Саясттану ғылымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2013 в 13:41, реферат

Описание

Басқа қоғамдық ғылымдардың ішінде саясаттанудың орны ерекше. Себебі, адамзат тарихында саясат негізгі рөл аткарды. Оның дұрыс-бұрыстығы, сайып келгенде, адамдардын, халықтардың тағдырымен тығыз байланысты. Мысалы, мемлекет агрессиялық, яғни басқыншылық соғыс саясатын жүргізсе, оның салдары бірнеше жылдарға созылатын қайғы-қасіретке соқтыратыны даусыз. Керісінше, мемлекет ғылыми дәлелденген тиімді бейбіт саясат жүргізсе, еліне қолайлы, халқына жайлы болары да белгілі.

Работа состоит из  1 файл

Саясаттану ғылымы.doc

— 72.50 Кб (Скачать документ)

Ал, екіншілер, саясат - ол мемлекеттің  басқарушылық істеріне қатысу, оның қызметінің мақсаты мен мазмұнын анықтау  дегенді білдіреді.

Үшіншілер, саясатты – ол басшылар мен бағынушылар арасындағы қарым қатынастардың бір түрі.

Бірақ бәрі саясаттың негізгі маңызды  мәселесі - билікке қатысты жағдайдан  көрінетіндігін байқайды.

Саяси сала мен оны анықтайтын факторларды  талдампаздық модель ретінде түсіндіруге  болады. Ол модель әлеуметтік ықпалдар мен қатынастар саласын, саясат өрісі саяси құбылыстың үлкен жиынтығын қамтиды. Сондықтан, қоғамның  саяси өмірі осылардың негізінде қалыптасады. Мұндай саясат өрісі саясаттың қызметін факторларынан көрінетін әлеуметтік кеңістікті белгілейді.

Саясаттың негізгі мәселесі билік болып табылады. Өйткені, саясат топтар мен басқа да әлеуметтік бірлестіктер  арасындағы өзара қатынастардың ерекше түрі ретінде мемлекеттік билікті қолға алып, ұйымдастыруымен байланысты.  Сондықтан, саясат деген ұғымның мағынасы ең кең тараған мемлекеттік билік, халықаралық қатынастар ұғымымен байланысты. Саясат  - ол қызмет болса, екіншіден ол - өнер, «мемлекетті басқару өнері» болып табылады /Аристотель/.

Сонымен, саясат дегеніміз – адамдардың өздерінің қоғамдық мәні бар мүдде  мен қажеттіліктерін жүзеге асыру үшін пайда болған әлеуметтік топтар, ұлттар, мемлекеттер арасындағы билікке байланысты іс - әрекет болып табылады.

Саясаттың түрлері негізінен екіге бөлінеді: ішкі және сыртқы.

Ішкі саясат мемелекеттің, қоғамдық саяси ұйымның, саяси басшылықтың, қоғам ішіндегі саяси әрекетінің процесінің негізі.

Ішкі саясаттың негізгі бағыты билік қатынастарын қалыптастыру, билік  жүргізу, биліктің қолданыстарын ұйымдастыру, біріктіру, жетілдіру болып табылады. Ол қоғамның нақтылы кезеңіндегі  даму мүмкіншіліктерін әлеуметтік күштердің ара салмағын ескере отырып жақын арадағы, келешектегі мақсаттарын белгілейді. Оларға мыналар жатады:

- саяси мақсаттарға жету үшін  ұйымдардың, әлеуметтік күштерді  ұйымдастырудағы тиімді әдіс–тәсілдерді  анықтау;

- сол мақсаттарды шешуге қолынан келетін мамандарды дайындау.

Сонымен, ішкі саясат – мемелекеттің ішкі функцияларын реттеп отырады.

Сыртқы саясат - мемлекеттің жалпы  саяси жүйесін халықаралық дәрежеде ең алдымен өз мүддесін қорғау үшін жүргізген жұмысы, басқа елдермен, ұлттармен қарым – қатынас орнату.

