Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 19:15, реферат
Қоғам - объективтік әлеуметтік заңдар негізінде дамитын ашық материалдық жүйе, адамдардың тіршілік ету формасы, әлеуметтік ұйымдасу тәсілі.Барлық әлеуметтік процестердің күрделі жүйесі болып табылатын қоғамдық өмірді көптеген қоғамдық ғылымдар зерттеу объектісіне айналдырып отыр. Философия деңгейінде қоғамдық өмірді зерттейтің ілімді әлеуметтік философия дейміз. Әлеуметтік философия қоғамды біртұтас әлеуметтік жүйе ретінде, оның қызмет етуімен дамуының жалпы заңдары мен қозғаушы күштерін және табиғи ортамен, бүкіл тұтас әлеммен өзара байланысын зерттейді.
І. Кіріспе
ІІ. Негізігі бөлім
Қоғамды материалистік тұрғыдан түсіну.
Марксизм философиясы.
Диалектикалық және тарихи материализмнің теориалық бастаулары.
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланған әдебиет
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
Т.ЖҮРГЕНОВ АТЫНДЫҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ
Реферат
Тақырыбы: « Қоғамды материалистік тұрғыдан түсіну»
Алматы 2013жыл
Жоспары:
І. Кіріспе
ІІ. Негізігі бөлім
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланған әдебиет
Кіріспе.
Қоғам - объективтік әлеуметтік заңдар негізінде дамитын ашық материалдық жүйе, адамдардың тіршілік ету формасы, әлеуметтік ұйымдасу тәсілі.Барлық әлеуметтік процестердің күрделі жүйесі болып табылатын қоғамдық өмірді көптеген қоғамдық ғылымдар зерттеу объектісіне айналдырып отыр. Философия деңгейінде қоғамдық өмірді зерттейтің ілімді әлеуметтік философия дейміз. Әлеуметтік философия қоғамды біртұтас әлеуметтік жүйе ретінде, оның қызмет етуімен дамуының жалпы заңдары мен қозғаушы күштерін және табиғи ортамен, бүкіл тұтас әлеммен өзара байланысын зерттейді. Адамның өмір сүруіне қажетті жағдайды жасау, оны үнемі жандандырып отыруға негізделген адамдардың бірлескен қызметі әлеуметтік жүйенің негізі болып табылады.Қоғамдық әмір әлеуметтік материя ретінде материалдық дүниенің ең жоғарғы қозғалыс формасы болып табылады. Қоғам табиғат эволюциясы негізінде пайда болып, өзінің алғашқы даму кезеңдерінен бастап ерекше үйымдасқан жүйе ретінде сипатталады. Ол, материалдық және рухани өндірістен, қоғамдық қатынастардың әр түрлі формаларынан, базис пен қондырмадан, әлеуметтік құрылымнан, саяси институттардан және т. б. тұрады.Тағы да қоғам ақпаратты таратудың ерекше механизмімен сипатталады. Қоғамның құрамында материалдық процестермен бірге рухани процестердің, сананың болуы оның табиғаттан басты айырмашылығы болып табылады.Қоғамды құрылымдық ұйымдасуы жағынан сипаттау оның тек элементтік негізін ашу емес, сонымен бірге, әр бір элементтің оның қызмет етуімен дамуында алатын орны мен атқаратың рөлін анықтау болып табылады. Қоғамның негізгі өмір сүру аясына материалдық-өндірістік, әлеуметтік, саяси және рухани ая жатады. Қоғам үнемі даму үстінде болатын жүйе. Өзінің дамуында, қоғам бірнеше кезеңдерді басынан кешірді. Мұндай кезеңдерді әлеуметтік ғылым әлеуметтік-мәдени өркениеттілік өлшемдер арқылы белгілейді. Өркениеттілік процестің әрбір жаңа кезеңі жоғары технологияларды игергенімен, әлеуметтік құрылымның күрделенуімен, табиғатпен байланыстын кең өріс алуымен, ұжымдық қоғамдық қызметтің жаңа формаларымен ерекшеленеді. Бірақ, қоғамдық қатынастардың сипаты, адам факторының руханилық деңгейі мен әлеуметтік құрылымдардың демократтылығы қоғам дамуының басты көрсеткіші болып табылады. Осы замаңғы қоғамның ерекше белгілеріне материалдық және рухани өндірістің ғаламдық деңгейде жүруі, бүкіл қоғамдық қатынастар жүйесін ақпараттық-технологиялық негізде жандандыру, өмір сүрудің демократиялық формаларын бекіту, өмірдің басқа жақтарына қарағанда ғылыммен рухани мәдениеттің жылдам дамуы жатады.
