Шығыс философиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2012 в 11:43, реферат

Описание

Ежелгі Шығыс философиясының көне түрі үнді философиясы ол брахманизмге оппозициядан басталады. Б.э.д 7 – 6 ғасырларда брахманизм ішінен джайнизм және буддизм пайда болады осы бағыттардын негізінен үнді елінде 4 – кастаға бөлінді.

Содержание

1.Шығыс философиясының түсінігі, негізгі ілімдері.
2.Ежелгі шығыс философиясының мәдениеті.

Работа состоит из  1 файл

Карашаш реферат.docx

— 36.93 Кб (Скачать документ)

Ежелгі Шығыс мәдениеті 

 Ежелгі Шығыс  адамды ертедегі дүние аясынан  алып шыққан ұлы мәдениеттер  отаны болды. Ертедегі дүниеден  шыға отырып, Шығыс адамның дүниеге  қатынасының мифологиялық тәсілін  жеңе алмады. Бірақ ежелгі шығыс  мәдениеттерінің әлемі – бұл  табиғат апаттарының ғана емес, озбыр мемлекет қуатының құдайдай  көрінуі. Ежелгі шығыс мәдениетінің  негізі адамның дербестігі мен  еркіндігін мойындамайтын абсолютті  бірлік идеалы болып табылады. Мемлекеттің бұл типі қатаң  біріктіру қажеттілігінен туды, ол нақты табиғат жағдайларына  жауап болды. Осы мемлекет –  шығыс озбырлығы зор төрешілдік  аппаратпен басқарылады, оның  бірлігі қол астына қарайтын  адамдардың өмірі мен өліміне  абсолютті билік етуге ие билеушімен  бейнеленеді. Мемлекеттің мұндай  типі Ежелгі Шығыс елдері Египет, Месопотамия, Үнді, Қытайға тән. 

 Ежелгі Египет - әлемдік өркениеттің дамуына  үлкен әсер еткен ежелгі мәдениеттердің  бірі. Б.з. дейінгі 3000 жылы перғауын  патшалар басқаратын ерте құл  иеленуші, орталықтандырылған озбыр  формадағы мемлекет пайда болды.  Египеттің жоғарғы билігін құрған  негізгі принциптер оның мызғымастығы  мен ақылға сыйымсыздығы болды. 

 Ежелгі египеттіктер  мәдениетінің маңызды қасиеті  мәңгілікке ұмтылу болды, оның  белгісі «өлген адамға табыну»  сенімінің болуы, оған сәйкес  өлім өмірдің аяқталғандығын  білдірмейді және мәңгілік өмірлік  күш – «ка» ұзарады, және  де тек жерлеу жорасын толық  сақтаған жағдайда. Өлген адамның  денесін сақтау қамы мумиялар  жасау өнеріне әкелді. Өлген адамдардың  денелері бальзамдалып, пирамидаларға  салынды. Пирамидалардың ішіндегі  ең ескісі 5 мың жыл бұрын салынған  Джосер перғауынның пирамидасы, ол аспанға көтеріліп бара  жатқан саты тәрізді салынған. Алайда ең белгілісі және өлшемі  бойынша едәуірі – Хеопс пирамидасы.

 Діни табынуда  перғауынды құдай деп тану  басты орын алды. Ол күн құдайы  Ра тәрізді болды. Осирис - өлім  құдайы және жерасты әлемінің  патшасы. Исида – Осиристің  әйелі және қарындасы, құнарлылық  пен аналар қамқоршысы. Маат –  шындық пен тәртіптілік құдайы. Кейбір жануарлар, өсімдіктер, заттар  құдайлар болып саналды. Аменхотеп  ІV перғауын (Эхнатон) (б.з. дейінгі  1419-1400 ж.ж.) Атон құдайының атымен бір құдай ғана қалдыруды ойлады, бірақ бұған абыздар мен ақсүйектер қарсы тұрды.

 Египет мәдениетінің  маңызды құрама бөлігі иероглифтер  – суретті символдық хат болды,  онымен храмдар мен сарайлар  алдындағы жоғары ескерткіш тастарды  жазды, олар кейіннен буын жүйеліге  айналды. 

 Б.з. дейінгі  ІІ мыңжылдықтың бейнелеу өнерінің  жауһарыТутанхамон перғауынның  әйелімен бақшадағы барельефі,  Аменхотеп ІV әйелі – Нефертитидің  скульптуралық портреті, Аменхотеп  ІІІ мүсіні болды. Ежелгі Египеттің  бейнелеу өнеріне фигураларды  жазық бейнелеу, статикалық, канондық  шарттылық тән. Ерлердің денесі  қызыл түспен, әйелдердің түсі  қызғылт түспен, ал шаштары қара  түспен, киімдері ақ түспен бейнеленген.  Өнер мелшиіп тұру сипатында  болады.

