Неміс Классикалық философиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2012 в 18:44, творческая работа

Описание

Иммануил Кант IPA: [I:manuəl kant] (1724 жылғы сәуірдің 22-сі – 1804 жылғы
 ақпанның 12-сі) — 18-ші ғасырда Пруссия патшалығының Кенигсберг
 қаласында тұрған неміс пәлсапашысы. Ол қазіргі заман Еуропасының және 
Ағарту дәуірінің ең ықпалды ойшылдарының бірі болып . Жалпы қалыптасқан
пікір бойынша, ол пәлсападағы Аристотельден кейінгі ең маңызды тұлға болып
табылады

Работа состоит из  1 файл

Неміс классикалық философиясы.pptx

— 940.25 Кб (Скачать документ)

Неміс классикалық  философиясы

 

НұрғабыловИ.Н кт-101

Иммануил  Кант

 

Иммануил  Кант IPA: [I:manuəl kant] (1724 жылғы сәуірдің 22-сі – 1804 жылғы

 ақпанның 12-сі) — 18-ші ғасырда Пруссия патшалығының Кенигсберг

 қаласында тұрған неміс пәлсапашысы. Ол қазіргі заман Еуропасының және 

Ағарту дәуірінің ең ықпалды  ойшылдарының бірі болып . Жалпы қалыптасқан 

пікір бойынша, ол пәлсападағы Аристотельден кейінгі  ең маңызды тұлға болып

 табылады

Өмірбаяны:

Иммануил Кант 1724 жылы Кенигсберг қаласында бір отбасында он бір

баланың төртіншісі болып дүниеге  келді (олардың алтауы балалық шағында  көз жұмды). Оған шіркеудегі

рәсімде «Емануел» деген ат берілген болатын, бірақ Канттың өзі кейінірек еврей тілін үйреніп алғаннан кейін

оны «Иммануил» деп өзгертіп алды. Ол бүкіл өмірін өзінің туған қаласын Шығыс Пруссияның елордасында

және оның айналысында өткізіп, одан ешқашан 200 шақырым қашықтыққа ұзап көрмеген.Оның әкесі Йоһанн

Георг Кант (1682-1746) Пруссияның солтүстік-шығысындағы Мемель қаласында туған, кәсібі қолөнерші, ұлты

неміс. Анасы Анна Регина Портер (1697-1737) Нюрнберг қаласында туған, Шотландиядан көшіп келген ер-

тұрман жасаушының қызы.

Жас шағында Кант тиянақты, бірақ ерекше жетістік көрсете қоймаған студент болатын. Ол шынайы діни сенім,

кішіпейілдік және Киелі кітапты көп зерттеуге баса назар аударатын пиетистік көзқарастарды ұстанатын

отбасында туып-өсті. Соның арқасында Кант қатаң тәрбие алды, оның алған білімінде математика мен

ғылымға қарағанда латын тілі мен діни тәрбие басым болды.. Бар өмірі Кенигсбергте өткен, сонда

университетін бітірді (1745), университеттің 1755 – 70 жылдары доценті, ал 1790 – 96 жылдары профессоры

болды.

 

Шығармашылығы

 

