Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 12:07, реферат
Шоқан Уалихановтың ағартушылық көзқарастары (1835-1865)
Шоқан Уалихановтың қоғамдық-тарихи майданда көріне бастаған дәуірі қазақ халқының тарихындағы маңызды кезең, қазақ халқының ұлы орыс халқымен және оның алдыңғы қатарлы демократияшыл мәдениетімен жақындасу дәуірі еді. Бұл жақындасу қазақ халқының экономикасы мен мәдениетінің дамуына даңғыл жол ашты.
Шоқан Уалихановтың ағартушылық көзқарастары (1835-1865)
Шоқан Уалихановтың қоғамдық-тарихи майданда көріне бастаған дәуірі қазақ халқының тарихындағы маңызды кезең, қазақ халқының ұлы орыс халқымен және оның алдыңғы қатарлы демократияшыл мәдениетімен жақындасу дәуірі еді. Бұл жақындасу қазақ халқының экономикасы мен мәдениетінің дамуына даңғыл жол ашты.
Орыс, қазақ және Орта Азия халықтары арасындағы достық байланыстың негізін салушылардың бірі біздің тұңғыш ағартушы - демократ ғалымымыз Шоқан Уалиханов (1835-1865) болды. Ш.Ш. Уәлихановтың өмірі, ғылыми жұмысы, саяси - әлеуметтік, философиялық, әдеби көзқарастары Қазақстан ғалымдары зерттеулерінен кең де терең шешімдерін тапты (Валиханов.Ч. Избранные произведения / Ч. Валиханов. - Алма-Ата. – 1958).
Ш. Уәлиханов орыс - қазақ мәдени - педагогикалық байланысының тарихындағы өшпес еңбегі сол-ол орыстың озат білімі мен ғылымын таратушы, насихаттаушы болды, артта қалушылық пен надандыққа қарсы күресті.
Ш. Уәлиханов ағарту мәселесінде орыстың революциялық -демократиялық педагогикасының бағытына жақын болды. Сондықтан да оның пікірі халық ағартудың жайы саяси өкіметтің сипатына тәуелді болып келмек деген революционер-демократтардың пікірімен үндесіп жатады.
Н.Г. Чернышевский “Июль монархиясы” деген еңбегінде “Саяси билік, материалдық әл-ауқат және білімділік - осы үш нәрсе бір-бірімен тығыз байланысты” (Чернышевский Н.Г. Полн.собр.соч. / Н.Г. Чернышевский. - М. - 1950. - т.7. –с. 97.) десе, Ш. Уәлиханов та сол ізбен: “Халықтың жетіліп дамуы үшін бостандық пен білім қажет… Демек, оларды ең алдымен оқыту қажет”,- дейді ( Валиханов.Ч. - Собр.соч. / Ч. Валиханов- Т. 1. – С. 100.)
Оның ойынша мектептерді ұйымдастыруда тәрбие мен білімнің халықтығы принципіне сүйену қажет. Тілмаштар мен билеп - төстеуші чиновниктер әзірлейтін мектептердің орнына европалық ғылым мен гуманизмді таратушы болатын мектептер мен тәрбие жүйесін ұйымдастыруды арман етті.
Халықтық тәрбиенің жаңа жүйесін ойластыра отыра, Ш. Уәлиханов ең алдымен жас өспірімдерді ғылым мен техниканың табыстарымен, дүние жүзі мәдениетінің бай қазынасымен таныстыра алатындай діннен бөлінген дүниелік білімдерді енгізуді жақтады.
Ш. Уәлиханов тарих, этнография, география, психология саларындағы көлемді де ғылыми мәні терең зерттеулері оған өз халқының мәдениеті туралы маңызды топшылаулар жасауға және қазақ пен орыс халықтары арасындағы достық қарым-қатынастарды нығайтудың қажеттілігі туралы ойлар айтуға мүмкіндік берді.
Ш. Уәлиханов адал патриот ретінде өз халқына деген шын сүйіспеншілігін басқа халықтарды сыйлау, олардың ұлттық ерекшеліктерін ұлттық демократиялық мәдениетімен сыйлаумен ұштастырды. Шоқан өзінің ғылыми, мәдениеті мен ағартушылық қызметін қазақпен көршілес Шығыс және Орта Азия халықтарының тарихын, мәдениеті мен ағарту мәселерлерін терең зерттеумен байланыстырды. Ол бұл салада қытай, ұйғыр, монғол, бурят, ойрот, татар, башқұрт, қалмақ, қырғыз халықтарының тарихын, экономикалық, қоғамдық құрылыстарын, мәдениеті мен оқу-ағартуын зерттеп, шығыстану ғылымына ерекше үлес қосты.
Шоқанның “Жоңғария очерктері”, “Шығыс Түркістан”, “Алтышаһардың немесе Қытайдың Нан - Лу өлкесінің Шығыстағы алты қаласының жайы” атты еңбектері өз кезінің Шығыс зерттеу ғылымында бағалы жаңалық болды.
Ата - бабалардың ерлігі туралы тарихи жыр дастандарға дегенде, халықтың сүйіспеншілігінде шек жоқ, соншалықты мол мұраны ауыздан-ауызға, жазбасыз, баспасыз, алып даланың бір шетінен екінші шетіне жеткізіп, ғасырлар бойы ойда сақтау, олардың суырып салма ғажап қабілеттерінің көрнісі болса керек. Осы тарихи мәні мол мұраны біреулер аузына домбырамен сүйемелдеп, әндетсе, енді бірі күй арқылы сыбызғы, қобызды тартып, өнерлі адамдардың аты ел-жұрттың есіне мәңгі қалып қоюына себепші болды.
Қазақ халқының ақындық, өнерпаздық дарынын ол ұлттық мәдениетіміздің негізі деп түсінді. Ол ұлттық мәдениетті дамыту үшін, мемелекеттік дәрежеде ұлағатты ұйымдастырушылық жұмыстар қажет деп, сондай игілікті жұмыстардың ұйымдастырылуын армандады.
Қазақ ағартушылығына Еуропадағы ағылшын, неміс, француздардағы сияқты жалпы ортақ белгілер тән. Ең бастысы - білім мен ғылымды адамдарды бақытқа жеткізетін күш деп ұғыну. Алайда, қазақ ағартушылығының өзіндік ерекшеліктері де жеткілікті. Мұның өзі Шығыс Ренессансына, тәуелсіз Қазақ хандығына және Ресей империясы құрамындағы бодан халық тағдырына қатысты.
Шоқан халықтың көне мұраларын қадірлеудің қажеттілігін отаршыларға да, ел басшыларына да ескертіп отырды. Ол Самархан, Ташкент, Ферғандағы кітапханалар мен обсерваториялардың, архитектуралық көне ескерткіштердің күтімсіз қалып, жойыла бастағанына қынжылды.
Шоқан халықтардың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарындағы өзық үлгілерді мәдени мұра етуді мақсат тұтып, надандыққа қарсы күрес ашты. Қазақ хһалқының ауыз әдебиеті мен игі дәстүрлерін бағалай біліп, ұлтының ұлы қасиеттерін дамыта беру қаже екендігін дәйекті материалдар арқылы дәлелдеп берді.