Конфуций – ұлы гуманист
Кіріспе
Ертедегі Қытайда үш түрлі дін болған . Олар: 1) үнділерден
келген буддизм, 2) Қытай жерінде туындаған
– даоцизм, 3) конфуциалдық. Бірақ, конфуциалдықтың
негізін таза дінге жатқызу қиын. Сондай-ақ,
оны біз, әрине, кәдімгі философия дейміз.
Десек те, бұл ілімде философияның нағыз
күрделі мәселелеріне жататын космология,
онтология, гнесеология, метафизика проблемалары
қарастырылмайды. Сонда негізгі қарастырылған
мәселе қандай десек, олар мыналар. біріншісі:
адамгершілік, «жэнь». Бұл философия, өйткені
оның мәні адамға ықыласпен қарау, рахымшылық
жасау, былайша айтқанда гуманизм. Екіншісі:
«Өзіңе тілемегеніңді басқаға жасама»,
деген қанатты сөз. Осы жағынан ол философияға
жатады. Бұл ілімнің негізін салған –
нақты адам. Ол б.з.д. VI-V ғ.ғ. өмір сүрген
Конфуций (551-479).
Конфуций - Ежелгі Қытай ойшылы,филососыфы , мемлекет қайраткері,
Қытайдың мемлекеттік діні – конфуцийшілдіктің
негізін салушы. Кедейленген ақсүйектер отбасында
дүниеге келген. Өмірінің көп бөлігін Лу
паташалығында өткізген. Б.з.б. 11-3ғасырларда
болған осы көне мемлекет ежелгі дәуірдегі
Қытай тарихы мен мәдениетінің дамуында
елеулі рөл атқарғанмен.Сондай шақта өз отанында өмір сүрген
Конфуций өзіне дейін өркен жайған философиялық
ой маржандарын оқып-тоқып өсті. Жас шағында
төменгі буындағы шенеунік қызметін атқарып
жүрді. Сосын жеке мектеп ашып, 22 жасында
бала оқыта бастады. Қытайдағы тұңғыш жеке
меншік оқу орнының негізін қалаушы атанды.Ең
атақты мұғалім ретінде даңқы шықты. Халық
оны сүйіспеншілікпен Құң ұстаз деп атады.
Конфуцийдің мектебінде төрт пән – ақлақ
(мораль), тіл,саясат және әдебиет оқытылды.
Конфуций 50 жасында Лу патшалығының жоғары
дәрежелі мемлекеттік қызметшісі болып
істеді. Сол шақта саяси қызметін бастады.
Алайда, қаскөйлік интригалдар салдарынан
лауазымды жұмысынан кетуге мәжбүр болады.
Содан 13 жыл бойы Ежелгі Қытайдың Лу патшалығынан
басқа мемлекеттерін аралайды. Бірақ еш
жерде өз идеяларын қолданысқа енгізе алмайды
да, ақыры 484 ж. еліне қайтып
оралады. Содан өмірінің соңына дейін
ұстаздықпен және көне даналық кітаптарды
жинап, өңдеп, таратумен шұғылданған. Конфуций
өзіне арнайы бөлінген орынға жерленген.
Оның қасына ұрпағы, жақын шәкірттері
мен ізбасарлары қойылған. Тұрғын үйі
ғибадатхана айналдырылып, Конфуций рухына
тағзым етушілер зират жасайтын орын ретінде
әйгілі болған. Конфуций ілімі ол қайтыс
болғаннан кейін б.з.б. 136 ж. мемлекеттік идеологияға айналған
шақта ол “он мың ұрпақтың ұстазы” деп
жарияланды. Мемлекет Конфуцийді 1503 ж. қасиеттілер, әулиелер қатарына
қосты. Конфуций есімі Қытайда 1911 ж. болған ұлттық-буржуазиялық
революция дейін ресми түрде ардақталған.
