Карл Маркс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 21:15, доклад

Описание

ХІХ ғасырдың бірінші жартысыңда капиталистік өндіріс әдісінің қарқынды дамуы, буржуазиялық қоғамның тап қайшылықтарының шиеленісуі, пролетариаттың тез өсуі және оның тарихи күрес майданына шығуы марксизм теориясын тудырды.
Карл Маркс (1818—1883) философия мен саяси экономия саласыңда екі жаңалық жасады. Біріншісі — тарихты материалистік тұрғыдан түсіну. Оның мәні мынада. Өндіргіш күштер мен өңдірістік қатынастардың бірлігі болып табылатын материалдық тұрмыстық өндіріс әдісі қоғамдағы әлеуметтік саяси және рухани процестерді туғызатыңдығын дәлелдеді.

Работа состоит из  1 файл

карл маркс.docx

— 24.63 Кб (Скачать документ)

ХІХ ғасырдың бірінші жартысыңда капиталистік өндіріс әдісінің қарқынды дамуы, буржуазиялық қоғамның тап қайшылықтарының шиеленісуі, пролетариаттың тез өсуі және оның тарихи күрес майданына шығуы марксизм теориясын тудырды.  
Карл Маркс (1818—1883) философия мен саяси экономия саласыңда екі жаңалық жасады. Біріншісі — тарихты материалистік тұрғыдан түсіну. Оның мәні мынада. Өндіргіш күштер мен өңдірістік қатынастардың бірлігі болып табылатын материалдық тұрмыстық өндіріс әдісі қоғамдағы әлеуметтік саяси және рухани процестерді туғызатыңдығын дәлелдеді. Капиталистік құрылыстың өндіргіш күштері үздіксіз дами отырып, өңдіріс құрал-жабдықтарына жеке меншікке негізделген буржуазиялық өңдірістік қатынастармен сөзсіз қайшылыққа келеді. Өңдіргіш күштер мен өндірістік қатынастар арасындағы терендеп келе жатқан антогонизмді тек пролетарлық революиия ғана шеше алады, ол жұмысшы табының өкіметін орнатуға жеткізеді және қоғамды социалистік жолмен қайта құру үшін жол ашып береді деді. Екінші жаңалығы — капиталистік қанаудың сырын әшкерелеген қосымша құң туралы ілім болды. 
Маркс пен Энгельс капитализмнің орнына соииализм келеді, ол міндетті орындайтын қоғамдық күш — жұмысшы табы деп үйретті. Себебі, пролетариат — буржуазиялық қоғамнын ең революцияшыл, ең ұйымдасқан, ең саналы және интернационалдық табы. 
Маркс пен Энгельс тап күресі, социалистік революция және пролетариат диктатурасы туралы ілімді жасады. Олар пролегариаттың өзінің меншікті саяси партиясы — коммунистер партиясы болуға тиіс, ол жұмысшы қозғалысына басшылық жасауға тиіс деген қағиданы негіздеді. 
Маркс пен Энгельстің ізбасары В. И. Лешш (1870—1924) болды. Ол капитализм дамуының империалистік сатысының заңдылыктарын зерттеді. Жаңа тұрпатты партия туралы ілімді жасады және осындай партияның ұйымдастырушысы болды. 
Ленин Маркс пен Энгельс жасаған социалистік революция теориясын дамьпты. Буржуазиялық-демократиялық революцияның социалистік революцияға ұласуын негіздеді. Социализмнің алдымен бірнеше елде немесе тіпті жеке бір капиталистік елде жеңу мүмкіндігі туралы тұжырымдама жасады (бұған дейін марксистер социализмнің жеке бір елде немесе елдердің шағын тобында жеңуі мүмкін еместігі, дүниенің дамыған елдерінің көпшілігіңде социализмнің бір мезгілде жеңуінің міндеттілігі туралы тезиске сүйенген болатын). 
