Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2012 в 13:19, реферат
Өмірі туралы мәліметтер аз сақталған. Файласуфи (философия), риезиет (математика), тиббий (медицина), фэлэкиат (астрономия), нужум (астрология), өнертану, әдебиеттану, тіл білімі, тағы басқа ғылым салаларының дамуына зор үлес қосқан. Жүсіп Баласағұнидің есімі әлемдік әдебиет пен мәдениет тарихында "Құтадғу білік" ("Құтты білік") дастаны арқылы қалды. Жүсіп Баласағұни бұл дастанын хижра есебімен 462 жылы, қазірғі жыл санау бойынша 1070 жылда жазып бітірген. Дастанды "хандардың ханы" - Қарахандар әулеті мемлекетінің (942 - 1210) негізін салушы Сүлеймен Арслан ханға (908 - 955) тарту етеді. Сол үшін хан өз жарлығымен Жүсіп Баласағұниға "хас хажиб" - "бас уәзір" немесе "ұлы кеңесші" деген лауазым берген.
1 Өмірбаяны
2 Құтты білік дастаны
3 Ой өсиеті
4 Пайдаланған әдебиет
Орта ғасырлық мұсылмандық ренессанс құбылысы Ислам дүниесінің адамзат мәдениетіне, ғылымы мен біліміне қосқан зор үлес болып табылады. Орта ғасырдағы мұсылман өркениетінің философия, медицина, астрономия және т.б. ғылым салаларында жеткен жетістіктері адамзат үшін үлгі-өнеге болды. Ал қазіргі кезде Ислам әлемі елдерінің дамыған Батыс еуропалық елдерден техника және жаңа технологиялар жасау тұрғысынан артта қалуы қынжылатын жағдай. Ислам әлемі мен Батыстың арасындағы қоғам мен адам дамуының көрсеткіштері арасындағы айырмашылық, бұл Ислам елдерінің ғылым-білімге жеткілікті көңіл аудармауынан туындап отыр. Ислам әлемі елдері бұрынғы жеткен жетістіктерін мақтаныш тұтумен шектеліп, заманауи ғылыми жетістіктерге қол жеткізіп және жаңалықтар ашуда дамыған елдерден кенже қалып отырғаны рас. Ғылым мен білім «Құтты білікте» адамзат үшін өте қажетті құндылық ретінде дәріптеледі. Сондықтан да ойшыл қоғамда білім мен ғылымды дамыту арқылы адамды тәрбиелеуге шақырады. Ойшыл үшін білім – өмірлік мұрат, сәулелі шамшырақ. Білім нұрын қоғамдағы барлық топтарға түсіру және қоғам мен адамның жетіліп, кемелденуіне кедергі келтіретін зиянды дерттерді білім игеру ақылы жеңу ойшылдың арман-аңсары. Білім мен парасат алдындағы кедергілерді жеңу қоғам мен басшы алдындағы негізгі міндет деп көрсетед