Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 18:44, реферат
Ол кең мағынада “заманауи архитектурасы” ұғымымен қатар қолданылады. Рационализм негізі 19 ғ-дың аяғында қалыптаса бастады. 20 ғ-дағы 20-жылдардың бас кезінде Рационализмнің қалыптасуына Нидерландыда Т. ван Дусбюрг, Францияда ЛеКорбюзье, Ресейде К.С. Малевич, Германияда В.Гропиус насихаттаған теориялар негіз болды. Рационализмнің дәуірлеген кезеңі — 20 ғ-дың 20 — 50-жылдары. Бұл бағытты насихаттаушылар заманауи архитектурасының халықар. конгресін құрды. Олардың жалпы архит. пайымдаулары негізінде халықар. стиль (Л.Мис ван дер Роэ, т.б. шығарм.) дүниеге келді. Рационализм өкілдері ден қойған архит. пайымдаудағы өріссіздік пен әлеум.-реформистік утопизм оны 20 ғ-дың 50-жылдарының соңына таман тоқырауға әкеліп соқтырды.
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Жаңа заман еуроппалық мәдениет
2. Рационализм
3. Рационализ мен емперализм
4. XIX ғасыр мәдениетті
ІІІ. Қорытынды
IV.Пайдаланған әдебиеттер
V.Пікір
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН
МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕФТИКАЛЫҚ
Қоғамдық пәндер кафедрасы
Реферат
Тақырыбы: Жаңа заман рационализм ерекшеліктері
І. Кіріспе
Рационализм (лат. ratіo — ақыл), архитектурада — 20 ғ-дың 1-жартысындағы архитектуралық бағыттар жиынтығы. Қазіргі ғылым мен техника жетістіктерін жүйелі түрде меңгере отырып, бейнелеу өнеріндегі жаңа ағымдар әкелген пошым тудыру принциптерін архитектурада қолдану — Рационализмнің негізгі ерекшелігі. Ол кең мағынада “заманауи архитектурасы” ұғымымен қатар қолданылады. Рационализм негізі 19 ғ-дың аяғында қалыптаса бастады. 20 ғ-дағы 20-жылдардың бас кезінде Рационализмнің қалыптасуына Нидерландыда Т. ван Дусбюрг, Францияда ЛеКорбюзье, Ресейде К.С. Малевич, Германияда В.Гропиус насихаттаған теориялар негіз болды. Рационализмнің дәуірлеген кезеңі — 20 ғ-дың 20 — 50-жылдары. Бұл бағытты насихаттаушылар заманауи архитектурасының халықар. конгресін құрды. Олардың жалпы архит. пайымдаулары негізінде халықар. стиль (Л.Мис ван дер Роэ, т.б. шығарм.) дүниеге келді. Рационализм өкілдері ден қойған архит. пайымдаудағы өріссіздік пен әлеум.-реформистік утопизм оны 20 ғ-дың 50-жылдарының соңына таман тоқырауға әкеліп соқтырды.
Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Жаңа заман еуроппалық мәдениет
2. Рационализм
3. Рационализ мен емперализм
4. XIX ғасыр мәдениетті
ІІІ. Қорытынды
IV.Пайдаланған әдебиеттер
V.Пікір
ІІ. Негізгі бөлім
ІІ. І Жаңа заман еуропалық мәдениеті
Еуропа үшін жаңа заман
(XVII—XIX ғасырлар) мәдениеттің дамуындағы
маңызды тарихи кезең болып
саналады. Бұл дәуірдің әр ғасыры
тарихи уақиғаларға, мәдени
XVII ғасыр ғылыми революция —
адамзат баласының өзін
Олай болса, жаңа еуропалық сана мен буржуазиялық мәдениет таза атеистік сипатта болмағандығын аңғарамыз. Христиан діні мен шіркеулер Реформацияға (XVI ғасыр) дейін де, Реформациядан кейін де өз беделін жойған жоқ, қайта олардың қоғамдық, саяси және рухани өмірдегі рөлі бұрынғыдан артпаса, мүлде кеміген жоқ, қайта христиан діні өз өрісін бұрынғыдан да кеңейтіп азаматтық, мемлекеттік өмір салаларына кеңінен араласты. XVII ғасырда Еуропа — жаңа өмір жолына түскен жас Еуропа болатын. Бұл