Жаңа дәуір мәдениетіндегі Батыс Еуропалық философия

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2013 в 15:38, лекция

Описание

Жаңа Дәуір философиясының қалыптасуы мен мазмұнына қоғамдағы әлеуметтік өзгерістер айқындаушы әсер етті. ХVІІ-ғасырда капитализм әлемдік-дүниежүзілік сауда мен мануфактуралық өндірістің тез қарқынмен дамуын бастан кешті, ол рационализмге негізделген еді жән өндірістегі механизмдердің рөлі арта түсту
Капиталистік өндірістәсілі ғылымғадеген сұранысты күшейтіп, ғылым бірте-бірте өндіргіш күшке айнала бастады. Экономикалық және әскери жағынан мықты мемлекетке айналуды мақсатетіп қойған европалық мем-лекеттер ғылыми ізденістерге ерекше көңіл бөлуге мәжбүр болды, бұл өмір талабы еді.

Содержание

Кіріспе
Жаңа Дәуір философиясының жалпы сипаттамасы.
Негізігі бөлім
1. Жаңа Дәуір философиясындагы рационалистік және эмпиристік багыттар. Ф.Бэкон, Р.Декарт, Б.Спиноза.
2. Дж.Локк пен Т.Гоббстың әлеуметтік-философиялық концепциялары.
3. Дж. Беркли мен Д.Юмның субъективтік философиясы.
Қорытынды

Работа состоит из  1 файл

Презентация Microsoft Office PowerPoint.pptx

— 623.59 Кб (Скачать документ)

С.Ж.Асфендияров  атындағы ҚАЗАҚ  ҰЛТТЫҚ  МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

 

   Қазақстан тарихы, мәдениеттану, философия, саясаттану, әлеуметтану  кафедрасы

 

 

Тақырыбы: Жаңа дәуір мәдениетіндегі Батыс Еуропалық философия

 

 

                                                  Орындаған:Сарсенбекова О

                                                         Факультет: ЖМ

                                                          Курс: 2

                                                         Тобы: 003-1к.

 

 

                            

 

                                     Алматы 2013 ж

 

 

 

  
 
 

Жаңа  дәуір философиясы

 

    • Кіріспе  
      Жаңа Дәуір философиясының жалпы сипаттамасы.
      • Негізігі бөлім  
        1. Жаңа Дәуір философиясындагы рационалистік және эмпиристік багыттар. Ф.Бэкон, Р.Декарт, Б.Спиноза. 
        2. Дж.Локк пен Т.Гоббстың  әлеуметтік-философиялық концепциялары. 
        3. Дж. Беркли мен Д.Юмның субъективтік философиясы.
      • Қорытынды

Жаңа  Дәуір философиясының  жалы сипаттамасы

 

        Жаңа Дәуір философиясының қалыптасуы мен мазмұнына қоғамдағы әлеуметтік өзгерістер айқындаушы әсер етті. ХVІІ-ғасырда капитализм әлемдік-дүниежүзілік сауда мен мануфактуралық өндірістің тез қарқынмен дамуын бастан кешті, ол рационализмге негізделген еді жән өндірістегі механизмдердің рөлі арта түсту  
Капиталистік өндірістәсілі ғылымғадеген сұранысты күшейтіп, ғылым бірте-бірте өндіргіш күшке айнала бастады. Экономикалық және әскери жағынан мықты мемлекетке айналуды мақсатетіп қойған европалық мем-лекеттер ғылыми ізденістерге ерекше көңіл бөлуге мәжбүр болды, бұл өмір талабы еді. Ғылымдар академиясы да осы кезеңде пайда бола бастады.(Жаңа Дәуірде тәжірибе мен эксперименттерге негізделген ғылымдар, әсіресе математика, алгебра, аналитикалық геометрия, механика күшті қарқынмен дамыды, бұл фактор шіркеудің рөлін төмендетіп, атеизмнің терең тамыр жаюына әкелді.