 Египеттің көркем  әдебиетінің ең ерте ескерткіштері  б.з. дейінгі ІІ мыңжылдыққа  жатады. Бұл – патшалар мен  даналардың ұлдарына ақыл айтуы,  ғажайыптар, сиқыршылар туралы көптеген  ертегілер, повестер. Ежелгі Египет  әдебиетінің ұзын сонар, дерексіз  шығармаларының бірі – «Көңілі  қалған адамның өз жанымен  әңгімесі» («Беседа разочарованного  со своей душой»).

 Ежелгі Египет  өркениеті б.з. дейінгі XVI-XV ғ.ғ.  Жаңа патшалық кезеңінде өркендеудің  жоғары дәрежесіне жетті. 

 Б.з. дейінгі  IV-III мыңжылдықта Қос өзен территориясы  – Тигр және Ефрат өзендерінің  аңғарында Египтеттегі мәдениеттегідей  жоғары мәдениет пайда болып,  орнықты. Алайда мыңжылдықтар  бойы бір ғана мемлекет –  Ежелгі Египет қана болған  Ніл аңғарынан ерекшелігі Қос  өзенде (Месопотамияда) бір-бірін  әр түрлі мемлекеттер ауыстырып  отырды, оның ішінде Шумер, Аккад,  Вавилония, Ассирия, Иран. Қос  өзен тарихы мен мәдениеті  Египеттегіге қарағанда динамикалы  болды. 

 Қос өзеннің  ежелгі мәдениеті – шумер-аккадтық. Шумерлер вавилон мәдениетінің  рубасылары болды. Олар тарихта  бірінші рет «Алтын ғасыр туралы»  поэма шығарды, бірінші элегиялар  жазды, бірінші кітапханалық каталог  құрастырды, олар бірінші медициналық  кітаптардың авторлары болды,  егіншінің бірінші күнтізбесін  жазды және т.б. 

 Бұл халыққа  дүниедегі алғашқы жазу – шумер  сына жазуы жатады, бұл белгілері  сына тәрізді сызықшалар топтарынан  тұратын белгілер жазуы, олар  ылғалды сазға басылып жазылды. 

 Шумер-аккад өркениетінің  мұрагері Вавилония болды. Б.з.  дейінгі ІІ мыңжылдық ортасында  Хаммурапи патша кезінде (б.з.  дейінгі 1792-1750 ж.ж. ережелері) Вавилон  қаласы өз маңында Шумер мен  Аккадтың барлық облыстарын біріктірді. Хаммурапи кезінде екі метрлік  тас бағанаға сына жазумен  жазылған белгілі заңдар жиынтығы  пайда болды. Бұл заңдарда Қос  өзеннің ежелгі тұрғындарының  шаруашылық өмірі, тұрмысы, әдет-ғұрыптары  мен дүниетанымы бейнеленді, олардың  мүдделері нақты шындыққа көңіл  аударып, маңындағы тайпалармен  үнемі күресу қажеттігімен анықталды. 

 Қос өзеннің  ежелгі тұрғындарының сенімінде  су мен аспан шырақтарына табыну  үлкен роль атқарды, ол астрономия  мен математиканың тез дамуына  әкелді. Осылай алты ондық жүйесі  құрылды, ол қазіргі уақытқа  дейін уақыт есептеуі – минутада, секундта бар. Вавилон астрономдары  Күннің, Айдың айналуын және күн  тұтылуының қайталануын бірінші  болып есептеп шығарды. Вавилон  ғалымдарының барлық ғылыми білімдері  магиямен және балгерлікпен байланысты  болды. 

 Вавилон абыздарының  іліміне сәйкес адамдар Құдайларға  қызмет ету үшін саздан жасалған. Құдайлар көп болған, ең бастылары  мыналар: Шамаш – Күн құдайы, Син – Ай құдайы, Әйел құдай  Иштар – махаббат құдайы, Нергал  – өлім құдайы, Ирра – соғыс  құдайы. Құдайлар патшаның қорғаушысы  ретінде бейнеленеді, ол күшті  патша билігіне бас иеді.

 Қос өзеннің  ежелгі тұрғындарының діни сенімдері  олардың монументтік өнерінде  бейнеленді. Қалаларда құдайларға  арналған храмдар салынып, олардың  жанында зиккурат – террасалармен  қоршалған жоғары мұнара тұрғызылды, олар көлемі жағынан кертпеш  кертпешпен азаяды, зиккураттың  жоғарғы ярусы алтын күмбезмен  аяқталады. Вавилон сәулетшілері  Ежелгі Рим, одан кейін Орта  ғасырлық Европаның құрылыс өнерінің  негізі болып табылатын сәулет  формаларын жасаушылар болды. 

