Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Сентября 2011 в 20:42, реферат
Қазір жаһандану, интеграция қоғамды күрделендіре түсті. Діні, тілі, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы әртүрлі көптеген халықтарды өзара қарым-қатынасқа түсуге мәжбүрлеп жатыр. Бұндай процестер барысында өзара түсініспеушіліктен, салт-дәстүрлердің ерекшелігінен туындаған қайшылықтарға байланысты халықтар, тіпті мемлекеттер арасында келіспеушіліктер байқалуда.
Кіріспе
Негізгі идея
Батыс өркениеті жалпы сипаттама
Еуропаға көзқарас
Мұсылман мәдениеті тудырған еуропалық қайта өрлеу дәуірі
3. Қорытынды
Жоспар:
3.
Қорытынды
Кіріспе.
Қазір
жаһандану, интеграция қоғамды күрделендіре
түсті. Діні, тілі, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы
әртүрлі көптеген халықтарды өзара қарым-қатынасқа
түсуге мәжбүрлеп жатыр. Бұндай процестер
барысында өзара түсініспеушіліктен,
салт-дәстүрлердің ерекшелігінен туындаған
қайшылықтарға байланысты халықтар, тіпті
мемлекеттер арасында келіспеушіліктер
байқалуда. Көптеген әлеуметтанушылар,
психологтар, саясатшылар бұл бағытта
әртүрлі ғылыми зерттеулер, сараптамалар
жүргізіп, әрқилы тұжырымдар мен болжаулар
ұсынуда. Бұлардың көпшілігі адам баласының
материалдық жағдайына көбірек мән беріп,
қоғамдағы келіспеушіліктердің, қайшылықтардың
тамыры ретінде байлықтардың теңдей бөліспеуін
көрсетеді. Осыдан болар, қолданысқа «бай
солтүстік», «кедей оңтүстік» деген секілді
ұғымдар орын ала бастады. Бұл мәселеге
басқа тұрғыдан жақындауға тырысамыз.Қоғамға
негізгі бағыт бағдар берушінің біреуі
де аймақтың географиялық орналасуы болып
табылады. Ал адамдарды бір-бірінен ерекшелендіріп
тұратын қоршаған ортасы яғни ауа-райы
мен қоректенуі(Ауа-райы адам баласын
ұдайы жаңа сипаттармен жаңартып тұрады.
Көп тамақ жеу адамның ақыл-ойын, денесін
маужыратады. Аз тамақ жеу ақыл-ойдың,
дененің ширақ әрі ояу жүруіне себеп болады).
Сонымен қатар, күнделікті тұрмыс тіршіліктен
туындаған өзгешеліктер. Мысалға, көшпелі
мен отырықшы халық арасындағы айырмашылық.
Бүкіл осы айырмашылықтар негізінде ұлттық,
мемлекеттік ерекшеліктер қалыптасады.
Ал, әлемде жүріп жатқан процестерге, өзгерістерге
назар аударар болсақ, бұны Батыстық және
Шығыстық деп екіге бөлуге болады. Осы
ой, көзқарастарының жетегінде әртүрлі
теориялар мен пікірлер, қөзқарастар қалыптасады.
Кейбір ойлар, болжамдар бұлжымас қағида,
заңдылық ретінде адамдар тарапынан қабылданады.
Ал енді осы ойларды да жалпы алғанда Батыстық(Еуропалық)
және Шығыстық(Азия) деп бөлеміз.
2.Негізгі тақырып.
2.1Европалық елдерде мемлекет жеке меншіктің шапшаң, күрделі дамуы, қоғамның тапқа бөлінуі арқылы қалыптасты.
Афина мен Римде алғашқы қоғамның ыдырауы кезінде экономикалық күшті топтар мен таптар мемлекетті өз қолдарына алып, өз мүдде-мақсаттарын орындайтын мемлекеттік аппарат орнатты. Бұл мемлекеттер көбінесе демократиялық жүйедегі саяси бірлестік болып қалыптасты. Мұнда құлдардың саны жергілікті халықтан бірнеше есе көп болып, жаңа мемлекеттік басқару аппараты құрылды. Жергілікті халықтың арасында қайшылыққа жол бермеу саясаты қалыптасты. Республикада қатаң заңдылық, құқықтық тәртіп орналды.
