Қорқыт философиясындағы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Ноября 2011 в 12:02, реферат

Описание

Қорқыт оғыз-қыпшақ тайпаларының VIII-ІХ ғ-да Сырдария бойында (Канкент) ғұмыр кешкен данышпан ойшылы, ақын сөзгері және «Кітаби Қорқыт» эпостық жырының атасы. Қазақ арасында Қорқыт ата туралы тарихи жыр-дастандар, аңыздар, ән күйлер көп кездеседі. Қорқыт өзінің желмаясына мініп өлмейтін өмір іздейді, бірақ қайда барса да, алдынан екі адам кезігіп көп қазып жатады.

Работа состоит из  1 файл

коркыт философиясы.doc

— 50.50 Кб (Скачать документ)

                                Қорқыт философиясындағы

                             Өмір жӘне Өлім туралы мӘселе

    Қорқыт  оғыз-қыпшақ тайпаларының VIII-ІХ ғ-да Сырдария бойында (Канкент) ғұмыр кешкен данышпан ойшылы, ақын сөзгері және «Кітаби Қорқыт» эпостық жырының атасы. Қазақ арасында Қорқыт ата туралы тарихи жыр-дастандар, аңыздар, ән күйлер көп кездеседі. Қорқыт өзінің желмаясына мініп өлмейтін өмір іздейді, бірақ қайда барса да, алдынан екі адам кезігіп көп қазып жатады. «Бұл кімнің көрі?» десе, олар: «Бұл Қорқыттың көрі» деп жауап қатады. Осының бәрінен Қорқыт өзінің ажалын көргендей болады. «Қайда барсан Қорқыттың көрі» дейтін сөз осыдан шыққан екен. Ақыры ол дүниеде өзгермейтін еш нәрсе жоқ. «Сынбас темір жоқ, өлмес өмір жоқ» деген қорытындыға келіп, өлмейтін өмірді өнерден табады. Ол қазақ даласында тұңғыш рет қобыз жасаушы болып табылады. Оның күңірене салған сырлы күйлері (қазіргі уақытта 22-ден астап күйлері белгілі) шартарапқа тараған. Құдіретті күй сазын естіген адамдар терең сезімдерге бөленген. Қорқыт «тағдырға жазылған» деген фатализмге қарсы күресіп, адамдарға мәңгі өмір іздеуші тұлға ретінде өзін көрсетеді. Бірақ өлімнің қақпанына түсіне тура келеді. Соның өзінде де Қорқыт су асты патшалығының бақсысына айналып, қобызымен перілердің іс-қимылын жақсылыққа бұрып отыруға тырысқан. Әлсізге көмектесіп, ауруларды жазудың жолдарын айтып отырады. Қорқыттың өмірдің қиындықтарына мойын сұқпай үнемі күресе білуге шақыруы, әр істің ізгілік пен жақсылыққа негізделіп жүзеге асуын уағыздауы – бұл ғұламаның кейінгі ұрпаққа берген үлкен рухани тәлімі.

    Қорқыт  тарихта болған адам. Ол туралы Ватикан (Рим) архивінде мынадай дерек  сақталған: «Расул пайғамбар заманына жақын кезде (VIII ғ-да) Баят (Сырдария) бойында Қорқыт атты ер болыпты. Оғыз ішінде барлық уәлайатты өзіне қаратып, неше түрлі ғажайып сөздер сөйлеуші еді. Әрине, іс болса бәрі оның алдына келіп, кеңес сұрап, ол нені бұйырса соны қабыл етер еді».

    Біз үшін Қорқыт бабамыздың артына қалдырған  жырлары өте маңызды. «Кітаби  Қорқыт» (12 жыр) бүкіл түркі тілдеріне ортақ. Бұл кітаптың екі түрлі нұсқасы бар, оның бірі Ватикан (Рим), екіншісі Дрезден (Германия) қаласында кітап қоймаларында сақталуда. Бұл еңбектің зерттеушілері – В.В. Бартольд, Э.А. Диваев, М. Ергин, Б. Әбілғазы, Ш. Уалиханов, Ә. Марғұлан, Х. Көрұғлы, К.М. Рифат, Ә. Қоңыратбаев т.б.

    «Кітаби Қорқыт» тарихылығы, образдарының саралығы, өмір болмыс тұрғысы, баяндау жүйесі, салт-сана көрінісі жағынан қазақтың белгілі эпостарымен сабақтасып жатыр.

    М.Әуезов Қорқыттың мәңгі өмір туралы толғаныстарының  негізгі философиялық түйініп аша келіп, оның болашақ ұрпақ үшін дүниетанымдық маңызы зор, мәңгілік мұра екенін атап өткен. Қорқыт «өлім» деген құбылысқа қарсы тұра алатын рухани күш таба білген. Әлемге мұндай өлмес шығармалар қалдырған ойшылдың ұмытылуы мүмкін емес немесе ол халықтың зердесінде мәңгі қалуы заңды.