 Вавилон мәдениетін, діні мен өнерін ассириялықтар  пайдаланып, дамытты. Ассирия патшасы  Ашшурбанипалдың (б.з. дейінгі  VII ғ.) Ниневиядағы сарайының қирандыларынан  ғалымдар үлкен кітапхана тапты,  ол он мыңнан астам сына  жазбалы мәтіндерден тұрады. Шумер  әдебиетінің маңызды ескерткіші  – Гильгамеш туралы аңыздар  циклі. 

VI ғасырда Вавилон  мен Ассирияның орнына Иран  империясы келді. Иран өнері  зиялы және байсалды болды,  онда ассириялықтардың өнеріне  тән мейірімсіздік болған жоқ.  Бірақ мәдениет сабақтастығы  сақталады. Бейнелеу өнерінің  маңызды элементі жануарларды  – қанатты өгіздерді, арыстандарды, грифондарды бейнелеу болып қала  берді. 

 Б.з. IV ғасырда  Иранды Египет сияқты Александр  Македонский жаулап алды және  эллинистік мәдениет әсерінің  сферасына кірді. 

 Б.з. ІІІ ғасырында  әулет билеушісі Сасанидтер болады. Сасанидті Ирандағы мемлекеттік  дін зороастризм (осы діннің  негізін салушы Заратуштра есімімен, европа транскрипциясында Зороастра)  болды. Зороастризмнің бастапқы  ережелері отқа бас ию және  жақсылыққа сену болды. Зороастризмнің  қасиетті кітабы – «Авеста». Ежелгі  ирандықтардың діні пұтқа табыну  емес, олар жеке заттарға емес, жалпы затқа табынады.

 Билік жүргізуші  діннің ауысуы VII ғасырға жатады, онда Иранды арабтар жаулап  алып, жаңа сенім – ислам діні  тарады.

 Ежелгі Қытай  тұрғындары өзіндік материалдық  және рухани мәдениет құрды.  Олар өмірді құдай жаратқанына,  дүниеде барлығы қозғалыста болып,  екі қарама-қарсы космостық күштер  – Жарық пен Түнек қақтығысқанда  өзгеретіндігіне сенді. Осы кезеңде  (б.з. дейінгі ІІ мыңжылдық)  қытайлықтарға табиғатқа табыну  тән болды, олар тау, жер,  өзен, күн, ай, жаңбыр, жел рухтарына  табынды. 

 Сәл кейінірек  патша билігіне бас иді. Патша  аспанның ұлы болып саналды,  яғни Құдайдың жердегі өкілі  болып табылды. Қытайда ата-бабаларға  табыну күшті болды. Ежелгі  Қытай этносы типінің ерекшелігі  рухани өмірде әлеуметтік этика  мен әкімшілік практика басты  роль атқарғандығы болды. Дұрыс  пікірдегі қытай өмір мен өлім  проблемалары туралы ойланған  жоқ, о дүниедегі шатты өмір  немесе қайғы-қасіреттен құтылу  үшін емес, өмір үшін тіршілік  етті. Дін емес, салттық этика  дәстүрлі қытай мәдениетінің  бейнесін қалыптастырды. 

 Басқару жүйесі  мен қоғамдық салттық нормаларда  іске асырылған рухани мәдениет  типі дүниеге көзқарас жиынтығының  жалпы ұтымды бөлігі болды,  әлеуметтік және табиғи тәртіп  бірлігі, тұрмыс толықтығы мен  жеткіліктілігі, табиғи өзі жетілетін  тәртіп ретінде табиғи тәртіпті  мойындау негіз болды. Ақыл-парасат міндеті оны өзгерту және бұзу емес, жалпы Жолмен (Дао) жүру болып табылады. Бұл идея ұлы қытай данасы, мыңдаған жылдар өтсе де құнын жоймаған діни-мифологиялық жүйені жасаушы Конфуций еңбегінде көрсетілген (Кун-Фу-Цзы, б.з. дейінгі 551-479 ж.ж.). «Билеуші билеуші болады, бодан бодан болып қалады, әке - әке, ұл – ұл болады». Конфуций негізгі рақымшылдар адалдық, тыңдау, ата-ана мен үлкенді құрметтеу деп санады. Ата бабаға табыну, ежелгі дәстүрлерді, жораларды сақтау (қытай рәсімі) Конфуций бойынша – идеал қоғамды қалыптастыру негізі. Осы қоғамды құру үшін әрбір адам өзіне талап қойып, барлық ережелер мен канондарды сақтау керек. Сонымен конфуцийлік дін емес, моральдық-саяси доктрина болып табылады. Ол қытай мәдениетін бейнелеп, қытай тұрмыс салтының негізі бола отырып, әкімшілік жүйе мен әлеуметтік және экономикалық процестерді реттеу функциясын атқарады.