жол — өткен ғасырлардың бай тәжірибесін ой елегінен өткізіп сарапқа салу жолы болды. Бұл тарихи жолда орта ғасырлар кезеңіндегі мәдени құндылықтарды ғана емес, жалпы адамзат баласының сонау көне заманнан бергі жинақтаған рухани байлығын игерумен қатар, сол бір баға жетпес мәдени дөстүрлерді жаңа заман талабына сай қайта жаңғырту сияқты игі мақсаттар жүзеге асырылды. Көне заман мен жаңа заманның арасында қаншама уақыт өтсе де олардың өзара сабақтастығы өмірлік сипат алды. Ойымыз дәлелді болу үшін, ғылым саласындағы әр заман өкілдерінің бізді қоршаған дүние жайындағы ой-толғамдарын қарастырып көрейікші. Шындығында да, жаңа заманның философы, әрі математигі Лейбниц (1646—1710 жылдары) пен көне дәуірдің философы, әрі математигі Пифагордың (б.з.б. VI ғасырлар) дүниеге қатысты ғылыми көзқарастары ның бірдей болып шығуын қалай түсіндіруге болады? Екі ғұлама да әлемді өзара тығыз байланыстағы біртұтас организм деп қарастырады. Лейбництің философиясында «айқындалған үндестік» теориясы басты орын алады. Бұл теория — діни-теологиялық, гуманистік және эстетикалық мазмұнға бай жан-жақты теория болып саналды. «Айқындалған үндестік» теориясын — замана талабы, қоғамдық сана-сезім және халықтық түсінік тұрғысынан қарастыратын болсақ; бұл-құдайтағаланың даналығына шексіз сенім болса, ал рухани тұрғыдан қарастырсақ, бұл — өнер атаулыны (мысалы, Бахтың музыкасын немесе классицизм стиліндегі өнер туындыларын және т.б.) бүкіл жан-дүниеңмен қабылдау болып табылады.
Жаңа заманда еуропалықтардың күш-жігері табиғатты меңгеруге жұмсалды, сондықтан да болар XVII ғасырда ғалымдарының басты назары табиғат құбылыстарын ғылыми тұрғыдан зерттеуге бағытталды. Сонымен қатар XVI—XVII ғасырлар қалыптасқан ұлттық, мемлекеттік, экономикалық және саяси қарым-қатынастардың негізінде философиялық, әлеуметтік және саяси-құқықтық теориялар өмірге келді. Олардың авторлары ғасыр ойшылдары: Гоббс, Локк, Спиноза, Гуго, Гроций және т.б. болды.
Жоғарыда атап өткеніміздей, бұл дөуірде элем техникаландырыла бастады, табыс пен байлыққа ұмтылыс бұрын-соңды болмаған қарқынға ие болды, капитал күшіне енді. Ең бастысы — ғасырлар бойғы қалыптасқан өмір салтының бұзылуы адамдардың санасын өзгертіп, жалпы мәдениеттің дамуына өз ықпалын тигізді. Сондықтан да болар, қоғамда қандай терең өзгерістер жүзеге асырылса да, жаңа заман мәдениеті өзінің тар шеңберінен толық шыға алмады. Оның үстіне Еуропалық өркениеттің алға басуы дүние жүзінің басқа да халықтарын, соның ішінде көне мәдениеттің ошағы болған ұлы халықтарды (Үндістан, Қытай, Мексика және т.б.) ашықтан-ашық тонау есебімен жүзеге асырылды. Өркөкірек еуропалықтар өздерінің өркениетгі-мәдениетті елдерге айналуына тікелей әсер еткен бұл мемлекеттердің мәдени ықпалын тез арада ұмытып кетті. Еуропалықтар «ұлы географиялық ашулар заманын» басынан кешірді, жаңа жерлерді игерді, талай мемлекеттерді экономикалық тәуелділікте ұстады. Бірақ, өкінішке орай, олар жаңа жерлерді игергенмен, халықтардың рухани байлығын игеруді қажет деп санамады. Демек, жаңа еуропалық мәдениетті бір жақты қарастыруға болмайды. Оның шоқтығы биік мәдениет екендігін мойындай отырып, оның қарама-қайшылықтарын, ақтаңдақтарын да шындық тұрғысынан көрсете білуіміз қажет.
