Кәсіпкерлік қызмет (ұғымы, нысандары және түрлері)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 08:21, реферат

Описание

Кәсіпкерлік адам қызметі салаларының бірі болып табылады, ал кәсіпкерлік қызмет – бұл кәсіпкерлікті ұйымдастыру және іс жүзіне асыру бойынша орындалатын әрекеттер жиынтығы. Кәсіпкерліктің өркендеуінің алғышарты болып тауар-ақша қатынастары, ел және аймақ экономикасының орнықты дамуының экономикалық заңдылықтарын жанама түрге айналдыратын объективті экономикалық заңдар саналады.

Работа состоит из  1 файл

Кәсіпкерлік құқық.docx

— 27.46 Кб (Скачать документ)

2-тақырып. Кәсіпкерлік  қызмет   (ұғымы, нысандары және  түрлері)

1. Кәсіпкерлік  қызмет ұғымы және белгілері.

Кәсіпкерлік адам қызметі  салаларының бірі болып табылады, ал кәсіпкерлік қызмет – бұл кәсіпкерлікті  ұйымдастыру және іс жүзіне асыру  бойынша орындалатын әрекеттер  жиынтығы. Кәсіпкерліктің өркендеуінің алғышарты болып тауар-ақша қатынастары, ел және аймақ экономикасының орнықты  дамуының экономикалық заңдылықтарын  жанама түрге айналдыратын объективті экономикалық заңдар саналады.

Кәсіпкерлік қызмет – бұл  шаруашылық қызметінің кәсіпкерлік  қызмет субъектісінің пайда (табыс) табуға бағытталған өз бетінше  жүргізетін бастамашылық қызметі болып табылатын түрі. Өз кезегінде, шаруашылық қызмет – ол тауарлар өндіру, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету бойынша мемлекеттік билік және басқару органдары, сонымен қатар шаруашылық жүргізуші субъектілер тағайындалған ережелерге сай жүзеге асырылатын экономикалық қызмет түрлерінің бірі. Экономикалық қызмет – бұл өндірісті, сауда-саттықты, көлік, қызметтер, тұрмыстық қызмет көрсету және т.б. ұйымдастыруға бағытталған экономика саласындағы кез келген қызмет. Экономикалық қызмет өндірісті, бөлуді, айырбастауды және тұтынуды қосқандағы материалдық және рухани игіліктер үдерісінен көрініс табады.

Егер осы ұғымдарды  салыстыратын болсақ, онда төмендегіні  айқындауға болады: кәсіпкерлік қызмет – кәсіпкерлік тәуекелге негізделген  және жүйелі түрде пайда (табыс) табуға бағытталған шаруашылық қызмет.

ҚР заңдарында «кәсіпкерлік қызмет» түсінігінің орнына «кәсіпкерлік»  деген термин енгізілген. Сөйтіп, «жеке  кәсіпкерлік» деп жеке кәсіпкерлік  субъектілерінің табыс табуға бағытталған, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің  өздерінің меншігіне негізделген  және олардың тәуекелдері мен  мүліктік жауапкершілігі үшін жеке кәсіпкерлік  субъектілері атынан жүзеге асырылатын бастамашылық қызметін айтамыз. (1 б. 5 т.). Сондықтан заң шығарушы жеке кәсіпкерліктің белгілері ретінде мыналарды:

    1. Бастамашылығы мен дербестігі;
    2. Табыс табу;
    3. Меншіктің болуы;
    4. Кәсіпкердің тәуекелі;
    5. Кәсіпкердің дербес мүліктік жауапкершілігі.

Бастамашылығы мен дербестігі: кәсіпкердің жұмыс бағыттары мен әдістерін таңдау еркіндігі, шешімдерді тәуелсіз қабылдауы, әлдекімдердің жеке істерге жосықсыз араласуына жол бермеуі, құқықтарын кедергісіз жүзеге асыруы, олардың сақталуын, сот арқылы қорғалуын қамтамасыз етуі дегенді білдіреді.

Меншіктің болуы: кәсіпкердің өз қызметін жүзеге асыруының негізі болып табылады. ҚР Конс-ң 26 б. 4 т. сәйкес, кез келген адам өзінің мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін пайдалануға құқылы.

