Қазақ ұлтының дүниетанымы. Өлім, өмір, намыс, араласу, пенде, кісілік, парыз

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Января 2013 в 21:53, творческая работа

Описание

Работа содержит презентацию по дисциплине "Философия"

Работа состоит из  1 файл

Қазақ ұлтының дүниетанымы.ppt

— 149.32 Кб (Скачать документ)

Қазақ ұлтының дүниетанымы 
Өлім, өмір, намыс, араласу, пенде, кісілік, парыз.

 

Орындаған: Елюбаева А., ФИТ, 1-курс

Тексерген: Билялова Г.Н.

 

Шығыстың  бай философиялық және әлеуметтік ойы, оның ішінде қазақ халқының философиялық ойы Батыстағыдай қалыптасқан философиялық жүйелерде емес, поэзияда, фольклорда, музыкада, ауыз әдебиетінде, мифологияда, мақал-мәтелдерде, қанатты сөздерде жатыр.

 

Өмір - Өлім

 

 

    • Өмір - адамға Алланың берген қарызы, осы өмірді мәнді кешкен адам ғана қарызын қайтара алады. (Жүсіп Баласағұни «Құтадғу Білік»)
    • Көшпенділердің өмірі өне бойы қауіп-қатерлерден, соқтығыстардан тұрғаннан кейін ол күнбе-күнгі өмірді бағалап, алудан гөрі болуды жаратқан. Әрбір күнді той-думанға айналдырған..

"Сынбас темір жоқ –

  Өлмес өмір жоқ.

  Ажал келмей кісі өлмес,

  Өлген адам тірілмес.”- деп, қайталанбас уақытты қадірлеуге шақыру сол арқылы өмірге мәңгілік ету идеясы Қорқыт атаның философиясының ірге тасын қалайды.

    • Өлімді жеңудің жолы – өмірді мәнмен толтыру. Қорқыттың түсінігінше, жоғарғы мән – ар-иман. Қорқыт туралы аңыздардың қайсысында болмасын ар-иман ұғымы міндетті түрде кездеседі, өмір өткінші, қай өмір болса да өліммен бітеді, бірақ ең бастысы – адамшылықты, ар-иманды сақтау.
    • Қазақ фольклорында өлімнен қатты қорқу, үрейлену сезімі байқалмайды, өлімді өмірден болмей, заңды құбылыс ретінде түсіну басымырақ. Өз өмірін белгілі бір іске, мақсатқа арнаған, ісін жалғастырушысы бар, өміріне риза адам өлімді тайсалмай қарсы алады.

Намыс

 

Байлыққа жетуден гөрі ар-намысты жоғары ұстау қазақ халқының қанына терең сіңген құндылық.

    • Ерді – намыс өлтірер,

 қоянды - қамыс өлтірер.

    • Ат - шабысына қарай шабады,

  ер - намысына қарай шабады.

    • Рухы мен намысы сөнген ел - өлген ел. (Шерхан Мұртаза)

 

    • Намыс пен өр көкіректікті (тәкаппарлықты) шатастырмау керек: намыс деген нағыз жігіттің бойында ғана болады. Ал тәкаппарлық деген барлығында да бола береді егер адам өзі бой берсе тәкаппарлыққа..

 

    • Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарымыз хадисте былай деген: “Ер жігіттің үш намысы бар: бірі – иманы, екіншісі – отаны, үшіншісі – отбасы, өзгесі жалған намыс”. Демек жігіт деген біріншіден иманын қорғайды, екіншіден отанын қорғайды, үшіншіден отбасын қорғайды.

 

    • Абыройды, жоғары моральдық рухты сақтау жолында өз өмірін қиюға дейін баруға ниет ету – намыс деп аталады. Бауыржан Момышұлы

Араласу

 

    • Араласу  - бipеу мен бipеу өзара қарым-қатынасқа түсу, қатысу.
    • Қоғамдық мүддені жеке мүддеден гөрі жоғары ұстау – көшпенділік өмір салтынан шыққан құндылық.
    • Дәстүрлі қазақ қоғамының өмірінде мерекелердің алатын орны ерекше. Мерекелерде адамдар жаппай бас қосып, бір-бірімен сөйлесуге, қарым-қатынас жасасуға мүмкіндік алды.
      • Шілдехана, Бесік тойы, Баланы бесікке салу, Бала алғаш отырғанда, Баланың тұсауын кескенде, Тілашар тойы, Сүндет тойы.
      • Дәстүрлі үйлену тойы Оның мынандай 8 кезеңі бар: қыз таңдау, қыз айттыру, жаушы жіберу, құда түсу тойы, есік-төр көрсету тойы, ұрын той, қыз ұзату тойы, келін түсіру тойы.
      • Қазақтың дәстүрлі төрт тойы: Наурыз мейрамы, Қымызмұрындық, Мизам (сабан той), Соғым басы.
      • Діни мерекелер: Ораза айт, Құрбан айт, Мәуліт.