Қоғам туралы философиялық ілімнің
тарихи дамуы үзақ уақытқа созылды. Ежелгі
дүниенің өзінде ақ оның көптеген маңызды
нұсқалары қалыптасты. Әйгілі көне грек
ойшылы Демокрит адамзат тарихын табиғи
процес деп білді, ал адамдардын қоғамдық
емес кезеңнен қоғамдық сатыға өтуінің
басты себебі ретінде »қажеттілікті»
Қоғамды материалистік тұрғыдан түсіну.
Әлеуметтік философияның келесі даму кезеңі марксизм философиясымен тығыз байланысты болды. Марксизм бойынша, қоғам - индивидтердің жай ғана жиынтығы емес, керісінше, сол индивидтердің арасында болатын байланыстар мен қатынастардын жиынтығы болып табылады. Маркс пен Энгельс тарихи материализм ілімін дүниеге әкелді. Тарихи материализмнің жасалуы қогамдық ойдың дамуындағы түбірлі төнкеріс болды. Ол, бір жағынан, тұтас дүниеге – тек табиғатқа қана емес, сонымен қатар қоғамға да,- жүйлі наным көзқарасты қалыптастыруға әсер етсе, екінші жағынан, қоғам өмірінің барлық жақтарының дамуының материалдық негізін ашуға мүмкіндік береді. Қоғам дамуы табиғи- тарихи процесс екендігі туралы негізгі идеясын Маркс қоғам өмірінің әртүрлі саласынан, экономикалық саланы барлық қоғамдық қатынастардан өндірістік қатынастарды негізгі және барлық басқа қатынастарды айқындаушы ретінде бөліп алып қарастырды. Қандай да болмасын қоғамға тән негізгі бастама қажетті өндіріс құралдары екеніне сүйене отырып, адамдардың осы құрал- жабдықтарды өндіру барысында белгілі бір қатынасқа - өндірістік қатынасқа түсуімен байланыстырып, осы өндірістік қатынастардың жиынтығы белгілі бір қоғамның реалды базасын жасайтындығын, ал оның саяси-құқықтық қондырмасын қоғамдық сананың алуан түрлі формалары қалыптастыратынын көреміз. Өндіргіш күштерінің белгілі бір сатысында пайда болатын өндірістік қатынастардың әрбір жиынтығы, барлық қоғамдық формациялардың әрі жалпылама, әрі ерекше, теқ қана олардың біреуіне тән қалыптасу, даму және жоғары сатыға көтерілу заңдылықтарына бағынады. Маркс пен Энгельс барлық қоғамдық қатынастарды материалды және рухани (идеалды) қатынастарға бөліп, материалдық қатынастардың біріншілігін, ал рухани қатынастардың екіншілігін көрсетті.Қоғамдық өмірге қатысты философияның негізгі мәселесін шешу үшін тарихи материализм «қоғамдық болмыс»және «қоғамдық сана» категориаларын жаңаша тұжырымдады. Қоғамдық болмыс – бұл қоғам өмірінің материалдық жағдайлары мен адамдардың бір- біріне және табиғатқа материалдық қатынастары. Материалдық қатынастар объективті өмір сүреді және қоғамның шығуы мен дамуы барысында қалыптасып, қоғамдық санадан тәуелсіз өмір сүреді.Қоғамдық сана - қоғамдық болмысты бейнелейтің сезімдер мен көзқарастардың, идеялар мен теориялардың күрделі жүйесі. Қоғамдық сана қоғамдық болмысты бейнелеп қоймайды, өз кезіңде оған белсенді түрде ықпал жасайды. Тарихи материализм тарихи процестің объективті және субъективті факторларын атап көрсетті. Бұл екуі қоғамдық өмірдің екі түрлі шарты. Адамдардан тәуелсіз және олардың қызметінің бағыты мен ауқымын көрсететін шарттар объективтік факторлар болып табылады. Мысалы, табиғат жағдайлары, өндірістің дәрежесі, саяси және рухани дамудың тарихи тісіп жетілген міндеттері мен қажеттіліктері – осы шарттарға жатады. Субъективтік факторларға бұқараның, топтардың, партиялардың, мемлекеттің, жеке адамдардың белгілі бір мақсатқа бағытталған іс- әрекеттері, олардың санасы, еркі, іс- қимылға бейімділігі және т.с.с. жатады. Объективтік факторлар әруақытта негізгі болып табылады, бірақ олардың әрекеті субъективтік факторлардың әрекеті түрінде ғана көрінеді. Субъективтік факторлар өздеріне қажетті объективті жағдайлар туғанда ғана шешуші рөл атқара алады. Субъективтік факторлардың қоғам дамуына ықпалы бір қоғамдық – экономикалық формациадан басқа, бұдан гөрі жетілген формациаға өткен сайын арта түседі.
