Жаңа Заман философиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 10:19, контрольная работа

Описание

Осынысымен рационализм – идеализмге ұқсап кеткенімен (мысалы, Платонның «таза идеялары»), басты айырмашылығы материяның (болмысты) идеяға қарағандағы біріншілігін және материяның (болмыстың) өзінде ақыл барын (болуын) мойындауында. Сондықтан, болмыстың қисындылығы мен ақылды ұйымдастырылғандығына сенетін материалистер (Демокрит, Эпикур, т.б.) – рационалистер.

Содержание

1 Рационализм мен эмпиризм
2 Декарт философиясы
3 Спиноза философиясы
4 Фр. Бэкон философиясы
5 Гуго Гроций философиясы
6 Дж. Локк философиясы
7 Лейбниц философиясы
8 Сыртқы сілтемелер

Работа состоит из  1 файл

Жаңа Заман философиясы.doc

— 132.50 Кб (Скачать документ)

Жаңа Заман философиясы

Жаңа Заман философиясы, деп XVII, XVIII және XIX ғасырларды қамтитын дәуір. Шартты түрде – жаңа тарихтың басы деп 1640 жылғы ағылшын буржуазиялық революциясын – капиталистік немесе буржуазиялық қатынастардың, индустриалды өркениеттің бастауы болған құбылысты алады. Үш ғасыр бұрын адамзат ежелгі дүниемен қоштасып (антика және орта ғасырлар), «адам – ғаламдағы ең мінсіз тіршілік иесі, эволюцияның тәжі, демек – дүниенің қожасы» деп сенген жаңа рухани пікірді бекіткен философия болды.

Мазмұны

  • 1 Рационализм мен эмпиризм
  • 2 Декарт философиясы
  • 3 Спиноза философиясы
  • 4 Фр. Бэкон философиясы
  • 5 Гуго Гроций философиясы
  • 6 Дж. Локк философиясы
  • 7 Лейбниц философиясы
  • 8 Сыртқы сілтемелер

 

Рационализм мен эмпиризм

Рационализм (лат. ratio – «разум») – болмыс пен танымның негізгі ақыл-ой деп сенетін философиялық бағыт. Рационализм 3 түрге жіктеледі: 1. онтологиялық

2. гносеологиялық

3. этикалық рационализм

Онтологиялық рационализм бойынша болмыс негізінде ақылды бастама жатыр, яғни болмыс о бастаған ақылды.

Осынысымен рационализм – идеализмге ұқсап кеткенімен (мысалы, Платонның  «таза идеялары»), басты айырмашылығы материяның (болмысты) идеяға қарағандағы  біріншілігін және материяның (болмыстың) өзінде ақыл барын (болуын) мойындауында. Сондықтан, болмыстың қисындылығы мен ақылды ұйымдастырылғандығына сенетін материалистер (Демокрит, Эпикур, т.б.) – рационалистер.

Гносеологиялық рационализмнің басты  идеясы – «дүниені танып білетін бірден-бір құрал-адам ақыл-ойы» деген тұжырымда. Сондықтан гносеологиялық рационалистер бір жағынан ортағасырлық геология мен схоластика қарсы шықса, екінші жағынан эмпиристерге оппонент болды. «Білім-күш» девизін ұстанатын эмпиристер таным негізінде сезімділік тәжірибе жатыр деп сенді. («Сезімде болмаған нәрсе – ақылды болуы мүмкін емес»).

Рационалистердің эмпиристерге қарсы  қоятын дәлелдері:

1.ақыл сүзгісінен өткізілмеген  сезім немесе тәжірибе танымға  негіз бола алмайды;

2.ақыл сезім мен тәжірибенің қатысынсыз-ақ өздігінен жаңа білім мен жаңалық бола алады, ол жаңалықтар кейіннен тәжірибе түрінде дәлелденуі мүмкін.

