Гегель

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Декабря 2011 в 18:27, реферат

Описание

Осыған дейін біз ойлаудың тәсілін танымның тәсілі деп қарадық. Яғни ойлау мен танымды бір нәрсе, ол екеуі егіз деп түсінуді көрсеттік. Бұл бірақ, бұрын да айтқандай, батыс ойлау үрдісінің, оның дүниеге қатынасының үлгісі. Философияны ғылым, оның тәсілін де ғылыми тәсіл деп білу. Шығыстың дүниеге қатынасының өзгешелігін де айтқанбыз. Олардың барлығының негізінде адамдардың әртүрлі құндылықтары жатыр дедік.

Работа состоит из  1 файл

Гегель.docx

— 25.49 Кб (Скачать документ)

     Кіріспе.

     Осыған  дейін біз ойлаудың тәсілін танымның тәсілі деп қарадық. Яғни ойлау мен  танымды бір нәрсе, ол екеуі егіз деп түсінуді көрсеттік. Бұл бірақ, бұрын да айтқандай, батыс ойлау  үрдісінің, оның дүниеге қатынасының  үлгісі. Философияны ғылым, оның тәсілін  де ғылыми тәсіл деп білу. Шығыстың дүниеге қатынасының өзгешелігін  де айтқанбыз. Олардың барлығының негізінде  адамдардың әртүрлі құндылықтары жатыр  дедік.

     Дүниені толассыз өзгерту, оны бүкіл түбінен  қайта құру, өз мұқтаждығына сай  қайта жасап отыру, яғни дүниеден, әлемнен тек бір пайданы ғана көру, оны тұтынудың ғана көзімен  аңдау, сезіну, бұл  белгілі бір  құндылық. Бұл батыста да, шығыста да бар, бірақ батыстың дүниеге қатынасында ол басым. Бұл тұрғыдан таным айрықша мәнге ие болады. Соның нәтижесінде адам дүниеге үстем, ол әлемнің жалғыз иесі, кіндігі, бар дүние сол үшін жасалғандай, сол үшін болатындай ойлауга бейім етіп тұрады. Диалектиканың негізінде дүниеге осындай қатынастың табы бар. Онда дүниеге танымның негізінде, дүниені өзгерту процесінде ешбір тарихи шекті білмейтін толассыз өзгеріске адамдық ұмтылыс жатыр. Бұл ұмтылыс диалектиканың белгілі бір өзегі, бірақ бірден бір мазмұны емес. Бұл қатынас бүтін табиғатынан теріс нәрсе емес, тек өзінің шектен шыққан ұмтылысында, басқа қатынастардың бәрін ығыстырып, алга шыққан да ғана оның адамдық мәнді бұзатын бағыты анық көріне бастайды.

 
 

    Даму  туралы ұғым. Диалектика ілімі.

    Диалектика  деген сөз ертедегі гректің екі - диа (екеу), лог (ұғым, мағына) сөзiнен  тұрады. Диалог екеудің әңгімесі. Диалектиканың  пайда болуы пiкiр таластық іс-әрекетке байланысты болды. Себебі ертедегі гректің  ақылды, шешен кісілері сенатта, сотта  сөз сөйлеп жұртты өз пікіріне қарататын, диалог арқылы өз мақсатына жететiн, өзіне жақтастар табатын. Шындықты табудың көзі айтыс, қарама- қарсылық пікір және сөз таластыру арқылы ақиқатқа жету.

      Диалектика белгілі бір процесс,  ақыл-оймен дүние мәңгі қозғалыста, қимылда деп түсіну әдісі. 

    Гераклит (грецияда, б.з.б. V ғ), дүние мәңгілік қозғалыста, қозғалмайтын нәрсе жоқ  деді. Болмыс пен болмау - өзара байланыста, біріне - бірі тәуелді және біріне-бірі өтіп отырады. Бұл диалектикалық  ойдың тарихына қосылған зор үлес екендігінде дау жоқ. Кратил ұдайы  өзгеріп отыратын, қозғаушы күштің үзілмейтінін көрсетсе, Зенон, оның қарсы  жағын, үзілетінін атап көрсетеді.  Мұны Гегель: Тезис - антитезис - синтез дейді.