 Оларға мыналарды жатқызуға  болады:

- достық қарым – қатынас орнату.

- сауда қарым – қатынастарын  орнату.

- экономикалық қарым – қатынастарды  орнату.

- әскери қарым – қатынас орнату.

Жалпы алғанда дамыған ішкі саясат, дамыған сыртқы саясатты қамтиды және бір – бірінсіз болмайды.

Қорытындылай келсек, саясат қоғамның өмір сүруін ұйымдастыру, реттеу үшін қажет.

Саясаттың негізгі мәселесі – билікті қолға  алу, ұстап тұру, пайдалана білу. Қазіргі жағдайларда мемлекеттік  саясаттың негізгі мақсатты міндетті түрде адамдардың аса маңызды мұқтаждықтарын анықтап, оларды әртүрлі жолдармен қадағалап шешуі болып табылады.

Жалпы алғанда  саясат қоғамдағы құбылыс деп  айтуымыздың өзінде де үлкен мән  жатыр. Адам саясатпен араласпаса да, саясат адаммен әрқашан бірге болып, қабаттаса жүріп араласады.

Адам –  саяси жануар, жәнтік.  Аристотель көрсеткендей қандай болмасын қоғамда  адаммен саясат қатар жүрген. Саясат ешқашан тұрақты болған жоқ, ол әр кез өзіндік уақытта өзгеріп  отырады. Қоғамның, заманың өзгеруіне сай, адам баласының сол ортаға қалыптасуының өзі осы саясат тұрғысынан жекелеген немесе қоғамдық жағынан көріп, ғылымды оқу барысында білеміз.

Міне, бұл  саясаттың қоғамдық құбылыс ретінде  алып қараудағы бірден бір кепіл. Қоғамсыз адамзат баласы болмайды, ал адамзатсыз қоғам, орта болмайды. Ендеше, саясатсыз қоғам болады деу болмас. Әрине, қоғам – саясат, саясат барлық қоршаған орта, халықаралық тұтастық болып саналады.

Саясаттанудың пәні жөнінде алыс, жақын шетелдік болсын, біздің елдін ғалымдарының арасында болсын бірыңғай, жалпы жұрт танып, мойындаған анықтама, тоқтам жоқ. Оның аукымы мен мазмұны, қарастыратын мәселелер шеңбері, жеке ғылыми пән ретінде ерекшелендіретін белгісі, өлшемі не болуы кере деген сауалдар төңірегінде бірталай көзқарастар бар. Кейбір ғалымдар оған қоғамда билікті жүргізетін немесе оған әсер ететін мемлекет, партиялар және басқа саяси институттар туралы ғылым ретінде қарайды. Әлбетте, саясаттанудың бұл мәселелер мен айналысатынында дау жоқ. Дегенмен, оның өрісін тек солармен шектеуге әсте болмайды, Себебі, ол солармен қатар жалпы, саяси теориялар мен нақтылы саяси іс-әрекеттерді, саяси процестер мен жүйелерді, халықаралық қатынастарды да зерттейді, еларалық салыстырмалар да жүргізеді. Сондықтан мұнда көзқарас саясаттануға тар мағынасында қараған болып шығады.

Ғалымдардың екінші тобы саясаттануды ғылымға қатаң  негізделген, әсіресе тәжірибелік (эмпирикалық) әдіс-тәсілге сүйенеген, нәтижесін  тексеріп білуге болатын ілім ретінде  түсінеді. Оны жақтаушыларды. бихевиористер  дейді (олар туралы кейінірек сөз балады). Олар бұл ғылымды математика, кибернетика және т.с.с нақтылы ғылымдарға теңиді.