    • Кант шығармашылығы төрт кезеңге бөлінеді:1) жаратылыстану саласындағы ғылым ізденістер кезеңі, ол “Жалпыға бірдей жаратылыстану тарихы және аспан теориясы” (1755) туындысымен аяқталады. Бұл кезеңнің негізгі өзегі – табиғаттың дамуы мәселелеріне арналды. Бұл идея метафиз. көзқарасқа берілген алғашқы соққы болды;
    • 2) метафизикалық зерттеулер кезеңі, онда Кант вольфтік философиядан гносеологияға қадам басты және Сведенборг мистикасын сын тезіне алды (“Аруақшыл адамның қиялы”, “Сезім дүниесі мен парасат дүниесінің формасы мен негіздері туралы”), (1770);
    • 3) сын кезеңі. Іс жүзінде мұнда гносеология жасалады және таным теориясына субъект пен оның қызметі енгізіледі. Бұл кезең “Таза зердеге сыннан” (1781) басталып, сонан соң “Практикалық ақылға сын” (1788), “Пікір қабілеттілігіне сын” (1790) сияқты, іргелі еңбектерде жалғасын тапты. Кейбір философия тарихшылары К-тың осы еңбектерінен кейін философияның бүкіл тарихын “сынға дейінгі” және “сыншылдық” кезеңге бөлді, мұның өзі оның жалпы философияға орасан зор дәрежеде ықпал еткендігін көрсетеді;
    • 4) Кант шығармашылығының соңғы кезеңі логика, педагогика, физика, география және антропология туралы дәрістерінің жариялануымен сипатталады. Мұнда ол гносеология мен табиғат метафизикасының арасындағы байланыстырушы буынды табуға тырысты. Кант өзіне дейінгі ойшылдардың эмпиризм мен рационализм саласындағы сыңаржақ кеткен кемшіліктерін көрсете отырып, философияда бұрын-соңды болмаған үлкен жаңалық ашты. Ол бұл жаңалықты философиядағы “коперниктік төңкеріс” деп атады. Кантқа дейінгі ойшылдар табиғатты зерттей отырып, болмысты, материяны философияның негізгі нысанына айналдырса, ол керісінше, философиялық талдау-ойлауға, идеяға, ақыл-зердеге, субъектіге бағытталуға тиіс деді. Ал болмыс, материя, объекті осы ойлауға, идеяға, ақыл-зердеге, субъектіге бағынады және солардан келіп шығады деп білді. Мұның өзі Канттың сол уақытқа дейін кеңінен орын алып келген таным теориясындағы және философиядағы көзқарасты толығынан қайта қарап, жаңа ілімнің, ағымның іргетасын қалағанын көрсетеді. Кант таным процесіндегі қайшылықтарды кеңінен ашып, олардан шығудың жолын көрсетті. Ол адамның таным қабілетін: сезім, пайым және зерде деп үшке бөледі. Таным процесін бұлай үшке бөлу философия тарихында Қайта өрлеу дәуіріндегі Николай Кузанскийдің шығармасында алғаш рет байқалған болатын. Бірақ Кант таным процесін басқа тарихи жағдайда басқаша қарастырды. Оның мақсаты – жаңа дәуірдегі эмпиризм мен рационализмнің тар өрістілігінен шығып, оларды өзара ымыраластыру еді. Сондықтан ол априорлы (латынша априорлы – тәжірибеден тыс пайда болған ұғым, ой, идея) синтетикалық пікірдің жаратылыстану саласында қандай орын алғандығын көрсету үшін білімдердің әр түрлі салаларын алды. Кант, ең алдымен, математиканы, жаратылыстануды және метафизиканы (философияны) априорлы синтетикалық тұжырым арқылы талдай келіп, таным процесінің қалыптасуы мен белгілі бір сатылардан өту жағдайын көрсетті. Осыдан математика – сезімділікке, жаратылыстану – пайымға, метафизика, яғни философия – зердеге қатысты екені анықталды.

 

Канттың “Таза зердеге сын” еңбегі  

 

    • Канттың :“Таза зердеге сын” еңбегінің трансцендентальды эстетика деп аталатын бөлімі сезімнің формалары туралы ілім. Сезімнің априорлы формалары – уақыт пен кеңістік, математика ілімімен тығыз байланысты болғанымен, олардың дүниетанымға тікелей қатысы бар. Кеңістік – априорлық танымдағы сезімділіктің сыртқы формасы, ал уақыт болса – сезімділіктің ішкі формасы. Міне, осы анықтамасы арқылы ол өзіне дейінгі философтардың сезімділіктің формалары – кеңістік пен уақытты тек онтологиялық түрде, яғни оларды заттардың өмір сүруінің формалары ретінде қарастыруына қарсы шықты. Сөйтіп, Кант уақыт пен кеңістік жаратылыстану саласындағы ұғымдар ғана емес, олар дүниетанудың сезімдік формалары екендігін философия тарихында алғаш рет айқындап берді. Мұндай көзқарас уақыт пен кеңістікті метафизикалық тұрғыдан пайымдап келген жаратылыстану саласының өкілдеріне ғана емес, сондай-ақ, осы формаларды философиялық танымдық негізде түсіне алмаған ойшылдарға да қарсы бағытталған. Өйткені, әрбір ғалым, әсіресе, жаратылыстану саласымен айналысатындар белгілі бір нысанды уақыт пен кеңістік арқылы зерттеп тани алады. Канттың айтуынша, сыртқы дүние біздің сезім мүшелерімізге әсер ете отырып, көптеген түйсіктер жинақтаған материалдар мен фактілердің пайда болуына жол ашады. Бірақ, олар тек құбылыстарды, заттарды бейнелейді. Олар әлі де білімге әкелмейді. Ал бұл құбылыстарды білу – адамның ойлау қызметінің жемісі. Ендеше, таным туралы ғылым, ол ең алдымен ойлау туралы ғылым – логика. Канттың “Таза зердеге сын” еңбегінің негізгі бөлігі “трансцендентальды логика” (латынша трансцендентальды – аттап өту) білім категорияларының пайда болуын қарастырды. Философияда білім, ұғым, сана, идея тәжірибе арқылы пайда болмайды, оны аттап өтеді. Ал тәжірибе білімдердің жиынтығынан пайда болады. Сезімділік формалары жинақталған материалдар мен фактілер белгілі бір ұғымдар арқылы анықталуға тиісті. Осы заттар мен құбылыстар пайымдау категорияларын тудырады. Категориялар, Канттың айтуынша, тәжірибе заттарындағы объективті, жалпы және қажетті байланыстардың пайымдық синтезінің формалары. Кант зерденің кемшілігін таным теориясынан аңғарып қана қоймай, оның практикалық өмірдегі мәнін анықтауға да ұмтылды. Бұл жағынан алғанда оның зерде туралы ілімі екінші бір қырынан көрінеді. “Мен нені білуім мүмкін?” деп сұрақ қойған

