Техника философиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2012 в 12:50, реферат

Описание

1. Техниканың анықтамасы және тарихы.
2. Техника фшософиясы, оның статусы.
3. Техника және адам.
4. Технология және информатика.

Работа состоит из  1 файл

Техника философиясы.doc

— 80.00 Кб (Скачать документ)


Техника философиясы

 

1. Техниканың анықтамасы және тарихы.

2. Техника фшософиясы, оның статусы.

3. Техника және адам.

4. Технология және информатика.

 

«Техника» терминінің тамыры грек және латын тілдерінде, алғашқы мағынасында құрылысшының, ағаш шеберінің өнері, шеберлігі, кеңірек мағынасында өндірістегі және басқа қызмет салаларындағы өнер дегенді білдіреді. Орта ғасыр дәуірінде teshne және ars терминдерінің мағыналары бірдей болды. Оларды жеті artes mechanicai және жеті artes IiberaIes деп бөлді: механикалық өнерлер: жер өндеу, аң аулау, теңізде жүзу, тоқымашылық ісі, қару жасау ісі, дәрігерлік, театр ісі; еркін өнер: грамматика (логика мен ойлау өнері де кіреді), диалектика, риторика, геометрия, ариф-метика, астрономия, музыка. Кейінірек техника мен өнер адам қызметінің екі жеке түрі ретінде беліне бастады: техника адам қызметінің рациональді түріне, ал өнер интуитивтік, шығармашылық процеске айнадды. Мысалы, құрылыс өнері – құрылыс техникасы, фотография өнері – фотография тех-никасы және тағы басқа. «Техника» термині қызметтің осы саласында қол-данылатын құралдар (инструменттер, приборлар, машиналар) мен білімдер-ге (ережелер, теориялар, әдістер) байланысты да айтылады.

Философияда техника ұғымы әдетте екі оппозициялық мағынада қол-данылады: біріншіден, қызметтің жасанды материалдық құралдарының, ягни артефактілердің жиынтыгы ретінде. Екіншіден, терминнің алгашқы магынасына сәйкес – жасай білудің, әдістердің жиынтыгы ретінде. Со-нымен, техника -құралдармен инструменттердің материалдық-заттық ерекше саласы; қызмет тәсілі, оның ішінде – құралды қолдану тәсілі.

Біздің ойымызша, техника ұғымы адам және адам қоғамы ұғымдарымен тығыз байланысты қарастырылуы тиіс, сонда ғана оның философиялық мәнін түсінуге болады. Осы тұрғыдан талдағанда, техника – адамның өзін қоршаған ортада, табиғатта оны өзгерту арқылы өмір сүре білу және өмірінің сапасын жақсарту кабілетін көрсететін мәндік сипаты. Техника адамды табиғаттағы басқа тірі организмдерден ерекшелендіретін өмір сүру тәсілі деуге болады, ал адамның өзгерту қабілеті оның қызметінің материалдық құралдарында көрініс табады. Техника ұғымының бұл екі түсінігі бір-бірімен тығыз байланысты.

Техниканың тарихы. Техниканың пайда болуының алғы шарты -табиғатты тану, одан қорғана білу және оны түсінуге талпыну. Оның мақ-саты – адамның өмір сүруін қауіпсіздендіру, жақсарту. Техниканың алғашқы түрі – адам еңбегінің құрал-аспаптары мен әдіс-тәсілдері ұзақ уақыт бойы қарапайым деңгейде болып келді.

Техниканың жалпы мәні мануфактуралық өндіріс дами бастаған XIX-ғасырда өзгерді. Бұл кезендерде механикалық машиналар дүниеге келіп,

олар адам қызметінде, әсіресе материалдық өндірісте қолданыла бастады, техника ғылым жетістіктерін кеңінен қолдануға негізделген машиналық техникаға айналды, өндіріске индустриалдық қоғамға дейінгі шебердің орнына инженер келді. Техника бірте-бірте өндіріс саласын ғана емес, адам өмірінің басқа салаларын да қамти бастады, автоматтандырылған машиналар пайда болды және бұл процесс өте тез қарқынмен жүре бастады. Бұл тұрғыдан алғанда ХХ-ғасырдың екінші жартысының ерекше болғандығын атап көрсеткен дұрыс.