2. Кәсіпкерліктің  нысандары мен түрлері.

Жеке және мемлекеттік  кәсіпкерлік ҚР ғы кәсіпкерліктің негізгі  нысандары болып табылады. ҚР АК меншік түріне қарай жеке және мемлекеттік  кәсіпкерлік аражігін ажыратып көрсетеді  – жеке кәсіпкерлік жеке меншікке, ал мемлекеттік меншік мемлекеттік  кәсіпорынды шаруашылықпен басқару  құқығына негізделген (ҚР АК 10 б.1 т.). Мемлекеттік  кәсіпкерлік деп мемлекеттің  өзінің кәсіпкерлік қызметін емес, а шаруашылық жүргізу құқығы бар  мемлекеттік кәсіпорындар іске асыратын кәсіпкерлікті түсіну керек. Мемлекеттік  кәсіпкерлік қызмет субъектісі бола алады және екі қасиетте: кәсіпкерлік  қатынастарды реттеуші (сатылас қатынастар) және кәсіпкерлік қатынастардың  жай қатысушысы (деңгейлес қатынастар) ретінде әрекет етуі мүмкін. Соңғы  жағдайда дәл сол мемлекеттік  кәсіпкерлік туралы сөз болып  отыр. Демек, мемлекеттік кәсіпкерліктің негізгі ұйымдық-құқықтық нысаны мемлекеттік  кәсіпорын болып табылады.

Сонымен бірге шаруашылық жүргізу құқығы бар кәсіпорындар ғана құра алатын еншілес кәсіпорындар да кәсіпкерлік катынастардың қатысушысы бола алады («Мемлекеттік кәсіпорындар туралы» ҚР Заңы 46 б. 19.06.95).

Сонымен қатар мемлекеттік  кәсіпкерліктің ерекше ұйымдық құқықтық нысаны болып ұлттық компаниялар  және ұлттық холдингтер әрекет етеді.

Кәсіпкерлік қызметті тек  коммерциялық заңды тұлғалар ғана емес, сонымен қатар коммерциялық емес ұйымдар (мемлекеттік мекемелер) да жүзеге асыра алады.

Жеке кәсіпкерлікті екі  негізгі түрге – заңды тұлғалардың  жеке кәсіпкерлігі (мемлекеттік емес заңды тұлғалардың кәсіпкерлігі) және жеке тұлғалардың заңды тұлға  құрмаған кәсіпкерлігі (жеке кәсіпкерлігі) деп бөлуге болады.

Жеке кәсіпкерлік түрлеріне  дара және бірлескен кәсіпкерлік  жатады. Дара кәсіпкерлікпен меншік құқығымен өзіне тән мүлік негізінде, сонымен бірге мүлікті пайдалануға және билік етуге басқадай құқығы бар бір жеке тұлға айналысады (7 б. 2 т.).

Бірлескен кәсіпкерлікпен оларға ортақ меншік құқығымен берілген мүлік негізінде және мүлікті ортақ пайдалануға және билік етуге басқадай құқығы бар жеке тұлғалар тобы айналысады.

Бірлескен кәсіпкерлік  нысандарына:

  • ерлі зайыптылардың кәсіпкерлігі;
  • шаруа (фермер) қожалығының ортақ бірлескен меншігі негізінде жүзеге асырылатын отбасылық кәсіпкерлік;
  • ортақ үлестік меншік негізінде жүргізілетін жай серіктестік.

Жеке кәсіпкерлікті үш түрге саралауға болады:

    1. Шағын кәсіпкерлік;
    2. Орташа кәсіпкерлік;
    3. Ірі кәсіпкерлік.

Бұл әлемнің барлық дамыған  елдерінде қолданылатын жалпы танымал  бөлу.

3. Жеке кәсіпкерлікті  мемлекеттік қолдау.

ҚР жеке кәсіпкерлікті  мемлекеттік қолдау мына бағыттарда жүргізілуде:

  • кәсіпкерлікке қатысты сұрақтарды реттейтін заңнаманы жетілдіру;
  • кәсіпкерлікті қолдау орталықтарын құру және дамыту, бизнес-инкубаторлар, технологиялық парктер, индустриалды аймақтар және осы сияқты басқа да кәсіпкерлік объектілерін құру;
  • бюджет есебінен кәсіпкерлік қызмет субъектілер қызметін оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету.