Рационализм (лат. ratіo — ақыл), архитектурада — 20 ғ-дың 1-жартысындағы архитектуралық бағыттар жиынтығы. Қазіргі ғылым мен техника жетістіктерін жүйелі түрде меңгере отырып, бейнелеу өнеріндегі жаңа ағымдар әкелген пошым тудыру принциптерін архитектурада қолдану — Рационализмнің негізгі ерекшелігі. Ол кең мағынада “заманауи архитектурасы” ұғымымен қатар қолданылады. Рационализм негізі 19 ғ-дың аяғында қалыптаса бастады. 20 ғ-дағы 20-жылдардың бас кезінде Рационализмнің қалыптасуына Нидерландыда Т. ван Дусбюрг, Францияда ЛеКорбюзье, Ресейде К.С. Малевич, Германияда В.Гропиус насихаттаған теориялар негіз болды. Рационализмнің дәуірлеген кезеңі — 20 ғ-дың 20 — 50-жылдары. Бұл бағытты насихаттаушылар заманауи архитектурасының халықар. конгресін құрды. Олардың жалпы архит. пайымдаулары негізінде халықар. стиль (Л.Мис ван дер Роэ, т.б. шығарм.) дүниеге келді. Рационализм өкілдері ден қойған архит. пайымдаудағы өріссіздік пен әлеум.-реформистік утопизм оны 20 ғ-дың 50-жылдарының соңына таман тоқырауға әкеліп соқтырды.
Философияда— болмыстың, танымның, моральдың негізі ақыл деп санайтын философиялық ілім. Рационализм иррационализм мен сенсуализмге қарсы филос. ағым ретінде 17 — 19 ғ-ларда қалыптасты, негізін салушылар Р.Декарт пен Б.Спиноза. Рационализм орта ғасырдағы діни, теол. көзқарастарға қарсы болып, әлемді жаратушы құдай жоқ, болмыс, табиғат ақыл-оймен танылады деп атеистік идеяны насихаттады. Филос. Рационализмнің туындауы Жаңа дәуірдегі классик. жаратылыстану ғылымының дамуымен сәйкес келеді. Философия ғыл. білімнің, әсіресе, матем. білімнің жалпыға ортақ және қажетті сипаттарын ашуға тырысты. Спиноза сияқты кейбір Рационализм өкілдері философия мәселелерін “геометриялық методты” қолдана отырып баяндады. Рационализмнің гносеол. оптимизміне орай табиғаттың ашылмайтын құпиясы жоқ. Бұл тұрғыдан Рационализм еур. ағартушылықтың маңызды филос. алғышарты болды. 20 ғ-да Рационализмнің жекелеген қағидалары феноменологияда (Э.Гуссерль), француз неорационализмінде(Г.Башляр), сыншыл Рационализмде (К.Поппер) қайта жаңғырды.
ІІ. ІІІ Рационализм мен эмпиризм
Рационализм (лат. ratio – «разум») – болмыс пен танымның негізгі ақыл-ой деп сенетін философиялық бағыт. Рационализм 3 түрге жіктеледі: 1. онтологиялық
2. гносеологиялық
3. этикалық рационализм
Онтологиялық рационализм
Осынысымен рационализм –
Гносеологиялық рационализмнің басты
идеясы – «дүниені танып білетін
бірден-бір құрал-адам ақыл-ойы» деген
тұжырымда. Сондықтан гносеологиялық
рационалистер бір жағынан
Рационалистердің эмпиристерге қарсы қоятын дәлелдері:
1.ақыл сүзгісінен
2.ақыл сезім мен тәжірибенің
қатысынсыз-ақ өздігінен жаңа
білім мен жаңалық бола алады,
ол жаңалықтар кейіннен
«Моральдық – этикалық нормалар
мен тәртіп негізінде ақыл-ой жатыр»
деген түсінік этикалық рационализм
деп аталады. Ежелгі дүние мен
қазіргі заманға дейінгі
ІІ. IV XIX ғасырдың мәдениеті
Жаңа заман мәдениетінде XIX ғасыр мәдениеті ерекше орын алады. «Классика ғасыры» деп аталатын бұл кезеңде буржуазиялық өркениет кемелдену шағына аяқ басумен қатар, тоқырау кезеңін де басынан кешірді. Мұндай әділ бағаның авторлары заманымыздың ұлы ойшылдары: О. Шпенглер, Й. Хейзинга, X. Ортега-и-Гассет және т.б. XIX ғасыр, мәдениеті — бүкіл жаңа заман мәдениетінен рухани нәр алып, көне дәуір мәдениетінің негізінде қалыптасты.