Техниканың дамуы бүкіл адамзаттың өмірін өзгертті деуге болады. Оның жағымды жақтарын атап көрсетсек:

1) Техниканың дамуы рациональді ойлауды, дәлдікті, еңбек құралдарын үнемді қолдануды қалыптастырды;

2) Ғылыми-теориялық білім ұсынған жаңа технологиялардың өндіріс процесінде және ауыл шаруашылығында кеңінен қолданылуы әлемдегі көптеген мемлекеттердің экономикасын өркендетті;

3) Техниканың өндіріс процесіне енуі адам еңбегін айтарлықтай жеңілдетті;

4) Техника мен ғылымның антропогендік сипаты адамның күнделікті тұрмысын да түбегейлі өзгертті, бұрын қолмен атқарылатын жұмыстың басым кепшілігін тұрмыстық техника атқара бастады. Бұл өзгеріс адам үшін жалпы алғанда оң өзгеріс болды.

5) Байланыс, араласу салаларында жаңа технологиялардың пайда болуы бүкіл адамзатты бір-біріне жақындатып, өзара түсіністіктің пайда болуына ықпал етті.

Техника дамуының жагымсыз жақтары туралы айтатын болсақ, олар ете маңызыды және жагымды жақтарынан басымырақ десек те болады:

1) Техниканың өндіріс процесінде қолданылуы шикізатты, табиғат бай-лықтарын аяусыз пайдалануды ұлғайтты;

2) Адамның сұраныстары мен қажеттіліктері шектен тыс күшейді, тех-ника, әсіресе, әскери техника саясат саласында күшті құралға айналды;

3) Жеке адамның құндылығы төмендеп, оның орнын техника жасаған құндылықтар басты;

4) Техникаға табынудың нәтижесінде қоғамның механизациялануы күшейіп, тұлғалық сипаты жоғала бастады;

5) Рациональданудың, біржақты мамандандырылудың нәтижесінде адамның жатгануы пайда болды, адам орасан зор технологияны жалпы басқару қабілетінен айрылып, жеке функцияларды атқарумен шектелуге мәжбүр болды;

6) Техникалық прогресс өркениет критериі ретінде қабылдана бастады, мәдени, ұлттық, діни құндылықтардың маңызы төмендеді;

7) Қорытып айтқанда, адам қолымен жасалған техника адамның өзіне қарсы тұрып, оның өміріне қауіп туғыза бастады, ол адамның ырқынан шығып, өзіндік, адам дүниесінен бөлек дүние қалыптастырды. Техника адамды озімен санасуға мәжбүр етіп отыр.

Осындай күрделі мәселелердің пайда болуы осыдан шамамен 100 жыл-дан астам бұрын философияның жаңа бағыты – техника философиясын қалыптастырды. Техника философиясының статусы туралы әр түрлі

көзқарастар бар. Ғалымдардың бір тобы техника философиясын жеке философиялық ғылым ретінде, келесі тобы оны ерекше философиялық мектеп деп бағалайды, ал зерттеушілердің үшінші тобы техника философиясын жаңа, басқа философиялық бағыттарды жоққа шығаратын бағыт деп қарастырады. Біздің ойымызша, техника философиясы жалпы философия ғылымының жеке саласы, оны тым әсірелеу немесе төмендету дұрыс емес.

Техника философиясының қазіргі заманғы философиялық бағыттар шеңберінде дамуын қарастырайық.

Позитивизм. Оның дамуының бірінші кезеңінің өкілдерінің, негізінен алғанда теориялық физика, математикалық логика, машиналар теориясы, техника тарихы салаларының ғалымдарының пікірінше, техника

философиясының негізгі міндеті математика, механика, физика, химияның принциптеріне сүйене отырып, көптеген техникалық әдіс-құралдарды реттеу және классификациялау, техниканы жасаушылыр мен пайдаланушыларға арналған ұсыныстар дайындау. Э. Махтың тұжырымдауынша, техника философиясының пәні техникалық тәжірибені зерттеу, техниканың қара-пайымдылығына, көрнектілігіне және тиімділігіне басты назар аудару. Неопозитивистер «рациональді техника» немесе » ғылыми технология» сциентистік концепциясын ұстанады. Бұл концепцияның көрнекті өкілі сыни рационалист, француз философы Г. Башлар (немесе Башляр 1884-1962) рациональділік пен эмпирикалықты қарама-қарсы қоймайды, керісінше, олар бір-біріне үнемі әсер етіп отырады деген принципке сүйене отырып, идеялардың ғылымдағы маңызын және білімнің қоғамда алатын орнын зерттейді. Оның пікірінше, білімнің дамуын үш кезеңге бөлуге болады:

таза эмпирикалық, ғылымға дейінгі, ғылыми кезең – рациональдік абст-рактылық ойлау кезеңі және жаңа «ғылыми рух» кезеңі – ол тексерулер мен теріске шығаруға, жаңа ғылыми нәтижелерді қорыту мен білімнің әр түрлі салаларының арасында байланыстар орнатуға ашық кезең. Бұл ғылым таби-ғаттан алшақтайды, себебі оның мақсаты техниканы құрастыру.