Германияда мемлекеттің қалыптасуы басқаша болды. Мұнда құл иеленушілік көп дамыды. Қалың бұқара байларға тәуелді болды, феодалдық қатынастар дами бастады. Рим империясының біраз жерін Германия өзіне қаратып, феодалдық мемлекеттің дамуын тездетті. Осы типті мемлекеттер Европаның бірнеше елдеріне, Ресейде, Ирландияда, Азияда, Орта Азия елдерінде қалыптасты.
Мемлекеттің алғашқы қоғамдық биліктен айырмашылығы:
Мемлекеттің пайда болу, даму себептері:
Мемекеттің неізгі белгілері:
Мемелкеттің билік жүргізетін белгілі тереториясының болуы, халықты руына қарай емес жеріне сәйкес бөлу. Аймақтық ұйым ретінде мемлекет сол көлемді белгілі бір ұлттың, ұлттық мемлекеттің қалыптасу процессіне әсер етеді.
Дамған
қоғамда мемлекеттік
2.2Батыс өркениеттің дамуына үлкен әсер еткен факторлардың бірі ерте грек философиясы. Бұл философия адмның ғылымды, білімді болуына нұсқау береді. Онда абсолют ретінде Дао немесе Нирвана ілімдеріндегідей тұлғасыздық емес керісінше адам жеке тұлға ретінде қарастырылады. Бұл философияда білімге деген құштарлық мынайдай себептермен түсіндіріледі. Біріншіден, Грекия әртүрлі мәдениеттер арасында дәнекерші рөлінде болды. Ол бірнеше мәдениеттердің қиылысу жерінде орналасқан(ежелгі мысырлық, финдық, вавилондық), және осының арқасында әртүрлі мәдениеттерден өзіне керектісін алып пайдалана алды. Екіншіден, Грекия – демократия мен адам құқықтарының отаны. Ұлы реформатор Солон барлық адамдардың тең құқықты болуына қол жеткізді, оның иелік, социалдық не болмаса басқа да дәрежесіне қарамастан. Үшіншіжен, грекия тұрғындары ешқашанда біреулерге ұқсас халық болған жоқ. Ылғида өз жолыме дамыған болатын.
Батыс адамы мен қоғам арасындағы қатынас, адам мүдденсінің қоғам мүддесінен жоғары тұруынан адамның қоғамға бағынашты болуынан, тәуелсіздігіне көрініс береді.
Табиғатқа көзқарас. Батыс дүниетанымы бойынша адам айналадағы дүниенің қожайыны болуы керек, табиғатта бардың бәрін адам өзінің қажетіне жаратуы керек.
Батыстық
ой-пікірлерден позитивистік, реалистік,
прагматистік көзқарастар байқаймыз.
Либерализм, социализм, анархизм, корпоративизм,
марксизм, коммунизм, социал-демократия,
революция, консерватизм, национализм,
фашизм және христиандық демократия бұның
барлығы Еуропадан шыққан. Бүгінгі Еуропаны
танып білу үшін орта ғасырдағы Ульрих
Звингли, Жеан Кальвин, Мартин Лютер секілді
реформаторлардың дәуіріне назар аудару
керек. Еуропа бұл кезде христиан дінінің
қою қараңғылығы ішінде бүркеніп жатты.
Мәдениет христиан дінінің негізінде
өрбіді. Жазу-сызу Інжілді көбейту әрі
оқыту үшін қолданылды. Орта ғасырлық
Еуропадағы реформистік әрекеттердің
христиан дініне бағытталғанын көруге
болады. Демек, христиан діні халықтың
талап-тілегін, мұң-мұқтаждығын өтей алмады.
Бұған зиялы қауым қарсы келді. Нәтижеде
әртүрлі діни ағымдар(протестандық, лютерандық,
кальвинизм, анабатист, католиктік т.б.)