«Моральдық – этикалық нормалар мен тәртіп негізінде ақыл-ой жатыр» деген түсінік этикалық рационализм  деп аталады. Ежелгі дүние мен қазіргі заманға дейінгі көптеген философтарды (Платон, Демокрит, Эпикур, Сократ, Кант, т.б.) рационалистер қатарына жатқызуға болады. Алайда рационализнің ресми философиялық бағытқа айналуына үлес қосқандар Р.Декарт, Спиноза болды. Эмпиризм - таным негізінде тек сезім мен тәжірибе жатыр деген пікірді ЖАҚТАЙТЫН ФИЛОСОФИЯЛЫҚ бағыт. XVII ғасырдағы Англияда, одан кейінгі кезенде АҚШ-та кең тарады. Негізін қалаушы - Фр.Бэкон. Көрнекті өкілдері Т.Гоббс, Дж.Локк, Дж.Дьюн. Эпиристер райционалистермен дауласты.

Декарт философиясы

Рационализмнің негізін қалаушы - француз философы, ғалым-математик  Рене Декарт (1596-1650) деп саналады.

Декарттың философиядағы үлесі  мынадай:

1.Дүниені танудағы ақыл-ойдың  рөлін негіздеді;

2.Субстанция, оның атрибутары мен  модустары туралы ілімді ұсынды;

3.Философиядағы материализм мен  идеализм бағыттарын келісімге  келтіруге тырысып, дуализм теориясын  негіздеді;

4.Танымның ғылыми әдісі және  «туа біткен» идеялар теориясын  ұсынды.

Болмыс пен таным негізінде  ақыл-ой жатқанын Декарт былай дәлелдеді:

1.Дүниеде адамға түсініксіз  заттар мен құбылыстар көп  (мысалы: Құдай деген бар ма? Оның  қажеті қандай? Әлемнің шеті-шегі  бар ма? т.б.);

2.Есесіне кез-келген құбылыс  пен затқа күмәндеуға болады (дүние  шынымен тіршілік ете ме? Күн  шығып тұрғаны рас па? т.б.);

3.Түсініксіз, анық емес заттармен,  құбылыстармен салыстырғанда күмәндану  нақты қасиет, шын процесс және  дәлелді қажет етпейді;

4.Күмәндану – ойдың қасиеті,  демек, күмәндана отырып адам  ойлайды;

5.Шын тіршілік ететін адам  ғана ойлай алады;

6.Ойлау – ақылдың жұмысы болғандықтан, болмыс пен тану негізінде ғана жата алады.

Осыған байланысты Декарт: «Мен ойлаймын (күмәнданамын), демек, мен тіршілік етемін» афоризмінің авторына айналды.

Болмыс мәселесін зерттеу барысында  Декарт болмыс мәнін сипаттайтын  базалық, негіз болатын ұғымды табуға талпынды. Өз ізденістері нәтижесінде Декарт субстанция ұғымнын тұжырымдады.

Субстанция - өз тіршілігі үшін өзінен басқаны қажетсінбейтінің бәрі. Ондай қасетке (өз тіршілігі үшін басқаны қажетсінбеу) тек субстанция ғана ие және ондай субстанция Құдай ғана бола алады. Құдай мәңгі, құдіретті, жойылмайды және барлық нәрсенің себебі мен өзегі. Құдай өзі Субстанция, өзі Жаратушы болғандықтан субстанциялардан құралған дүниені жаратты. Құдай жаратқан субстанциялар да (жеке заттар, идеялар) субстанциялық басты қасиетке ие – тіршілік ету үшін өзінен басқаны қажет етпейді. Алайда бір-біріне қатысты алғанда өзіне-өзі жетімді (жеткілікті) болғанмен Құдайға қатысты алғанда олардың бәрі екінші және оған тәуелді (өйткені оларды жасаған Құдай). Жаратылған субстанцияларды Декарт екі текке жіктейді:

1.материалды (заттар),

2. рухани (идеялар).