Ағылшын позитивисі Б.Рассел (1872-1970) осы ойды жалғастыра оты-рып, «техника дүниесі мен ғылымның идеалды дүниесі екеуінің құрылымы бірдей, техника ғылымнан туындайды және ғылым техниканы басшылыққа алады, яғни ғылым мен техниканың байланысы өте тығыз» деген пікір айтады. Б.Рассел, сонымен бірге, қазіргі заман ғылымы мен техникасының жетістігінің адамзат үшін аса қауіпті жағдай (ядролық соғыс) жасап тұрғанын қатты ескертті, оны болдырмау үшін бүкіл адамзатты бірігуге шақырды.

Иррационализм бағыты антисциентистік сипатта, ғылыми прогреске, дүниені танып-білудің және өзгертудің ғылыми методтарына қарсы. Олардың пікірінше, техникаландырылған қоғамда тұлғаның жаттануы пайда болады. Бұл көзқарас «Өмір философиясының өкілі», француз философы А.Бергсонның (1859-1941) философиясынан анық байқалады. Бергсон адамның рухани дүниесі болмыстың ерекше саласы, оны ғылыми таным арқылы танып-білу және техникалық деңгейде танып-білу мүмкін емес деп тұжырымдайды. Оның пікірінше, Өндірістің машиналық-механикалық сипаты, ғылымның дамуы адам қызметінің рациональдік-технологиялық мазмұн алуына әкеліп соқты, адам жаттанды, оның бойында қарама-қайшылықтар пайда болып, ішкі дүниесі екіге бөлінді. Бұл дағдарыстан шығудың жолы ретінде Бергсон адамның өзін-өзі моральдық жағынан жетілдіруге ұмтылуын, өнер, қолөнер және тағы басқа шығармашылық түрлерімен айналысуын атайды.

О.Шпенглер тарихты мәдениеттердің пайда болуы, дамуы, құлдырауы, құруы процесі деп қарастырады, бір мәдениеттің орнын екінші мәдениет ауыстырып отырады, құрып бара жатқан мәдениет техниканың көмегімен өркениетке айналады дейді. Оның ойынша, техникалық өркениет Батыс мәдениетін дағдарысқа ұшыратып отыр, себебі бұрынғы құндылықтардың орнын техника басты. Экзистенциализм философиясы да техниканы қатты сынға алды. Олардың пікірінше, техника қазіргі заман адамының әлеуметтік өмірінде, рухани өндіріс саласында белсенді рөл атқарып отыр, бірақ адам бұрынғыдан бақытты болып кеткен жоқ. Керісінше, адамның жаттануы, қоғамнан бөлектенуі, жалғыздығы, уайым-қайғысы, үрейі күшейіп отыр. Адам өз болмысын түсінуге дәрменсіз, оның нағыз болмысы одан тыс дүние емес, ақиқат болмыс – адамның дүниедегі болмысы, оның мәні – экзистенция деп аталады. Экзистенция шекаралық жағдайларда, адамның өзімен озі, озінің мәнімен жалғыз қалғанда ашылады. Экзистенциалистердің пікірінше, техника дүниесі қазіргі уақытта өте зор, оны толық меңгеру, басқару мүмкін емес, адам оның қасында кішкене ғана нәрсе, абстрактылық индивид. Техниканың үстемдігінің кесірінен адам өзінің тұлғалық ерекшелігін, өзіндік қайталанбас руханилығын жоғалтты, сол себепті адамды өзіне-өзі көңілі толмаушылық билейды. Бұл дағдарыстан шығудың жолы, экзистенциалис-тердің пікірінше, адамгершілік, дін, өнер және тағы басқа адамға рухани күш беретін нәрселер.

К.Ясперстін пікірінше, техника – адамдардың материалдық

өмірін жеңіддету мақсатымен табиғатты ғылыми меңгеру тәсілі, адам қызметінің «заттық» саласы, ол тұлғаның адамгершіліктік-психологиялық дүниесіне қарама-қарсы, бірақ олар бірін-бірі толықтырады. Техникалық ойлау тәсілі, Ясперстің ойынша, қоғам мен адам қажеттілігінен емес, экзистенцияның өз болмысын қанағат етпеуінен туындады. Ғылыми-техникалық білім дүниені діни -мифологиялық және керкемдік тұрғыдан сезінуді ығыстырып шығарды, дүние мен табиғат бірте-бірте белгісіз затқа, технологиялық қызмет объектісіне айналды. Адам табиғатпен бірлігін жоғалтты, еңбек процесінің өзі де механикалық, еш қызығы жоқ нәрсе бола бастады.