    Қорқыт  жырларының философиялық мән мағынасының  алтын діңгегі-әлемге, табиғаттың заңдарына  әсемдік деген көзқарастың биік гуманистік тұғырда болуын құрметтеу  болып табылады.

    Қорқыт  – ғұлама ойшыл-философ, сазгер, қобыз жасаушы. Ру-тайпа қауымы куйреу дәуірінде қалыптасқан алғашқа эпикада қаһармандық әлі де мифология ретінде байқалады, бастапқы мифтердің тілі мен пайымдарын пайдаланды. Мысалы, «Қорқыт ата» кітабында Бисат Төбекөз дәудің жалғыз көзіне отқа қыздарған темір сұғып соқыр етеді. Төбекөз грек мифіндегі Полифемге ұқсас болып келеді.

    Қорқыт  жырларының дені VIII-ІХ ғасырдағы қыпшақ ұлысы кезіндегі оқиғаларды суреттейді. «Қорқыт» жырларында бүліншіліктің  айғағы басым. Бұл оқиға VII ғасырдың басында Сырдарияға арабтардың келуімен байланысты. «Қорқыттың» діни сарындарын шаманизм мен ислам аралығына қойған жөн. X ғасырдың орта шенінде оғыздар мұсылман (батыс), шаман болып бөлініп, өзара жауласқан болса, жырда бұл бөліністің – таңбасы басым. «Оғыз» деген атау грек шығыстық тайпалар арасында қалған. Онда пешене (бұлғар), Салор, Баяндүр, қыпшақ – түркімен тайпаларының тартысы басым. Сонымен өзінің тегі мен табиғаты ономастикасы мен мифологиясы, тілі мен көркемдік мәні жағынан «Қорқыт» жырлары бүкіл түркі  тайпалары эпосының басында тұрады. Онда ІХ-ХІ ғасырлардағы Сыр бойында болған оғыз-қыпшақ ұлысының шежіресі мен тарихы басым, ол тайпалық емес, ұлыстық эпос.

    Қорқыт  есімімен байланысты аңыздар түркі  тектес халықтар арасында әр алуан  түрде әңгімеленеді. Академик Ә.Марғұлан былай деп жазған: «Ол кісі туралы айтылатын қария сөз Орта Азиядағы түркі тілдес елдердің бәрінде бар. Бірақ қазақ халқы ескі оғыз-қыпшақ тайпаларының тарихи қонысына мирас болған, олардың түбегейлі ұрпағы болғандықтан Қорқыт туралы айтылатын тарихи жырлар, аңыздар, ән-күйлер қазақ пен түркімендерде көбірек жолығады».

    Қорқыт  ата туралы аңыз әңгімелер қазақ  арасында ерте кезден-ақ кеңінен тараған. Солардың бәрі тууына байланысты. Аңыз бойынша, Қорқытты құрсағында үш жыл  бойы көтеріп жүріпті. Оны жылына бір рет толғақ қысып отырады  екен. Қорқыт туылар алдында күллі  әлемде үш күн, үш түн бойы көзге түрткісіз қараңғылық басыпты. Сұрапыл қара дауыл соғып, ел жұртты қатты қорқыныш билейді. Сыр бойы мен Қаратау өңірінің аспаны да қараңғы тартып, қарауытып кетіпті.

    Сондықтан бұл маңай «Қара аспан» аталыпты. Ашық күш тастай қараңғы күнге айналған қорқынышты күні туылғаны үшін баланың аты «Қорқыт» деп аталған екен. Қорқыт туылысымен жел тынып, бұлт ыдырап, күн шығып, тіршілік мамыра–жай күйге түседі. Қорқыт анасынан туылған бойда-ақ тілі шығып, сөйлеп кетіпті.

    Қорқыттың өмірге қалай келгені туралы ерте заман қобызшылары мен бақсы-балгерлері, жыраулары айтатын өлең-жырлары бар:

    Қорқыт  туар кезінде,

    Қараспанды  су алған,

    Қара  жерді күл алған,

    Ол  туарда ел қорқып,

    Туған соң әбден қуанған.

    Сонымен, Қорқыт туралы, сол дәуірде Қаратау  қойнаулары мен Сыр бойындағы тұрған қалалар, елді мекендер, күмбездер, кешендер туралы аңыздар қазақ халқының арасында осы күнге кейін айтылып жүр. Өйткені бұл аңыздар тарихта болған шын оқиғалармен тығыз байланысты.

