Субстанция мәселесі Спиноза пантеизмі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2011 в 12:11, реферат

Описание

Тағы да бір жаңа дәуір философиясының көрнекті ұлы ойшыл философы Бенедикт Спиноза. Ол 1632 жылы Амстердам қаласында еврей көпесінің отбасында дүниеге келген. Сондай-ақ ол сол Амстердамдағы еврейлердің діни училищесінде оқып, Ван ден Эндан атты тәлімгер, мұғалім, ұстаздың ықпалында болады. Спиноза жас кезінен Дж. Бруно, Ф.Бекон, Томас Гоббс шығармаларына ден қойып, құныға оқыған. Спинозаның бұл көзқарасын жан-жағындағы еврейлер діни қауымдастығы қабылдамай, Еврей дін өкілдерінің қудалауына алынып, басқа бір жерлерге бас сауғалап кетуіне мәжбүр болған

Работа состоит из  1 файл

197.doc

— 51.50 Кб (Скачать документ)

Субстанция  мәселесі Спиноза  пантеизмі. 

         Тағы да бір жаңа дәуір философиясының көрнекті ұлы  ойшыл философы Бенедикт Спиноза. Ол 1632 жылы Амстердам қаласында еврей  көпесінің отбасында дүниеге келген. Сондай-ақ ол сол Амстердамдағы еврейлердің діни училищесінде оқып, Ван ден Эндан атты тәлімгер, мұғалім, ұстаздың ықпалында болады. Спиноза жас кезінен Дж. Бруно, Ф.Бекон, Томас Гоббс шығармаларына ден қойып, құныға оқыған. Спинозаның бұл көзқарасын жан-жағындағы еврейлер діни қауымдастығы қабылдамай, Еврей дін өкілдерінің қудалауына алынып, басқа бір жерлерге бас сауғалап кетуіне мәжбүр болған. Сондықтан Бенедикт Спиноза ауылдық жерге қашып барып, сонда өз күнін көре бастайды, сол жерде өзіндік шығармашылық жұмысын жалғастырып, түрлі еңбектер үстінде жұмыс істей бастайды. Былайша айтқанда біз Спинозаны кей біргі мәліметтер бойынша ХҮІІ ғасырдың ұлы философтарының бірі голландық Декарт ізбасары, Декарт, Гоббс сияқты рационалист, бірақ философиядағы өз жолын тапқан ойшыл деуімізге әбден болады. Б.Расселдің Спиноза бойынша пікірі төмендегідей: «Спиноза ұлы философтардың ішіндегі ең ізеттісі және ұнамдысы, сондықтан мен Бенедикт Спиноза жайлы әңгіме қозғағанда қорықпастан былай деп айта аламын: интеллект жағынан, кейбір философтар одан жоғары тұруы мүмкін, бірақ адамшылығы жағынан оған тең келері жоқ».

         Жас жағынан дін  мектебі Синагогада білім алғандықтан  дін жайлы, Інжілді, Тауратты жете білген. Бірақ еврейлер сопысы раввин болудан  бас тартып, философияға және ғылымға  ден қойған. Дін жолымен жүрмегендіктен раввиндер тарапынан қудалауға ұшырап, көнбегесін түрлі сыйлықтар, стипендиялар беріп сатып алмақ та болысқан. Еврей раввиндері Спинозаның көнбегеніне қарап, Спинозаны өлтірмек те болады. Ақыры соңында оны еврейлер қауымынан аластайды. Сол кездегі дәстүрге сай қауымнан аластау ауыр жаза болатын. Ешкім тіпті тума-туысқандары да онымен қарым-қатынас жасамауы керек болатын. Бірақ Спиноза өз өмір тағдырына мойымады. Амстердамның айналасындағы кішігірім деревняны паналап күнкөріс үшін әйнекті тегістеу ісімен шұғылданады. Тек түнгісін ғылыммен, философиямен айналысқан. Математиканы, философия тарихын, логиканы жете меңгеріп, Декарт іліміне ден қойған. Декарт ілімін оқып, жіктей келе оның дуалистік көзқарасын қабылдамады. «Дүние тұтас, Құдай да, ойлау да, рух та табиғаттан тыс дүниелер емес» деген Бруно, Кузинскийден келе жатқан пантейстік көзқарасты тиянақты жүзеге келтірді.