Олар :
Еуропа мәдениетінің тағдырына дәуірдің үш ұлы уақиғасы:
Дәлірек айтқанда, бұл ұлы тарихи уақиғалар еуропалық мәдени бетбұрыстың жүзеге асыру процесін одан әрі жылдамдата түсті. XIX ғасырдың бет-пердесі адамзат тағдырының өзгерістерге ұшырауына тығыз байланысты болды. Өз кезегінде жаңа дүниенің қалыптасуы да негізінен үш факторға байланысты болды. Олар: демократия, тәжірибелік ғылым және индустрияландыру. Екінші және үшінші факторларды бір сөзбен «техника» деп атауға да болады, ал бұл факторлар осыдан екі ғасыр бұрын пайда болды да, XIX ғасырда қоғамдық өмірдің барлық салаларына еркін ене бастады.
Ерекше атап өтетін бір жайт, XX ғасыр етек алған «сауықтық мәдениеттің» алғашқы нышандары дәл осы уақытта біліне бастаған болатын. Өнер туындылары мыңдаған таралыммен жаппай шығарыла бастады. Әрине, өнер туындыларының халық арасына кеңінен тарауы, халықтың жалпы мәдени дәрежесін арттыруға себепкер болатындығын мүлде жоққа шығаруға болмас, бірақ бұл жағдай өнердің дәрежесін төмендетіп, оның құпиялық қасиетін жоюға себепкер болғандығын да естен шығармаған жөн. Сондықтан да болар, осы бір сындарлы тарихи кезеңде халық көңілінен шығар нағыз өнердің қажетті біліне бастады. Өнер — қоғамдық көңіл-күйдің жаршысы болды. Философия тіліне айнала бастаған өнер адамгершілік пен ізғіліктің қайнар бұлағы, адамның жан-дүниесінің айнасы болды. Өнер — мәдениет саласындағы әрбір өзгерісті терең сезініп, дәуір тынысына сай бейімделе білді. Бұл ой-тұжырымдарымызды дәлелдеу үшін, ең бастысы — «өнердің қоғамның соты» рөлін қалай атқарғандығын толық түсіну үшін тағы да XIX ғасыр өнерінің тарихына қысқаша тоқталып өтелік. Бұл ғасырдағы өнердің дамуындағы екі кезеңді ерекше бөліп алып қарастырған жөн сияқты. Бірінші кезең, декаданс («құлдырау» деген мағынаны береді). XIX ғасыр 50 жылдарында бастап бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін созылады. Осы бір «революциялық дәуірдің» әрбір қоғамдық уақиғасы халықтың творчестволық қиялын оятты, өнер саяси-әлеуметтік мазмұнға ие болды. Ұлы француз революциясынан қанаттанып, шабыт алған романтизм өз өрісін кеңейте түсті. Романтикалық өнер сол заманның басты идеяларымен байланысты болды. Олардың прогрессивтік идеялары утопиялық социализм идеяларымен де ұштасып жатты. Романтиктер мен утопистердің дәл осындай идеялық бауырластығын қалай түсіндіруге болар екен? Оларды жақындастырған жағдайлар: қоғамдық құрылысты сынау, халық тағдырына ортақтасу, жеңіске жету жолдары мен әдістерінің күңгірттігі және т.б. болды. Тамаша болашақты тіпті болмағанда қиялында жүзеге асыру — романтиктерге тән қасиет екендігін естен шығармаған жөн. Нақты өмір мен қиялдағы өмірді салыстыра қарау да романтикалық өнердің басым жақтарының бірі болды. Романтиктер өздері өмір сүрген қоғамдысынай отырып, бұл ортадан безіне қашады. Мұндай көңілі толмаушылық қасиет пен болмыстан «қашушылықтың» үш бағыты болды. Біріншісі, табиғат аясына кету, өйткені табиғат адамның көңіл-күй күйзелістерінің емшісі, еркіндік пен ізгіліктің идеалы болып есептеледі. Сондықтан да болар романтиктер қалаларды өткір сынға алып, қарапайым ауыл адамдарын ерекше дәріптеп, олардың рухани байлығын паш ететін халықтық фольклорды жоғары бағалады. Бұрыннан белгілі экзотикалық елдермен қатар, ұлы географиялық ашылымдар барысында ғана белгілі болған елдердің әсем табиғаты — олардың өнер туындыларының басты тақырыптарының біріне айналды. (Байронның поэзиясындағы, Делакруадың суреттеріндегі шығыс тақырыптары және т.б.). Ал нақты өмір көріністері болмаған жағдайда романтиктер өздерінің таңғажайып қиялдарына еркіндік берді, оған Гофманның, Гейненің, Вагнердің фантастикалық шығармалары жатады.