Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2012 в 11:10, реферат
“Болмыс” ұғымы- қоршаған әлемдi философиялық тұрғыдан танып бiлуде ең ежелгi, негiзгi және ең маңызды категориялардың бiрi. Болмыс түсiнiгiнiң арғы түбiрiнде “болу”, “бар болу” деген мағынаның жатқаның аңғартуға болады. Бұл түсiнiк адамның айнала қоршаған ортаны бiртұтас (онда адам да, заттар, процесстер мен құбылыстар да өз орының табады) әлем есебiнде танып-бiлуге ұмтылуынан туындаған.
1.Болмыс ұғымы
2.“Материя” категориясы, оның атрибуттары мен модустары. Әлемнiң философиялық моделдерi
3.Қозғалыс және қозғалыс формалары
4.Кеңiстiк пен уақыт
Астрономияда, космологияда және физикада Ғаламның “үлкен жарылыс” арқылы пайда болғаны туралы гипотеза бар (18 млрд. жыл бұрын ваакумде жарылыс болды, ол элементарлы бөлшектердiң, олар атомдар мен молекулалардың, макробөлшектер мен макроденелер, жұлдыздар, планеталар, органикалық денелерт.б. тiрi организмдердiн пайда болуына әкелдi).
Философияда дүние жайында бiр неше түсiнiктер бар:
*монистiк концепция:
а) материалистiк (Маркс,
*плюралистiк концепция:
көп бастамаларды мойындау- жер,
от, су, ауа, заттардың тамыры (Эмпедокл);
бейорганикалық, органикалық, жанды,
рухани болмыстар деңгейлер (
3. Қозғалыс-материяның
ең маңызды, жалпыға ортақ
Егер қозғалыс болса, ол “бiрдеменiң” қозғалысы, “ештененiң” қозғалысы емес, қозғалыс “өзiнен өзi” болмайды. Кеңее беретiн Ғаламда планеталар әр түрлi жақтарға “екпiндейдi”, оларды (спутниктар) серiктер айналып жүредi, (кометалар) құйрықты жұлдыздар мен метеориттер жан-жаққа зымырайды, шексiз ғарышта әр түрлi толқындар сейiледi. Органикалық жүйелер де уздiксiз қозғалыста болады: зат алмасу, информация алмасу, ұрықтау және көбейю, қарапайым физиологиялық және күрделi биологиялық өзгерiстер өтiп жатады. Әлеуметтiк жүйе де өзгерiстерге ұшырайды, мұнда ең бiрiншiдең адамның өзгерiстерi және онто- және филогенез процесстерiндегi адамзат өзгерiстерi.
Сансыз көп түрлi заттардың, құбылыстар мен процесстердiң өзара байланысы нәтижесiнде болмыстың бiртұтастығы, тұрақтылығы қамтамасыз етiледi. Сонымен, дүниеде бәрi де, бiрденеге ұмтылып, өзгерiп, болмыссыздыққа өтедi.
Қозғалыс дегенiмiз-кез гелген өзара әсер, өзара байланыс, кез келген өзгерiс. Материя өзiн тек қозғалыс арқылы бiлдiрiп, бiздiң санамызға, түйсiк-сезiмдерiмiзге әсер ете алады.
Қозғалыс- материяның өмiр сүру тәсiлi, сондықтан ол да материя сияқты мәңгi, жасанды емес және жойылмайды, сытқы себептер арқылы тумайды, тек бiр формадаң басқасына ауысып отырады, өзi-өзiнiң себебi бола отырып.
Пiкiр: Бәрi де өзгередi, бәрiде ағады. Гераклид
Қозғалыс- үздiксiз орын ауыстыру болып табылады. Т.Гоббс
Әр күн бiр жаңалық тудыратыны, қандай ғажап. Г.Рейхенбах
Сонымен, қозғалыс жалпыға
бiрдей және абсолюттi болып келедi.