Жеке кәсіпкерлікті  мемлекеттік қолдау және дамыту нысандары:

    1. мемлекеттік органдардың жанынан жеке кәсіпкерлік проблемаларын зерделеу және оны дамыту ұсыныстарын әзірлеу жөніндегі ғылыми-зерттеу институттарын құру;
    2. орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың жанындағы сарапшылық кеңестердің қызметін ұйымдастыру;
    3. жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың қаржы институттарын құру;
    4. бизнес-инкубаторлардың және индустриялық аймақтардың қызметін ұйымдастыру;
    5. жер учаскелерін, ғимараттарды, үй-жайларды сату не тұрғын үй-жайларды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тұрғын емес үй-жайға ауыстыру жолымен жүзеге асырылады

 

3-тақырып.    Кәсіпкерлік қызмет субъектілері

  1. Кәсіпкерлік қызмет субъектілері ұғымы

Кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып коммерциялық ұйымдар (меншік түріне қарамай, оның ішінде мемлекеттік  кәсіпорындар, мемлекеттік емес заңды  тұлғалар да) және кәсіпкерлік қызметпен  айналысатын жеке тұлғалар (жеке кәсіпкерлер) саналады. Кәсіпкерлік қызметтің  басқа қатысушылары қатарына: кәсіпкерлікпен айналысатын коммерциялық емес ұйымдарды; кәсіпкерлік қызметпен тіркеусіз  айналысатын азаматтарды, коммерциялық ұйымдардың (оның ішінде шетелдік те) филиалдары мен өкілліктерін, кәсіпкерлер бірлестіктерін – холдингтерді, қаржылық-өнеркәсіптік топтарды, консорциумдарды (жай серіктестіктерді) және заңды тұлға құрмаған басқа  да бірлестіктерді жатқызуға болады.

Кәсіпкер дегеніміз –  ол кәсіпкерлік қызметті заңмен немесе келісім шартпен белгіленген  тәртіпте тұрақты негізде жүзеге асыратын тұлға.

Экономикалық қатынастардың  қандай да бір қатысушысын кәсіпкер деп тану үшін, ол белгілі бір  талаптарға: 1) оқшауландырылған (дара) мүлкінің болуы; 2) кәсіпкерлік құқықтары  мен міндеттерінің (шаруашылық құзырының) болуы; дербес мүліктік жауапкершілік; кәсіпкелік қызмет субъектісі ретінде мемлекеттік тіркелуі сияқты белгілерге сай болуға тиіс.

Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін субъектінің оқшауланған  мүлкі болуға тиіс, өйткені кәсіпкерлік  қызмет белгілі бір мақсаттарға  жету үшін мүлікті пайдалануға тікелей  байланысты. Мұндай оқшауланудың негізгі  формалары болып жеке меншік құқығы және шаруашылық жүргізу құқығы саналады (сонымен бірге тікелей басқару  құқығы және жалдау құқығы және т.б. формалары  да болуы мүмкін).

Кәсіпкерлік қызмет субъектісіне заңға немесе келісім-шартқа сәйкес берілген құзыреттер жинала келе, оның шаруашылық құзыретін құрайды. Әдетте, шаруашылық құзыреттің мынадай түрлері  ажыратылады: 1) жалпы құзырет (соған сәйкес субъект кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қажетті субъективтік құқықтар мен заңдық міндеттерге ие болады, яғни жалпы құзырет жеке кәсіпкерлік субъектілеріне беріледі); 2) арнайы құзырет (құрылтайшылық құжаттарда айқындалады және заңмен белгіленген нақты субъект (мысалы, коммерциялық емес ұйым) қызметтің мақсаттарына сай болуға тиіс); 3) шектеулі құзырет (жалпы құзыретке ие субъектінің өз қалауы бойынша құрылтайшылық құжаттарда айқындалады); 4) дара шаруашылық құзырет (қызметтің басқа түрлерімен айналыса алмайтын кәсіпкерлік қызметтің жекелеген субъектілеріне, мысалы, табиғи монополиялар субъектілеріне, банктерге және т.б. қатысты заң белгілейді).