Бірақ діннің де ықпалы жойыла қойған жоқ. Мемлекет басшыларына дін халықтың рухани азығы ретінде аса қажет еді, сондықтан да дін мен мемлекет одағының бұзылмауы үшін күрес үнемі жүріп отырды. Бір қоғамдық өмірде оның секуляризациясы, шіркеуден тәуелсіздік, діни шыдамдылық (веротерпимость) үшін күрес молырақ орын алды, әрбір адамның діни таңдау еркіндігі үшін күрес үнемі жүріп отырды. Осы кезенде философия ғылымы екіге бөлінгендей күй кешті: бір жағынан – ғылыммен тығыз байланыс, екінші жағынан – философиялық шығармаларда дінн-теологиялык мазмұн әлі де болса мол бол ды. Дегенмен де философия ғылымға көбірек бет бүра бастады.

Фрэнсис Бэкон (1561-1626)

 

Фрэнсис Бэкон (1561-1626) - ағылшынның көрнекті философы және мемлекет қайраткері. Англиядағы жоғары мемлекеттік  лауазым лорд-канцлер болған. Философияда  оның ғылым және оның әдісі туралы ілімі ықпалды, атақты болды. Бэкон  өзінің философиялық зерттеулерінің мақсатын «ғылымдарды түбегейлі қалпына  келтіру» деп анықтап, сол уақыттағы  ғылыми білімдерді жан – жақты  өзгертуге бет бұрды.

Бэкон білімді  қайта құрудың, қажеттілігін екі  себеппен түсіндіреді

Біріншіден, адам танымының тарихын талдау ғылымның қоғамдағы орнының маңыздылығын және қажеттілігін көрсетеді. Ғылыми білімдердің  көмегімен адам өз өмірін жеңілдетуге  мүмкіндік алады. Бұдан былайда  ғылым адамға пайда келтіруі қажет, өйткені оның ең басты міндеті  – адамзатты аштықтан, кедейліктен, аурулардан азат ету

Екіншіден, ғылым осы уақытқа дейін негізгі  міндеттерін анда-санда, аракідік, кездейсоқ  орындап келді. Ғалымдар көп уақыттарын практикалық іс - әрекеттен тым  алыс, жалаң пікір таластарға жұмсады. Мұндай жағдайдың бірнеше себептері  бар. Ең бастысы, ғалымдар адамның танымдық қабілеттерін зерттемеді. Сондықтан  олар таным процесінің іс жүзінде  қалай іске асатынын білмеді, бақыламады. Танымдық іс - әрекеттің тетіктерін білмегендіктен, оны жақсартатын оңтайлы құралдарды да таба алмады

Бэкон өзі көрсеткен кемшіліктерді  жеңудің жолын ұсынды.

 Оның ойынша, таным  процесі екі кезеңнен тұрады:

1) сезімнің тануы; 

2) ақылдың пікірі.

Сезіммен табиғатты тануға болмайды, олар тіпті өтірік ақпар  беруі де мүмкін. Заттардың сапалары, дыбыс, түр, дәм, иіс, жылу, суық адамдардың сыртқы заттарды қабылдауларының түрі болып табылады.

 

Ал ақыл сезімнің мәліметтерінен тез арылады және өзіндік рең  береді. Осы өзіндік реңді Бэкон  «идол», елес деп атаған.

Ф.Бэкон идол, яғни, пұттарды немесе елестерді өзгелердің пікіріне сын көзбен қарамай, қабылдаудан, адамның  табиғи мүмкіндіктерінен, жеке адамның  кемшіліктерінен, тілдің шикілігінен, дәйексіздігінен туындайтын қателіктер деп анықтады.

Таным процесін осындай елестерден тазарту үшін арнайы ойлап табылған және жақсы ұйымдастырылған тәжірибені пайдалану қажет. Оның мағынасы –  табиғи заттарды іс - әрекетте байқау, не нәрсенің себеп, не нәрсенің салдар екенін түсіну.

