Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Января 2012 в 15:21, реферат
Біздің ұлық Абайымыз айтпаған сөз қалған ба? Жасың ұлғайып, дүние сырына бұрынғыдан тереңірек үңілген сайын Абайға барып жүгінуің жиілей береді. Жаныңды қинаған сұрақтарға жауап іздейсің.
Өлсем орным — қара жер сыз болмай ма?
Өткір тіл — бір ұялшақ қыз болмай ма?
Махаббат ғадауатпен майдандасқан,
Қайран менің жүрегім мұз болмай ма? – деп жазады ақын.
Кіріспе
Махаббат туралы Абайдың сөздері
Араб ғұламаларының махаббат жайлы сөздері
Махаббат
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Жоспар
Кіріспе
Біздің ұлық Абайымыз айтпаған сөз қалған ба? Жасың ұлғайып, дүние сырына бұрынғыдан тереңірек үңілген сайын Абайға барып жүгінуің жиілей береді. Жаныңды қинаған сұрақтарға жауап іздейсің.
Өлсем орным — қара жер сыз болмай ма?
Өткір тіл — бір ұялшақ қыз болмай ма?
Махаббат ғадауатпен майдандасқан,
Қайран менің жүрегім мұз болмай ма? – деп жазады ақын.
Мұндағы Махаббат - ғаламдық көлемдегі сүйіспеншілікті бейнелесе, Ғадауат сол махаббатқа қарама-қарсы - жек көру, мейірімсіздік, қаскүнемдік, дұшпандық деген ұғымдарды бейнелейді. Бұдан басқа Абайдың талқысына түсетін Нәпсі деген сөз бар. Оның мағынасы тіпті жан-жақты: адамның ішкі жан дүниесі, құштарлығы, құлқы-пейілі болып таралып кетеді. Махаббат. Ғадауат. Нәпсі. Асылы гомо сапиенс аталатын саналы адамның өмірі осындай үш тағанға тіреліп тұратын болса керек.
Махаббат — адам өмірінің тұғыры мен тіреуіші. Махаббат — өзіңді ғана емес, ең алдымен өзгені сүю, қарапайым тілмен айтсақ, жақсы көру, ұнату. Жаны ашу, мейірбандық, жақсылық істеу, қамқорлық көрсету осыдан шығады. Көкірегін махаббат жайлаған адам — қашанда қайырымдылықпен, әділдікпен, адалдықпен ауылдас отыруға тырысады. Ондай адамның кейде сырты байсал, суықтау көрінуі мүмкін, бірақ іші — нәзік, сезімтал, сергек келеді. Ойынан бұрын сезімі бас көтеретін де кездері бар. “Мұның арты қалай болар екен” деп ойы тартпақтай бастаса, сезімі ілгері қарай сүйрелейді. Сөйтіп, бұлдыр ойды мөлдір сезім тазалап жуып тұрады.
Дүниедегі бар жақсылық махаббатпен жасалады, махаббатпен нұрланады. Ең арғысы сәулетті үй салып, бітік егін өсірсеңіз, жер қойнауын қопарып кеніш көзін ашсаңыз кітап жазып, ою-өрнек тоқысаңыз да қаншама ой қуатын, жан мейірімін жұмсайсыз. Өйткені, шын сүйіспендіктен туған дүние ғана құнды, сұлу болмақ.
Ғаламдық биіктен қарасақ та, махаббаттың орны орасан екені көрінеді.
Адамды сүй, Алланың хикметін сез,
Не қызық
бар өмірде бұдан басқа? – деп
Абай тегін жазбаған.
Әдетте
махаббатты түр-түрге бөліп жатады.
Соның ішіндегі ең зорларының бірі
— Отанға, туған жұртыңа деген
сүйіспеншілік сезімі. Пайғамбарымыз
Мұхаммедтің (с.ғ.с.) хадисінде бар: “Мен
егер адам өз жақынын жақсы көрсе,
халқын да сүйген болып шыға ма деп
сұрағанымда, Алланың елшісі: “Жоқ,
олай емес. Жамандықтарына қарамай, халқына
көмектескендер ғана соған лайық”
деп жауап берді”. (Убада Ибн
Катир).