Сонымен қоса олардың әрқайсысының тек өздеріне ғана тиесілі қасиеттері (атрибуттарды) болатының атап көрсетеді: дәйектілік - материалды заттардікі, ойлау – рухани идеялардікі. Осылайша, барлық материалды субстанциялардың бәріне тән қасиет дәйектілік (ұзындығына, еніне, биіктігіне, тереңдігіне қарай) және олар сансыз көп рет (шексіздікке дейін) бөліне береді. Рухани субстанцияларға ойлау қасиеті тән және олар, кірісінше, бөлінбейді. Материалды және рухани субстанциялардың басты қасиеттерінен (атрибуттарынан) тарайтын басқа да қасиеттері модустар деп аталады. Мысалы, дәйектіліктің модустары – форма, қозғалыс, кеңістіктегі жағдай, т.б.; ойлаудың модустары - сезімдер, тілектер, түйсіктер, т.б.

Адам, Декарт пікірінше, екі – материалды (тәндік-дәйекті) және рухани (ойлаушы) субстанциялардан құралған.

Адам – өзі бойына екі бірдей субстанцияны (әрі материалды, әрі  рухани) қатар біріктіретін тіршілік иесі, сондықтан ол табиғаттан жоғары көтеріле алады.

Адам өз бойында екі субстанцияны қатар біріктіретіндіктен келіп  дуализм (екіұдайлық, қосарлылық) идеясы туындайды.

Р.Декарт «философияның негізгі  сұрағын» да дуализм тұрғысынан шешеді: «Не бірінші: материя ма, әлде, с  ана ма? Таласы мағынасыз. Материя  мен сана тек адам бойында бірігетіндіктен, адам табиғаты дуалистік болғандықтан (өз бойында екі – материалды және рухани – субстанцияны біріктіретіндіктен), материя да, сана да бірінші бола алмайды – олар әрқашан болған және тұтас болмыстың екі түрлі көрінісі». Физикада, математикада, т.б. түрлі ғылым салаларында қолданылатын ғылыми әдіс таным процесінде қолданылмайды, дейді Декарт. Ғылыми әдісті таным процесінде белсенді қолдану арқылы таным процесін әлдеқайда алға жыджытуға, танымды өндірістен өнеркәсіп өндірісіне айналдыруға болады. Ондай ғылыми әдіс ретінде Декарт дедукцияны ұсынады. Декарттың философиялық, гносеологиялық әдісінің мағынасы – таным процесінде тек абсолютті, деректі, шын сүйену және ақыл арқылы логикалық тәсілдер арқылы жаңа, ақиқат білім алу. Декарт пікірі бойынша, дедукция әдісін пайдалану арқылы ғана танымның барлық салаларында шын білімге қол жеткізуге болады.

Рационалистік – дедуктивті әдісті қолданумен қатар Декарт мынадай  зерттеу тәсілдерін ұсынады:

1.Зерттеу барысында бастапқы  қағидалар ретінде тек ақиқат, шын, ақылмен және логикамен  дәлелденген, ешбір күдік туғызбайтын  білімдерді ғана пайдалану;

2.Күрделі мәселені қарапайым  бөлшектерге, бөліп қарастыру;

3.Белгілі және дәлелденген сұрақтардан  белгісіз, дәлелденбеген сұрақтарға  жүйелі түрде өту;

4.Зерттеудің жүйелілігін, логикалық  тізбегін қатаң сақтап, сол тізбектегі  бірде-бір зерттеу бөлшегін тысқары қалдырмау.

Декарт туа біткен идеялар теориясын  ұсынады: таным және дедукция арқылы алынатын білімдермен қатар, ешбір  дәлелді қажет етпейтін ерекше, туа  біткен идеялар болады. Ол ақиқаттар (аксиомалар) о бастан айқын және шын, олар Құдай ақылы мен адам ақылында әрдайым болған және болатын, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын білімдер.