пайда болды. Қоғамды өздерінің мақсат-мүдделеріне
сай түрде өзгертті. Бұл еуропалықтарда
қоршаған ортаны және қоғамды өзгерту
өздерінің қолында екендігі туралы бір
ой қалыптастырады. Осыдан барып тек ақылға
ғана сүйенушілік ауыр баса бастады. Ақылмен
өздерінің тұрмыс жағдайларын жақсартты.
Ақылға шектен тыс арқа сүйеуден дарвинизм,
материализм, атеизм пайда болды. Құдайдың
орнына әртүрлі «изм»дер орын алды. Құдайды
жоққа шығарып, сырттай өзін емін-еркінмін
деп сезінгенімен рухы езіліп жатты. Өйткені,
өзін қалай емін-еркінмін, басым бос деп
есептесе соғұрлым айнала қоршаған ортаны
да қараусыз, бақылаусыз құр бос тұрған
дүние деп білді. Ал ешқандай бақылау,
қадағалау болмаған сыртқы дүние қауіп-қатерге
толы болды. Өзіңіз ойланып көріңізші,
ешқандай заң, жүйе, тәртіп болмаған жерде
адам баласының рухы өзін қалай сезінер
еді? Көзге көрінбес мыңдаған қауіп-қатерден
өздерін сақтап, болашағын қамтамасыз
ету үшін еуропалықтар бір адамға жан-тәнімен
тәслім болды. Былайша айтқанда, жолын
кескен мыңдаған қарақшылардан сақтану
үшін басқа бір қарақшымен келісімге келеді.
Міне осылайша мәдениеттімін деген ХХ
ғасырдың Еуропасынан Гитлер, Муссолини
секілді диктаторлар шыққан. Гитлер мен
Муссолиниді ортаға шығарған еуропа мәдениеті.
Олар аспаннан түскен жоқ. Басқа планетадан
да келген жоқ. Бұларды тәрбилеп шығарған
Еуропаның мәдениеті, әлемге деген материалистік
көзқарасы. Ал бүгінгі еуропалықтар өздерінің
мәдениеттерін сақтап қалу үшін бар кінәні
Гитлер мен Муссолиниге жапты. Бар бәле
осы екеуінде. Еуропа күнәдан ада. Сөйтіп,
өздері қалған мемлекеттерге жол көрсетпекші.Сонымен
Еуропа елдері бүгінгі Еуроодаққа бірден
жеткен жоқ. Бұл жолда көптеген қантөгістер
болды: Католиктердің протестандарға
қарсы Саинт Варфаламей түніндегі қырғыны(1572
ж.), Напольеон Банопарт жорығы, І және
ІІ дүниежүзілік соғысты басынан кешірді.
Ғасырлар бойы жинаған көптеген материялды
және рухани байлықтарынан айрылды. Бұл
Батыстық қайраткерлерді өзара ымыраға
келуге итермеледі. Сонымен баршаға ортақ
идеология – «пайда» қалыптасты. Барлығы
өзара пайданы ойлап, Еуропа құрылығында
дүниеге келген Рим империясының салтанатын
қайтадан жандандыру бағытында шешімге
келді. Қазіргі Еуроодақтың көлемінен
бұрынғы Рим империясының қамтыған территориясын
байқауға болады. Рим империясы Анатолияға,
яғни Кіші Азияға үстемдік жүргізгеннен
бастап ыдырау процесі басталды.
2.3 Әлемнің көптеген жетекші
саясаткерлері, ғалымдары мен журналистері
аузынан «Мұсылман әлемі мен батыс өркениетінің
аражігін жалғау мүмкін емес» деген сөздерді
естіп қаламыз. Атап айтсақ, қазіргі таңда
«варварлық» Ислам «өркениеті» Батыстың
бітіспес жауы, әрі антиподы деген көзқарас
кең етек алған. Бір замандарда Ислам қазіргі
батыс өркениетінің бастауы болғаны ешкімнің
ойына кіріп те шықпайтын сияқты.
Еуропа қайдан шықты?
Әрине, адамдардың санасын жаулаған мифтерден
арылу қиын. Әсіресе, БАҚ-та, кино өндірісінде,
мектеп пен университет оқуында, ғылымда
да Еуропа антикалық өркениеттің бірден-бір
мұрагері, бүгінгі әлемде теңдесі жоқ
бірегей өркениет болып табылады деген
қате түйін жасалып жүр. Сонымен қоса,
оның мәңгі жолы болмай жүрген бақталасы,
күншіл қарсыласы деп мұсылман әлемі айтылады.
