Бактериялардың цитоплазмалы мембрана құрылысы және цитоплазмалы мембрана арқылы қоректену тасымалдау механизмі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2013 в 22:19, реферат

Описание

Электронды микроскоптың көмегімен бактерия құрылымының толық жасушасын және оның ультражұқа кесіндісін зерттейді. Бактерияның негізгі құрылымына жатады: жасуша қабырғасы, цитоплазмалық мембрана, цитоплазмалық қосынды және нуклеоид деп аталатын ядро. Бактерияның қосымша құрылымдары болуы мүмкін: капсула, микрокапсула, шышыш, талшық,фимбрия, пили; кейбір бактериялар спора түзуге қабілетті. Өлшемі микрометрмен (мкм) өлшенеді. 1мкм-1000 нанометрге (нм) тең. Нм бактериялардың жеке компоненттері өлшенеді.

Содержание

Бактерия жасушасының құрылымы.
Жасуша қабырғасы.
Цитоплазмалық мембрана.
Нуклеоид.
Капсула.
Талшықтар.
Фимбриялар және пилилер.
Споралар.
Бактериялардың пішіндері.

Работа состоит из  2 файла

Бактерия2.ppt

— 755.50 Кб (Скачать документ)
  • Бактерия жасушасының құрылымы.
  • Жасуша қабырғасы.
  • Цитоплазмалық мембрана.
  • Нуклеоид.
  • Капсула.
  • Талшықтар.
  • Фимбриялар және пилилер.
  • Споралар.
  • Бактериялардың пішіндері.

Бактерия жасушасының  құрылымы.

 

  • Электронды микроскоптың көмегімен бактерия құрылымының толық жасушасын және оның ультражұқа кесіндісін зерттейді. Бактерияның негізгі құрылымына жатады: жасуша қабырғасы, цитоплазмалық мембрана, цитоплазмалық қосынды және нуклеоид деп аталатын ядро. Бактерияның қосымша құрылымдары болуы мүмкін: капсула, микрокапсула, шышыш, талшық,фимбрия, пили; кейбір бактериялар спора түзуге қабілетті. Өлшемі микрометрмен (мкм) өлшенеді. 1мкм-1000 нанометрге (нм) тең. Нм бактериялардың жеке компоненттері өлшенеді.

Жасуша қабырғасы.

 

  • Бактерияларға белгілі бір пішін беретін берік серпінді құрылым және жасушадағы жоғарғы осмотикалық қысымды ұстап тұрады. Ол жасушаның бөліну процесі мен метобалиттердің тасымалына қатысады. Грам оң бактериялардың жасуша қабырғасы грам теріспен салыстырғанда қалың, өлшемі 50нм-ге дейін жоғары.

Цитоплазмалық мембрана.

 

  • 3 қабатты құрылым болып табылады және бактерия цитоплазмасының сыртқы қабатын қоршап тұрады. Құрылымы бойынша жануарлар жасушасының цитоплазмалық мембранасына ұқсас; липидтердің қос қабатынан және мембрана құрылымына енетін ақуыздардан тұрады. Цитоплазмалық мембрана қозғалмалы компоненттері бар динамикалық құрылым. Ол осмостық қысымды реттеуге, заттар тасымалына және жасушаның энергетикалық метаболизміне қатысады.
  • Бактериялардың цитоплазмасы жасушаның негізгі көлемін құрайды және ерігіш ақуыздардан тұрады. Эукариотты жасушалардың рибосомасына қарағанда (80S) бактериялардың рибосомасының седиментация коэффиценті 70 S. Сондықтан, бактериялардың рибосомасы ақуыздарының синтезін басуға әсер ететін бірқатар антибиотиктер Эукариотты жасушалардың ақуыз синтезіне әсер етпейді. Цитоплазмада әртүрлі қоссындылар бар-полисахаридтер, поли β-май қышқылы, полифосфаттар.

Нуклеоид.