      Қайта өрлеу дәуірінде қарама-қарсылықтардың  үйлесімділігі туралы диалектикалық   идеяларды Николай Кузанский  мен Джордано Бруно ұсынды. Жаңа  дәуірде метафизиканың үстемдігіне  қарамастан, Декарт өз Космогониясында,  Спиноза  өзіне-өзі себеп болатын  субстанция ілімінде диалектикалық  ой үлгілерін жасады. Декарт: Құдай  дүниені жарата отырып, оған импульс  немесе түркі болады, яғни сағат  жөндеуші, сағаттың механизмін бұрай  отырып,  қозғалысты хабарлайды. Бұл пікір қоғамдық құбылыстарды  талдауға қолданылмайды - деді.

     XVIII ғасырда француз ағартушылары  Вольтер және Руссо тарихтың  даму идеясын ұсынды. Қоғамды  дамытушы рухани күш, немесе  рухани фактор - мораль, дін және  идеялар болады деп есептеді. ХІХ ғ Маркс пен Энгельс:  идеяны тудыратын данышпандар,  қозғаушы күш халық,- деп түсіндірді.

      Диалектикалық әдіске қарама-қарсы   метафизикалық ойлау әдісі бар.  Бұл әдісті Софистика (софизм) мен эклектика ағымдары қолданды. Софизм бір нәрсені дәлелдеп  пікір айтуға логика қағидасын  бұзатын теріс тәсілдер қолданады,  және бұл дәлелі дұрыс секілді  болып көрінетін әртүрлі айла - шараны  пайдаланды. Әрине, бұл  объектінің ішкі болмысын, табиғатын  шынайы ашпай, сыңар жақтылыққа  ұрынады. Ал, эклектика (гр. Eklego- таңдаймын) - әртүрлі бағыттардың немесе  шындықтардың негізгі шешуші  жағын айқындап алмай, түрліше  қарау жолдарын принципсіз, қалай  болса солай біріктіре салу.

     Ғылыми  ойлаудың негізгі объектісі болмыстағы заттар мен процестердің арасындағы қатаң себеп-салдарлық байланыстар болғандықтан ойлаудың сезімділік формалары онда негізгі орынға ие бола алмайды да, алған сезімдерден ада, таза болған логикалық формалар шығады. Ғылыми танымда ой мен ойдың арасындағы қатаң бірінен екіншісі міндетті түрде туындайтын қатынастар жоғары бағаланады. Философиядағы ойдың еркін өрбуінің орнына ғылымдағыдай бұлтармайтын тұжырымдар мен негіздеу алға шықты. Бірақ сезім түгіл адамнан, тіпті табиғаттан ада болған абсолюттік формаларының бірінен бірі үдемелі өрбу жолымен тұтас әлемдік айналуын іске асырған Гегель болды. Ол өз жүйесін философия ғылымға айналуының шегі деп қарады. Тіпті негізгі еңбегің «логика ғылымы» деп атады.

     Табиғат та, адам да Абсолютік рухтың  жолындары  нақты сыртқы формаға ие болған, іске асқан формалары, оның өзін өзі  тануының формалары, Абсолюттік идеяға, яғни тазаланған формасына қайтып оралу  жолындағы өткінші кезең.

           Гегельдің жүйесіндегі даму осы Абсолюттық рухтың Абсолюттік дамуы. Барлық логикалық формалар, категориялар, рух осы сапарындағы бір сәт қана ие болатын келбеттері. Тынымсыз дамудың, өзгерудің себебі сырттан келмейді, әр құбылыстың ішкі қайшылығынан. Әрбір бүтін құбылыс ішкі қайшылықта, онда қарама-қарсы жақтар, ұмтылыстар, бағыттар бар, олар бір-бірін теріске шығарады әрі бір-бірін толықтырады. Құбылыстарда абсолюттік ішкі тепе-теңдік жоқ, сондықтан да олар үнемі қозғалыста. Гегель ішкі қайшылықты алаңсыз теріс нәрсе деп ұғынудан аулақ. Гегельге дейін көбінесе осылай ойлаған. Керісінше, Гегель ішкі қайшылыққа соншалықты зор мән берген. 

Гегель  философиясы.