Сезім туралы ілімі және білімді алудың жолдарын көрсету  арқылы Бэкон жаңа эмпиризмнің негізін  қалады.

 

Жаңа  дәуір  философиясындағы     эмпиризм  

 

Жаңа дәуір философиясындағы эмпиризм – бұл тәжірибелік, сезімдік білімді нағыз шынайы ақиқат білім  деп мойындау.

Бэкон ақылдың негізгі  құралы ретінде индукцияны пайдаланды, яғни көптеген жеке құбылыстарды анықтап, жинақтап, қорытындылады. Танымның негізгі  әдісі индукция дей отырып, Ф.Бэкон  танымдық іс - әрекеттің нақты жолдарын анықтады. Бұлар – «өрмекшінің  жолы», «құмырсқаның жолы», «араның  жолы».

«Өрмекшінің жолы» білімді  таза ақылдың күшімен, рационалдық  жолмен алу. Бұл әдіс нақты фактілер мен практикалық тәжірибенің  ролін төмендетеді.

«Құмырсқа жолы» - білімді  барлық мәліметтерді пайдалану арқылы алу. Бұл жағдайда зерттеу нысаны туралы барлық мәліметтер жинақталады, оның ішінде керектісі, керексізі де, маңыздысы, маңызды емесі де болады. Ғалым көптеген нақтылықтардың арғы жағында не жатқанын көрмей қалуы  да мүмкін.

Бэконның пікірінше, оңтайлы  таным әдісі «араның жолы». Бұл  жағдайда «зерттеуші» өрмекші, құмырсқа жолдарының жақсы жақтарын қабылдап, кемшіліктерінен арылуға тырысады. Яғни нақтылы мәліметтерді жинастырумен қатар оның артында не тұрғанын да білуге ұмтылады. Сөйтіп, танымның негізгі  жолы құбылыс пен заттардың мәніне рационалдық әдіспен үңілетін индукцияға негізделген эмпиризм болып табылады. Эмпириктер, эксперименталді жаратылыстануды  ғылымның ғылымы деп есептеді. Эмпириктердің  негізгі ұраны – Ф.Бэконның «Білім - күш» деген тезисі.

Рене Декарт (1596-1650)

 

Рене Декарт (1596-1650) – көрнекті француз философы және математигі, жаңа европалық рационализмнің негізін  қалаушы. Жастайынан ақиқат білімді  өтірік білімнен ажыратуға күш салды. Өзінің алдына қойған мақсатын орындауға  бағытталған ережелерді ойлап тапты. Оның өзінің сөзі бойынша, философияның жарты бөлігі мынадай ойларға  сүйенді:

Ақиқатты іздестіру барысында  тек ақылды басшылыққа алу керек. Еш қандай беделге, дәстүрге, кітапқа, сезімге сенуге болмайды.Сондықтан  бұрынғы барлық білімдер мен икемділіктерді ығыстырып, олардың орнына жаңадан  табылған немесе бұрынғы, бірақ ақылмен  ойластырылған, тексерілген білімдерді қою қажет.

Ақиқатқа тек қана ақылдың  күшімен, оның дұрыс пайдаланумен ғана жетуге болады.

Осы қағидалардан – ақ Декарттың  таным туралы ілімінің Ф.Бэкон ілімінен түбегейлі айырмашылығын көруге болады. Өйткені, білімнің негізі, ақиқаттың  қайнар көзі - адам ақылы деп Декарт рационализмді жақтады.