Иоганн  готтлиб фихте

 

Йоһанн  Готтлиб Фихте (1762 жылғы мамырдың 19-ы —1814 жылғы қаңтардың 27-сі) — неміс пәлсапашысы.

Ол Иммануил Канттың теориялық және этикалық

еңбектерінен  бастау алған неміс идеализмі  атты

пәлсапалық  ағымның бастаушыларының бірі болған.

Фихтенің  пәлсапалық ойлары көбінесе Кант пен 

Гегелдің пәлсапаларын өзара қосып тұратын көпірмен салыстырылады. Кейінгі кездері  Фихте өзіндік сана мен өзіндік  сезім туралы тың ойлар айтқан пәлсапашы ретінде өзінің қосқан үлесіүшін де бағалана бастады. Өзінен бұрынғы Декарт пен Кант сияқты, Фихте де субъективтілік пен сана сияқты  мәселеге көп көңіл бөлді. Фихте  саяси пәлсапа (саясаттану) тақырыбына да бағыштап еңбектер жазды; кейбіреулер  оны неміс ұлтшылдығының әкесі  деп қарастырады.

 

өмірбаяны

 

    • Фихте Рамменау қаласында туған. 1780 жылы ол Йена семинариясында оқуынбастады. 1784 жылы оқуын дәреже алмастан аяқтады. Фихте жеке мұғалім ретінде Цюрихте жұмыс істеп, 1790 жылы атақты ақын Клопштоктың немере қызы Йоһанна Ранмен атасты. 1790 жылы Фихте Канттың еңбектерін зерттей бастады, бұл зерттеу оның өмірі мен ізденулерінің жалпы бағытына зор әсер етті. Кенигсбергте Кантпен кездескен соң көп ұзамай Фихте өзінің ең алғашқы «Бар аянның сынына деген талпыныс» деген еңбегін жариялады. Онда ол құдайлық аян мен Канттың сыни пәлсапасының арасындағы байланыстарды табуға тырысады. Бұл кітаптың алғашқы басылымы жарыққа шыққанда, бұл туралы Канттың да, Фихтенің де де еш хабары жоқ еді. Ол кітаптың авторының да кім екені айтылмады. Сондықтан оқырмандар оны Канттың бір жаңа еңбегі екен деп шешті. Барлығы, тіпті әдеби сыншылар да бұл кітаптың авторы Кант болар деп шешті. Канттың өзі мәселенің анық-қанығын айтып, кітапты және оның авторын мақтаған мақала шығарғаннан кейін Фихтенің атағы кең жайылып кетті: «... өте таңғалдырарлық жаңалық... бұл кітапты Канттың өзінен басқа ешкім жаза алмас еді... пәлсапаның аспанында үшінші жарқын тұлға пайда болды...»
    • Фихте елу екі жасында сүзектен қайтыс болды. Оның ұлы Иммануел Һерманн Фихте де пәлсапаға үлес қосты.

 

Фихте шығармалары

Шеллинг Фридрих Вильгельм Йозеф 

 

Шеллинг Фридрих Вильгельм Йозеф (1775 — 1854) — философ, 

неміс классикалық идеализмінің көрнекті өкілі. Табиғат филосо-

фиясы мәселесі жөнінде еңбектер сериясын жазған. Онда Канттың   

Идеясы мен Лейбництің тірі монадалар мен  табиғаттың дұрыс 

күштері туралы ілімін саралай отырып, табиғатты түсінуге қайшылық-

тар  арқылы даму идеясын енгізді. “Транцендеталдық

Идеализм  жүйесінде” (1800) Фихтенің субъективті  идеализмін

өз жүйесінің объективті идеализмімен ұштастыруға тырысты.