Алайда, бұл жорамалдар Батысты Рим мен
Афина мұрагерлері ретінде әлемнің қожайыны
деп пайымдайтын миф секілді нәрсе болып
табылады. Ақиқатына келгенде, бүгінгі
Батыс антикалық дәуірдің рухани да, мәдени
де, саяси да жолын жалғаушы емес.
Керісінше, Еуропада феодалдық мемлекеттердің
пайда болуы оған жаңа бір қоғамдық, саяси,
әрі мәдени даму моделінің келуімен байланысты
болды. Ал, антикалық дәуір мен еуропалық
қайта өрлеудің арасында мың жылдан астам
уақыт жатқанын есте сақтаған жөн.
Ежелгі гректер өздерін еуропалықпыз
деп санамаған, керісінше, өздерін ұлы
шығыс мәдениетімен, ежелгі Египетпен
және Финикиямен тендестірген, өйткені
олар осы елдерден жазуды, азаматтық мәдениет
негіздерін, әскери және теңіз істерін
меңгерген болатын.
Мартин Берналдың жазуынша, гректер өздерінің
Ежелгі Шығыстың мәдениетіне жататындығын
толықтай мойындайды екен. «Олар египеттіктер
мен финикиялықтардан үйренгенін жоғары
бағалап қана қоймай, сонымен бірге... египеттіктерді
өздерінің арғы ата-бабасы деп есептейді,
бұл мифтік пайымдау да шығар, бірақ ол
маңызды емес»,– деп түйін жасайды ол.
Гректер қазіргі батыс еуропалық халықтарды
«варварлар тобыры» деп санағаны белгілі.
Былайша айтқанда, сол кездегі ежелгі
грек мәдениеті және өркениеті мен батыс
еуорпалық мәдениет пен өркениеттің ара
қатынасы Солтүстік Америка үндістерінің
мәдениеті мен қазіргі заманғы АҚШ-тың
көпшілік мәдениетінің ара қатынасындай
болған.
Шығыстан таралған сәуле
Феодалдық Еуропаның антикалық мәдениеттен
туындамағаны белгілі, ол ежелгі Рим мен
Грекияны пұтқа табынған деп танып, кейінге
қалдырған мұраларын толықтай теріске
шығарған христиандық мәдениеттен тамыр
жайды. Мұнымен қоймай, жаңарған христиандық
Еуропа Рим мен Грек қоғамының діни сенімдерімен
қатар, антикалық интеллектуалдық және
ғылыми мұрадан да бас тартты.
Осының нәтижесінде, ортағасырлық Еуропа
жаппай надандық, сауатсыздық және тағылық
қараңғылығына сүңгіді. Еуропа аспаны
мұнан кейінгі бірнеше ғасыр бойына осы
қараңғы түнегінен айықпады.
Сонда Еуропа қоғамын осындай түнектен
ғылыми және мәдени Қайта өрлеу мен Жандану
айдынына алып шыққан қан-дай күш? Біз
бұған дейін айтып өткеніміздей, Еуропаның
бұл батпақтан шығуына антикалық ғылыми
және мәдени мұраның әсері болған жоқ.
Өйткені, тайпааралық соғыстардан көз
ашпай, инквизицияның жалынында жазықсыз
қыздар мен ғалымдар жан шошырлық азаппен
жанып жатқан Еуропа үшін антикалық білім-ғылым
ендігі қол түгіл, көз жетпес арман болатын.
Ақиқатында, Еуропаның қайта өрлеуіне
бүгінде барлық БАҚ-тар мен саясаткерлер
«Батыс өркениетінің» қас жауы деп санап
жүрген Ислам әлемі себеп болған еді. Батыс
ғалымдарының өздерінің мойындағанын-дай,
жарқыраған Андалусия, Сицилия, Солтүстік
Африка мен Таяу Шығыс елдері ортағасырлық
Еуропаның түнек аспанына өркениет шырақтарын
жақты.