 Даосизмді жасаушы  Лао-Цзы – «Қарт дана» (аңыз  бойынша ол 200 жыл өмір сүрген) болып саналады. Оның пікірінше  барлығы әбігершілік. Даоның ізімен  жүру керек (сөзбе-сөз аударғанда  жол), адам Жердің ізімен жүреді, Жер Аспанның, Аспан Даоның, ал  Дао табиғидың ізімен жүреді. Философиялық даосизм адам заттардың  табиғи тәртібін өзгерте алмайды  деп санайды, сондықтан адамның  еншісі - оқиғалардың табиғи барысын  сырттан бақылап, Даоға қол  жеткізу. Даосизмді жақтаушылар  белсенді әрекеттен бас тартуды  насихаттап, «әрекетсіздік» теориясын  ұсынады. Олар әлем адам сияқты  тоқтаусыз өзгерістер процесі  деп санады, сондықтан тану мүмкін  емес. Басты шарты – жолды бұзбау, әлемдік ырғақпен қарама-қайшылыққа  келмеу, дүниеге қосылу, оны тыңдай  білу.

 Қытайдың барлық  діни жүйелерінің ортақтығы бар:  барлығына үлкендер мен ата  бабаларды құрметтеу, отбасыны  тыңдау, «әрекетсіздік» идеясы, шындыққа  сырттан қарау қатынасы тән  болды. Адамның тұлға ретінде  өзіндік құндылығы болған жоқ,  қоғам «тұлға – мемлекеттік  пен ұжымдық алдында ештеңе  емес» деген принцип бойынша  өмір сүрді. 

 Ежелгі Қытайдың  рухани өмірі туралы қазіргі  түсініктер жазба көздерге негізделген.  Б.з. дейінгі XV ғасырда Қытайда  2000 аса иероглифтен тұратын иероглифтік  жазудың дамыған жүйесі болды,  б.з. ІІІ ғасырында олар 18 мыңға  жетті. Б.з. дейінгі І мыңжылдықтың  басына жататын «Әндер кітабы»  мен «Өзгерістер кітабы» әдебиеттің  ежелгі ескерткіші болып саналады.

 Қытайлар ұзақ  уақыт жібекке табиғи бояулармен  жазды, біздің заманымызда тушь  пен қағазды ойлап тапты. Қолданбалы  өнер де дамыды: қола айналарды  жасау, нефрит пен сүйекке ою  жасау, керамика, б.з. IV ғ. Қытайдан  шет жерлерге де белгілі болған  фарфор ойлап шығарылды, алуан  лакты бұйымдар пайда болды. 

 Қытай сәулеті  қызықты да ерекше. Ел біртұтас  орталықтандырылған мемлекетке  біріккен уақыт (б.з. дейінгі  221-207 ж.ж.) Ұлы қытай қабырғасының  негізгі бөлігін салумен есте  қалды, ол біздің заманымызға  дейін жартылай сақталып қалды. 

 Сәулеттегі табыстарға  математиканың дамуы себепкер  болды. Б.з. дейінгі V ғасырда  қытайлықтар тікбұрышты үшбұрыштың  қасиеттерін білді. Олар тарихта  бірінші рет теріс сандар ұғымын  енгізді, б.з. дейінгі ІІІ ғасырда  магнитті аспап, компостың алғашқы  түрін, су диірменін ойлап тапты,  астрономия дамыды. Олар жылды  12 айға, айды 4 аптаға бөлді. Б.з.  дейінгі V ғ. 800 шыраққа жұлдыздар  гороскопы жасалды, олар аспан  күмбезін 28 шоқжұлдызға бөлді. Б.з.  дейінгі 28 жылы қытайлықтар адамзат  тарихында бірінші рет күндегі  дақтарды суреттеп берді, астроном  Чжан Хэн әлемдегі алғашқы  айналатын жұлдыз глобусын жасады.

 Медицина едәуір  табысқа жетті. Б.з. дейінгі  ІІ мыңжылдықта қытайлықтарға  екі ондық музыкалық аспаптар  белгілі болды: барабан, дабыл,  сыбызғы, металл қоңыраулар, ішекті  шертпелі аспаптар, үрмелі – бамбуктен,  балшықтан жасалған және басқалар. Б.з. дейінгі бірінші мыңжылдықта  арнайы сарай маңындағы музыкалық  қызмет құрылады, сонымен мәдениеттің  барлық сфералары реттеуге бағынып,  мемлекеттің билігінде болды. 

Информация о работе Шығыс философиясы