Махаббат
иесінің әрдайым жолы бола бермейтіні
түсінікті. Бұл жайында Ахмет
Яссауи жақсы айтқан:
Жапа шекпес ғашық болмас, тыңда ғапыл,
Жапа шеккің, сабыр еткің, болмай жәһіл.
(Ә.
Жәмішеев аудармасы)
Махаббат
туралы Абайдың сөздері
Адамзатты
сүю, әділетті сүю — бұдан асқан
асыл мұрат болушы ма еді? Өйткені, Абайша:
“Ғадаләт — барша ізгіліктің анасы
дүр. Ынсап, ұят — бұл ғадәләттан
шығады. (Отыз сегізінші сөзден). “Адамшылықтың
алды махаббат, ғадәләт, сезім. Бұлардың
керек емес жері, кіріспейтұғын да
жері жоқ. Бұл ғадәләт, махаббат сезімі
кімде көбірек болса, ол кісі —
ғалым, сол ғақил”. (Қырық бесінші
сөзден). Демек, күллі адамгершілік
қасиеттер, ізгілік, ар-ұят, қанағат-ынсап
— махаббат анадан туады екен.
Бұл
ғана емес. Кемеңгер Абай саналы адамзат
өмірінде жиі ұшырасатын жамандықтарды
махаббатпен емдеуге болады деп
сенген. Оқиық: “Күллі адам баласын
қор қылатын үш нәрсе бар. Әуелі
— надандық, екінші — еріншектік,
үшінші — залымдық. Надандық — білім,
ғылымның жоқтығы. Дүниеде ешбір
нәрсені оларсыз біліп
Әрине,
жөнге көшіп, түзелуге келетіндерді
махаббатпен емдегенге не жетсін!
Бұл өмірдің қызығы — махаббатпен,
Көрге
кірсең үлгілі жақсы атақпен, – деп
Абай тағы дұрыс жол сілтейді.
Араб
ғұламаларының махаббат
жайлы сөздері
Атақты
араб ғұламасы Ибн Қайум (ХІV ғ.) жазған
“Дерт пен дауа” атты көлемді
кітаптың үштен бірі адамзат өмірінде
кездесетін махаббат ықылымдарын жан-жақты
талдауға арналған. Негізінен теологиялық-
Әйткенмен,
Ибн Қайумның: “Махаббат адал әрі
жан-жаратылысы таза, тілі жұмсақ, кең
пейілді, тәрбиелі, асыл текті адамдарға
лайық”. Немесе: “Махаббат қорқақты
батыр, ақымақты есті, сараңды жомарт
қылса, менмен патшаларды қорлап, қатал
мінезділерді тәубаға келтіреді”.
“Досы жоққа дос, жалғыздарға
серік тауып береді”. Немесе: “Махаббат
ауртпалықтан құтқарып, жан тыныштығына
жеткізеді, сансыраған санаңды ашып,
жақсы іс-әрекеттеріңе қанағат еткізеді”
деген пайымдаулары қай заманға
да, қай қоғамға да керекті өнегелі
сөздер екені хақ.
Махаббат
Махаббат — сүю болса, Ғадауат — жек көру.
Бұл екеуі тіршілікте қатарласып өмір
сүреді. Тіпті жұмыр басты тірі адамның
тұла бойында осы екеуінің айқасы тынбай
жүріп, әрқашан ит жығысқа түсіп жататыны
да белгілі. Абай жазғандай, түптің түбінде
әлсіз жүректерді мұзға айналдыратын
— сол майдандасу. Өйткені, біз ет-жүректен
жаралған пенде болғасын, нені жек көру
керек екенін үнемі анық ажырата білмейміз.
Жек көру сезімінің де ар жағында әділеттілік
жату керектігін ескермейміз. Әдетте жек
көрген адам бәрін ұмытып кетеді. Осыдан
барып асқына бастаған жек көрушілік мейірімсіздікке,
қаталдыққа, қаскүнемдікке ұласады. Мұндай
жағдайда Махаббат жеңіліп, Ғадауат жеңіске
жетеді.
Адамзат
ұрпағы саналы нәсіл-жұрт ретінде қауымдасқалы
бергі уақытта қыруар діни дүниетану
ағымдары мен ең-ең ұлық ойшылдары
құдіреттің әзірге шейін бізге мәлімсіз
ықтиярымен пайда болған тіршіліктің
оты өшіп, біржола құрдымға кетпеуі
үшін киелі Махаббаттың жалынан
мықтап ұстау қажет екенін айтып,
жазып келеді-ақ.