Еркіндік туралы Шеллинг ілімі  “Адам еркінің мәні туралы және осыған байланысты заттар туралы

философиялық зерттеулерде” (1809) жан-жақты  дамытылды. Фихтемен бірге Шеллинг  еркіндікті

ұғылған қажеттілік деп түсініп, еркіндік құбылысын жекелеген адамның  ерлігі емес, қоғамның

жетістігі деп білді. Алайда ақырында өзінің осы көзқарасымен қайшы келіп, Шеллинг еркіндік

мәселесін мистификациялап, жеке негіз  еркіндіктің түп тамыры, ал ол негіздің көзі “ой жететін

дүниеде” деп жариялады. 1815 жылы Шеллингтің дүниеге көзқарасында мистикалық элементтердің

мейлінше күшеюімен белгілі. Шеллингтің ықпалы ең алдымен Гегельде және басқа  да көптеген

жаратылыстанушыларда анық байқалды. Сондай-ақ оның ілімі натурфилософтар  және славяншылар 

арқылы орыс философиясына да ықпал  жасады

Георг Вильгельм  Фридрих Гегель 

 

    • Георг Вильгельм Фридрих Гегель (1770 ж. тамыздың 27-сі (Штутгарт, 

Германия) — 1831 ж. қазанның 14-і) — неміс пәлсапашысы,немiс  классикалық

 философиясы  мен романтизм философиясы философтарының  бiрі. Йоганн

Готтлиб Фихте және Фридрих Вильһельм  Йозеф Шеллингпен бірге неміс

идеализмінің негізін  қалаушы.

Гегелдің  ілімі әртүрлі көзқарастарды ұстанатын жазушыларға әсер еткен.

Солардың  арасында Гегелді қолдайтындар да (Бауер, Маркс Бредли, Сартр,

 Күнг), оның ілімін сынайтындар да (Шеллинг, Киркегард,Шопенгауер, 

Ницше, Хайдеггер, Расселл) бар. Гегелді пәлсапашы ретінде қызықтырғаны—

  табиғат пен азаттықтың арасындағы қатынас, имманенттік, трансценденттік, және осы

 жұптардың екі бөлігінің біреуін жоймай, немесе біреуін екіншісіне тәуелді етіп жібермей

 отырып  біріктіру. Оның кең танымал  және ықпалды ұғымдары: спекулятивті  логика,

яғни  «диалектика», «абсолютті идеализм», «Рух», «Қожайын-құл» диалектикасы,

«этикалық өмір» және тарихтың маңыздылығы. Гегельді кейбіреулер нацизмнің пайда 

болуына ықпал жасағандардың қатарына жатқызады, бірақ басқалар бұнымен 

келіспейді. Мемлекет пен құқық мәселелерін  қарастырды. Еңбектері: "Германияның  Конституциясы",

"Рух философиясы", "Құқыкфилософиясы", "Тарих философиясы", "1831 жылы реформа жайлы 

ағылшындық  билль" және т.б. Құқық философиясы - философияның гегельдікі жүйесінің  аса маңызды 

құрамдас  бөлігі. Гегель азаматтық қоғам мен  саяси мемлекеттің ара-жігін ажыратып қарастырады. Оның ойынша, мемлекет

дамудың ен жоғарғы сатысы - азаматтық қоғамда  пайда болады. Азаматтық қоғам  деп ол буржуазиялық қоғамды түсінеді.

Азаматтық қоғам - ерекше, жеке мақсаттарды және жеке адам мүдделерін жүзеге асыру аясы. Гегельазаматтық қоғамды 

қарама-қайшы  мүдделер текетіресетін антагонистік қоғам ретінде сипаттайды. Азаматтық  қоғамның үш негізгі тусы:

қажеттіліктер жүйесі, әділ сот, полиция және бірлестіктер. Азаматтық қоғам құрылымында үш сословиені атап көрсетеді: 1)

субстанционалды (жериеленушілер - дворяндар мен  шаруалар); 2) өнеркәсіптік (фабриканттар, саудагерлер, қолөнершілер); 3)

жалпылама (шенеуніктер).Әлеуметтік-экономикалық мәселелерді қарастыра отырып, Гегель азаматтық  қоғам қанша байлыққа

кенелсе де, кедейлікпен күресуге қабілетсіз екендігін мойындайды

 