Сол кездері, яғни орта ғасырларда Еуропа
мәдениеті қараңғы, тағы, варварлық және
артта қалған деп есептелінсе, ал мұсылман
әлемі ол замандарда айрықша дамып, өркениеттің
биігіне шыққан болатын.
Осынау бірнеше ғасыр бойына Бағдад, Кордова,
Толедо, Александрия, Кайруан, т.б. мұсылман
астаналары бүкіл әлемнің интеллектуалды
орталықтары болды. Үлкен-үлкен ғалымдар,
аудармашылар, жазушылар мен кітап басушылар
осы қалалардан шығып, олар мұсылман ғылымын
дамытумен, ежелгі өркениеттерді зерделеумен
шұғылданды.
Ғылым мен өркениеттің биік белестерін
бағындырған мұсылмандарға басқа халықтар
қызыға таңдай қағысып, олардың мәдени,
ғылыми, интеллектуалды, рухани және материалдық
қазынасынан сусындауға тілек білдірушілер
саны еуропалық халықтар арасында күрт
көбейді.
Мұсылман мұрасымен танысу және оны еуропалықтардың
меңгеруі мұсылман және батыс әлемдерінің
шекаралас аймақтарында басталды, мәселен,
Андалусияда, Оңтүстік Франция мен Италияда,
сонымен қатар крест жорығы кезінде Таяу
Шығыс елдерінде бұл үрдіс бірінші кезекте
жүрді.
Мұсылмандар мен еуропалықтар арасындағы
мәдени және ғылыми ауыс-түйіс бірнеше
ғасыр бойына үздіксіз жалғасты. Қайта
өрлеу таңы ата бастаған шақта христиандық
Еуропа халықтары шығыс киімін киетін
болды, араб әндерін шырқап, испандық мұсылмандардың
философиялық туындыларын оқыған.
Бүгінде мұсылман өркениетінің орта-ғасырлық
Еуропаға қандай терең ықпал еткендігі
ашық айтыла бастады. Төменде соған қатысты
кейбір деректерге тоқталып өтпекпіз.
Еуропаны жасаушы мен құтқарушы
«Бұл – мұсылмандардың Еуропаны өмір
сүруге және ойлауға үйреткені туралы
оқиға. Бұл – Исламның қазіргі әлемді
қалай жасағандығы туралы тарих»,– деп
жазды сол заман туралы жазушы, әрі Эдгар
сыйлығының лауреаты Марк Грэхэм. Оның
айтуынша, егер де Еуропаға сол кезгі мұсылман
ықпалы болмаған жағдайда, біз білетін
бүгінгі батыс өркениетінің жұрнағы да
болмас еді.
Өзінің «Исламның қазіргі әлемді қалыптастыруы»
деген кітабында ол мұсылмандардың өзіндік
ғылыми мектептері мен ғылым салаларын
қалыптастырып қана қоймай, антикалық
интеллектуалдық және ғылыми мұраны сақтап
қана қоймай, оны дамытып, кеңейтіп және
тереңдеткені туралы егжей-тегжейлі баяндайды.
Сонымен бірге, бүгінде біз «Батыс әлемі»
деп атайтын өркениетті де сол мұсылман
мұрасы қалыптастырған.
Тим Уоллес-Мэрфидің «Ислам біз үшін не
істеді? Исламның батыс өркениетіне қосқан
үлесін ұғыну» деп аталатын кітабы да
осы тақырыпты қозғайды. Онда автор қазіргі
батыс өркениетінің білім саласындағы
және бүгінгі белгілі қайсыбір ғылым саласын-дағы
дамуына мұсылмандар тарапынан болған
зор үлесті айтады.
Еуропаға араб сандары мен санау жүйесінің
келуі еуропалықтардың математика, алгебра,
геометрия салаларын-дағы танымына күрт
өзгеріс әкеліп, соның негізінде бүгінгі
Еуропаның білім беру жүйесі, сәулет өнері,
сауда-саттығы, экономикасы мен басқа
да өндірісі гүлденіп шыға келді. Одан
басқа, мұсылмандар Еуорпаға дін қағидаларын
таныстырып, оқу мен білімге, батырлық
пен бауырластыққа деген құрметті үйретті.