         Спинозаны дінге  қарсы шықты деп айыптағанмен ол атеист болмаған, Құдайды жоққа  шығармайды. Табиғаттағы, өмірдегі үйлесімділіктің  көзі Құдай деп есептейді. Бірақ Құдай табиғаттан тыс күш емес, табиғат заңы, табиғатпен етене біріккен құдірет. Дін мен білімді қарсы қоймайды, дін шындық білімге арқа сүйейді деп мәлімдейді. Діни сенім мен ескі наным бір емес: ырымның түбірі – надандық, ал діннің негізі даналық – дейді.

         Декартқа қарағанда, Спинозаның ілімі-дәйекті монизм. Оның ойынша, субстанция-біреу және біртұтас, ол-бізді қоршаған табиғат және табиғатпен астасып жатқан Құдай. Табиғат та бір, табиғатты жаратқан, табиғаттың негізі, іргетасы болып табылатын  Құдай да бір. Екеуін ажыратуға болмайды. Ғылым табиғатты табиғи құбылыстар дүниесі ретінде қарастырады. Бұл орынды. Бірақ діни ілім және философия табиғаттың негізін құрайтын Құдайды танып, анықтай алады.

         Біртұтас субстанцияның  екі жағы (атрибуты) бар: материалдық дене және ойлау. Ойлау-адамға ғана тән қабілет. Ал адам-табиғат түлегі. Сондықтан ойлау, рухани субстанция табиғаттан тыс, табиғатқа тәуелсіз өмір сүре алмайды.

         Табиғат пен жаратушы Құдай тең болғасын дүниедегі  қозғалыстың, өзгерістің, жаңарудың  көзі, себебі-табиғаттың өзінде, субстанцияда. Субстанцияның өз себебі өзінде (causa sui).

         Декарт сияқты Спиноза  да-рационализм өкілі. Ол ақыл-зердені  танымның ақиқаттығының және айқындығының өлшемі деп есептейді.

         Спинозаның ілімі саналы диалектикаға негізделеді. Жоғарыда айтқан монизмді диалектикасыз негіздей мүмкін емес еді. Декарт ілімінде адасушылық (заблуждение) жөнінде әңгіме болмайды. Ақиқат пен адасушылықтың арасында ешқандай байланыс жоқ сияқты. Спиноза тереңірек ойлайды. Адасушылық та тамырсыз, себепсіз пайда болмайды, онда да ақиқаттың ұрығы бар. Адасушылықта да нақты нәрсе бейнеленеді, бірақ бір жағынан, сыңаржақты бейнеленеді. Сондықтан мұндай пікір теріс деп бағаланады. Мысалы, қанатты ат жөніндегі аңызды алайық. Әрине, ондай ат жоқ. Бірақ дүниеде ат та бар, сонымен бірге қанаты бар ұшатын құс та бар. Жүйрік атты ұшқан құсқа теңейтіні сондықтан.

         Спиноза ғалым ретінде  дүниедегі, табиғаттағы объективтік  заңдылықты мойындайды. Адамдар табиғат  заңдарын танып, сол заңдарға сүйеніп  әрекет жасайды. Осыған орай Спиноза философияда еркіндік және қажеттілік мәселесін көтеріп, бұл қарсылықтардың диалектикалық байланысын ашады. Еркіндік бар, дейді Спиноза, бірақ ол қажеттілікпен байланысты, қажеттіліктің бір жағы. Сол сияқты қажеттілік те бар. Ол-еркіндікпен байланысты, еркіндіктің бір жағы. Қажеттілік пен еркіндікті абстракты түрде қарсы қойып, бірін мойындап, екіншісін жоққа шығару дұрыс емес. Еркіндік, дейді Спиноза, - танылған қажеттілік. Спинозаның бұл анықтамасында философияның (диалектиканың) және одан да гөрі ғылымның ұстанымы айқын көрінеді.