Әр нәрсе бiзге тыныштықта болып
көрiнетiн, негiзiнде қозғалыста болады
(Жер әр тәулiк бойынша өз осiнен
толып бiр айналым жасап
Мәселе шешу: Немiстiң белгiлi жаратылыстанушы ғалымы Освальд энергетизм ф-ң негiзiн қалады. Мұнда, ол қозғалысты материядан бөлiп алып қарауға, материяны энергияға айналып кетедi, ал энергия болса материя емес, ендеше материя ғайып болады дегендi дәлелдеуге тырысты.
Осы заманғы кейбiр энгертизм ф-н қуаттағысы келетiн ғалымдар да Е=мс формуласын өздерiнше түсiндiргiлерi келедi. Олардың пiкiрiнше, жарықтың жылдамдығы тұрақты коэфицент болғандықтан, бұл формула материя мен энергияның өзара баламалылығын бiлдiредi. Немесе олар электрон мен протонның фотонға айналуын (е +е >Ф) да материяның жойылып, ғайып болуы деп есептейдi.
Олар, қандай методологиялық қате жiберiп отыр?
Жауап: 1) энергия материядан бөлек, одан тыс болмайтын нәрсе, ол материяның қасиетi, қозғалыстың сан өлшемiн бiлдiредi. Материя бар жерде қозғалыс та бар, ендеше энергия да бар. 2) бөлшектердiң фотонға ауысуы бар болғаны материяның бiр қалпынан, яғни заттық қалпынан- екiншi, өрiстiк қалпына өзгеруiн көрсетедi.
Материяның өмiр сүруiнiң көптеген қалыптары мен түрлерi, оның жүйе есебiнде ұйымдасуының әр түрлi материалдық деңгейлерiне сәйкес қозғалыстың да сапалық көп түрi болады (Энгельс).
Қозғалыстың формалары өзара тығыз әрi күрделi байланыста болады. Физикалық қозғалыс өз құрамында механикалық қозғалысты, химиялық қозғалыс- механикалық және физикалық қозғалысты қамтиды. Ең жоғары әлеуметтiк қозғалыстың құрамында алдынғы формалардың бәрi өз бейнесiн табады.
Бiрақ мұнда, материяның жоғары формаларың материяның төменгi нысандарының заңдылықтарымен түсiндiруге болмайды, бәрiнде бiрiктiруге болмайды- “қосылмас ұстанымы” әдiсiң қолдану қажет. Мысалы, биологиялықты химиялық арқылы; әлеуметтiктi- биологиялық арқылы, немесе электронды есептеу машинаны адам миымен. Мұндай жоғарыны төменгiге теңестiру редукционизм деп аталады. (редукция-қарапайымдану).
Сондай-ақ ғылымның дамуы, адам практикасының жемiсi материяның ұйымдасып, жүйеленуiнiң жаңа сапалық түрлерiн аша беретiнi сөзсiз. Қазырғы заманда – геологиялық, информациялық және ғарыштық формалары жайында болжам жасалды. Бiрақ бұл гипотезалар әлi, теориялық және эмпирикалық деңгейде дәлелденген жоқ.
4. Кеңiстiк пен уақыт
материяның ажырамас
Бұл концепцияда к/у материядан тыс, дербес субстанция ретiнде қарастырылады. Әсересе, мұндай көзқарас Ньютонның классикалық механиканың заңдылықтарын ашқаннаң кейiн, одан ары нығайта түстi. Ол кеңiстiк пен уақыттың абсолюттiгiн мойындап, кеңiстiктi iшiнде заттар қозғалыста болатын, бiрақ ол заттармен ешқандай байланысы жоқ қойма ретiнде қарастырады. Сөйтiп, материя мен қозғалыстың, қозғалыс пен кеңiстiктiң және уақыттың бiр-бiрiмен байланыстары бiр-бiрiне тәуелсiз құбылыстардың сыртқы қатынастары сияқты сипатталады.
2) реляциондық тұғырнама- кеңiстiк пен ауқытты өзара әрекетте болатын, бiр-бiрiмен сондай-ақ табиғатпен немесе қандай да болсын объектiмен байланысты екенiн мойындайды. Бұл концепция өзiнiн дәлелiн Энштейннiң (саллыстырмалы теориясы), Лобачевскийдiн, Больяидiң, және Риманның (евклидттi емес геометрияда) алды.
