Ежелгі Грекиядағы саяси-құқықтық ойы.Даму кезеңдері.Сократтың мемлекет және құқық туралы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Декабря 2011 в 20:10, курсовая работа

Описание

Ежелгі грек полистерде саяси-құкықтық көзқарастьң пайда болуы мен дамуында үш кезең айқын байқалады. Epic кезсң- (б.з.д. IX—VI ғғ) ежелгі грек мемлекеттің пайда болуына сәйкес келеді. Бұл кезеңде саяси-құқықтық көзқараста рационациялау (Гомер, Гесиод, атақты "жеті данышпан") байқалады –және "мемлекет пен құқық проблемаларына философиялық тұрғыдан қарау (Пифагор, Гераклит) қалыптасады Екінші кезең — (б.з.д. V және IV ғасырдың бірінші жартысы) ежелгі грек философиясы мен саяси-құкықтық ойларының гүлденген кезеңі (Демокрит, софистер, Сократ, Платон, Аристотель және т.б.) Үшінші кезең — (б.з.д. IV ғасырдың екінші жартысы мсн II ғасырлары) эллинизм кезеңі. Ежелгі грек мемлекетінің құлдырауы, грек полистерінің алғашқыда Македония, кейіннен Рим билігіне көшуі (Эпикур, стоиктер. Полибий жәнс т.б.)

Содержание

Кіріспе----------------------------------------------------------------------------------------3

І. Ежелгі Грекиядағы саяси ойлардың рационалды кезеңі-------------------------5

1.Гомер, Гесиодтың саяси-құқықтық ойлары ----------------------------------------5

1.2 Солон , Пифагор саяси ойлары -----------------------------------------------------7


ІІ. Грекиядағы саяси-құкықтық ойларының гүлденген кезеңі -------------------8

2.1 .Аристотель,Платон,Демокриттің ойлары --------------------------------------8

2.2 Сократтың мемлекет және құқық туралы--------------------------------------17

2.3 Грекиядағы саяси-құқықтық ойдың құлдырау кезеңі-------------------------18



Қорытынды--------------------------------------------------------------------------------22

Пайдаланылған әдебиеттер-----------------------------------------------------------24

Работа состоит из  1 файл

Курсовая.docx

— 57.73 Кб (Скачать документ)

Л.Н.Гумилев  атындағы ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

                   Халықаралық қатынастар факультеті

                              Саясаттнау кафедрасы 

               КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

                           

                           050502-Саясаттану 
 

ТАҚЫРЫБЫ:Ежелгі Грекиядағы саяси-құқықтық ойы.Даму кезеңдері.Сократтың мемлекет және құқық туралы.

                                                                   
 
 
 

                                                ОРЫНДАҒАН:С-21 тобының студенті

                                                              МАНСУРОВ А.Е.

                           ЖЕТЕКШІСІ:с.ғ.қ.,доцент

                                                       ІЛІПОВ М.Т. 
 

                                     АСТАНА 2009 ЖЫЛ

                                                   

Жоспар 

Кіріспе----------------------------------------------------------------------------------------3 

І. Ежелгі Грекиядағы саяси ойлардың рационалды кезеңі-------------------------5

1.Гомер, Гесиодтың саяси-құқықтық ойлары ----------------------------------------5

1.2 Солон , Пифагор саяси ойлары -----------------------------------------------------7 
 

ІІ. Грекиядағы саяси-құкықтық ойларының гүлденген кезеңі -------------------8

 2.1   .Аристотель,Платон,Демокриттің ойлары --------------------------------------8

2.2  Сократтың мемлекет және құқық туралы--------------------------------------17

2.3 Грекиядағы  саяси-құқықтық ойдың құлдырау  кезеңі-------------------------18

 

Қорытынды--------------------------------------------------------------------------------22

Пайдаланылған әдебиеттер-----------------------------------------------------------24 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                                           КІРІСПЕ 

      Курстық жұмыс тақырыбының  өзектілігі.    Б.з.д. мың жылдыктың басында Ежелгі Грецияда жеке және тәуелсіз полистер формасы түрінде бірнеше қала-мемлекеттер пайда болды .