Бұл бағытты  жақтаушылар, түптеп келгенде, саясаттануды теориялық және практикалық жаққа  бөліп, екіншісін басшылықка алып отыр. Бұлай білімнің екі түрін бір-біріне қарсы қоюшылықпен келісуге болмайды. Себебі, теория мен практиканы бөліп, карау адамзат тарихында талай рет тығырыққа тірелткен.  Әрине, аталған тәсіл сайлаудын. дауыс беру нәтижесін, оған жұмсалған қаражатты, қай партияның жақтаушылары көп не аз болғанын және т.с.с. сан жағынан нақтылы есептеп шығуға мүмкіндік береді. Бірақ, "еркіндік", "теңдік", "әділеттік", "егемендік", "демократия" және т. б. сияқты маңызды категорияларды сандық мөлшерде есептеп шығаруға келмейді.

Саясаттануды  зерттейтін ғалымдардың көпшілігі (үшінші топ) бұл ғылымды саясат туралы жалпы, оның барлық көріністерін қамтып, тәртіпке келтіретін, жинақтап біріктіретін ғылым деп санайды. Бұл пікірді Біріккен Үлттар Ұйымының Білім беру, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО) басшылығымен 1948 жылы Парижде өткен саясаттанушылардың Халықаралық коллоквиумы да мақұлдады. Оған қатынасқан дүние жүзінің белгілі ғалымдары саясаттану пәні мына бөлімдерден тұрғанын жөн деп тапты: І) саяси теориялар (олардың пайда болуы, дамуы және қазіргі кездегі қызметі); 2) саяси институттар (конституциялар, аймақтық және жергілікті басқару; көпшілік әкімшілігі, саяси институттарды салыстырып зерттеу); 3) партиялар мен қоғамдық ұйымдар; 4) қоғамдық пікір; 5) халықаралық саясат (халықаралық ұйымдар мен халықаралық құқық)

Саясаттану  пәні қоғамның саяси саласын, оның даму заңдылықтарын, қазіргі саяси өмірді ұйымдастыруды, басқаруды, оның құрылысы мен жұмыс істеуін зерттейді. Ол адамзаттың демократиялық, қоғамдағы  қүқығы, еркіндігі мен міндеттері, жеке адамның саяси-құқықтық жағдайы, оның саяси өмірге қатынасу тәсілдері, саяси өзгерістердің түрлері, саяси мәдениетті қалыптастырудың мазмұны мен жолдары, қазіргі замандағы сан түрлі саяси идеялық көзқарасгар, жаңаша саяси ойлаудын мәні, казіргі дүниежүзілік дамудың козғаушы күштері туралы түсінік береді. Ол бұрынғы және қазіргі саяси жүйелерді, адамның санасындағы, көзқарасындағы, мақсат-мүддесіндегі және мінез-құлық, іс-әрекетіндегі саяси өзгерістерді қарастырады. Ол, бір жағынан, жиналған деректерді қорытады, екінші жағынан, құбылыстардың өзара ұқсастығы бойынша болашаққа болжам жасайды.

Сайып келгенде, саясаттану дегеніміз саясат туралы, саясаттың адам және қоғам арасындағы қарым-қатынастары туралы жинақталған  ғылым. Ол саяси биліктің қалыптасуымен даму заңдылықтарын, оның жұмыс істеуі мен пайдалануын, түрлері мен әдіс-тәсілдерін зерттейді.

Саясаттану саяси құбылыстар мен  өзгерістердің мән-мағынасын түсініп-білу үшін бірталай әдістерді пайдаланады. Әдіс деп зерттеу жүргізуді ұйымдастыру тәсілін айтады. Оларға салыстырмалы, жүйелеу, социологаялық, тарихи, бихевиористік, нормативтік және т. б. әдістер жатады.

 Саясаттанудың басқа қоғамдық  ғылымдармен байланысы және оны  оқып-білудің маңызы.

 Саясаттану басқа қоғамдық  ғылымдармен тығыз байланыста  дамиды. Себебі олардың бәрінің зерттеу объектісі ортақ—қоғамдық өмір. Олар бірталай ортақ ұғымдарды да пайдаланаді. Бірақ та әрбір қоғамтану ғылымының өзіндік пәні бар. Сондықтан саясаттанудың басқа гуманитарлық ғылымдар арасындағы ерекшелігін, алатын орнын анықтап алған ләзім.