    Қазақ арасында тараған аңыздардан Қорқытты бірде айтулы күй атасы ретінде көрсек, енді біразында ол өлім атаулыға қарсы шара іздеген қамқоршы ретінде көрінеді. Терең ойлар мехнат азабы мен өлмеуді арман еткен Қорқыт мәңгілік өмірді іздеп ел кезеді. Қазақ арасындағы аңыздарда Қорқыт Ата – көпті көрген батагой, сәуегей, атақты музыкант әріі ойшыл қария. Ол айтқан болжам дәл келіп отырған.

    Адам  өмірі, мінез-құлық, тағдыр жайында  тұңғұйық, кемелді толғаулар қалдырған. Қорқыт адам тіршілігінің тым қысқалығына, өлім мен апатқа наразы болып, содан  құтылудың жолын іздеп, шарқ ұрады, желмаясына мініп шартарапты кезеді. Бірақ қайда барса да алдынан аңырайған көр шығады. Жер қазғандардың бәрі оған: «Қазып жатқанымыз Қорқыттың көрі» – деп жауап қатады.

    Дүниенің  төрт бұрышын кезген сапарында Қорқыт кісі өлімі ғана емес, жүгірген аң, ұщқан құстың жемтігін, тамыры қурап, суалған бәйтеректі көреді. «Осының бәрі де кезінде тіршілік етті, тыныс алды, енді қысқа өмірі тәмәмдалды»- деп соның бәрін көрге санайды. Осының бәріне қатты қапа болып, налыған Қорқыт жападан жалғыз күңіренеді. Сөйтіп жүріп өзгеше бір өнер табады. Су үстіне кілем жайып, өзі жасаған жер бетіндегі тұңғыш күй аспабы қобызбен күңірене сырлы күй шертіп, іштегі шерін тарқатады. Құдіретті күй сазы лезде дүниені түгел баулайды. Өлімге қарсы тартылған, мәңгі тіршілікті мадақтаған Қорқыт күйін етіген бүкіл адамзат, ұшқан құс, жүгірген адам тұра қалып, Сыр үстіндегі ғажайып күйге тосады, ұйып тыңдайды.

    Қорқыт  ата күн демей, түн демей «Өмір  жырын толассыз шертеді». Ажал талай  рет төніп келеді, бірақ бебеу  қаққан қобыз күйі оған Қорқытты алдыртпайды. Ұйқысыз өткен талай күн, талай түндерден қалжыраған Қорқыт ата бір сәт қалғып кеткенде, ажал «Қайрақ жылан» дейтін ұлы жыланның бейнесінде келіп Қорқытты шағып өлтіреді.

    Екінші  бір аңызда Қорқыт Әзірейілмен кездеседі. Әзірейіл Қорқыттың жанын салып алатын сандық істеп ала келеді. Қорқыт Әзірейілмен сөйлесе тұрып, сандыққа оның өзін алдап салып алады да, кілттеп суға ағызып жібереді. Қорқыт жайындағы аңыздарда оптимистік ұғым, толғам басым.

    Дүние жүзі әдебиеті, әсіресе, ескі мифтік аңыздарда, ежелгі жырларда, көне эпостарда Қорқыт тәрізді өлімге қарсы күрескен соқталы бейнелер болған. Соның бірі грек мифіндегі Прометей.

    Міне, қазақ арасындағы Қорқыт жайлы аңыздардың негізі осындай. Бірақ, біз үшін Қорқыттың  артында қалдырған жырлары мәндірек. Бұл тұста ол жай күйші, бақсы болып қала алмайды.

    Х ғасырда бір оғыздардың 12 түрлі  эпостық жырларын тудырған Қорқыт көбіне дана ақын, үлкен төкпе жыршы болып  көрінеді. Ол халық жетекшісі, көне заман, ру тайпа өсиеттерін сақтаушы.

    Қорыта келгенде «Қорқыт ата» жырдарында Қорқыт исламда жол берілмейтін нәрсе тағдырға мойынсунуға қарсы әрекет жасап өлімге қарсы күреседі, сөйтіп Европада ХІХ ғас. ғана пайда болған экзистенциализмнің негізін ІХ-Х ғасырларда-ақ салды деп айтуға болады. Сонымен қатар, Қорқыт түбінде ажалға жол бергенімен, оның ісі, яғни оның жырлары, музыкасы мәңгі өмір сүре береді. Оның қобыз сырын ғасырдан ғасырға ел жүрегін елжіретіп, осы күнге дейін оның туған жерінде естіледі. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Қолданылған әдебиеттер тізімі

  1. Қазақтар. Көпшілікке арналған тоғыз томдық анықтамалық. 2 том. А., 1998
  2. Түркістан. 1998
  3. А.Аскаров. Ұлы тұранның ұлдары. А.: Нұрлы әлем. 1998
  4. Егемендң Қазақстан, 1999
  5. Жас алаш. 1999
  6. Қазақ даласының ойшылдары. 1997

Информация о работе Қорқыт философиясындағы