“Дүниені ұстап тұрған ұстын — махаббат,
Махаббат
бар жерде ғана — өмір бар”.
(
М. Ганди).
“Махаббат демімен үрленбесе,
Тіршіліктің шырағы жанбас болар”.
(Махмұмқұлы).
Осыған
қарамастан, махаббат пен ғадауаттың
майданы тоқтар емес. Сірә ақырдың
уақтысына шейін тоқтамайтын
шығар.
Ең
өкініштісі — қайсыбір замандарда,
қайсыбір қауымдарда махаббаттың үні
әлсіреп, мейірім-шапағат азайып, қатыгездік,
қаскүнемдік, дұшпандық үстемдік құрады.
Әділет іздеушілер құрыққа түсіп, қиянат
жасаушылардың желкенін жел көтеріп,
жетістікке жетеді. Өйтетін себебі:
адам баласын бақытты, тыныш өмірге
бастайтын тура жол — ынсап, қанағат
сезімдері ұмытылып, Нәпсі деген
бір қарақұлақ қасқырдың жабайы
инстиктісіне сүйенген сайранына қосылып
кететіндер саны әбден-ақ көбейеді. Әрине,
осылайша тепе-теңдіктің бұзылып, теріс
құбылыстардың текірек атуына қайсыбір
замандарда, қайсыбір қауымдарда қалыптасқан
әлеуметтік ақуалдың зардабы тиетіні
белгілі. Нәпсі мұсылман елдері арасында
ежелден адамның ішкі құлқы-пейілі мағынасында
айтылып келеді. Діни насихаттарда, кітаби
ақындар шығармашылығында ең жиі қайталанатын
сөздің бірі де — “нәпсіңді тый!”, әйтпесе
“нәпсісі бұзылған” тақілеттес болған.
Ал кең мағынасында — адамның ішкі жан
дүниесінің көрінісі, содан туатын құштарлықтар
(орысша соблазнь, страсти) аумағына сыйып
жатады. Абай бұл ұғымды әрі қарай тереңдетіп,
алыстан орағытады. Ол бұл дүниедегі адам
бойындағы жақсы-жаманды іс-әрекеттер
төркінін жан қуатынан іздейді. Егер зерделеп
қарасақ, қазақ ақынының даналық пайымдауларын
оп-оңай тануға болады. Үзінділер оқып
көрейік:
“Жан қуаты дейтұғын қуат — бек көп нәрсе, бәрін мұнда жазарға уақыт сыйғызбайды.
Бұл қуаттың ішінде үш артық қуат бер, зинһар, соны жоғалтып алу жарамас. Ол жоғалса, адам ұғылы хайуан болды, адамшылықтан шықты.
“Бүткіл
дүние үздіксіз қозғалыс үстінде. Бірақ
соның бәрі әрқилы болады. Ал адам жанының
жүрістері соның ешқайсына
(Ж.
Руми.)
“Ібіліс әрдайым Құдаймен алысып келеді, сондағы ұрыс алаңы — адамның жүрегі”.
(Ф.
Достоевский).
Иә,
бұрынғы білімдарлар біліп
Қорытынды
Махаббат — адам өмірінің тұғыры мен тіреуіші. Махаббат — өзіңді ғана емес, ең алдымен өзгені сүю, қарапайым тілмен айтсақ, жақсы көру, ұнату. Жаны ашу, мейірбандық, жақсылық істеу, қамқорлық көрсету осыдан шығады. Көкірегін махаббат жайлаған адам — қашанда қайырымдылықпен, әділдікпен, адалдықпен ауылдас отыруға тырысады. Ондай адамның кейде сырты байсал, суықтау көрінуі мүмкін, бірақ іші — нәзік, сезімтал, сергек келеді. Әдетте махаббатты түр-түрге бөліп жатады. Соның ішіндегі ең зорларының бірі — Отанға, туған жұртыңа деген сүйіспеншілік сезімі.
Махаббат туралы кез- келген енлдің,ұлттың ғұламалары өз ойларын жазған мысалы,
“Дүниені ұстап тұрған ұстын — махаббат,
Махаббат бар жерде ғана — өмір бар”. ( М. Ганди).