Азаматтық заңдар кәсіпкердің  жоғары жауапкершілігін белгілеген, ол кінәсінің бар – жоғына қарамастан, кәсіпкердің міндеттемелерін орындамағаны немесе қанағаттанғысыз дәрежеде орындағаны үшін мүліктік жауапты екендігінен  көрінеді. ҚР АК 359–бабының 1 тармағына  сәйкес, кәсіпкерді жауапкершіліктен босататын жалғыз негіз форс-мажорлық (төтенше) жағдайлар немесе шама жетпейтін  күш жағдайлары (табиғи апаттары, әскери қимылдар және т.б.) болып табылады. Мұндай жағдайларға, мысалы, нарықта  тауарлардың, жұмыстардың немесе атқаратын  қызметтердің болмауы жатқызылмайды.

Мемлекеттік тіркеу нәтижесінде субъект кәсіпкер мәртебесін иеленеді және толық көлемде өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, жеңілдіктер мен артықшылықтар алу мүмкіндігіне ие болады. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеудің жалпы негіздері мен тәртібі ҚР Азаматтық кодексі және 1995ж. сәуірдің 17-сіндегі № 2198-ші «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» ҚР Заңы арқылы реттеледі. Арнайы ережелер «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңмен көзделген (6 тарау).

Сөйтіп, бір немесе басқа  қатысушыны кәсіпкерлік қызмет субъектісі деп тану үшін, барлық жоғарыда аталған  белгілердің болуы міндетті.

2. Кәсіпкерлік  қызмет субъектілерінің құқықтары  мен міндеттері.

Жеке кәсіпкерлік субъектілері мынадай құқықтарға ие:

  • ҚР заңдарын сақтай отырып, жеке кәсіпкерлікті бөтеннің еңбегін жалдау арқылы жүзеге асыруға;
  • ҚР заңдарында көзделген тәртіпте филиалдар мен өкілдіктер ашуға;
  • өндіретін тауарларға (қызмет, жұмыстарға) дербес өзі баға қоюға;
  • Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне ақылы негізде несие беруге;
  • өз құқыққабілеттілігі шегінде сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыруға;
  • Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестігін құруға;
  • Сараптамалық кеңес жұмысына қатысуға;
  • Құқық қорғау және мемлекеттік органдарға жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқығының бұзылуына кінәлі тұлғаларды жауапқа тарту туралы өтінішпен жүгінуге;
  • өз құқықтары мен заңи мүдделерін қорғау үшін сот органдарына жүгінуге;
  • жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғауға қатысты нормативтік құқықтық актілер ережелерінің жұмыс істемеуіне тосқауыл болып отырған себептерді алып тастау туралы ұсыныстармен мемлекеттік органдарға шығуға.

Сонымен қатар жеке кәсіпкерлік  субъектілеріне мынандай міндеттер  жүктеледі:

  • Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын, жеке не заңды тұлғалардың құқықтары мен заңи мүдделерін сақтауға;
  • өндіретін өнімдері Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келуін қамтамасыз ету;
  • лицензиялауды талап ететін жеке кәсіпкерлік қызмет түрлерін жүзеге асыруға лицензия алу;
  • Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес міндетті азаматтық-құқықтық сақтандыруды жүзеге асыру.

3. Кәсіпкерлік  қызмет субъектілерінің түрлері.

Кәсіпкерлік субъектілерін  жіктеу әртүрлі негіздер бойынша  жүргізулуі мүмкін. Біріншіден, соның неігізінде құрылған және жұмыс істейтін меншік түріне байланысты мемлекеттік және жеке ұйымдарды бөлуге болады. Екіншіден, кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің заңды тұлға құқықтарының болуы немесе болмауына сүйене отырып, оларды мынандай: кәсіпкерлер – заңды тұлғалар немесе жеке кәсіпкерлер деп саралауға болады. Үшіншіден, ұйым пайда (табыс) табу үшін құрылғанына және оны өзара қатысушылар (құрылтайшылар) арасында бөлуіне байланысты коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар деп бөлуге болады.

Информация о работе Кәсіпкерлік қызмет (ұғымы, нысандары және түрлері)