Грэхэм мұсылман ойшылдарының, ақындары
мен ғалымдарының Еуропа Қайта өрлеуіне
негіз салғанын жазады. Ол мұсылман ғалымдарының,
мысалы, андалусиялық философ Ибн Рушдтың
(Аверроэс) фило-софиялық тұжырымдарының
еуропалық университеттерге қалайша тамыр
жайғанын, ортодоксальді шіркеудің қате,
әрі сірескен діни қағидаларын жоққа шығарып,
Еуропа қоғамында жаңа ғылыми әдіснама
жолын салғандығы жайында мысалдар келтірген.
Грэхэм Дантенің «Құдайы комедия-сында»
ұлы андалусия авторы Ибн Араби шығармаларынан
ұрланған тұстардың бар екенін нақты дәлелдермен
көрсетіп берген. Ол, Дантеге осы мұсылмандықтың
ықпал етуіне оның тәлімгері Брунетто
Латинидің еңбегі зор болғанын айтады.
Б.Латини Испанияның Толедо деген қаласының
кітапханаларында көп оқыған, мұнда христиандық
Реконкистерден кейін де бұрынғы мұсылмандық
мәдени атмосфера сақталып қалған болатын.
Сонымен қатар, Грэхэм өз кітабында Еуропаның
ислам әлемі алдында өлшеусіз қарыздар
екенін білдіретін тағы бір тарихи жайтқа
тоқталады. 1260 жылы мұсылмандар Еуропаға
бет алған моңғолдың жер қайысқан қолына
тосқауыл болған еді. Сонда египеттік
мәмлүктер Палестинадағы Айн Джалут деген
жерде монғолдарды тас-талқан етіп, Еуропаны
қирау мен жойылудан аман сақтап қалды.
Грэхэм мұны Исламның Еуропаға берген
білімінен кейінгі екінші үлкен сыйы деп
санайды.
Жоғарыда сөз болған Грэхэм ғалым мұны
Еуропаны қалыптастырудағы мұсыл-ман
өркениетінің рөлі деп бағалайды.
Алайда, оның ойынша, мұсылман және батыс
өркениеттері бір рухани және интеллектуалды
тамырдан тараған. Яғни, Батыс пен Ислам
бір байтақ өркениеттің екі жағы деген
ой түйеді.
Ұмытылған мұсылмандық Қайта өрлеу
Еуропада антикалық білімнің сақталуына,
ғылыми және рухани мұрасын дамыта отырып,
Қайта өрлеу үрдісінің келуіне мұсылман
өркениеті себепкер болған деген пікір
бүгінде кеңінен етек алғанын айтып өттік.
Бұл туралы өзінің «Ислам ғылымы мен Қайта
өрлеу-дің пісіп-жетілуі» деген кітабында
Джордж Салиба да жазады. Оның зерттеулерінің
Еуропада үлкен қызығушылық тудырып, авторды
көптеген университеттер мен зерттеу
орталықтарына дәріс топтамасын оқуға
шақырған еді.
Осы тақырыпта қалам тер-беп жүрген авторлардың
бірі профессор Чарльз Бернетт араб-тардың
ғылыми трактаттары мен аудармаларының
еуорпалық қоғамға берген ықпалы туралы
жазып, Еуропаның жандану үрдісінде мұсылмандық
тамыр жатқандығын айтты.
Бернетт Еуропаға мұсылман ғылымы мен
мәдениеті ықпалының күшті болғаны сондай,
ол Еуропа құрлығында жаңа бір қоғамдық
құрылыс қалыптастырып, аймақ экономикасын
капитализмнің тууына дайындады дейді.
Американдық автор Чарльз Хаскинс тарихта
бір ғана Қайта өрлеудің, бір ғана Жандану
дәуірінің болмағанын жазады. Ол ХІІ ғасырдың
Қайта өрлеуін бір бөліп қарап, мұнда еуропалықтар
білім мен ғылымның мұсылмандық жүйесімен
танысты дейді. Ал, XV ғасыр Қайта өрлеуінде
Еуропа мұсылмандардың арқасында тарих
бетінен өшпеген антикалық үлгідегі өнерге,
сәулет шеберлігі мен әдебиетке қелген.