Ол білімдер екі түрде:

1.Ұғымдар;

2.Пікірлер түрінде беріледі.

Туа біткен ұғымдарға жататындар:

«Құдай» (бар); «сан» (бар); «ерік»; «тән»; «жан»; «құрылым», т.б.

Туа біткен пікірлер:

«бүтін өз бөлшектерінен үлкен»; «жоқтан ештеңе пайда болмайды»; «бір мезгілде болу және болмау мүмкін емес», т.б.

Декарт практикалық танымды  жақтады:

Декарт бойынша таным мақсаттары мынадай болуы тиіс:

1.адамның қоршаған дүние туралы білімдерін кеңейту және тереңдету;

2.ол білімдерді адам мүддесі  үшін табиғатты барынша пайдалануға  қолдану;

3.адамды жетілдіруге және

4.түпкі мақсат - адамның табиғатқа  үстемдігіне пайдалану.

Спиноза философиясы

Бенедикт (Барух) Спиноза (1632-1677) –  европалық рационализмнің көрнекті өкілі, Р. Декарт ілімін жалғастырушы, Жаңа Заманғы жетілдірілген, толық және негізделген философиялық жүйенің авторы.

Спинозаның философиялық зерттеулерінің пәні:

1.субстанция мәселесі;

2.таным теориясы;

3.этика сұрақтары, бостандық және қажеттілік мәселелері.

Спинозаның философиядағы маңызды  үлесі – болмыс мәні қарастырылатын субстанция теориясын жасауында. Негізіне Декарттың субстанция туралы теориясы алынғанымен, өзі онымен келіскенімен. Спиноза Декарттың теориясының  кемшіліктерін жойын, өз жүйесін қалыптастыруға тырысты. Спиноза Декарттың субстанция туралы теориясының басты кемшілігі – оның дуализмінде деп санады. Ондағы қайшылық – өз тіршілігі үшін өзгені қажет етпейтін мән болғандарына қарамастан барлық субстанцияларды жаратқан. Жалғыз және Ең жоғарғы Ең ақиқат субстанция - Құдай болып, барлық басқа субстанциялар оған тікелей тәуелді болуында. Субстанциялардың өзара тәуелсіздігі мен олардың бәрінің бір мезгілде басқа субстанцияға – Құдайға жаппай, бірдей тәуелділігіне.

Бұл қайшылықты Спиноза өзінің біртұтас субстанция туралы ілімінде шешуге тырысты. Спиноза теориясының мәні мынада:

1.жоғарғы субстанция – Құдай  мен Ол жаратқан субстанциялар  арасында айырмашылық жоқ;

2.барлығын, бүкіл тіршілікті өзі  қамтып жатқан бір ғана  субстанция бар;

3.ол субстанция Табиғат пен  Құдайды қатар қамтиды;

4.Табиғат – Құдай – бір;

5.Табиғаттан тысқары немесе  Табиғаттан жоғары тұрған Құдай  жоқ;

6.Құдай Табиғаттың ішінде;

7.Тек біртұтас Табиғат + Құдай  ғана жарата алады;

8.«Жаратушы әлем» біртұтас Табиғат + Құдай – «жаратылған дүниені» - жеке заттарды жасайды;

9.жеке заттар өз бетінше тіршілік  етпейді, ол біртұтас субстанцияның  – Табиғат + Құдайдың «модустары»  - көріністері ғана;

10.модустар тіршілігінің сыртқы  көрінісі – біртұтас субстанция (Табиғат + Құдай), модустар. Оған бүтіндей тәуелді. Модустар кеңістікте және уақтта қозғалады, олардың тіршілігінің басы мен аяғы бар.

