туыстарыңа ғана емес, жалпы адамзатқа ортақ мүддеде өмір сүр деп біледі.
Оны мына сөзден аңғарамыз. "Жақсылыққа жақсылық әр адамның ісі, жамандыққа жақсылық ер адамның ісі". Расында жақсылыққа жақсылық істеу кез-келген адамның парызы. Ал жамандыққа жақсылық істеу, кез-келген адамның қолынан келе бермейді. Осыған байланысты "өзінің көзіндегі бөренедей затты көрмей біреудің көзіндегі қылтанаққа көзі түсті"-деген халық даналық сөзі бар. Кейбір адамдар кейде өзінің кім екенін білмей басқа біреуге ақыл айтып, басқаны сынап жатады. Сондықтан адам ең бірінші өзінің кім екенін тануы шарт. Содан кейін барып қана әрекет ете білу керек. Бір адам бір адамның айнасы деген сөз тегін айтылмаса керек.Адамзат өмірінде аса маңызды өзіндік өзгешелігімен анықталатын қазақ философиясында бұл категориялардың алатын орны ерекше.
Қазақ халқының шығармалары дүниетанымдық, даналық мәселелерге толы.
Бір күні бір адам кедей болады. Ол жол бойында келе жатып ей құдай-ай мені соншама бейшара қылып жараттың ғой деп қатты налыпты. Жүріп келе жатып қатты ренжіпті. Аяғына киіп жүрген кебісіде жыртылып қалыпты. Ең құрмаса маған аяағыма киетін кебісімді де түзу қылып бермеді деп айқайға басып келе жатады. Сөйтіп ұзақ жол жүріп келе жатса жол бойында аяғы жоқ адамды көріпті. Сөйтіп ол өз тәубасына келеді. Тәуба мен аяғыма киетін кебіс үшін жылап жүрсем, оның кебіс киетін аяғыда жоқ екен ғой деп. Міне халық даналығы. Мақал-мәтелдер, ертегілер, халықтық шығармалар данышпандықтың сүзгісінен өткен, ертелі-кеш өз мағынасын жоғалтпайтын халық даналығы. Ұлтының санасында мәңгі жаңғырмақ.
Қазақ халқының ұлттық санасының қалыптасуы оның даналық дүниетанымының қалыптасыуның ең басты жолы. Халық санасында ерекше орын алған мәселелер оның күнделікті өмір тіршілігіне байланысты туындады. Халық санасына оның тереңінде шөгіп жатқан құндылықтарға сәуле түсірген ол ғылым-білім болды. Халықтық дүниетанымының қалыптасуы күнделікті өмір тіршілігімен тығыз байланысты болды. Көптеген ұлттық даналықтың қалыптасуына әсер еткен ол күнделікті өмір әрекеті. Адам жалпы өз тағдырын жасаушы өмірдің негізін құрушы басты себепші, өзгертуші пенде болса, оның өмірінде ерекше оын алған құндылық оның ұлттық санасы.
Жалпы қазақ халқының дүниетанымында ұлттық ілімнің идеялары басым.
Жалпы адамды өзге тіршілік иелерінен өзгешелендіретін оның ұлттық санасы. Қазақ халқының ұлттық санасы өте биік, ұлттық сананың өзіндік ерекшелігі басым екенін анық дәлелдей аламыз. Біз оны ұлы даналарымыздың дүниетанымынан және жыраулар ілімінен аңғара аламыз. Халық дүниетанымындағы ұлттық рухтың биіктігі, ол біздің ұлттық санамыздың жемісі. Сондықтан халық санасының қалыптасуы өзіндік қайталанбас әртүрлі кезеңдерден өтті.
Қазақ философиясына жыраулар дүниетанымының да қосқан улесі зор. Жыраулар шығармаларындағы философиялық мәселелердің адамзат өміріндегі алған орны да ерекше. Жыраулар шығармаларындағы дүниетанымдық мәселелер және философиялық категорияларға толы болды. Қазақ философиясында ерекше бір потриотизм, Отанға деген сүйіспеншілік, эндогендік идеялар, осы жыраулар поэзиясынан басталады. Қазақ халқы қалыптастырған рухани құндылықтардың арасында ақын-жыраулар шығармашылығы маңызды орын алды. Қазақ халқының даналық рухының дүниетанымында "Ерлік", "Еркіндік", "Адамгершілік" рухының көрнісі қалыптасқан.