Неофрейдизм бағыты да адамға техниканың типзіп отырған зиянды әсерін атап көрсетеді. Олардың ойынша, техника адамның неврастениялық ауруларының басты себебі, бұл ауруды жеңу үшін адамға психоана-литикалық көмек қажет.

Философиялық антропология техниканы адамның әлсіздігінің орнын толтыру үшін пайда болған, табиғи заңдылықтарды жүзеге асыру тәсілі ретінде түсінеді, адамға әуелден тән «табиғи технологияның» іске асуы деп қарастырады. Олар техниканың зиянды жақтарын да ескереді, бірақ бұл құбылысты жеңу үшін адам техниканың мәнін, даму зандылықтарын ұғынуға тырысып, адамгершіліктік-ұлттық құндылықтарын дамытуы тиіс деп есептейді.

Сонымен, техника философиясы зерттейтін мәселелер қазіргі таңда өте маңызды, сондықтан техника философиясы жалпы философияның жаңа бағыты және ол өзінен басқа онтология, гносеология, философиялық антропология, экзистенциализм, әлеуметтік философия және тағы басқа бағыттармен тығыз байланысты, болашағы бар бағыт.

Техника және адам. Бұл мәселе туралы техника философиясының негізгі ұстанымдары мынадай: Адам техника жүйесінің басты элементі. Техника қаншама күшті дамығанымен, оның қызметі адамның қатысуынсыз жүзеге аса алмайды, техниканы қозғалысқа түсіретін де адам. Адам өзінің еңбегі арқылы техниканы жасаушы және материалдық-техникалық даму тұтастығын қамтамасыз етуші. Техника ешқашан өздігінен дамитын жүйеге айналмайды. Техникалық прогрестің басты заңдылығы адамның техно-логиялық функцияларын алмастыру болғанымен, бұл процесс салыстыр-малы, ол адамды толық ығыстырып шыға алмайды. Техника дамудың қандай сатысына көтерілсе де, оның мүмкіндігі адам мүмкіндігінен төмен, себебі адамның мүмкіндігі мен қабілеті шексіз, физикалық, психологиялық, интеллектуальдік потенциалы жоғары. Әрине, техниканын адамға да, табиғатқа да тигізіп отырған теріс әсері жеткілікті. Соңғы уақытта адамзаттың қаупі тіпті күшейіп отыр. Дегенмен де адам ақылды тіршілік етуші, сондықтан да бұл қайшылық оң тұрғыдан шешіледі деп үміттенуге болады.

Технология және информатика. Технология қазіргі уақытта өркениет пен мәдениетті дамытатын, қоғамының қызметтік құрылымын сипаттайтын, жалпы адамзаттың қазіргі даму деңгейін және болашақта дамуының көкжиектерін анықтайтын феномен. Қазіргі заманғы экономикалық ойлаудың басты ұғымы болып есептелетін «технология» ұғымы ұзақ жылдар бойы біздің кеңестік экономикалық ой жүйесі үшін жат болып келді. Шындығында, тағы бір іргелі ұғым «информациямен» бірге технология қоғамның тарихы мен нақты қызметін түсінудің концептуалды негізін құрайды. Технология мен техника бір нәрсе емес. Техниканың көне

заманда калыптасқан екі мағынасының (бір нәрсені жасауға қажетті инструменттер, машиналар және құралдар жүйесі; өнер, жасай білу) соңғысы технология ұғымына жақынырақ. Технология техниканы қамтиды,

бірақ онымен шектеліп қоймайды. Қазіргі заманғы мағынасында технология дегеніміз инструментальдік жүйе (инструменттер, машиналар, техникалық және транстпорттық коммуникациялар жүйесі), операциялық әрекеттер

жиынтығы және инструментальдік жүйеге байланысты туындаған және оған әсер ететін қызмет жүйесі, осы қызметті басқару жүйесі, әлеуметтік және экономикалық салдарлар жиынтығы, бұл қызмет жүзеге асырылатын био-және социобиологиялық, информациялық орта. Осы мағынасынан-ақ технологияны динамикалық қызметтік жүйе ретінде қарастыруымыз қажет екені байқалып тұр.

Информация о работе Техника философиясы