Өмірбаяны

 

    • Гегель 1770 жылдың 27 тамызында Штутгарт қаласының, жоғары қызметтегi шенеулiк Георг Людвиг Гегель (1733 -1799 ) жанұясында дүниеге келдi. Гегельдің арғы ата тегі – контрреформация кезінде XVI ғасырда Австриядан қуылған Каринтиилік лютерандық болған.
    • 1788 - 1793 Тюбинген теологиялық университетiнің Тюбингеннiң институтында философиялық және теологиялық курстарын тыңдап, магистерлiк диссертациясын қорғады. Өз курстастарынан ішінде Шеллингпен және Гельдерлином тату болды. Олармен бірге Француз төңкерiсiнiң идеясымен шұғылданған студенттiк саяси клубтiң мүшесi болды.
    • 1793 жылы дін ілімі кандидатының толық курсын аяқтау барысында Гегель жақсы қабілетті болғанымен, басқалардан ешқандай айырмашылығы жоқ, сөзде озат емес те, философияның мәлiғұны атала алады деген аттестат алған.
    • 1793 - 1796 Бернде үй мұғалiмi
    • 1797 - 1800 Майн Франкфуртте үй мұғалiмi
    • 1799 – әкесінiң өлiмiнен кейiн алған мұра мен меншiктi жинақтар, оған сабақ беруден бас тартып, академиялық қызметке кiруге мүмкiндiк бердi
    • 1806 — 16 Нюрнберг гимназиясының директоры
    • Гейдельберг ун-тінің (1916) және
    • Берлин ун-тінің проф. (1818) болған.

 

Қөзқарастары 

 

    • Гегельдің ғыл.-шығарм. қызметі Германиядағы саяси-әлеум. тұрмыстың елеулі өзгеріске ұшырап, елдегі ішкі қайшылықтардың күрт шиеленіскен кезеңіне тұстас келді. Сондықтан ол өзіне дейінгі ойшылдардың, әсіресе 17 — 18 ғ-лардағы ағылшын, француз ағартушыларының, дәстүрлі неміс ғылымы мен мәдениетінің, өнері мен әдебиетінің жетістіктерін мұқият зерттей отырып, дәйекті тарихилық жүйені ұсынды. Ол кез келген филос. ілім нақты проблемаларды негіздей отырып, тарихи қажеттілікке қарай жүріп келе жатқан тұтас жүйенің даму кезеңінде белгілі рөлге ие болатынын айтты. Г-дің бұл пікірі философия тарихында үлкен маңыз атқарды. Егер философия үнемі үздіксіз даму үстіндегі тарихи жүйе болса, онда оның аясындағы нақты проблемалар ғыл. дамудың негізгі құрамдас бөліктері саналады. Тарихи дамудың нәтижесінде проблемалар үнемі өзгеріп, дамып, жетіліп, жаңадан туындап отырады, ескілері заман талабына сай келмей, кейін ығыстырыла береді. Мұның барлығы саяси-қоғамдық өмірмен, жаратылыстану және қоғамтану ғылымдарының дамуымен, әсіресе, философияның өзіндегі ішкі өзгерістермен тығыз байланыста көрінеді. Ал әр ұрпақ, жаңа буын философияның алдында тұрған соны мәселелерден ғана емес, сондай-ақ, өткен дәуірден ауысқан проблемалардан да өз заманының талабына оңтайлы шешім іздейді. Яғни, Г-дің пікірінше, философия — өтіп кеткен процесті, тарихты оймен шолу. Әйтсе де, ол тарихқа өткен шақ деп қарамайды, үздіксіз жалғаса беретін процесс ретінде бағалайды. Гаусс өзінің “Рух феноменологиясы” (1807), “Логика ғылымы” (1812), “Тарих философиясы”, “Құқық философиясы” (1821), т.б. еңбектерінде тарихи даму иедясын тұтастай диалектика теориясына айналдырады. Қоғам өміріне, әсіресе, дін мен саясат мәселелеріне арналған алғашқы филос. шығармаларының бірі — “Кім абстрактылы ойлайды” атты мақаласында, ал болашақ диалектикалық, зерделілік әдіске негіз қалады. Таным теориясының келелі мәселелерін көтере отырып, өзіне дейін қалыптасқан “сезімділік, пайым — нақтылықтық бейнесі, ал абстрактылық — ойдың жоғарғы даму үрдісімен тығыз байланысты” деген пікірге қарсы шықты.

Информация о работе Неміс Классикалық философиясы