Жыраулар өздерін толғандырған мәңгі философиялық мәселелерді өз шығармаларында бейнелей отырып орасан зор күш жігерді қорытты. Халық даналығының қайнар бұлағын суарып отырды. Қазақ даналығына өзіндік үлесін қосқан ол жыраулар поэзиясы. Жыраулар ілімінің жалпы адамзат өміріндегі орыны зор болды. Олар халық санасында жатқан құндылықтарға сәуле түсірді. Жалпы адамзат өміріндегі өзекті мәселелерге тоқталды. Адамзат өміріндегі еркіндік, бостандық, азаттық рухын аңсаған осы жыраулар ілімі екен.
Жыраулар дүниетанымында философилық категориялардың да алған орыны зор болды. Жыраулар шығармаларында сана, ұлттық сана, қоғамдық сана, өзіндік сана, таным, намыс категоиялары ерекше орын алды. Сол замандағы ойшылдардың дүниетанымында ұлттық санасы жоғары болған.
"Ереулі найза қолға алып,
Ажалымыз қайдан дүр"-деп жырлай отырып жауға қарсы тұрған [2, 33-39].
Ұлтарақтай жерін қасық қаны тамғанша, ұлтқа деген сүйіспеншілік, ұлттық намыстың биіктігімен және ұлттық рухтың арқасында қазақтың кең байтақ даласын сақтап қалған. Бұған әсер еткен қазақ ұлтының санасының биіктігімен, даналық рухының биіктігінде. Жыраулар қай уақытта болмасын қарапайым халықтың басына күн туған кезде, тілмен тосқауыл бола білген. Толғаулары ерлік пен еркіндікті дәріптей берген. Әлбетте қолына найза ұстап ауыл арасында аттандап жүрген екі кісінің бірі батыр саналмайды, ол үшін жүректің түктілігі, білектің мықтылығы жеткіліксіз соны бір тани алатын ерекше таным қажет. Ол үшін адамда ерекше рухани құндылық қажет. Кеменгерліктің кемелі Геродот "адамдарда баяғыдан келе жатқан кеменгерлердің тамаша нақыл сөздері бар, біз олардан үйренуіміз керек"-деген екен. Ендеше біз Асан Қайғы, Қазтуған жырау, Доспанбет жырау, Ақтамберді жырау, Бұқар жырау, Шал ақын және т.б сипатты сөз зергерлерінің ұлы мүдделерін зердемізде ұстауымыз қажет.
Бізге қазақ халқына тәуелсіз елімізге бостандықпен еркіндік оңай жолмен келген жоқ, егерде сол кезде өзі дана, өзі батыр жыраулар болмағанда біз әлі күнге дейін құлдық дәрежеде болуымыз мүмкін еді.
Сол кездегі ұлттық сана, ұлттық дүниетанымның мықтылығының нәтижесінде осы күнге қадам бастық.
Жыраулардың дүниетанымындағы басты мәселе халқының санасын оятып елдің ұлттық рухын биікке көтеруді талап етті. Қазақ философиясының философия тарихында алған оыны зор. Адамзат өміріндегі аса маңызды мәселелердің бәрін анықтай білген. Әрбір қазақ баласы ұлтының кім екенін білу үшін, оның ұлтына тән фәлсәфәсін білуі шарт деп ойлаймын.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Әлімбаев М. Халық- ғажап тәлімгер.-Алматы.-Рауан, 1994. 24-29-б.
2. Алдаспан: XV-XVIII ғғ. Қазақ ақын, жырауларының шығармалар жинағы / Құрастырған.М.Мағауин- Алматы: Жазушы, 1971. 33-39-б.
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БИЗНЕС УНИВЕРСИТЕТІ
«ӘГП» кафедрасы
РЕФЕРАТ
Қабылдаған: Абеуова Ш.Қ.
Орындаған: Қалимұратқызы Б.
Алматы, 2011
Жоспар:
1 Қазақ халқының даналық дүниетанымы
2 Қазақ халқының даналығы оның тарихында
3 Қазақтың ұлттық даналығы оның тілінде
4 Ұлттық дүниетанымдағы алғашқы көзқарастар
5 Қазақ философиясында көшпенділер дүниетанымы