 

Декарт білім  алуға оңтайлы әдіс ұсынған. Оның төрт маңызды ережесі бар:

қарапайым, ұсақ бөлшектерден тұратын бірінен бірі туындайтын тізбек құру

күмәндануға жол  бермейтін анық нәрсені ақиқат ретінде  қабылдау

күрделі мәселелерді қарапайым, ұсақ бөлшектерге  жіктеу

осы бөлшектердің ешқайсысын қалдырмай толық есепке алу

 

Білімнің ақиқаттығының  өлшемі – ақыл

Декарт  философияны ағаш сияқты жүйе деп  есептеді. Бұл ағаштың тамыры философия, діңі – физика, ал сабақтары –  басқа ғылымдар: медицина (адамдардың денінің сау болуына жол ашады), механика (тұрмысты оңтайлы ұйымдастыруға  бағытталған білімді береді), этика (ізгілікті өмір сүрудің жолдарын анықтайды).

Ағаштың діңі мен сабақтары тамырынсыз өсіп – өне алмайтыны сияқты философиясыз ешбір ғылым дами алмайды.

Ғылымдар  жүйесі үшін философия өте маңызды, сондықтан оның алғашқы бастаулары мен түп неігздерін әруақытта  біліп отыру қажет.

Осы мақсатты орындау үшін Декарт арнайы тәсіл  ойлап тауып, оны картезиандық күмәндану  деп атады. «Күмән келтіру» принципін  Декарт былай деп суреттеді. «Егер  мен күмәнданатын болсам, онда менің  ойлағаным. Егер мен ойланатым болсам, онда менің өмір сүргенім». Декарт осы  принципі арқылы әлем мен философияның ескі көзқарастарынан арылып, жаңалыққа  бой ұруына жол ашты.

Ғасырлар  бойы өзгермейді деп келген қисынсыз қағидаларды талқандай отырып, рационалдық  методтың тууына себепкер болды. Декарт ақыл – парасатты аса жоғары бағалап, оны білімнің қайнар көзі деп есептеді.

Жалпыдан  жекеге өту арқылы логикалық тұжырым  жасау керек деп Декарт дедукциялық  әдісті дамытты.

Р.Декарт дуалистік ілімнің  өкілі

 

Ол әлемнің, дүниенің түп  негізі ретінде екі бастаманы, яғни материалдық және рухани бастамаларды мойындады.

Р.Декарттың іліміндегі материалдық  субстанцияның негізгі сипаттары  созылмалық және бөлінгіштік. Ал рухани субстанцияларға ойлау қабілеті тән, сондықтан олар бөлінбейді.  Декарт туа біткен идеялар туралы ілім ұсынған, көптеген білімдер таным  мен дедукция арқылы пайда болады. Бірақ ешқандай дәлелдеуді қажет  етпейтін білімдер де бар. Олар бірден тікелей белгілі, ұрпақтан ұрпаққа  берліп отырады. Бұл идеялар екі  түрде болады: ұғымдар және пікірлер. Туа біткен ұғымның мысалы: Құдай (бар), сан (бар), «ерік», «тән», «жан».

Туа біткен пікірдің мысалы: «Бүтін өзінің бөлшегінен үлкен», «ештеңеден ештеңе туындамайды».

 Жаңа дәуір философиясында  ғылыми танымның әдістері туралы  ізденістерде бір – біріне  қарама – қарсы екі бағыт  қалыптасты: эмпириялық және рационалистік.

 

Жаңа дәуір философиясында ғылыми бағыт 

эмпириялық

Эмпириктер (Ф.Бэкон, Т.Гоббс, ДжЛокк) танымның негізі, қайнар көзі –  тәжірибе. Тәжірибе сезімдік таныммен, түйсікпен, қабылдаумен, елестермен тығыз  байланысты. Адамның жаны ақ қағаздай тап – таза. Оған белгі түсіріп, жазу жазатын сыртқы дүние, ал сыртқы дүние сезім мүшелері арқылы бізге  әсер етіп, білім береді. Білімнің негізі тәжірибеде жатыр.