         Енді Спинозаның шығармалары желісіндегі ой түйінділеріне  шығармаларындағы минимал максималды ой қорытынды, субстанция жайлы әңгіме қозғайтын болсақ төмендегідей:

         Әуелі Субстанция деп  мен төмендегідей болжаймын - өзімен-өзі өмір сүретінді және өзі-өзі арқылы көрініс табатынды, яғни ненің көрініс табуын, ол одан құрастырылуға міндетті болған басқа заттың көрініс табуын керек қылмайтындығын ұғынамын.

         Субстанция табиғаты бойынша өз күйлерінен бөлекше, әртүрлі  атрибуттарға ие екі субстанция өзара ешқандай ортақтыққа ие емес. Өйткені өзара ортақ ештеңесі жоқ заттар бір-бірінің себебі бола алмайды. Екі немесе одан көп түрлі заттар өзара немесе субстанциялар атрибуттарының айырмашылығымен немесе олардың мадақтарының айырмашылығымен ерекшеленеді. Себебі субстанцияға табиғатынан өмір сүру тән. Әрбір субстанция қажеті шексіз. Бір субстанция басқа субстанциямен туындай алмайды.

         Жалпы қорыта айтқанда Спинозаша, субстанция – мәңгі болмыста оның бастауы да, ақыры да жоқ. Кеңістік те шексіз, ол қашанда болсын өмір сүреді, субстанция бөлінбейді, басқа бөлек нәрседен құралмайды, субстанция құрамдас бөлшектерден тұрмайды, оның жеке бөлшегі де тұтас өз себебін өзінде сақтайды. Осы тұрғыдан қарастырғанда субстанцияға бір жағы, табиғат пен материя жатады, бір жағы, құдай енеді. Табиғаттың өзіндік материалдық негізі мен себебі бар және оны өндіретін құдай бар. Табиғат – жасалынған дүние, құдай болса – табиғатты жасаушы. Құдай не субстанция, не табиғат деу – Спиноза метафизикалық онтологиясының басты формуласы. Табиғаттың, субстанцияның, құдайдың екі бірдей формасы модусы – ұзақтылық пен ойлану қабаттаса өмір сүреді, екі модус те табиғаттың заңдылықтарын құрайды. Бұл заңдар материалды заттардың абсолюттік тепе-тең көріністер бола алады. Спинозаша, рух-ойлану атрибуты, рух табиғаты дене табиғатына ұқсамайды. Рух-материяның модусы емес. Спинозаның «Жан туралы идеялары» психиканың негізін құрайды. Сондықтан Спинозаның ойы бойынша барлық нәрсе бәрінен туындайды. Бұл кезде субстанция субъектке айналады. Ақыр соңында католик шіркеуінің практикасымен үйлесе бермейтін «жалпы дін» қағидасын ұсынды. «Жалпы дін адамның даналығына сүйенеді» деп өзін жұбатқан мен де Спиноза жаңа таптық мүддесіне жақынырақ атеистік ұстанымға жете алмай кете барды.

         1711 жылы шотландық ақсүйектер отбасында туған Эдинбург университетін бітіргесін, 1734-1737 жылдары Францияда комменсанттық қызмет атқарады. 1763 жылдары француз ағартушыларымен жақын танысады. 1767-1768 ж.ж. Лондонда мемлекеттік хатшының көмекшісі болады. 1776 ж. Эдинбургте қайтыс болады. «Таным туралы», «Аффектілер туралы» (1739), «Мораль туралы» (1740) үш бөлімнен тұратын басты еңбегі – «Адамдық табиғат туралы трактат» (1740), сондай-ақ «Адамдық таным туралы ізденіс» (1748), «Мораль принциптері туралы ізденіс» (1751), «Жаратылыс діні туралы сухбаттар» (1751), «Саяси тақырыпқа эссе» (1752), сегіз томдық «Англия тарихы» (1754), «Жаратылыс дінінің тарихы» (1757)...

         «Адам табиғаты туралы трактаттар немесе тәжірибеге негізделінген  пайымдау методын моральдің заттарына  қолданбақ әрекет» еңбегі – үш кітаптан («Таным туралы», «Аффектілер туралы», «Мораь туралы») тұратын шығарма 1734-1740 жылдары Лондонда жарық көреді.