Cалыстырмалы теория кеңiстiк-уақыттық қасиеттернiң материалдық объектiлердiн қозғалысына тәуелдiгiн дәлелдедi, олардың геометриялық қасиеттерi гравитациялық қыруарларына (салмақ) қоөғалыс жүиесiне себептiлiгiн көрсеттi (кеңiстiктiң шалыстық- қисықтық өзгерiстерiнiң уақыттың жылдамдығына немесе бәсендету- ақырындатуына). Евклидттiк емес геометрия бұл қасиеттердi ашып көрсетуге және кеңiстiктiң қисықтығының (оң, терiс) қатынасың айқындауға мүмкiндiк бердi. Сонымен қатар бұл теория қеңiстiктiк пен уақыттың үзiлмес байланысын айқындады. Басқалай айтқанда, кеңiстiктiң шалыстық өзгерiстерi (гравитациялық өрiсi) уақыттында барысы өзгередi (ол немесе ақырындайды, немесе жалдамдайды).
Ал философияда, кеңiстiк пен уақытты қалай түсiнедi?
Дүниенiңқұрылымдық
Оның қасиеттерi: 1) ұзындық, қашықтықта созылу- әр объектi келесi бiр объектiнiн қасында орналасады, соған байланысты материяның құрылымы да айқындалады; 2) болмыстын (макро әлем) реалды кеңiстiктегi өлшемi- үш, осы үш өлшемдiк кеңiстiкте болмыстың шексiздiгi мен таусылмастығы өз көрiнiсiн табады. (бiрақ, қазырғы ғылымда микро- немесе мега әлемде кеңiстiктiн басқада өлшемдерi бар екенi байқалады, мысалы оның тоғыз өлшемi болуы мүмкiн, сондықтан жаңа философия көп өлшемдi кеңiстiктердiн жаңа матем-қ теорияларын қажет етедi); 3) бiртектiлiгi- кеңiстiкте нақты “белгiленгең” нүктелер жоқ; изотроптылық- кеңiстiкте барлық бар болатың бағыттардың теңқұқықтығы.
Кеңiстiктiң осы жалпы қасиеттерiнен басқа да жеке, спецификалық қасиеттерi де бар: симметрия және ассиметрия, олардың формалары ман көлемi, элементтер мен жүйелердiн арасындағы қашықтық, олардың шекаралары т.б.
Қозғалыстағы материя бiр қалыпта тұрмайтының, үнемi өзгерiп, дамып, бiр күйге, бiр жағдайдан келесi жағдайға ауысып жататың процесстi уақыт ұғымы сипаттайды. Басқаша айтқанда, уақыт дегенiмiз- қозғалушы материяның объективтi түрде өмiр сүруiнiң формасы. Уақыт материалдық процестер өрiстеуiнiң жүйелiлiгiн, бұл процестердiң түрлi сатысының бiр-бiрiнен бөлек екенiн, олардың ұзақтығын, олардың дамуын сипаттайды.
Оның қасиеттерi: 1) ұзақтығы мен үздiксiздiгi заттар мен құбйлйстардың бiр-бiрiн ауыстырып, бiр-бiрiнен кейiн жүрiп, өз күйлерiн өзгертiп отыратындығын бiлдiредi (түн мен күн, жыл мезгiлдерi, бiр күнде адамның көнiл-күйi бiр нешерет аысып отырады); 2) бiр өлшемде ғана болу, санамен дiттелген (зафиксировать) оқиғаны басқа екi уақиғамен байланыстыруға болады, бiреуi алғашында болған ал екiншiсi одан кейiн. Сонда, дiттелген оқиға үнемi екi оқиғаның арасында болады. Мұнда оны белгiлеу үшiн бiр координата, бiр өлшеуш жеткiлiктi болады. Сондай-ақ, “бүгiн” дегенiмiз- бұл “кеше”мен “ертеннiң” арасындағы, басқалай болмайды. 2) керi қайтпайтыны, бұл уақытта болғанның бәрiн де еш уақытта керi қайтаруға болмайды. Ол тек бiр бағытта өтiп жатады: өткеннең- келешекке. Мысалы, қазырғы өркениеттi қайта алғашқы қауымдық құрылысқа қайтадан аударуға, қарияны қайта жасарту да мүмкiн емес.