Қоғамды әлеуметтік жүйе ретінде
қарастыру О. Конт пен Г. Спенсердің
әлеуметтік философиясына тән. Бұл
тұралы белгілі бір көзқарастарды
М. Вебердің, П. Сорокиннің, Т. Парсонсонның
және А. Тойнбидің ілімдерінен көруге
болады. К. Маркс өзінің қоғамдық- экономикалық
формациалар туралы ілімінде жүйе ретіндегі
қоғамға келесі түсінік берді. Бұл ілімнің
жақтаушылары мен қарсыластары бар. Маркс
пен Энгельстің еңбектеріне сүйене отырып,
қоғамдық-экономикалық формацианы оған
тән өндіріс тәсілі, әлеуметтік құрылымы,
саяси жүйесі мен рухани өмірі бар өзінің
дамуының белгілі бір тарихи сатысында
тұрған қоғам ретінде қарастырамыз. Бес
қоғамдық- экономикалық формация атап
көрсетілді: алғашқы- қауымдық, құлиеленушілік,
феодалдық, капиталистік және коммунистік.
Олардың әрқайсысы , біріншіден, сапасы
жағынан қоғамның белгілі бір типі ретінде,
екіншіден, қоғамдық прогрестің сатысы
ретінде сипатталады. «Қоғамдық-
Марксизм философиясы. Гегельшілдерден шыққан философиялық ағымдардың көрнектісі марксизм философиясы. Осы ағымның негізін салушылар К Маркс (1818-1883) және Ф. Энгельс (1820-1885) 1840 жылдардың басында кішігегельшілдердің сол қанатына косылып, кейіннен 1840 жылдардың ортасында материалистік позицияға көшеді.
Олар Гегельмен және Фейербах
шығармашылығына сүйеніп, идеалистік
диалектиканы, антропологиялық материализмді
ой елегінен өткізіп жаңа философиялық
бағытты – диалектикалық
Диалектикалық материализмнің негізіне материалистік принцип тұрғыдан қайта құрылған Гегельдің диалектикасы салынды. Болмыс сананы анықтайды. Сана материяның қасиеті. Материя тұрақты қозғалыста, дамиды. Дамудың негізгі факторы - практика. Даму диалектиканың заңдарымен іске асады. Дамудың қайнар көзі – қайшылық.
К. Маркс және Энгельс
философия тарихында бірінші
рет қоғамды диалектикалық-
Өндіргіш күштермен өндірістік
қатынастардың диалектикасына көп
мән берілді Тарихты
Маркс «Саяси экономияға сын»
кітабының кіріспесінде осы жаңалықтың
мәнін былайша жеткізді. Қоғам
дамуының әрбір сатысында адамдар
өздерінің өмірін қамтамасыз ету
үшін өздерінің еркінен тыс
Өндіргіш күштердің даму деңгейі өндірістік қатынастардың өзгеруіне, және қоғамдық-экономикалық формацияның, қоғамдық-саяси құрылыстың ауысуына алып келеді. Қоғам өзінің даму барысында бірнеше сатылардан немесе экономикалық формациялар, бір-бірінен өндірістік тәсіл арқылы айырылады, яғни өндіргіш күштердің даму деңгейіне байланысты.