рационалистік

Рационалистер Р.Декарт, Б.Спиноза, Т.Лейбництнің пікірінше, адамның  сезіміне негізделген тәжірибе барлық ғылымдарға ортақ әдістің негізі бола алмайды. Қабылдаулар мен түйсіктер  алдамшы. Пәрменді әдістің негізі –  адамның ақыл – ойы, парасаты.Рационалистік  бағыт адамның ақыл – ойын әдістің  негізі етіп алады

Эмпиризм мен рационализм  арасындағы осындай пікір таласы жалпы таным теориясына оң әсер етті. Өйткені олардың әрқайсысы өз пікірін дәлелдеу мақсатымен таным  процесіне терең үңіліп, оның мүмкіндіктерін, шегін, әртүрлі деңгейін жан –  жақты талқылауға, талдауға кірісті. Мұндай аналитикалық талдау адамның  танымдық қабілетінің бұрын онша айтыла бермейтін жаңа қырлары мен  қасиеттерін анықтауға жол ашты.

Эмпиризм де, рационализм  де бір жақтылыққа ұрынды. Шын мәнінде  таным процесінде сезімдік мүмкіндіктердің  және ақыл – ой, парасаттың өзіндік  орны бар, оларды бір – біріне қарама – қарсы қоймай, бір тұтастықта қарастыру ақиқатқа әлдеқайда жақын  еді.

Бұл дәуірдің бастапқы жетістігі  – танымның құрылымының күрделі  табиғатына назар аударып, оны әртүрлі  жағынан анықтау.

 

Бенедикт Спиноза (1632-1677)

 

    • Жаңа дәуірдегі Голландия философиясының өкілі Бенедикт Спиноза (1632-1677) Р.Декарт идеяларын жалғастырды. Субстанция, таным теориясы, этика, еркіндік пен қажеттілік мәселесін зерттеді. Спиноза философияның негізі ретінде біртұтас субстанция туралы идеяны қабылдады. Оның - атрибуттары ойлау мен табиғат. Табиғат өзін - өзі жаратушы, яғни субстанция өзінің сансыз көп модустары (түрлі күйлері, қасиеттері) арқылы көрінеді. Осындай модустардың бірі - қозғалыс. Дүниенің өз себебі деп жариялай отырып, Спиноза сол арқылы әлемді жаратушы Құдайдың жоқ екенін негіздейді. Пантеизмді жақтай отырып, ол Құдай табиғаттың өзі деп жариялайды. Спиноза еркіндік мәселесіне ерекше көңіл бөлді. Оның пікірінше, еркіндік ұғымы қажеттілік ұғымына қайшы емес.
    • Еркіндік дегеніміз – танылған қажеттілік, яғни саналы түрде және нақты не нәрсе қажет екендігін түсіну деп ойлады.

 

    • Томас Гоббс (1588-1679) – таным және мемлекет мәселесімен айналысты. Таным дегеніміз, Гоббстың ойынша, ойларды бір – бірімен қосу және бір – бірінен алу. Осыдан келіп, ол таным процесінің бірден – бір ғылыми әдісі тек қосу мен алуға негізделген математикалық әдіс қана бола алады деген тұжырым жасады.
    • Т.Гоббс – мемлекеттің пайда болуында қоғамдық келісім жатыр деген идеяны бірінші ұсынған философ. Оның атақты еңбегі – Левиафан.

 

 

Томас Гоббс (1588-1679)

Джон  Локк (1632-1704)

 

    • Джон Локк (1632-1704) – ағылшын материализмнің ірі өкілі, іштен туатын иделарды (Декарт) жоққа шығара отырып, біз барлық білімдерімізді тәжірибе, түйсік арқылы аламыз, жаңа туған баланың миы – таза тақта, өмір өз шимақтарын салады, білім осыдан құралады деп есептеді. Локктің басты тезисі: алдын ала түйсікте болмаған нәрсе ақыл – ойды да болмайды. Түйсіктер сыртқы дүниедегі заттардың біздің сезім мүшелерімізге әсер етуінен туындайды. Сөйтіп материалистік, сенсуализмнің негізін қалады.

Информация о работе Жаңа дәуір мәдениетіндегі Батыс Еуропалық философия