Конфуций өзіне тән төл ілім жасамаған
деген пікір қалыптасқан, ол Ежелгі Қытайдың
бес классикалық шығармасын – “Шуцзин”(тарих кітабы), “Щицзин” (әндер мен
гимндер кітабы), “Лицзин” (рәсімдер
туралы жазбалар), “Юэцзин” (музыка туралы
кітап), “Ицзин”(өзгерістердің
канондық кітабы) жинастырып, қайта әңгімелеген
және оларға түсіндірмелер берген. Осы
ретте тұжырымдалған басты көзқарастары
мен ілімі жайындағы мағлұматтар “Әңгімелер
мен пайымдар”' (“Лунь юй”) деген кітапта
таратылып баяндалған. Бұл кітап Конфуций
айтқан ойлар мен оның жақын шәкірттерімен
және ізбасарларымен әңгіме-дүкенінің
жазбасы болып табылады. Зерттеушілер
Конфуцийдің жеке басына тиісті деп тек
“Көктем мен Күздің, Лу мемлекетінің тарихы
кітабына” түсіндірмелерін атайды. “Ұлы
ілім” мен “Аралық туралы ілім”' атты
туындылар да Конфуцийдің өзінікі емес,
ол тек мұның екеуін де қайта әңгімелеп
берген деп саналады. Конфуций ілімінің
өзіндік сипаты, адамды ғаламдық ғимараттың
кіндігі және ең жоғарғы мақсаты деп білетін
көзқараспен айқындалады. Конфуций ой-пікірінің
негізгі мазмұны табиғат заңдарына сәйкес
келетін, адамдардың бірлесіп өмір сүруіндегі
парасатты реттілікті, тәртіпті қамтамасыз
етудің аса маңызды шарттары болып табылатын
қарапайым да ғаламат зор “5 ізгілікті”
ұғындыруға арналған. Конфуций ғарыш пен әлемнің пайда
болуы, эволюциясы мәселелерімен әуестенбеген
деген пікір бар, өйткені ол рухтар мен
о дүние мәселесіне көңіл бөлмеген. Бұл
Конфуцийдің:” “Өмірдің не нәрсе екенін
білмей тұрып, өлімнің не екенін білу мүмкін
бе?”, – деген, сондай-ақ: “Адамдарға қызмет
ете білмей тұрып, рухтарға қалай қызмет
көрсетуге болады?” – деп түйген қағида
іспетті ой-тұжырымдарынан аңғарылады.
Ол адам проблемасына, оның ақыл-ойына,
адамгершілік кескін-келбетіне мол көңіл
бөлді. Конфуцийдің саяси-этикалық маңызды
ұғымы – адамшылық, адамның әділ, ақжүрек
болуы (жэнь). Ұлдың кішіпейіл
болуын, ата-ананы, жалпы үлкен кісілерді
сыйлап жүруін анықтайтын “сяо” тұжырымдамасы
да осы қатарда. Бұл екі ұғым жасы үлкен
мен орны жоғары адамдарға сый-құрмет
көрсетіп отыруға, ел басына адалдыққа,
т.с.с-ларға негізделген этик. және әлеуметтік
қатынастар жиынтығын білдіреді. Ол “текті
ерлерді” (цзюнь цзы) шешімді түрде
“ұсақ пенделерге” (сяо жэнь) қарсы қойып
отырған. Алғашқысы кейінгісін басқарып
отыруға, оларға үлгі болуға тиіс деген.
Конфуцийді
ұлы моралист деп атайды, өйткені ол өзінің
саяси-әлеуметтік доктринасын моральдік максимумдарға – биік мораль,
лайықты, дұрыс тәртіп, этикетэталондарына (ли) негіздеді.
Нашар мінез бен келеңсіз әдетті өзгертудің
ең жақсы құралы ретінде музыкаға (юе) зор
мән берді. Конфуций мүлтіксіз, жетілген
адам (цзюнь-цзы) тұжырымдамасын
жасады. Мұндай адамның асылдығы, Конфуций
бойынша, шыққан тегіне емес, алған тәрбиесіне
байланысты болмақ. Өте оңды, тамаша адам
өзін-өзі жетілдіру нәтижесінде қалыптасады.
Ойшыл ретінде Конфуций мұндай кісіні
адамшыл (жень),әділ,адал,
ақжүрек болу керек деп есептейді. Ол әрқашан білім ала
беруге ұмтылып тұруға тиіс. Ата-анасына,
жалпы қарт адамдарға айрықша ілтипатпен
қарым-қатынас жасау ләзім. “Бүкіл өмірің
бойы басшылыққа алуға тұратын сөз бар
ма?” деген сұраққа орай Конфуций: “Бар,
ол сөз – мейірімділік”, – деп жауап берген.
