Кәсіпкерлік қызмет (ұғымы, нысандары және түрлері)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 08:21, реферат

Описание

Кәсіпкерлік адам қызметі салаларының бірі болып табылады, ал кәсіпкерлік қызмет – бұл кәсіпкерлікті ұйымдастыру және іс жүзіне асыру бойынша орындалатын әрекеттер жиынтығы. Кәсіпкерліктің өркендеуінің алғышарты болып тауар-ақша қатынастары, ел және аймақ экономикасының орнықты дамуының экономикалық заңдылықтарын жанама түрге айналдыратын объективті экономикалық заңдар саналады.

Работа состоит из  1 файл

Кәсіпкерлік құқық.docx

— 27.46 Кб (Скачать документ)

Бөлудің басқа негізі ретінде  жүзеге асырылып жатқан кәсіпкерлік  қызметтің  «Жеке кәсіпкерлік  туралы» Заңмен белгіленген сандық және сапалық көрсеткіштері алынуы мүмкін және соларға сәйкес жеке кәсіпкерлік  субъектілері: 1) шағын кәсіпкерлік субъектілері; 2) орта кәсіпкерлік субъектілері; 3) ірі кәсіпкерлік субъектілері деп топқа бөлінген.

Заңды тұлға құрмаған, жұмыскерлерінің  жылдық орташа саны елу адамнан аспайтын дара кәсіпкерлер және кәсіпкерлік  қызметті жүзеге асыратын, жұмыскерлерінің  жылдық орташа саны елу адамнан аспайтын және жыл бойғы активтерінің орташа жылдық құны тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда  белгіленген алпыс мың еселенген  айлық есептік көрсеткіштен аспайтын заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.

 Мыналарды:

  • есірткі заттарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымымен байланысты қызметті;
  • акцизделетін өнімді өндіруді және (немесе) көтерме сатуды;
  • астық қабылдау пункттерінде астық сақтау жөніндегі қызметті;
  • лотереялар өткізуді;
  • ойын және шоу-бизнес саласындағы қызметті;
  • сертификаттау, метрология және сапаны басқару саласындағы қызметті;
  • мұнай, мұнай өнімдерін, газ, электр және жылу энергиясын өндіру, қайта өңдеу және сату жөніндегі қызметті;
  • радиоактивті материалдардың айналымымен байланысты қызметті;
  • банк қызметін (не банк операцияларының жекелеген түрлерін) және сақтандыру нарығындағы қызметті (сақтандыру агентінің қызметінен басқа);
  • аудиторлық қызметті;
  • бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік субъектілері болып таныла алмайды.

Заңды тұлға құрмаған, жұмыскерлерінің  жылдық орташа саны елу адамнан астам  дара кәсіпкерлер және жеке кәсіпкерлікті  жүзеге асыратын, жұмыскерлерінің жылдық орташа саны елуден астам, бірақ екі  жүз елу адамнан аспайтын және жыл бойғы активтердің орташа жылдық құны тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда  белгіленген үш жүз жиырма бес  мың еселенген айлық есептік  көрсеткіштен аспайтын заңды тұлғалар орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.

8. Жеке кәсіпкерлікті  жүзеге асыратын, жұмыскерлерінің  жылдық орташа саны екі жүз  елу адамнан артық немесе жыл  бойғы активтердің жалпы құны  тиісті қаржы жылына арналған  республикалық бюджет туралы  заңда белгіленген үш жүз жиырма  бес мың еселенген айлық есептік  көрсеткіштен асатын заңды тұлғалар ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.

 

4 тақырып.  Кәсіпкерлік қызмет субъектілерін құру, қайта құру және тарату

1. Кәсіпкерлік қызмет субъектілерін құру тәртібі.

Кәсіпкерлік қызмет субъектісін  құру үшін, мүлік иеленушінің оның құрылтайшысы ретінде саналы жігерлі  қызметі қажет. Егер заң жеке кәсіпкерге қатысты тек бір ғана құрылу тәсілін  белгілесе, ал заңды тұлғаларға қатысты  мұндай тәсілдер үшеу:

өкімдік – мемлекеттік  билік немесе басқару органының  тікелей бұйыруы, өкім беруі жолымен  құрылады;

рұқсат беру – заңды  тұлғалар өздерінің құрылтайшыларының  бастамашылығымен, бірақ тиісті мемлекеттік  мекемелердің рұқсат беруімен құрылады;

алдын ала шешу (тіркеу) –  заңды тұлғаны мұндай жолмен құру үшін мемлекеттік органның рұқсаты  талап етілмейді (екі шарттың  болуы қажет: 1) мұндай заңды тұлға  құру тәртібі заңда алдын ала  көзделуге тиіс; 2) заңды тұлға  мүшелерінің тиісті заң актісі талаптарына  жауап беретін ұйымға бірігу туралы жалпы жиналысының шешімі болуы  керек).

Заңды тұлғаның заңдық қабілеті ол кез келген заңды тұлға үшін міндетті саналатын мемлекеттік  тіркеуден өткен сәттен бастап пайда  болады.

Жеке кәсіпкерлік туралы заңмен жеке кәсіпкерлік субъектілерін  заңды және жеке тұлғаларды мемлекеттік  тіркеудің әртүрлі тәсілдері  белгіленген. Жеке кәсіпкерлік субъектілерін  заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу заңына сәйкес (17.04.1995 ж. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» ҚР Заңы) жүргізіледі. Заңды тұлғаларды мемлекеттік  тіркеу мемлекеттік тіркеуге ұсынылған  құрылтайшылық және басқадай құжаттардың  ҚР заң актілеріне сәйкестігін тексеруді, тіркеу нөмірін белгілей отырып, оларға мемлекеттік тіркелгені туралы куәлік беруді, филиалдар мен өкілдіктер туралы мәліметтерді филиалдар мен  өкілдіктер тізбесіне енгізуді қамтиды.

Жеке кәсіпкерлік субъектілері – жеке тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді, айтатын болсақ, оларды тіркеу тәртібі  жеке кәсіпкерлік туралы заң нормаларына  сәйкес анықталады. «Жеке кәсіпкерлік  туралы» ҚР Заңының 27 б. 1 т. сәйкес, жеке кәсіпкерлікті заңды тұлға құрмай жүзеге асыратын жеке тұлғаларды мемлекеттік  тіркеу алдын ала шешілген сипатта  болады және оны жеке кәсіпкер ретінде  мемлекеттік тіркелгенде көрсетілген  тұрғылықты мекенжайы бойынша аумақтық салық органында есепке алудан тұрады.

Жеке кәсіпкерді мемлекеттік  тіркеу туралы куәлік шектеусіз мерзімге беріледі. Мемлекеттік тіркеу үшін, жеке кәсіпкер тіркеуші органға:

Тіркеуші орган белгілеген үлгі бойынша арыз;

Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік  тіркеу үшін бюджетке төленетін соманың  төленгенін растайтын құжат;

Тұпнұсқасын көрсете отырып, жеке тұлға екендігін куәландыратын  құжаттың көшірмесі;

3,5х4,5 көлеміндегі сурет;

Жеке кәсіпкердің тұрғылықты жерін растайтын құжат.

Тіркеуші орган жеке кәсіпкерден  басқадай құжаттар тапсыруды талап  етуге құқылы емес және жоғарыда көрсетілген  құжаттар тапсырылғаннан кейін үш күннен кешіктірмей, жеке кәсіпкерді мемлекеттік  тіркелуге алуға тиіс.

 

 

 

 

 


Информация о работе Кәсіпкерлік қызмет (ұғымы, нысандары және түрлері)