Саясаттану  ең алдымен фәлсафамен (философиямен)тығыз  байланысты. Фәлсафа — табиғат, қоғам және таным дамуының неғұрлым ортақ зандылықтары туралы ғылым. Ол тіршіліктің түпкілікті себептерін, рухани-байлықтардың негізінде не жатқанын және т.с.с ашып, дүниеге тұтас көзқарас туғызады. Сондықтан ол басқа пәндер сияқты саясаттануға жалпы әдістемелік ғылым болып келеді. Ол саясатты фәлсафалық тұрғыдан дәлелдейді, саяси кұбылыстар мен процестерді талдауға дүниетанымдық бағдар береді. Бірақ ол мәселелерді, құбылыстарды, өмірдің жекелеген жақтарын қарастырғанда өзінің өресі тарлығын бай-қатады. Саясаттану қоғам өмірінің саяси саласындағы жалпы заң-дылықтарды нақгылайды, айқындайды, саяси танымды терңдетеді, саяси көзқарасты қалыптастырады.

Саясаттану экономикалық теориямен өзара байланысты. Саяси- экономия саяси процестерді экономикалық тұрғыдан дәлелдей отырып, ол процестердің негізінде әр түрлі әлеуметтік топтардың өз мүдделерін жүзеге асыру үшін күресіп жатқанына көз жеткізеді. Саясаттану экономикалық саясатты дайындау және іске асыру, ол процестерді мемлекеттік реттеу принцип-терін ғылыми түрде негіздейді.

Саясаттану құқықтық ғылыммен тығыз байланысты. Құқық адамдардың қоғамдағы қатынастары мен тәртібін, жүріс-тұрысын реттейді. Ол саяси шешімдерді дайындап, іске асырудың құқықтық тетіктерін көрсетеді, кұкықтық және мемлекеттік нормалар мен институттардың қиысқан, түйіскен жерлерін карастырады. Құқықты К.Маркс заңға айналдырылған экономикалық үстем таптың еркі деп атаған.

Саясаттану  күкықтануға жалпы теория, оның теориялық-

әдістемелік негізі іспеттес. Саяси екімет жүйесінсіз әлеуметтік,

оның ішінде құқықтық ережелер мен қатынастар жалпыға

міндетті  сипат алып орындалмайды. Сонымен  қатар құқықтык

тұрғыда қалыптаспай  саяси екімет те әдеттегі қызметін атқара

алмайды.   

Саясаттануға жақын ғылымдардың бірі — әлеуметтану (социология). Саясаттану саясатты белгілі бір заңдылықтарға бағынып, іс жүзінде белгілі бір принциптерді жүзеге асыратын, дамып, өзгеріп отыратын процесс ретінде қарайды әлеуметтану оған процесс ретінде емес, адамдық өлшем ретінде қарап, әлеуметтік ортаның саяси салаға етер әсерін зерттейді. Оның айналысатын мөселелері адамды және қауымдастықты дамытуға саясат не бере алады және саясатты жетілдіру үшін адамдар не істей алады. Сайып келгенде, саясаттанудың негізгі назары саясатта болса, әлеуметтанудың назары саясатты жасаушы адамда болады. Олардың арасындағы байланыс әсіресе саясаттануды сандық әдіс-тәсілдерді пайдалануға байланысты күшейе түседі.

Тарих болса  жүйелі, дәйекті түрде оқиғаның болған уақытына байланысты саяси институттар мен идеялардың дамуы туралы деректерді жинап, суреттейді.

Аты аталған  ғылымдармен қатар саясаттану баска  да адамгершілік ғылымдарымен байланысты. Солай бола тұра саясаттанудың өзіне  тән зерттеу объектісі бар. Оған қоғамның саяси саласы, ондағы болып жатқан барлық саяси құбылыстар мен процестер жатады.


Информация о работе Саясттану ғылымы