Ленин әр түрлі елдердің капитализмнен социализмге өту түрлерінің сан алуан болатыңдығы туралы қағиданы қолдады. Пролетариат диктатурасының мемлекеттік түрі ретінде Кеңестерді ашты. 
Жаңа қоғам құру ісін Ленин елді индустрияландырумен, ауыл шаруашылығын кооперациялаумен және мәдени революцияны жүзеге асырумен байланыстырды. Ол социализм орнатуда пролетарлық мемлекеттің рөлін айқындап, өтпелі дәуірдегі тап күресінің ерекшеліктерін көрсетті. 
Марксизм-ленинизм коммунизм кезінде мемлекет, саясат болмайды деп ұқты. 
Маркстік емес теорияларда, әдетте, саясаттын бірден-бір нақты субъектісі жеке адам (индивид) деп білетін индивидуалдық көзқарасқа басымдық береді. Ал ірі ұжымдық қызмет нысандары және олардын ықпалы жекелеген іс-әрекеттердің жиынтығы ретінде қаралады. Бұл жерде көрнекті тұлғаларға айрықша роль жүктеледі. Ал бұқара дербес әрекет өте алмайтын күш, статистикалық шама ретінде ғана түсіндіріледі. 
Ресми-институциалық тұжырымдамаларда саясаттағы шешуші рольді ресми саяси ұйымдар мен институттарға (мемлекет органдарына, партиялар мен бірлестіктерге, сондай-ақ саяси элиталарға, жетекші топтарға) береді. Бұл тұжырымдамаларға сәйкес, саяси ұйымдар ірі қоғамдык топтардын пісіп-жетілуінің және өзін-өзі ұйымдастыруының нәтижесі болып табылмайды, керісінше, бұл топтардың байланысы мен сана-сезімі ұйымдардың, басшылардың қызметінің нәтижелерінде қалыптасқан. Бұл теорияларда бұқараны саясаттағы стихиялық фактор немесе тіпті тиісінше белгілі бір саяси күштерге әсер ететін зат, көрнекті тұлғалардың іс-қимылына, қызметі мен шешімдеріне мүлде ықпал ете алмайтын дәрменсіз нәрсе, институттар тарапынан реттеліп отыратын объекті ретінде қарастырады. 
Маркстік теория саясатты және оның субъектілерін бұлайша пайымдауды теріске шығарады. Ол жеке тұлғалар мен ин-ституттардың тікелей орындаушылар ретіндегі, әлеуметтік топтардың іс-қимылына дем беруші, оны ұйымдастырушы және бағыттаушы критерий ретіндегі ролін мойындайды. Марксизм жеке адамдар мен ұйымдардың қызметі мен ықпалының қоғамдық маңызын барлық кезде үлкен топтардың өзін-өзі тануы мен ұйымшылдығының белгілі бір деңгейінің нәтижесі мен көрінісі, олардың интеграциясы, тікелей әрекет етуші адамдардың басқа үлкен топтармен байланысы және олардың (таптардың, жіктердің және ұлттардың) арасындағы күштердің арасалмағы ретінде қарастырады. Саясатта елеулі роль атқара алатын (өзініңжеке ұмтылысы, қабілеті менталантының арқасын-да) жеке адамдар арасында белгілі бір ірі қоғамдық топтардың өкілі болып табылатындар, онын қолдауына ие болғандар және сол топтан іс-қимыл жасау, билік және өкілдік ету құқықтарын алғандар ғана саясатқа, шын мәнінде, ықпал етуі мүмкін. Саясатшынын немесе идеологтің маңызы мен саясатқа ететін ықпалы нендей бір таптың немесе жіктің мүддесіне қаншалықты қызмет ете алатындығына байланысты болады, ал, өз кезегінде, аталған таптын немесе жіктің өзінін де жеткілікті күші болуымен қатар, ол саясатшының қызметіне мүдделі де болуға тиіс. 
