Отаным Қазақстан

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Декабря 2011 в 21:05, сочинение

Описание

Отан... Атамекен... Атажұрт... Тарих... Бұл қай құлаққа да асқақ естілер асыл ұғымдар. Адам өмірге келіп, ес жиып, етек жия бастаған сәттен өз Отанының тарихына ден қоя бастайды...

Қазақстан - қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы. Бұл жерде ата-бабамыз туды, тұрды, өмір сүрді, оның топырағында ата-бабамыздың кіндігі кесілген кең жазира жері.

Работа состоит из  1 файл

Документ Microsoft Word.doc

— 25.50 Кб (Скачать документ)

    Отан... Атамекен... Атажұрт... Тарих... Бұл қай  құлаққа да асқақ естілер асыл  ұғымдар. Адам өмірге келіп,  ес жиып, етек жия бастаған  сәттен өз Отанының тарихына  ден қоя бастайды...

   Қазақстан  - қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы. Бұл жерде ата-бабамыз туды, тұрды, өмір сүрді, оның топырағында ата-бабамыздың кіндігі кесілген кең жазира жері. Бұл жерді мекен еткен көшпелілер мен отырықшылардың бір-бірімен шендескен әлемі ғасырлар қойнауында талай-талай ұлыстар мен ұлағаттарды дүниеге әкеліп, мәдениеті мен діні жаңғыра түлеп, әйгілі күре жолдардың үстінде саудасы қызып, Шығыс пен Батыс арасы тұтастанып жататын болған.

    «Отан  – оттан ыстық», «Ер ел үшін  туады, ел үшін өледі» - деп  түйген халықтың қаһарманы Бауыржан  батыр: «Отаның үшін отқа түс күймейсің», - дейді. Қазақ елінің есімі аңызға айналып, дастандарға арқау болған батыр ұл – қыздары толып жатыр. Олар – атамекенін, туған елін жан аямай қорғап, ата- бабаларының ерлік дәстүрін сақтау арқылы өздерінің өшпес даңқын шығарғандар.

     Біздің халқымыздың атамекенді ардақтау сезімі өте терең, олар үшін туған жерді қасиет тұту – қанға сіңген мінез, ежелгі дәстүр. Бұл таным біздің жанымызға ана сүтімен тараған, ана сүтімен дарыған. Батырлар жырындағы:

   Атам  күйеу болған жер,

   Анам  келін болған жер,

    Кіндік  қаным тамған жер, 

- деген қарапайым  жолдарда адамның туған жерге  деген шексіз сүйіспеншілігі  мен терең де ыстық сезімі  тамаша бейнеленген.

      Қазақ батыр халық, ержүрек  халық, намысшыл халық. Ел басына  қиын – қыстау күн туғанда  ерлері намыс отын жағып, туған топырағын қасық қаны қалғанша қорғағанына өткен тарих куә, кешегі сұрапыл заман куә.

      Байтақ ел, күн сәулетті Қазақстан бүгінде дамудың даңғыл жолына түсті. Өлшеусіз табиғат байлығымен ғана емес, ең алдымен сан түрлі ұлттардан құралған халқының ауызбірлігімен аты шықты. Бүгінгі Қазақстан - өзі орналасқан аймақтың ғана емес, бүкіләлемдік проблемаларды талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын ел. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың пікіріне әлем саясаткерлері ықылас қоятын болды.

       Бүгінде Қазақстанның негізгі  ұлтын қазақ халқы құрайды.  Одан кейін славян халықтарының  өкілдері орыс және украин  халықтары. Сонымен қатар ең  елеулі этносты құрайтындар өзбек.  немістер және татар халықтары. Осы біздің елдегі халықтар басын біріктіріп, олардың ұлттық тегіне қарамастан, теңдігін бекітетін құжат бар. Ол еліміздің Ата Заңы, Конституциямыз.

      Қаншама рет туы тігіліп, қаншама  рет туы қайта қисайған, қаншама  мемлекеттің құрамында болып, қаншама рет мемлекетсіз қалған әрі көне, әрі жас қазақ халқы қайтадан әлемдік дүбірге қосылып, әлем елдерімен иық тіресуде.

Информация о работе Отаным Қазақстан