 

  • Бактериялар ядросының эквиваленті. Нуклеоид бактериялардың орталық аймағында екі жіпшелі ДНҚ түрінде, шеңберге тұйықталған және түйнек тәрізді тығыз орналасқан. Эукориоттарға қарағанда бактериялардың ядросында ядро қабықшасы, ядрошығы және негізгі ақуыздары болмайды. Көбіне бактериалды жасуша ДНҚ молекуласы шеңберінде тұйықталады бір хромасомадан тұрады. Бөліну бұзылысы кезінде онда4 хромасома және одан көп болады.

Капсула.

 

  • Бір қатар бактериялар капсула түзеді. Капсула-жасуша қабырғасымен тығыз байланысты шырышты түзіліс, сыртқы шекарасы анық белгіленген. Капсула патологиялық материалдардан алынған жағынды-таңба анықталады. Бактериялардың таза дақылында капсула түзілуі сирек. Ол капсула затының негативті контрастысын құрайтын арнайы бояу әдістерімен анықталады. Капсула гидрофильді, бактериялардың фагозитозына кедегі жасайды.

Талшықтар.

 

  • Бактериялардың қозғалуын қамтамасыз етеді. Талшықтар-цитоплазмалық мембранадан басталатын жіңішке жіпшелер; олардың ұзындығы жасуша ұзындығынан үлкен. Талшықтар саны әртүрлі: біреу (монотрих) тырысқақ вибрионында, периметрі бойынша орналасқан (перитрих)- ішек таяқшасы т.б. Химиялық құрамы бойынша талшықтар антигендік талғамдылығы бар флагеллин ақуызынан тұрады. Флагеллиннің суббірліктері спираль тәрізді бұралған.

Фимбриялар және пилилер.

 

  • Жіпшелі түзілістер, талшыққа қарағанда жіңішке және қысқа болып келеді. Фимбриялар жасуша беткейінен басталып пилин ақуызынан тұрады. Фимбриялардың арасында әртүрлі типтерін бөледі: адгезияға жауапты, яғни зақымданған жасушаға бактериялардың жабысуы; қоректену, су-тұз алмасуына жауапты. Жалпы типті пилилер өте көп және бір жасушада бірнеше жүздерге жетеді.

Споралар.

 

  • Фирмикутты бактериялардың тыныштықтағы өзіндік түрлері, яғни жасуша қабырғасының грам оңмен боялатын бактериялар. Споралар бактерия тіршілігінің қолайсыз жағдайында түзіледі. Осы кезде бір бактерияның ішінде бір ғана спора түзіледі. Сондықтан да, спора түзілу бактериялар түрінің сақталуын қамтамасыз етеді.

Бактериялардың пішіндері.

 

  • Бактериялар шар тәрізді, таяқша тәрізді, иілген және бұтақтанған болып келеді.
  • Коктар-шар тәрізді жасушалар, өзара орналасуына байланысты микрококтарға, диплококтарға, стрептококтарға, тетракоктарға, сарцинаға, стафилококткрға бөлінеді. Микрококтар жеке жасуша түрінде; диплококтар немесежұптыкоктар- жасуша бөлінуден кейін толық ажырамайды.
  • Пневмакок- ланцет тәрізді, гонокок пен менингокок кофе дәні тәрізді болып келеді. Стрептококтар- домалақ немесе сопақша пішінді, бір жазықтықта бөліну нәтйжесінде тізбек құрайды және бір-бірімен бөліну орнында байланысын сақтап қалады. Сарциналар – пакет тәрізді орналасады, 8 және одан көп коктардан тұрады, бұл кеңістіктегі бөлінуіне байланысты.

 

 

2

 

3

 

4

 

5

 

6

 

7

 

8

 

9

 

10

 

11

 

12

 

13

 

14


микроскопия.ppt

— 867.00 Кб (Открыть документ, Скачать документ)

Информация о работе Бактериялардың цитоплазмалы мембрана құрылысы және цитоплазмалы мембрана арқылы қоректену тасымалдау механизмі