Капиталистік қоғамның «анатомиясын» зертей келе Маркс және Энгельс адамның саналы іс-әрекетін және жануарлардан айырмашылығын еңбек арқылы анықтайды.
Марксизм философиясы туралы қазақ тілінде шыққан еңбектер баршылық, сондықтан, марксизм философиясының идеяларымен толығырақ танысу үшін Т. Ғабитов құрастырған «филосфия» оқулығын, Д. Кішібеков, Қ. Әбішев А. Қабаева жазған оқулықтарын пайдалану керек.
Диалектикалық және тарихи материализмнің теориялық бастаулары
Карл Маркс пен Фридрих
Энегельстің өткеннен қалған философиялық
мұраны сын көзбен қайта өңдеуі және
өздері жүзеге асырған философиядағы
революциялық төңкерісі өзара байланысты
біртұтас процесс. Оның негізгі мазмұны
– дүниеге ғылыми-философиялық көзқарасты
қалыптастыру, одан әрі дамыту болды.
Әрине, Маркс пен Энегельс диалектикалық-материализмді
бірден жасап, жұмысшы табының ғылыми
көзқарасының негізін бірден қалаған
жоқ. Олар өздерінің теориялық және қоғамдық-саяси
қызметінің бас кезінде идеалист болды,
Гегель философиясынан революциялық және
атеистік қорытындылар жасамақ болған
гегельшілдер мектебінің солшыл өкілдеріне
(жас гегльшілдерге) қосылды. Бірақ басқа
жас гегельшілдерге қарағанда, Маркс пен
Энгельс тіпті өздерінің алғашқы шығармаларында-ақ
революцияшыл демократтар ретінде, қалың
еңбекші бұқараның мүдделерін қорғаушылар
ретінде көрінеді.
Өткен замандардың философтары көтерген,
бірақ шеше алмаған сұрақтарға жауап табу
үшін Маркс пен Энгельс ең алдымен теориялық
және саяси қызметтің бастапқы дұрыс тірек
пунктін табуы қажет болды.
Олар үшін ондай бастапқы пункт адамды
адамның қанауының барлығына қарсы, әлеуметтік
езгі мен теңсіздіктің экономикалық және
саяси негіздеріне қарсы күрес болды.
Еңбекші адамды құлдыққа түсірудің қандайын
болсын дәйекті революциялық тұрғыдан
терістеудің нәтижесінде ғана материалистік
диалектиканы жасауға болатын еді. Әбден
кедейленген нағыз революцияшыл еңбекші
таптың тұрмыс жағдайын, мақсат-мүддесін
күрес негізі етіп алғанда ғана тарихты
материалистік тұрғыдан түсіну мүмкін
еді, ал бұл қоғам дамуындағы шешуші күш
еңбекші бұқара және ол жүзеге асыратын
материалдық өндіріс екенін ашуға көмектесті.
Кейбір философтар Маркс пен Энгельстің
диалектикалық материализмін Гегельдің
диалектикалық (идеалистік) әдісі мен
Фейербахтың метафизикалық материалистік
теориясының жай қосындысының нәтижесі
түрінде түсіндіреді. Бұл марксизм классиктерінің
философияда жасаған революциясының мәнін
түсінбеушілік, одан қалды, ашықтан-ашық
тұрпайыландыру болып табылады, өйткені
материализм мен идеализмді, диалектикалық
және метафизикалық ойлау әдістерін бір-бірімен
қосу мүлдем мүмкін емес – олар бірін-бірі
терістейтін қарама-қарсы ағымдар.
Шынында, марксизмнің философияда жасаған
революциялық төңкерісінің мәні неде,
ол неден көрінеді?