  1. Аффект – рухтың күшті және сезімтал эмоциясы, объектінің ықпалынан туындайтын эмоция, адамның еркін реттейтін ішкі талпыныс. Аффектіні ақыл-парасат емес, басқа аффект икемдейді. Аффект біздің сезімдік органдарымыздың құрылымынан, кездейсоқ мүмкін уақиғалардың ықпалынан, оларға деген «симпатиядан» көбірек тәуелді. Аффектінің орны - өндіретін және өнетін идеялардың арасы.
  2. Қабылдау – Юм ілімінің негізгі ұғымы. Юм қабылдауды – объектінің тұтас бейнесі деп, оның «әсер» және «идеядан» тұратынын негізге алады. Қабылдау – белгісізден, көрінбейтіннен, тұрақтылықтан құралатын өзгермелі процесс. Юм әсердің идеядан сапалық айырмашылығын көрсетпесе де, идеяны әсердің көшірмесі деп қарастырады. Әсердің рефлексиясы түйсіктердің кейбір идеяларының ақылға ықпалы нәтижесінде туындайды.
  3. Ассоциация – Юм ілімінде «адам табиғатының маңызды қасиеті», физиологиялық тетігі немесе «принципі». Ассоциацияның мәнісін толық тануға болмайды. Идеяның ассоциясы үш тәсілден – ұқсастық тәсілі, аралас және себептілік принципінен, олардың комбинациясынан құралады. Ассоциация – ұқсастық, қарама-қарсылық, сан мен сананың дәрежесінен тұратын қатынастар көрінісі.
  4. Адам танымы. Юмнің ұйғарымынша, «білімнен», «дәлелден», «ықтималдықтан» тұрады. «Білім» - идеяларды салыстыру барысында жанда қалыптасатын ерекше сенімділік. Оның негізін «ақиқат» емес, «әсер» құрайды. «Ықтималдылық» - «себеп-салдар байланысынан» да, кездейсоқтықтан да қалыптаса алады, әншейінде себептілікті білмегендіктен, онда сенімсіздік сезімі білініп тұрады.
  5. Күрделі идея субстанцияны құрайды. Субстанция сезімдік тәжірибенің элементтерімен шектелінбейді. «Идея сенімге жүгінеді». Оның үстіне, Юм тәжірибесі затты пассивті пайымдайды, объектіні де, практиканы да өзгертпейді. Таным процесінде адам сезімнің көрсеткішіне сенуге мәжбүр.

         Юм гносеологиялық сенім мен фидеистік сенімнің аражігін ажыратып берді, біріншісін екіншісіне нақты қарсы қойды. Юмнің байыбынша, философияның міндеті заттарды зерттеуге қалыптаспайды, алдымен түйсіктер мен қабылдаулардың арасындағы байланысты анықталау барысында толығады. Қабылдау адам санасының бастапқы мазмұнын құрайды. Юм сыртқы заттардың объективті тұрғыдан өмір сүруін және олардың санаға нақты ықпалын ескере бермейді. Өйткені заттардың қандай сапаларын алмалық, олар ол үшін субъективті сипатта болады. Юм қабылдаудың, елестетудің түрлі көріністерін жіктеп береді, содан адам санасы мен білімінің құрылымын жасауға күш салады. Білімнің мазмұнын әсерлердің өзара ықпалы ғана құрайды деген түйінге тіреледі. Түйсіктерді, қабылдауды, әсерлерді әрқалай тоғыстыруда ақылдың атқарар қызметінің зор екенін көрсетеді. Ақылдың басты объектісі – заттар емес, әсерлердің көшірмесі – идеялар. Юм ілімінде идеялар бір-бірімен үш түрлі байланыста болады. Олар – ұқсастық, уақыт пен кеңістіктегі раралстық, себептілік. Байланыстың бұл түрлері туа біткен, тәжірибеге дейінгі принциптер емес. Олар тәжірибеден туындайды және алынады.