Ал Субстанцияның (Табиғат + Құдай) өзінің мынадай қасиеттері бар:

1.тіршілік етеді;

2.дербес, ештеңеге тәуелді емес;

3.өз-өзінің ішкі себебі бар (модустар сияқты сыртқы емес);

4.көптеген қасиеттерге (атрибуттарға) ие, олардың негізгілері (ойлау  мен дәйектілік) Декартта жеке  модустардың сипаты болса, Спиноза  ілімінде бүкіл субстанцияның  қасиеті;

5.уақыт пен кеңістікте шексіз;

6.мәңгі (ешкім жасамайды және жойылмайды);

7.қозғалыссыз.

Гносеология мәселелерін зерттей  келіп Спиноза танымның үш сатысын  жіктейді:

1.тікелей адам танымынан бастау  алатын және ешбір сыртқы себептерге (сезім, тән, т.б.) тәуелді болмайтын  «таза түрдегі таным» - танымның жоғарғы түрі;

2.ақиқаттағы төмен, ақыл әрекеті  нәтижесінде логикалық операциялар  қалыптасқан таным;

3.қоршаған дүниенің санада бейнеленуі  нәтижесінде қалыптасқан таным.  Спиноза пікірінше, ол білімдер  айқын емес, толық емес, терең  емес, дәлелмен негізделмеген. Бірақ олар ақиқат білім алуда үлкен рөл атқарады.

Спиноза этикасының өзекті мәселелері: 1. детерминизм (табиғаттағының бәрінің  шарттылығы); 2. Бостандық пен қажеттілік арақатынасы. Оларды зерттей келіп  Спиноза мынадай қорытындылар түйеді:

1.субстанция бостандық пен қажеттілік  тұтасып, бірігеді;

2.Құдай (Табиғат) толық бастандыққа  ие, бірақ Ол қажеттілік шеңберінде  ғана әрекет етеді;

3.модустарда (жеке заттарда) еркіндік  жоқ және олар қажеттілікке  бүтіндей тәуелді;

4.адам – модус басқа модустардан ойлауымен ерекшеленеді, демек, бостандыққа ұмтылады. Бірақ ол өзі де модус болғандықтан азат емес және қажеттіліктің құрсауында ғана әрекет етеді;

5.жаны азаттықты қалғаныме, адам  қажеттілік талабына көніп, қажеттілік  ағынымен жүзеді (Спиноза тілінде – «рухани автомат») болып табылады;

6.сыртқы қажеттіліктерді – ішкі  қажеттілікке айналдыру – бостандыққа  апаратын жол;

7.бостандық – бұл танылған  қажеттілік.

Жоғары  дәрежедегі бостандыққа жету үшін Спиноза  пікірінше мынадай шарттар орындалуы  қажет:

1.Табиғат – Құдай субстанциясы түріндегі қажеттілікті барынша (максималды) танып білу;

2.Аффектілерден  (қайғы, қуаныш, әуестену, т.б.) арылу  қажет, өйткені олар бостандыққа  кедергі жасап, адамды қажеттілік  бойынша әрекет етуге мәжбүрлейді.

Спинозаның  өмірлік девизі: «Күлмеу, жыламау, қарғамау – түсіну!.»

Фр. Бэкон философиясы

Жаңа Заман ағылшын философиясының көркейген кезеңіне айналды.

XVII-XVIII ғасырлардағы ағылшын философиясының  жалпы сипаты:

1.Материалистік  бағыттылық (ағылшын философтарының  көпгшілігі басқа елдер философиясына, мысалы, осы кезеңдегі неміс филосфтарына керісінше, болмыс мәселелерін материалистік тұрғыдан түсіндіріп, идеализмді қатаң сынады);

2.Эмпиризмнің рационализмнен үстемдігі  (Англия – философиядағы эмпиристік бағыт жеңіске жеткен, шешуші ақылы, рационализмге емес, тәжірибе мен сезімдік қабылдауға берілген аз санды елдер тобына енді).

Информация о работе Жаңа Заман философиясы