Марксизмнің негізін салушылар жаңа заманның
материалистік ілімін, Фейербахтың философиясын
қоса, диалектикалық тұрғыдан жан-жақты
талдап, оны механистік және метафизикалық
сипаттардан тазартты. Олар сондай-ақ
Гегельдің диалектикалық әдісін материалистік
тұрғыдан өңдеп, табиғат пен қоғам құбылыстарын
ғылыми зерттеуге кедергі болатын идеалистік
мазмұнынан тазартты, сөйтіп, “басы төмен
қарап тұрған диалектиканы аяғына қойып”
дұрыстады, яғни ғылыми материалистік
теорияны ғылыми диалектикалық әдіспен
табиғи біріктірді. Осы тұрғыдан алғанда
материалистік диалектиканы тек әдіс
деп, ал философиялық материализмді тек
теория деп қана түсіну үстірттік болар
еді. Материалистік диалектика шындығында
тек әдіс емес, ол сондай-ақ даму жайындағы
теория – табиғаттың, қоғамның және танымның
ең жалпы даму заңдары жайындағы ілім,
ғылыми теория. Философиялық материализм
теория ғана емес, сондай-ақ болмысты белгілі
бір тұрғыдан түсіндіретін материалистік
әдіс.
Маркс пен Энгельстің философияда жасаған
революциялық төңкерісінің ең айқын көрінісі
тарихтың материалистік ұғымының жасалуы
болды, өйткені Маркстен бұрынғы материалистердің
бәрі тек табиғат құбылыстарын түсіндіруде
ғана материалист еді, ал қоғам өміріне
келгенде олардың барлығы идеализм шеңберінен
шыға алмады, қоғам өміріндегі шешуші
күш сана, рухани бастама деп түсінді,
өйткені, деді олар, адамдарды түрліше
іс-қимылға бастайтын идеялық мотивтер,
адамдардың мақсат-мүдделері деді, бірақ
бұл идеялық мотивтерді тудыратын түпкі
себептерді ашып бере алмады.
Маркс пен Энгельс диалекткалық материализмді
дәйекті түрде қоғам өміріне, тарихқа
қолдана отырып, тарихи материализмді
жасады, қоғамдық болмыстың біріншілігі,
қоғамдық сананың екіншілігі жайындағы
оның негізгі мәселесін тұжырымдады: адамдардың
материалдық тұрмыс жағдайы қандай болса,
жалпы алғанда олардың ой-санасы соған
сәйкес болатыны т.б. негіздеп берді.
Қорыта айтқанда,
марксистік әдіс диалектикалық қана
емес, сондай-ақ материалистік , ал марксистік
теория – материалистік қана емес,
сондай-ақ диалектикалық әдіс. Демек,
марксизм философиясында материализм
мен диалектика біріне – бірі тәуелсіз
екі құрамдас бөлшек емес, біртұтас ілім,
өйткені ол бейнелендіретін шындық дүниенің
өзі – бір мезгілде әрі материалдық, әрі
диалектикалық дүние.
Сонымен, дүниеге
диалектикалық-материалистік көзқарастың
жасалуы, материализмнің диалектикалыққа
айналуы, материалдық дүниенің және оны
танып-білудің ішкі диалектикалық процесінің
ашылуы Макрс пен Энгельс философияда
жасаған революциялық төңкерісінің ең
бірінші көрінісі болып табылады.
Қысқасы, Маркс
пен Энгельс, өздерінен бұрынғы материалистер
сияқты, жарты жолда тоқтап қалмай, материализмді
дәйекті түрде аяғына дейін жеткізіп,
дүние жайындағы біртұтас ғылыми-философиялық
ілім – диалектикалық және тарихи материализмді
жасады.
Маркс пен Энгельске
дейінгі философтар өздерінің философиялық
системасын бұдан бұлай өзгермейтін, түпкілікті
тағайындалған абсолюттік ақиқат деп
санады. Гегель, міселен, өзінің философиялық
системасын абсолюттік ақиқат деп жариялады.
Марксизм философияға деген мұндай көзқараспен
келіспеді де, өзінің философиялық іліміне
түпкілікті тағайындалған ақиқат деп
қарамай, ғылымның және қоғамдық практиканың
даму барысында өзгертіп, айқындала және
байи түсетін ілім деп қарады.
Пайдаланған әдебиет
1.Философия. Оқу құралы. – Алматы: «Ақыл кітабы», 1991
2. Зотов А.Ф., Мельвиль Ю.К. Западная философия ХХ века. – М., 1987.
3. Әбішев Қ. Философия. – Алматы