Ежелгі  грек полистерде саяси-құкықтық көзқарастьң  пайда болуы мен дамуында үш кезең  айқын байқалады. Epic кезсң- (б.з.д. IX—VI ғғ) ежелгі грек мемлекеттің пайда  болуына сәйкес келеді. Бұл кезеңде  саяси-құқықтық көзқараста рационациялау (Гомер, Гесиод, атақты "жеті данышпан") байқалады –және "мемлекет пен  құқық проблемаларына философиялық тұрғыдан қарау (Пифагор, Гераклит) қалыптасады  Екінші кезең — (б.з.д. V және IV ғасырдың бірінші жартысы) ежелгі грек философиясы  мен саяси-құкықтық ойларының гүлденген  кезеңі (Демокрит, софистер, Сократ, Платон, Аристотель және т.б.) Үшінші кезең — (б.з.д. IV ғасырдың екінші жартысы мсн II ғасырлары)    эллинизм    кезеңі. Ежелгі  грек    мемлекетінің құлдырауы, грек полистерінің алғашқыда  Македония, кейіннен Рим билігіне көшуі (Эпикур, стоиктер. Полибий жәнс т.б.)

Тақырыптың  ғылыми зерттелу деңгейі.Ежелгі Грекиядағы саяси ойларының дамуы,оның кезеңдері. Гомердің "Илиада" және "Одиссея" поэмаларындағы оқиғалар (б.з.д. VI I ғ.) гректердін әскери және қоғамдық өмірінен көптеген құнды мәліметтерді, Б.з.д. VII ғасырдан ежелгі Грекияның саяси және қоғамдык өмірлік қатынастар, Б.з.д. V1-V ғасырларда Пифагор, Архит, Фклолай, Гераклит және тағы басқалар қоғамдық және саяси-құқықтық тәртіптерді философиялық негізде қайта құру қажеттігі туралы идеялар, Саяси-құқықтық тақырыпты көпшілік назарына талқылауға ұсыну б.з.д. V ғасырда антикалык демократияның нығаю және гүлдену жағдайындағы иофистердің атымен тығыз байланысты — "Софист" атауының мәні ашу, Платон идеалды мемлекет туралы еңбсгін, Мемлекет формасын Аристотель мемлекеттегі жоғары билікті білдіретін саяси жүйе ретінде ,мемлекеттің ең дұрыс формасы ретінде Аристотель политияны  терминнің ұғыну, Стоидизмдегі сияқты Эпикур философиясының басты міндеті максатқа ұмтылған адамның мінез-құлқы туралы ілімге талдау жасау.

     Курстық зерттеудің  мақсаты.Ежелгі Грекиядағы саяси ойларын,Аристотель ,Сократ,Платон Демокрит, Гомердің еңбектерін зерттеу

арқылы  толық мәліметтер жинақтап, тақырыптың мәнің ашу.

     Курстық зерттеудің міндеттері. Аталған мақсатты іске асыру үшін курстық  жұмысына  келесі негізгі міндеттер қойылды:

Ежелгі  Грекияның саяси-құқықтық ойларының  зерттеу; Гомердің "Илиада" және "Одиссея" поэмаларындағы оқиғалар (б.з.д. VI I ғ.) гректердін әскери және қоғамдық өмірінен көптеген құнды мәліметтер берді; Гесиодының "Еңбек жөне күндер" мен "Теотония" поэмаларын зерттеу; Драконт жазған заң нормалары демос пен евиатридтер арасындағы қайшылықтарды жоя алмауы анықтау; Мемлекеттік басқаруда халық билігі — демократияны жақтаған Демокрит сонымен бірге аристократияның пайдалы жақтары бар тауып, оны талдау; "Заң" деген шығармасында Платон мемлекеттік құрылымын зерттеу; әділдіктің өлшемі ретінде "арифметикалық теңдік" Аристотелдің теориясын талдау.

    Курстық  жұмысының  құрылымы. Курстық  жұмысы кіріспеден, екі  бөлімнен, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.  

                
 

   

                          I.Ежелгі Грекиядағы саяси және құқықтық ойлар

                    1.1Гомер мен Гесиодтың  саяси және құқықтық  ойлары

      Б.З.Д. IX—VIII ғасырларда ежелгі мифтік көзқарастар архаистік поэзияда, одан кейін Гомер мсн Гесиодтың поэмаларында өзінің алғашқы сипатын жоғалтып, этикалық және саяси-құқықтық өзгеріске ұшырайды.

      Гомердің "Илиада" және "Одиссея" поэмаларындағы оқиғалар (б.з.д. VI I ғ.) гректердін әскери және қоғамдық өмірінен көптеген құнды мәліметтер береді. Гомерлік кезеңнің IX—VIII ғасырда рулық қүрылыстың ор-нына біртіндеп таптық қоғам қалыптаса бастады. Бай зираттар-дан табылған мол дүниелер де грек дүниесінде әлеуметтік теңсіздіктің үстемдік еткеңдігін дәлелдейді.