Конфуций адамдар арасындағы (отбасында,
қоғамда, мемлекетте) мүлтіксіз қарым-қатынас
заңын мынандай қанатты сөзбен тұжырымдаған: “Өзіңе
тілемейтініңді басқаға жасама”. Бертінгі
ұрпақ адамгершіліктің алтын ережесі
ретінде дәріптейтін осынау Конфуций
іліміндегі тұжырымдама ілгерілі-кейінгі
ойшылдар пайымдауында адам мінез-құлқы
мен тәртібінің іргетасы іспетте қолданылуда.
Конфуцийдің ізбасарлары оның ілімін
басшылыққа алып, дамытып отырды. Мысалы, Мэн-цзы (б.з.б. 372 –
289 ж.) өз тұжырымдамасында басқарудағы басты
рөлді халыққа берді. “Мемлекетте халық
ең бастысы болып табылады, – деді ол,
– одан кейін топырақ пен дән рухтары, ал
ең соңғы орында ел басшысы тұрады”. Жалпы
алғанда, Конфуций ізбасарларына қатаң
әлеуметтік жіктелу идеясын, сондай-ақ,
қоғам мүшелері міндеттерін отбасындағы
қызмет бөлу тәрізді иерархиялық бөлініске
салуды жақтау идеясын қорғау тән. Мемлекет
– халық игілігін қамтамасыз ету және
қажет тәртіпті орнату құралы. Солай бола
тұра, мемлекет бәрін қамтитын және баршаға
ортақ, бәрі орындауға міндетті, бірақ
бет-бейнесіз заңға да, тиран-билеушінің
озбырлығына да сүйенбеу керек, керісінше,
мемлекет – билеуші мен оның көмекшілерінің
даналығына, ізгілік-мейірімділігіне
арқа сүйеуге тиіс. Конфуцийдің саяси
доктаринасына әр заманда әрдайым мұқият
көңіл бөлініп отырды. Конфуций мен оның
ізбасарларының ілімінде бейнеленген
идеялар осы күнге дейін Қытай саяси мәдениеттің аса
маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.
Жоспары
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
- Конфуциййдің өмірбаяны
- Конфуций шығармалары
- Конфуцийй ұлы моралист
- Қорытынынды
- Қолданылған әдебиеттер
Қорытынды
Қорытып айтсак, Конфуций өте керемет
дарын иесі болган,себебі әлі күнге дейін
қытайлықтардың қоғамдық санасында кең
орын алады.Өйткені,біздің заманымызға
дейінгі, Конфуций өмір сүрген уақытта
ол елде тәртіп бұзылып, адамдар біріне
бірі әлімжеттік көрсетіп, тонап, соғысып
жатқан болатын. Содан адамдарды тәртіпке,
адамгершілікке, бірлікке шақыру ауадай
қажет болды. Сол қиын-қыстау ауыр жағдай
Конфуцийдің ілімін дүниеге алып келді.
Оның данышпандығы сол жағдайға әбден
сәйкес келгендігі.Қоғамда ауыз бірлік
болу үшін байланыстың тиімді үш басты
түйіні, түрі бар дейді Конфуций. Бірі,
басқарушы мен бағынушы, екіншісі, әке
мен бала, үшіншісі, ері мен әйелі арасындағы
қарым-қатынас. Тыныштық, татулық болу
Конфуцийдің пікірінше, біріншілерді
екіншілердің мүлтіксіз тыңдауы, айтқандарын
бұлжытпай орындауы.
Егер кімде
кім рақымшылық сезімді қолдаса, онда
атасы мен анасын құрметтеп, мемлекет
басшысының айтқаны заң болса, басқаларға
сөзімен шыншылдықты көрсетсе, ондай адамды
сауатсыз болса да ғалым дер едім, дейді
Конфуций.Қазір ата-анаға балаларының
қайырымды болуы, оларды тек асырау деп
түсінсе, бұл кемістік. Малды да асырайды.
Дұрысы оларды қамқорлыққа алу, дейді
Конфуций.Қайырымды адам қатал болмаса,
ол басқаларға ықпал жасай алмайды, білім
алуда да осал болады, дейді.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УВЕРСИТЕТІ
Сөж
Тақырыбы:Конфуций
ұлы гуманист
(ЭССЕ)
Орындаган:Нуртиилеуова.Г
Топ:Бт-11-12
Тексерген:Бижанова.М
Алматы
2013