Марксизм қоғам дамуына материалистік көзқарасты, нақты-тарихи жағдайды негізге ала отырып, өзінін таптар теориясын жасады. В.И.Ленин К.Маркс пен Ф.Энгельстін еңбектеріне сүйене отырып, өзінің «Ұлы бастама» деген еңбегінде қоғамдық таптарға: «белгілі біртарихи қоғамдық өндіріс жүйесіндегі орнына қарай, өндіріс құрал-жабдықтарына қатынасына қарай, еңбекті қоғамдық ұйымдастырудағы роліне қарай, демек, өздеріндегі қоғамдық байлықтан тиісті үлесті алу әдісі мен мөлшері бойынша бөлінетін адамдардың үлкен тобын таптар деп атайды. Таптар — бұл адамдардың мынандай топтары: олардың бірі өздерінің белгілі бір қоғамдық шаруашылық укладындағы орындарының айырмашылықтары арқасында басқанын еңбегіне иелік етеді», - деп анықтама берді. 
Таптық қатынастарға талдау жасаған кезде таптар арасындағы айырмашылықтарды ғана емес, таптар ішіндегі айырмашылықтарды да ескеру керек. Тап ішіндегі құрылымды білу таптың өмір сүруінің материалдық жағдайларын, оның мүдделерін, әлеуметтік және саяси іс-әрекеттерін толықтай түсінуге мүмкіндік береді. Сол таптық құрылымдағы кейбір элементтерді құрамы жағынан некен-саяқ деуге болады. Қайсыбір жағдайларда тап ішіндегі қатынастар, түптеп келгенде, әлеуметтік даму үшін негізгі таптар арасындағы қатынастар шешуші болып табылса да, қоғам өмірінде елеулі маңызға ие болады. Тап ішіндегі құрылымның маңызын асыра көрсету таптар арасындағы қатынастарды дұрыс бағаламауға әкеп соқтыруы мүмкін. Жұмысшы табының құрылымы объективті қалыптасады. Тап ішіндегі құрылымдар көрініс табатын ұғымдар тура мағынасында қолданылуға тиіс. Бұл ең алдымен бөліну (дифференциация) және құрылым сияқты ұғымдарға қатысты, кейде олар синоним ұғымдар ретінде қолданылады. Соған қарамастан оларды ажырата білу қажет. Жұмысшы табының бөлінуін табиғи және әлеуметтік деп боліп көрсетуге болады. Біріншісі оның табиғи айырмашылығынан (жасы мен жынысына қарай) туындайды. 
Дүние жүзі халық санының ахуалы мен өсу қарқынына жасалынған талдау егер ол сол қоғамның қоғамдық қатынастарының бүкіл жүйесімен тығыз байланысты жүргізілгенде ғана жемісті болады. Мысалы, Маркс «Капиталдың» бірінші томында капиталистік қоғамдағы халық санының проблемасын, капиталдың жинақталуына және оның әр түрлі таптар мен әлеуметтік топтарға ықпалына талдау жасау негізінде қарастыра отырып, кез келген «тарихи қалыптасқан ерекше өндіріс әдісінің шын мәнінде өзіне тән тарихи сипаттағы ерекше халық санының зандары болады» деп қорытынды жасады. Бұл қорытындының, К.Маркстің көзкарасы тұрғысынан қарағанда, халық саны заңдарын тану үшін елеулі методологиялық маңызы бар. Бұдан әрбір қоғамдык-экономикалық формацияға тек қана сол өндіріс әдісіне тән өзінің ерекше халық санының зандары сәйкес келеді деген қорытынды шығады. 