     "Одиссея" поэмасында халық жиналысының ролі мен маңызы анық суреттелген. Бұл өкілдік органның қызметі туралы грек жауынгерлерінің Троя түбіндегі жиналысынан, "Илиада" поэмасындағы мысалдан, "Одиссеяда" Итака аралының тұрғындары жиналысының баяндалуынан білуге болады. Троя түбіндегі жиналыста қатардан жауынгер Тереиттік жауынгерлердің мүддесін қорғап, базилевтерге қарсы айтқан айыптау сөздерін лауазымды басшылардың ерекше шығара атауы халық жиналысының ролі айкындай түседі Ал халық жиналысы маңызының төмендеуі "Одиссеяда" айқын көрсетілген Итака ара-лында Одиссей болмаған жиырма жылда халык жиналысы бірдс-бір рет шақырылмаған Ал Одиссеидің ұлы Телемак жиналыс шақырған, тұрғындардың көпшілігі бұл жиналысқа мән бермеген.

      Поэмада Гомер қолданган "дике" (әділдік) және "темис" (әдет, әдет-ғұрыптық құқық) ұғымдары Гомер дәуіріндегі саяси-құқықтық жағдайды түсінуге жәрдемін тигізеді. Гомердің әдеп (дикс) қалыптасқан дәстүр мен әдет-ғұрыптың құқықтық (темис) негізі мен принципі түрінде көрінеді, ал әдет-ғұрыптық құкык (темис) өмірлік әдептің, оның адамдар арасындағы қарым-қатынастарда сақталуының нақты көрінісін білдіреді./1,19б./

       Б.з.д. VII ғасырдан ежелгі Грецианың саяси және қоғамдык өмірлік қатынастар Гесиодының "Еңбек жөне күндер" мсн "Теотония" поэмаларында баяндалады. Беотияда туып өскен Гесиодтың бұл поэмаларында құдайлар кең дүниенің пайда болуындағы гректердің көзқарастары және адамгершілік-құқықтык принциптер сипатталады.

     "Теогония" поэмасы бойынша Зеван Фемидамен (мәңгі табиғи тәртіп пен әділдікті жаратушы) неке одағынан екі қыз-құдай Дике (әділдік) және Эвномия (ізгі заңдылық) өмірге келеді Дике табиғи әділдікті күзетеді және әділетсіздікті жазалайды. Эвномия болса, қоғамдық құрылымдағы заңдылық бастауының құдайлық сипатын және полистік құрылымдағы заңдылықтың терең ішкі байланысын білдіреді./1,20 б./

      Гомер мен Гесиод поэмаларына тән адамдар әрекеті мен олардың өзара қарым-қатынастарындағы адамгершілік-құкықтык, тәртіптер туралы көзқарастар Ежслгі Грециядағы "Жеті данышпан" деп аталғандардың шығармашылығында одан әрі жалғасын табады. Оларға әдетте Фалес, Питгак, Периандр, Биант, Солон, Клеобул және Хилон енгіш Олар полистік өмірде әділетті зандардың үстем болуын батыл жақтады. Олардың кейбіреулері билік және заң шығару қызметтерінде өздерінің саяси-құқықтык идеяларын жүзеге асыруға әрекеттенді. Биант, Солон. Хилон сияқты грек ойшылдарының пікірінше, ізгілікті полистік қоғамдағы заңның, сақталуы және салтанат құруы оның айрықша бөлімі больп табылады. Азаматардың тираннан қорқатындай заңы қалыптасқан мемлекетті Биант ең үлген мемлекет деп есептеді. "Өзіңді-өзің таны" қағидасының авторы спартандык, Хилонның "Заңға табын" дсген шақыруы Дельфадағы Апаллон храмына ойылып жазылды. Ең үлкені полис деп Хилон азаматтары шешендерден ірі заңдарды көбірек тындайтын полисті санады.

Гомерлік  кезеңнің IX—VIII ғасырда рулық құрылыстың орнына біртіндеп таптық қоғам қалыптаса бастады. Бай зираттардан табылған мол дүниелер де грек дүниесінде әлеуметтік теңсіздіктің үстемдік еткеңдігін дәлелдейді.