      Канттан кейін классикалық неміс философиясын дамытқан И. Г. Фихтенің (1762—1814) және Ф. Шеллингтің (1775— 1854) идеалистік ой-пікірлері  өзінің логикалық жалғасын Г. Гегель (1770—1831) философиясынан тапты. Гегельдің диалектикасы неміс философиясының ең жоғарғы жетістігі болып табылады.

           Егер Кант трансценденталды алғышарттарды - қабылдаудың екi формасын, яғни кеңiстiк пен уақытты, он екi категорияны және априорлы субъект пен берiлген себептiлiк принципiн аштым және негiздедiм деп ойласа, Гегель өз iлiмiн жаңа негiздерден алып шығады. Кантпен салыстырғанда Гегель трансценденталды алғышарттарды тарих құрастырады деп санады, өйткенi ол Абсолюттiк Идея дамуының интерсубъективтi процесi болып табылады. Абсолюттiк Идеяның өзiндiк дамуын Гегель өзiнiң “Рух феноменологиясында” (1807 ж.) түсiндiредi. Ол бойынша бұл процесс екi деңгейде көрiнедi: индивидтiң санасы деңгейiнде (сезiмталдықтан философиялық бiлiмге дейiнгi сананың қозғалысында) және тарих деңгейiнде (антикалық дәуiрден Наполеон заманына дейiн). Гегель әр түрлi формалар арқылы өзiндiк санаға қарай бағытталған сананың салтанатты шеруiн көрсетедi. Абсолюттiк Идеяның өзiндiк дамуының бүкiл осы күрделi драмалық жолын индивидтiң қалыптасуы мен даму процесi ретiнде қарастыруға болады және оның барысында индивидтiң көзқарасы, санасы, тәжiрибесi өзгерiп, оның болмысының “негiздерi шайқалады”. Сананың өзгерiсi процесiнде Гегель гносеологиялық теориялардың мазмұнын, олардың  шектеулiлiгiн анықтай отырып, сыни тұрғыда қарастырады. Сонымен қатар ол танымның әр түрлi формалары арасындағы өткелдердi сипаттай отырып танымды қалай пайда болғаны тұрғысынан баяндайды. Сананың пайда болу процесiн анықтай отырып, Гегель ақиқат пен өзiн-өзi тану күрделi диалектикалық процесс деген тоқтамға келедi. Ақиқат өзгермейтiн нәрсе емес және абсолюттiк бiлiммен мәңгiге берiлмейдi, оған таным процесiнде жетуге болады және  ол әрекетпен байланысты.

    Гегель  бойынша адам әлемi өлi, дайын, өзгермейтiн  және абсолюттiк заттардың жиынтығы емес, өзiнiң адами әрекетiнiң нәтижесi болып табылады. Адамды қоршаған нәрсенiң  бәрi—өзгертiлген әлем, адамның әрекетiнiң  барысында қалыптасқан әлем.

    Гегельдiң  пiкiрiнше, тарих—бұл адамның адам болу, әлеуметтену процесi және адамзаттың өткен жолы. Бұл оған өзiн-өзi тану үшiн қажеттi негiз болып табылады. Сонымен, тарих адамға қатысты алғанда  сыртқы, онан тыс нәрсе емес, нақты  тiрi адамдар онда өмiр сүретiн, болатын, ойлайтын, сезiнетiн нәрсе. Адам тарихи өзiндiк дамудың нәтижесi болғандықтан, осы алғышарттың негiзiнде тарихты  зерттеумен айналысады. Гегельдiң түсiнiгiнше  тарих рефлексия процесi сияқты, оның барысында адам белгiлi бiр негiзге  келiп тоқтайды. Бұл рефлексия дамудың диалектикалық заңдарына бағынады.

      Гегельдің философиясы — сана, pyx алғашқы, бірінші, ал материя, табиғат екінші туынды, тәуелді деп дәлелдейтін объективтік  идеализмнің айқын түрі болып  табылады. Ол, сайып келгенде, қоғамдағы  таптың антогонистік құрылыстың орынды екендігін теориялық тұрғыдан негіздеді. Практикалық өмір саласында абсолюттік рух өз бейнесін пруссиялық монархиядан  тапты.