Парыз

 

    • Парыз - міндетті түрде өтелуі тиіс борыш.
    • Парыз алға қойған міндеттен туады, яғни, міндет адамға парызды жүктейді.  
      (Бауыржан Момышұлы)
    • Парызды түсіну ар-ұят деп айтылады. (Бауыржан Момышұлы)
    • Адам бойындағы басты сезім – парыз сезімін ұштап, тәрбиелеу. (ел сөзінен)
    • Әлемде парыздан артық қуатты қозғаушы күш жоқ әрі болмайды да.
    • Парыздан биік шың жоқ.
    • Көшпенділердің негізігі парыздары:
      • Ата-ана алдында
      • Елі, ұлты алдында
      • Діни парыз  
         

Кісілік

 

    • Дүниеге, басқа халықтарға деген көңілінің ашықтығы, қиналғандарға риясыз қол ұшын беру - бұл да біздің халықтың керемет қасиеттерінің бірі болып саналады.
    • Қазақтың халықтық дүние танымындағы кісілік ізгі қасиеттерге арлылық, ізгілік, ина баттылық,  
      әдептілік, қайырымдылық, рақымдылық, бауырмалдық, қауымшылдық, көпшілдік, сыйластық,  
      ізеттілік, ілтипәттілік, биязылық, кеңдік, үміткерлік, жомарттық, қанағатшылық, сабырлық,  
      табандылық, жігерлілік, намысқойлылық, кіші пейілділік, қарапайымдылық, еңбекшілдік,  
      тәртіпиілік, талаптылық, ақылдылық, адалдық, шыншылдық, әділдік, жәуәпкершілік, ұқыптылық,  
      үнемшілдік, дербестік қатарлылар.
    • Қорқыт ата өліммен адамшылық пен кісілік арқылы күрес деп өсиет қалдырады

 

Мақсұт  Неталиев

Кісілік туралы

 

 

 

 

Сөйлесе аға алдында,

Кішіден бетер кішіріп.

Адамдық ұят бар мұнда,

Осының  өзі - Кісілік!

Қайғыңды  бірге бөліссе,

Қол ұшын беріп, ұсынып.

Үлесін  қосса ол іске -

Осы деп сана – Кісілік!

 

Қиындық түссе басыңа

Тауқымет  тартып, қысылып.

Келетін болса қасыңа,

Осының  аты - Кісілік!

Сүрінген  шақта сүйесе,

Жаныңды жазбай түсініп.

Алғысқа нағыз ие сол -

Осының  аты - Кісілік!

Пенде

 

Пенде - тipi жан, адам, адамзат. Құдайдан қоpық, пендеден ұял (Абай).

Пендешілік - Адамға тән осалдық, қателiк, күнәкаpлық. Кейде пендешiлiк жасаймыз-ау (Ләмбеков). ; 2) Ауыс. Бос әуpешiлiк, бекеpшiлiк. Сөйтсе, онысы пендешiлiк екен (Сейсенов). ;

 

Адам  болып туылып, 
Адам болып өстік те. 
Қоғам болып жұмылып,  
Пенделікке көштік пе?!. 
 
Адам болып жүрсек те,  
Пенде болып ойлаймыз. 
Күнделікті тірлікте  
Пенделікке бойлаймыз.

 

Пенде болып бәріміз,  
Дүрдаразға бейілміз.  

 

Пенделікпен нәріміз,  
Жек көреміз тағы біз. 
 
Менсінбейміз өзгені,  
Жағымпаздық тағы бар. 
Пенделікпен көздеді,  
Жылпостықпен жағынар.  
 
Адам болу көп қиын, 
Пенде болу бір демде. 
Адам болып өле алмай, 
Өтіп жатыр көп пенде

 

«Адам боп оңай туғанмен, Адам боп калу көп қиын»

(Қ.Мырза.Әли)


Информация о работе Қазақ ұлтының дүниетанымы. Өлім, өмір, намыс, араласу, пенде, кісілік, парыз