Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 15:05, реферат
Құлиеленушілік қоғам күйреп, оның орнына Батыс Европа елдерінің қай-қайсысында да феодалдық қоғамдық қатынастар қалыптасып, христиан дінінің кең етек алып, тауарына байланысты «шіркеу әкейлері» мен «пұтқа табынушы-лар» философиясының арасындағы мәмлеге келмес күрестің өрбу деңгейіне бай-ланысты ортағасырлық философияны негізгі үш кезеңге бөліп қарастырады.
Кіріспе
І.Негізгі бөлім. Батыс Еуропадағы ортағасырлық философия
1. Ортағасырлық философияға тән сипаттар.
2. Ертехристиандық философия: Әулие Августин.
3. Парасат пен сенім қатынасы.
4. Пьер Абеляр.
5. Ортағасырлық батысеуропалық философия: Фома Аквинский.
6. Араб философиясының даму кезеңдері.
7. Әл-Кинди.
8. Әбу Насыр әл Фараби.
9. Ибн-Сина.
10. Ж.Баласағұн мен М.Қашқаридың философиясы.
II. Суфизм. Қожа Ахмет Иассауи.
Әл-Фараби (870-950 ж.ж.) Аристотельден кейінгі екінші ұстаз (Әбу Насыр Әл-Фараби) қазақ жерінде, Отырар қаласында дүниеге келді. Оның дүниеге көзқарасы шынайы болмысты танып білуге, адам бақытын о дүниеден емес, бұл дүниеден іздеп табуға мегзейтін еді. Өзінің «фусул-ал-мадани (мемлекет қайраткерлерінің мақұл сөздері) деген соңғы шығармаларында ол адам ғылымға түрліше тосқаул жасайтын мемлекеттен кетіп, ғылыми өркен жайған елде тұруға тиіс дейді. Әл-Фараби Аристотельге бас иген, ол Аристотельдің философиясына түсініктемелер жаза отырып, өз тарапынан да «Ғылымдардың шығуы», «Ғылымдар энциклопедиясы», «Газгі қала тұрғындарының көзқарасы», «Мұздықтардың үлкен кітабі». «Философияның аңсап үйрену үшін алдын ала не білу» қажеттілігі жайлы, «Ақылдың мәні туралы»,»Әлеуметтік этникалық трактаттар», «Философиялық трактаттар» және т.б. философиялық еңбектер жазған. Оның пікірі бойынша, табиғат әуелде жаратқан бір алланың құдіреті күшінен пайда болып, одан былай өз алдына дербес зңдылықтармен өмір сүрді. Басқа еш нәрсеге тәуелді болмайды. Жаратылыстың болмыстың түпнегізінде субстанция акциденция жатыр. Оларды танып-білу - қайнар көзі субстанция материя ұғымына жуық келеді, ал акциденция - субстанцияның түрліше көрінісі өзінің «Вакуум туралы» деп аталатын еңбегінде: табиғатта вакуум (бостық) жоқ дейді. Ғұламаның этикалық ойларынан терең гуманизмнің лебі еседі, ол адам баласын жаратылыстың, бүкіл жан иесі атаулының биік шоқтығы, сондықтан оны құрметтеу, қастерлеу керек дейді, ол «бақытқа жол сілтеу» деген еңбегінде өлгеннен кейінгі баянсыз бақыт туралы емес, тірі адамның бақыты туралы айтады. Оған жату үшін адам өзін-өзі жетілдіре отырып, қиын жолдан өту керек. Әл- Фараби философияны теориялық және практикалық деп екіге бөледі. Теориялық философия өзгермейтін, өткінші емес заттарды, практикалық философия өзгертуге немесе жасауға болатын заттарды зерттейді.
Ибн-Сина (Авиценна)(980-1037жж) Орта Азияда, Бұқара қаласының маңында дүниеге келді.Әлемге әйгілі еңбегі: «Сауығу кітабі» (медицина жайлы). Оның болмыс туралы ілімі - материяны мәңгі жаратылыстан тыс құбылыс ретінде қарастырады. Дененің қайта тірілуі мүмкін емес. Оның ілімі бойынша универсалийлер үш ұдайы өмір сүреді:
1. заттарға дейін, құдіреттің ақыл-ойында;
2. заттардың өзінде, себебі ол заттың мәні;
3. заттан кейін адам санасында;
Қожа-Ахмет Иассауи (1094-1167 жж) Испинджапта (Сайрам) ибрагим Ибн Махмуд Диқанның әулетінде туылды. Ол сопылық «мистикалық ағымның» түркі тілдес тармағының негізін қалаушы. ХГГ ғасырда көне түркі тілде «Диуани Хикмет» (Даналық кітабі) еңбегін жазады. Сопылықта бос қағида болмыс тұтастығы еді. Ол үш деңгейде абсолют аттар (архетиптер), феноминалдық дүние ретінде көрініс берді. Абсолют бұл құдай, ақиқат, жалқы шындық дүние болса құдайдың көлеңкесі, ал оның арасында аталған (пайғамбарлар туралы).
Олар - абсолюттік пен көзге көрінетін материалдық болмыс арасын - жалғастырушы. Бұл «Құдіретті атаулар» құдайдың модусы мен атрибутын білдіретін теологиялық категория,сонымен бірге құдай идеясының өмір сүруінің арқасында философиялық ұғым болып табылады. Феноменалды дүние дегеніміз - біздің нақты өмірімізде құдайдың бар екендігін көрсетеді демек, ақиқат абсолютті болмысты тек құдай иеленеді. Қалғанның бәрінде сол жаратқан «тұтас болмыс»:-алғанда өз бойында болған соң - одан соң өз шегінен шығады - ақыр соңынан өзіне қайтып оралады. Адам өз бойына құдай құдіретінің барлық формаларын сіңірген, оның бойынан барлық мәнділіктері, әлем шындығының маңызы жинақталған. Сондықтан әлем - макрокосмос болса, адам - микрокосмос. Адам - құдай мен әлем арасындағы байланыс. Сопылар құдайдың өзінің мәнін тануға ұмтылады. Сопылық таным теориясында: (сопы - құдай мейірінің белгілерін өз жүрегінде іздеп, көргеннен дұрыс дейді).
1. Субъектіден жалпылыққа субстанцияға ;
2. Адам өзін-өзі танудан құдайды тануға;
3. Бүтіннен жекеге оралу жүреді.
Сопы - құдай мейірінің белгілері өз жүрегінен іздеп, көргенін дұрыс дейді. Сопы символикасында жүрек маңызды орын алады. Ол - құдай сәулесі түсірілетін айна, бірақ ондағы құдай бейнесін көру үшін бұл айнаны жалтырату керек. Сопылықтың өзіне тән айырмашылығы - құдайды сүю, идеясы толық дамыған. Барлық сопы ақындары поэмаларының өзегі - құдайды сүю тақырыбы, көбіне құдай - сүйікті, ал ақын - ғашыққа ұқсатылады. Иассауидің басты мақсаты құдаймен табысу, оның бейнесін көру.
Негізгі әдебиет:
Спиркин А.Г. Философия. Учебник. М., 2000. Соколов В.В. Средневековая философия. М., 1979. Краткий очерк истории философии. Гл. 4. Разд. 2. М., 1969. Кішібеков Д., Сыдықов Ү. Философия. А., 2000. Философиялық сөздік. А., 1996.
Нысанбаев Ә., Әбжанов Т. Философия тарихы. А., 1999. Абеляр П. История моих бедствий. М., 1959.