Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2011 в 13:02, доклад
Легизм. Ерте легизмнің ірі өкілі ШАНЬ ЯН (б.з.д. 390 — 338 жылдар шамасы) ұсынған реформалардың жобалары мен жарлықтары "Шань цзюнь шу" трактатына ("Шань облысының әміршісі кітабы") енген. Легизм ілімі оның алдындағы тұжырымдамалардан едәуір өзгеше болды. Легистер саясатты дәстүрлі моральдық баяндаудан бас тартып, билікті атқару техникасы туралы ілімді жасады. Шань Ян осы қайта бағдарлануды жүзеге асыра отырып, патриархалдық тәртіпті жоюға қол жеткізген мемлекеттік міндеттерді атқарған ақсүйектер мен ауқатты қауымшылдардың ұмтылыстарын басшылыққа алды.
Легизм
Легизм.
Ерте легизмнің ірі өкілі ШАНЬ
ЯН (б.з.д. 390 — 338 жылдар шамасы) ұсынған
реформалардың жобалары мен жарлықтары
"Шань цзюнь шу" трактатына ("Шань
облысының әміршісі кітабы") енген.
Легизм ілімі оның алдындағы тұжырымдамалардан
едәуір өзгеше болды. Легистер саясатты
дәстүрлі моральдық баяндаудан бас тартып,
билікті атқару техникасы туралы ілімді
жасады. Шань Ян осы қайта бағдарлануды
жүзеге асыра отырып, патриархалдық тәртіпті
жоюға қол жеткізген мемлекеттік міндеттерді
атқарған ақсүйектер мен ауқатты қауымшылдардың
ұмтылыстарын басшылыққа алды. Саяси теориядан
олар басқаларға қарағанда ізгілікті
ақыл-өсиеттерді аз күтті. Оларға керегі
жалпы мемлекеттік түрлендірулердің салыстыра
тексерілген бағдарламасы болатын.
Легизмнің
ерекшеліктерін қоғамдық құбылыстарға
тарихи көзқарастардың элементтері құрады.
Жаңа аристократияның жекеменшіктік мүдделері
қауымдық өмірдің архаистік ұстанымдарына
қайшы келгендіктен, оның идеологтарына
дәстүрдің беделіне емес, әлеуметтік шарттардың
бұрынғымен салыстырғандағы өзгерістеріне
шағынуына тура келді. Ежелгі тәртіптерді
қалпына келтіруге шақырған достарға,
конфуцийшілдерге және моистерге қарсы
легистер ескіге қайта оралудың мүмкін
еместігін дәлелдеп бақты.
Легистер
қауымдық өзін-өзі басқаруды шектеу,
отбасылық-рулық қауымдар мен патронимияларды
жергілікті әкімшілікке бағындыру қажет
деп есептеді. Шань Ян қауымдық өзін-өзі
басқаруды теріске шығармастан, азаматтарды
мемлекеттік биліктің тікелей бақылауына
қоюды көздейтін реформалардың жобаларын
(елді аудандарға бөлу, жергілікті жерлердегі
шенеуніктік қызметтер және т.б.) ұсынды.
Бұл жобаларды жүзеге асыру Қытайда азаматтардың
аймақтық бөлінуінің бастауы болды.
Барлық
мемлекет үшін біртұтас заңдар белгілеу
ұсынылды. Басқа да ерте легистер сияқты
Шань Ян әдет-ғұрып құқығын заңнамамен
толық алмастыруды ойлаған жоқ.
Занды ол қуғын-сүргін саясаты (қылмыстық
заң) және үкіметтің әкімшілік өкімі
деп түсінді.
Билік
пен халық арасындағы ұарым-қатынастарды
Шань Ян жауласушы тараптардың бір-біріне
қарсы тұруы деп қарады. Үлгілі мемлекетте
әміршінің билігі күшке арқа сүйейді және
ешқандай заңға бағындырылмаған. Шан Янға
азаматтардың құқығы, олардың заңды кепілдері
туралы және т.б. ұғымдар белгісіз. Заң,
оның ойынша, қорқыныш ұялатушы, ескерту
жасаушы террор болып шығады. Тақсыр қызметінің
жоғарғы мақсатын Шань Ян басқыншылық
соғыстар жолымен Қытайды біріктіруге
қабілетті күшті билік құру деп есептеді.
Легистік тұжырымдамаларды іс жүзінде қолдану қатыгездіктін күшеюімен, бодаңдардың санасына әмірші алдында жаппай үрейді сіңірумен және жаппай сезіктенумен қатар жүрді. Жалпы бұқараның легистік тәртіпке наразылықтарын ескере отырып, Шань Янның ізбасарлары неғұрлым жексұрын жағдайлардан бас тартып, легизмді моральдық мазмұнмен толықтырып, оны даосизммен немесе конфуцийшілдікпен жақьіндастырды. Б.з.д. II — I ғасырларда легизм идеясымен толықтырылған конфуцийшілдік Қытайдың мемлекеттік діні ретінде бекіді. Моистер мектебі біртіндеп келмеске кетеді. Даосизм буддизммен және жергілікті нанымдармен астарласып магия белгілеріне ие бола бастайды жөне уақыт өте келе саяси идеологияның дамуына ықпалын жоғалтады. Конфуцийшілдік 1911 — 13 жылдардағы Синхай революциясына дейін императорлық Қытайдың ресми ілімі болып келді. [1][2]
[өңдеу]
Пайдаланған әдебиет
↑ Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3
↑ Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7