Философиядағы адам мәселесі Философиядағы адам мәселесі
Антропология – адам туралы ілім. Философиялық антропология –адам туралы философиялық ілім немесе адам философиясы.
Адам мәселесі философияның аса маңызды өзекті мәселелерінің бірі. Қазіргі заманғы философиялық антропология бір-біріне қарама-қарсы көптеген мектептер мен ағымдардан тұрады.
Антропогенез мәселесі. Адам өте күрделі біртұтас жүйе, өз кезіңде одан да күрделі екі жүйенің (биологиялық және әлеуметтік) құрамдас бөлігі болып саналады. Бұл дегеніміз, адам тек қана биологиялық емес, сонымен бірге әлеуметтік тіршілік иесі болып табылады. Сонда адам тарихи жолмен биоәлеуметтік тіршілік иесі ретінде қалайша қалыптасты екен? Бұл сұрақ антропогенез мәселесінің мәні деуге болады.
ХІХ ғасырға дейін еуропалық мәдениетте теистік антропологиялық концепция басым болды. Мұнда әлем мен адамның діни тұжырымдамасы қарастырылады. Дүниенің думуы мен тарихы жоқ. Дүние мен адамды жаратқан күш – Құдай. Дүние мен адамның шығуы мен дамуын бұл теория ғылыми жолмен түсіндіріп бере алмады.
ХІХ ғасырда антропогенез мәселесінің ғылыми тұрғыдан зерттелуіне мүмкіндік туа бастады. Эволюциялық теория дүниеге келді (Ч. Дарвин). Адамның шығуы мен қалыптасуын биологиялық заңдарға сүйене отырып түсіндіруге тырсты. Бір кемшілігі - әлеуметтік факторлары қарастырмауы.
Ф. Энгельс антропогенездің еңбек теориясын ұсынды. Бұл теория бойынша еңбек биологиялық заңдарды жоққа шығармайды, керісінше түрлендіреді, нығайта түседі. Сөйлеудің, тілдің, мидын, ой-сананың дамуын осы еңбекпен байланыстырады.
Адамның мәні туралы мәселе адам туралы ілімнің өзегі болып табылады. Ойшылдар адамның мәні ретінде оның ерекше бір қасиеттерін алып қарасты. Қазіргі заманғы ғылым бойынша адамның тарихи болмысы мен дамуының негізін құрайтын субстанция – бұл әр қашанда қоғамдық өндіріс аясында жүзеге асатын адамдардың еңбек қызметі. Адам тікелей немесе жанама түрінде қоғамдық қатынасқа тұрмай еңбек ете алмайды. Қоғамдық өндіріс пен еңбектің дамуымен бірге адамдардың қоғамдық қатынастары да дами түседі. Бұл қоғамдық қатынастар жүйесін индивид қаншама дәрежеде игереді, бойына тоқиды соншама оның өзіндік дамуы жүреді. Сондықтан, К. Маркс Фейербахты адам туралы абстрактілі ой үшін сынай келе былай деген болатын «адамның мәні жеке индивидке тән абстракт емес. Шың мәнісінде ол барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады». Мұнда барлық қоғамдық қатынастар (материалдық және идеалдық, қазіргі және өткен) жүйесі жайында сөз болып отыр. Бұл тұжырымның методологиялық маңызы ерекше, өйткені адамды тұрпайы-материалистік, не идеалистік, не дуалистік тұрғыдан түсінуге болмайды, оны диалектикалық тұрғыдан дұрыс түсіне аламыз. Адам бір сәтте өндіруші де, саналы да, мәдени де, өнегелі де, саяси да т.б. тіршілік иесі болып келеді. Ол, азба көппе мөлшерде қоғамдық қатынастар жүесін бойына тоқиды, сіңіреді, сойтіп барып өзінің әлеуметтік мәнің жүзеге асырады. Мәселенің басқа бір қыры – адам тарихи процестің жемісі. Қазіргі замңғы адам ауадан пайда болған жоқ, ол, қоғамдық-тарихи процестің нәтижесі. Басқаша айытқанда адам және адамзат бір болып саналады.