1.2 Солон , Пифагор саяси ойлары

     "Жеті ғұламаның" қатарына қосылған Солон (б.з.д. 638—559 жж) тарихта атанды реформатор, мемлекеттік кайраткер және заң шығарушы ретінде де білген. Б.з.д. 621 жылы орхон Драконт жазған заң нормалары демос пен евиатридтер арасындағы қайшылықтарды жоя алмады, өйткені ол демостын экономикалық жағдайын қандай да болмасын дәрежеде өзгертпеді. Драконт заңдары сонымен бірге шектен тыс қаталдығымен де әйгілі болды. Сондықтан да Афин халқы полисті басқаруды және жаңа заңдар шығаруды елге ақындылығымен белгілі болған Солонга тапсырды.

     Архонт болып сайланган ол б.з.д. 594 жылы жаңа зандар шығарды. Оның реформаларын экономикалык және саяси деп бөлуге болады. Заң шығарушы ретінде Солон селолық және қалалык демосгық және оған қосылған ешатридтердін, мүддесін қорғады. Оның ең басты реформасы "сисахфия"-("ауыр жүкті сілкіп тастау"), яғни кедейлердің кепілдікке алушы жер учаске-сіндегі қарыз тастарды жою еді. Бұл қарыз тастар бойынша қарызын өтей алмаған адамдар өзінің жеке бостандығын кепілдікке салған, яғни қарызын өтей алмағандар құлға айналдырылған./1,20б./

      Б.з.д. V1-V ғасырларда Пифагор, Архит, Фклолай, Гераклит және тағы басқалар қоғамдық және саяси-құқықтық тәртіптерді философиялық негізде қайта құру қажеттігі туралы идеялар ұсынды. Олар демократияны сынай отырып, ақыл және адамгершілік элитасының "озықтары" билігі — аристократиялық идеяалды жақтады.

     Самос аралында туып өскен Пифагор Поликрат тиранның билігінен кейін туған жерін тастап, Египстте, Вавилонда, Үндістанда болып, ең соңында "Ұлы Элладаның" Критон қаласында өмір кешеді. Ол осы қалада, кейіннен басқа да полистерде өзінің мектебін ашады. Оның ілімі негізінде пайда болған пифагор-шылдық гетрийлер рухы жөнінен ариетократиялық құпия философиялық-саяси одақтар Грецияның көп бөлігі мен Оңтүстік Италияда үлкен ықпалға ие болады. 

    ІІ Грекиядағы  саяси-құкықтық ойларының гүлденген кезеңі

        2.1   .Аристотель,Платон,Демокриттің ойлары

     Аристотель(б. д. дейінгі 384-322 ж.ж.) ежелгі грек философы, ойшылы, энциклопедияшысы, логиканың және басқа ғылымдардыц негізін қалаушы. Стагирде (Фракия) Македония патшасы III Аминтаның сарай дәрігерінің отбасында туған. Платонның Академиясына түсіп, әуелі оқып, кейіннен сабақ берген. Академияда ол жиырма жылдай болған. Аристотель тұңғыш рет саясат ғылымы туралы талдау жасауға талпыныс жасады. Аритотельде саясат ғылым ретінде этикамен тығыз байланысты. Оның көзқарасы, бойынша саясатты ғылыми тұрғыдан түсіну адамгершілік пен этиканың дамыған ұғымы болып табылады. Этика саясаттың бастауы, оньң кіріспесі ретінде көрінеді. Аристотель әділдіктің екі түрін — теңестіретін және үлестіретін түрлерін анықтайды. Теңестіретін әділдіктің өлшемі ретінде "арифметикалық теңдік" қарастырылады. /2,157б./

       Мемлекет формасын Аристотель мемлекеттегі жоғары билікті білдіретін саяси жүйе ретінде сипаттайды. Бұл жерде мемлекет формасы билеушілердің санымен (біреу, аз ғана топ, көпшілік) анықталады. Бүдан басқа мемлекеттін дұрыс және бұрыс формалары туралы да айтылады. Дұрыс формадағы билеушілер көпшіліктін мүддесін қорғаса, бұрыс формадағы билеушілер тек қана өздерінің жеке басының мүдделсрін көздейді. Аристотель пікірінше, дұрыс формадағы мемлекеттерге монархиялық, аристократиялық және подития, ал екінші формаға тирания, олигархия және демократия жатады. Мемлекеттің ең дұрыс формасы ретінде Аристотель политияны айтады. Политияда жалпының мүддесі үшін көпшілік билік құрады.

Информация о работе Ежелгі Грекиядағы саяси-құқықтық ойы.Даму кезеңдері.Сократтың мемлекет және құқық туралы