         Сонымен, Юм философиясы адам санасының жалқы болмысы – перцепциямен шектеледі. Юм перцепция мен таным объектісін ажыратпаған философтарды сынайды. Юм материя мен рухтың, зат пен идеяның қарама-қарсылығын жұмсартатын синтетикалық бағытты ұстағысы келеді. Ниеті жүйесіз қалды. Өйткені ол заттардың объективті себепті байланысын теріске шығарады, материалды дүниенің нақты объективті өмір сүруіне күмәндана қарайды. Осы қағидаларды қабылдаған ойшылдарды ол сынға алады. Психикалық актінің негізін құрайтын материалдық субстанцияның табиғатын бұрмалағаны соншалықты, ақырында рухани субстанция өзінше өмір сүруден қалады, ондай деңгейде деген күмәнданушылық сейілмейді.

         Адам қызметіндегі немесе санасындағы дүние үш көріністен – материалдық, идеалдық, рухани сипаттардан  тұрады. Бірақ олардың қасиеттері мен сапалары бірдей болмаса да, онтологиялық статусы біртекті. Айырмашылық пен ұқсастық адам әсерінің, перцепциясының белсенділігімен анықталынады. Юм әсердің бірде даралығы мен бөлшектілігіне, бірде үздіксіздігі мен өтпелілігіне назар аударады. Бұл қарсылықты жақындататын, «тірілтетін» бір күш бар. Ол – тұтас әсер тудыратын идея. Идея мен қабылдаудың онтологиялық реалдылығы бірдей емес. Әсер мен идеяның өмір сүру түрлері әрқалай. Өмір сүрудің үш түрі – оның жалпы идеясы, сырттай өмір сүрудің идеясы, күрделі идеялардың өмір сүру идеясы. Олардың үшеуіне де болмыс, қатысу, түгелдік сапалары ортақ. Осы сапалар идеяның өмір сүруіне бірдей қатыса бермейді.

         Содан Юм әртүрлі  қабылдаулардың алмасу себептерін дұрыс  түсіндіре алмайды, болмыс пен ештеңенің диалектикасын ажырата алмады. Тіпті оны шешілмейтін философиялық басты мәселеге жатқызады. «Табиғаттың жетілген философиясының өзі, - дейді Юм, - біздің білмегеніміздің алдыңғы шебін тек әрмен сырғытып қана қояды, ал ең жетілген моральдық немесе метафизикалық философия ғана оның бізге жаңа облысын ашуға жәрдем береді. Сонымен, адам әлсіздігі мен көрмеушілігі туралы сендіру күллі философияның нәтижесінен туындайды».

         Иә, Юмнің танымдағы  және діндегі скептицизмін француз  ағартушылары жоғары бағалады және өз көзқарастарында пайдаланылды. Юмнің догматизмге деген скептикалық көзқарасы және танымдағы дұрыс мағына туралы түсініктері, оның синтетикалық философиясы кейінгі философтарға үлкен ықпал етті.

         Қысқаша тарихи-философиялық шолуымыз осымен аяқталмақ. Иә, бұл шолуда дәуірдің көрнекті өкілдері тегіс қамтылған жоқ, тіпті сілтеме жасалынған ойшылдардың дүниетанымдық деңгейі мен концептуальды бағдары тезистік деңгейде іріктеліп берілді, ықшамдалып қарастырылды. Бұл өзіндік жұмысқа жаңа дәуірдің атышулы ағымы – ХҮІІІ ғ. француздардың ағартушылық философиясы енбей қалды. Оның көрнекті өкілдерін атап өтсек, олар: Вольтер (Франсуа Мари Аруэ) (1694-1778), Ш.Монтескье (1689-1755), Ж.Мелье (1664-1729), Ламетри (1709-1751), Д.Дидро (1713-1784), Э.Кондильяк (1714-1780), Ж.Ж.Руссо (1712-1778), К.Гельвеций (1715-1771), П.Гольбах (1723-1789) және т.б. Жаңа дәуірдегі ағартушылық философиясы несімен құнды әрі мәнді? деген жауапсыз сұрақтар мәнгіге қала бермек.     

Информация о работе Субстанция мәселесі Спиноза пантеизмі