Марксизм жеке адамның саясаттағы орнын төмендетпей де,асыра дәріптемей де диалектикалық тұрғыдан қарастырады. Бұл орайда Ф.Энгельстің еңбектеріне жүгінсек те жеткілікті, бұл еңбектердің мазмұнын Г.В.Плеханов, атап айтқанда, «Жеке адамның тарихтағы ролі туралы» атты кітапшасында тамаша ашып берген болатын. Марксизм аса көрнекті тұлғалардың тарихи процестегі және соның ішінде оқиғалардағы аса көрнекті ролін мойындайды, яғни жеке адамдар тарихи процестер мен оқиғаларды не тездете, немесе тежей алады, бірақ оларды тоқтата алмайды, олар тарихтың объективті барысына кедергі жасай алмайды және, әдетте, аса көрнекті та-рихи тұлғалар көбінесе тарих дамуының бетбұрыс кезеңдерінде пайда болып, қалыптасады. 
Саясаттың өз заңдылықтары бар, оны дерексіз көпшілік емес, өздерінің мақсаттарымен, талап-тілектерімен, ойлары және сезімдерімен белсенді түрде саяси процестерге қатысатын адамдар жасайды. 
Сөйтіп, саясаттың субъектісі ретіндегі жеке адам туралы қай тұрғыда айта аламыз? Адам қоғамның саяси өміріне белсенді қатысуы барысында әлеуметтік жағынан жетіледі, өседі және саясаттың субъектісіне айналады. Саясаттың субъектісі болып табылатын жеке адам ұғымы адамның әлеуметтілігі туралы тезисті нақтылаумен тығыз байланысты: адам өзінің табиғатында қоғамдық қана емес, саяси да тіршілік иесі, себебі қоғам өзінің дамуының барлық кезеңдерінде дерлік саяси құралым болып табылады. «Саясаттың субъектісі» термині саясатты жасайтын, өзінің қызметін баянды да шынайы нәтижелерге бағыттай отырып, қоғам өміріне саналы және мақсатты түрде белсенді ат салысатын адамға қатысты. 
Қазіргі кезде орынсыз ұмытыла бастаған К.Маркстің қағидасын есімізге түсірейік. Ол былай дейді: «Әлеуметтендіру - индивидке еш ойланбастан дайын әлеуметтік қалыпты тигізе салу емес. Әлеуметтендірудің объектісі ретінде әрекет ететін индивид сонымен қатар қоғамдық белсенділіктің субъектісі, қоғамдық нысандарды жасаушы да болып табылады». Сонымен бірге К.Маркс атап көрсеткеніндей: «өндірістің арқасында жаңа сапаларға қол жеткізе, өзін-өзі жетілдіре және өзгерте отырып, жаңа күштер мен жаңа түсініктерді, жаңа қарым-қатынас әдістерін, жаңа қажеттіктер мен жаңа тілді жасай отырып, өндірушілердің өздері де өзгереді». 
Басқаша айтқанда, мына жағдайды естен шығаруға болмайды: осындай тіршілік иесін қоғам ғана жасамайды, адам да «қоғамды жасайды», «өзін-өзі және айналадағыларды жасайды». Бұл белсенді жеке тұлғаны, оның саяси «менін» жасау процесі, яғни жеке адамның саясатқа араласуы саяси жүйе индивидті өз аясына тартып, өзінің жақтастарын топтастырған кезден, сондай-ақ оларды қарапайым саяси міндеттерді орындауға үйретіп, жай саяси қызмет дағдысын қалыптастырған кезден басталады. Саясат пен жеке адамның бұл өзара әрекеттестігінің нақты тарихи сипаты бар. Әрбір саяси жүйе саяси әлеуметтеидірудің өзіндік тетіктерін жасайды. Ал бұл тетік таптық қоғамның дамуымен ғана байланысты, яғни құл иеленуші қоғамнан бастап пайда болады. Алайда оның дамыған нысандары таптық күштердің орналасуы жеке адамдардың саяси рольдерін, мүдделері мен құндылықтарын елеулі түрде айқындайтын жерде, капитализмнен бастап, пайда болады


Информация о работе Карл Маркс