XVI және XVII ғасыр-лардағы Қайта өрлеу үрдісі
мұсылмандардың астрономия саласындағы
ғылыми жетістік-терімен ерекшеленген,
Хаскинс-тің айтуынша, сол кезде еуропалықтардың
дүниетанымын толықтай өзгерткен Галилео
мен Коперниктің ғылыми тұжы-рымдарының
қалыптасуына Исламның ықпалы мол болған.
Чарльз Бернетт өзінің батыс-тағы әріптестерін
еуропалық Жандануға мұсылмандық ықпал
тұрғысынан толықтай қайта баға беруге
шақырады. Өйткені, өкінішке орай, бұл
тарихи оқиға батыс әлемінде ғалымдардың
өздерінің де санасынан сызылып тасталған.
Еуропа тарихынан мұсыл-ман іздерін жою
үрдісі еуро-палықтардың Исламның ғылыми
мұрасын меңгеріп, үлкен күшке айналуынан
кейін басталып, олар бұған дейін өзінің
оқытушысы, әрі тәлімгері болған мұсылмандарға
қарсы бой көтеруге шықты. Еуропа шіркеулері
мен билеушілері тарих бетіне батыстың
Жандануы өзіндік талпыныс нәтижесінде
жасалды, оған ешқандай және ешқашан басқа
өркениет әсері болған емес деген пікірді
қалдырғысы келді.
Жоғарыда айтып өткен Уоллес-Мэрфи кітабының
соң-ғы тарауында былай дейді: «Тарихқа
көз жүгіртер болсаң, еуропалық мәдениеттің
мұсылман әлемі алдында қарыздар екенін
көресің. Бұл – теңдессіз үлкен қарыз.
Мұсылман ғалымдары Ежелгі Грекия ілімін
сақтады, әрі күшейтті, қазіргі заманғы
ғылымның, медицинаның, астро-номия мен
кеме жүргізу ілімінің негізін салды,
бүгінгі мәдени жетістіктерге бастау
берді. Мұсылман әлемі алдындағы бұл қарыздың
қашан болсын толықтай өтелуі неғайбыл.
Керісінше, бұл заманда мұсылмандар сенімсіз,
қатал, әрі лаңкес деген атаулардан арыла
алмай келеді».
Корытынды
Батыс
өркениеті Европада елдердін пайда
болуынан бастап қарқынды дамыды. Адам
тұлғасына көп мән берілді. Батыс өркениетінің
тез дамуына әсер еткен ол мемлектеттердің
тығыз қатынаста болуы. Еуропада мәдениеттің
құралы ақыл, Азияда – шабыт. Ақылдың тілі
– сөз, шабыттың тілі – әуен. Еуропада
сөз әуеннен жырақ қалған. Азияда сөз әуеннің
нақ өзі. Еуропада сөз түсіндірме құралы,
дәлелдер мен айғақтардың жиынтығы. Бұлардың
басын біріктірмей, тартысқа салады. Ал
Азияда болса сөз шексіз мақамдары бар
бір туынды. Еуропа ақылдың отаны, Азия
көңілдің отаны. Ақылдың тілі – жүйесіз,
мағынасыз көп сөз болса, көңілдің тілі
– өлең. Еуропада сөз – қару болса, Азияда
сөз – сазды ырғақ. Екі өркениет бір-бірімен
ылғида бәсекегк түсіп отырады. Алайда
батыс өркениетінің үстемдігі көп байқалады.
Соған дәлел жаңа дамып келе жатқан мемлекеттер
мысалға алсақ Қазақстан батыстық даму
жолын таңдап отыр.
Қарастырылған әдебиеттер:
Жоламанов К. «Мемлекет және құқық теориясы»;
Байжанова К.Т «Лекция»;
Таң-Шолпан (журнал) 2006, №4, 143-154 беттер;
Батыс пен Шығыс өркениеті ортасында - Қазақстан
http://qazaq.kz/?p=990;
Салих Ибраһим.«Ислам және өркениет»
http://www.muftyat.kz/
Информация о работе Мұсылман мәдениеті тудырған еуропалық қайта өрлеу дәуірі