      Сонымен бірге Гегель философиясының аса  маңызды жағы да бар: ол — диалектикалық  тәсіл. Бұл тәсілдің негізгі принциптерін ол өзінің идеалистік, консервативтік жүйесі шеңберінде қарастырады. Өз жүйесін  жасағанда абсолюттік идея өз мазмұнын, ал содан кейінгі материалдық  дүниені — табиғат пен қоғамды  — қалай тудыратынын көрсете  отырып, біріншіден, дүниені үнемі дамуда, қозғалыста қарастырады, екіншіден, диалектиканың негізгі заңдарының мазмұнын ашып берді, даму қарама-қарсылықтардың күресі арқылы жүзеге асатынын, даму барысында бір ұғымдарды екінші біреулері терістейтінін және өткеннің жаңа жоғары сатыда қайталанатынын т. б. көрсетті. ұғымдар диалектикасының олардың өзара байланысы мен бір-біріне өтуінен Гегель шындық диалектикасын болжап, көрсете білді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Қорытынды.

    Гегельдiң  ойынша жоғары ақиқатты философия ашады, өйткенi ол өзiнiң жеке даму жолына рефлексия  жасай отырып болмыстың шынайы мәнiне қол жеткiзедi. Ал өнерге, дiнге және ғылымға келер болсақ, олар бiздi ақиқатқа тек қана жақындатады. Тек  философия, Гегельдiң түйiндеуiнше, болмыстың  шынайы картинасын берiп, әлемнiң негiзiн  игередi. Ал әлемнiң негiзi болмыс пен  ойлаудың бiрегейлiгi болып табылады. Ол “Логика ғылымында” (1812-1814 ж.ж.) болмыстың  идеалды негiзi мен оның өзiндiк  даму тәсiлдерiн ашады. Гегель бойынша  дамушы ойлау мәндiлiктiң нақты  негiзi. Ақыл-ой танымының құралы - ұғым. Ұғымның қозғалысы қайшылықтар  арқылы жүзеге асады. Қоғам қозғалысы  процесiнiң өзi қарапайымнан күрделiге қарай жүрiп, абстрактылыдан нақтылыға, бүтiндiкке немесе категориялар жүйесiне шығуымен сипатталады. Бiлiмнiң жүйесiн  қалыптастыруға септiгiн тигiзетiн  логиканың формасы (мұнда таным  теориясы мен диалектика қосылады) диалектикалық логика болып табылады. Диалектикалық логика, деп түйiндейдi Гегель, әлемдi қарапайым  тұрғыда бақылаудан оның мәнiн ғылыми түсiнуге дейiн көтерiлуге мүмкiндiк бередi. Сонымен, Гегель өзгерiстер философиясын ойлап тауып, алғаш рет тарихты диалектикалық секiрушi процесс ретiнде танытты және ол туралы бiлiм үнемi өзгерiстегi нәрселер бiткеннен кейiнгi ой толғаулар нәтижесiнде жинақталады. “Даналықтың күнi бататын мезгiл” жеттi. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қолданылған әдебиеттер

1. Блинников  Л. В. Краткий словарь философов,  Москва, 1994 г. 

2. Фролов И.  Т. Философияға кіріспе, Москва, 1990 г.

3. Гвозданный  В. А Гусев Г. А. Философия негіздері, даму кезеңдері мен қазіргі өзекті мәселелері, Москва, 1994 г.

4. Гегель, Шығармалар, Москва, 1956 г.

5. Гегель, Работы  разных лет, Москва, 1970 г. 

6. История философии  под редакцией Дынника, Москва, 1965 г. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Жоспар

І. Кіріспе. 

ІІ. Негізгі бөлім.

  1. Даму туралы ұғым. Диалектика ілімі.
  2. Гегель философиясы.
 

ІІІ. Қорытынды. 

ІV. Қолданылған әдебиеттер. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

«Астана Медицина Университеті» АҚ

Философия кафедрасы 
 
 
 

 
 
 

Тақырыбы: Гегльдің философиялық жүйесі мен диалектикалық әдісі. 
 
 
 
 
 
 

Орындаған: Жарқынбеков  Ж.Қ.

Факультет: Жалпы  медицина

Топ: 220

Тексерген: 
 
 
 
 
 
 

Астана  – 2011

Информация о работе Гегель