Кәсіпкерліктің жалпы мәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 23:56, курсовая работа

Описание

Кәсіпкер-бұл нарық экономикасының белсеңді субъекті. Оның жаңа тауарлар жасау және пайда табу мақсатымен өндіріс ресурстары мен факторларының жаңа комбинациясын жасауға қажетті барлық мүмкіндігі болады. Кәсіпкер болжамсыз жағдайда тәуекелдікпен іс-әрекет жасайтын және өз еркімен қабылданған шешімдерге жауап беретін адам.
Қазақстан Республикасы 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін кәсіпкерлік белсенділікті қолдауға байланысты бірқатар заңдар қабылданды. Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуына «Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы мен шаруашылық қызметтің еркіндігі туралы» (1991), «Жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау туралы» (1992)заңы сияқты заңдар түрткі болды.1994 жылдың басында-ақ жеке кәсіпорындар саны 15,7 мыңды құрады және жалпы жұмыспен қамтылды. Кәсіпкерлік негізгі үш саласының ішінен бірінші орынға өндіріс те емес, тұтынушылар мен тауар өндірушілер арасындағы делдалдық та емес, сауда шықты. Қазіргі жағдайдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі бірлесе отырып, жеке кәспкерлерді қосқанда шағын кәспікерлік кәсіпорындарына мемлекеттік банктер мен екінші деңгейделі банктерде мемлекеттің қатысуымен ақысыз шоттардың ашылуын қамтамасыз ететін сәйкес шешімдер мен шаралар қабылдауды көздеп отыр.

Содержание

Кіріспе . . . . . . .. . . . . . . . . .. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3
I Кәсіпкерліктің жалпы мәні
1.1.Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың жалпы формалары . . . . . . . . . 5
1.2. Кәсіпкерліктің түрлері мен формалары . . . . . . . . . . . . . . . . . . 8
1.3. Факторлары мен модельдері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 12
II Қазақстан экономикадағы кәсіпкерлік
2.1. Қазақстандағы кәіпкерліктің пайда болуы және дамуы . . . . . 15
2.2. Қазақстандағы кәсіпкерліктің өзекті мәселелері . . . . . . . . . . 18
III Қазақстандағы кәсіпкерлікті жетілдіру жолдары . . . . . . . . . . . . . 22
Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . .. . . . . . .. . . .. . . . . . 27
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . . . . . . . . . . . . .. . .. . . . ... . . . . 29
Қосымшалар

Работа состоит из  1 файл

Кәсіпкерліктің жалпы мәні 28 бет.doc

— 133.50 Кб (Скачать документ)

 Кәсіпкерлікте  тұлға және нысанын бөліп қарайды.

   Кәсіпкерліктің  тұлғалары (субьектілері) жеке тұлғалар, әр түрлі ассоциялар (акционерлік қоғамдар, арендалық ұжым, кооперативтері және мемлекет) бола алады.

  Кәсіпкерлік нысандары (обьектілері) шаруашылық қызметтің кез келген түрлері, коомерциялық делдалдық, сату-сатып алу, инновациялық, кеңес беру қызметтері, бағалы қағаздармен операциялар бола алады.

   Қызмет  мазмұнына қарай кәсіпкерлік  мынадай түрлерге бөлінеді.

Өндірістік кәсіпкерлік – тауарлар, қызметтер, ақпараттар, рухани құндылықтар өндіретін кәсіпкерлік. Кәсіпкерліктің бұл түрінде өндіріс функциясы негізгі болып табылады.

Коммерциялық  кәсіпкерлік тауарлар мен қызметтері қайта сату бойынша мен операциялар құрамында енеді және өнім өндірісімен байланыспайды.     Кәсіпкер пайдасы тауарды сатып алу бағасынан жоғары бағаға сату арқылы жасаланады.   Егер бұл операциялар заң шегінде болса, алыпсатарлық болып есептелмейді.

Қаржылық  кәсіпкерлік – коммерциялық кәсіпкерліктің бір түрі болып табылады, сату-сатып алудың обьектісі ақша, валюта, бағалы қағаздар болып табылады.

Делдалдық кәсіпкерлік бір мәмілеге өзара мүдделі жақтардың басын қосатын қызметті көрінеді. Бұндай қызметті көрсеткені үшін кәсіпкер табыс алады.

Сақтандыру кәсіпкерлігі – кәсіпкер сақтандырған оқиға болған кезде ғана қайтарылатын сақтандыру жарнасын алып отыратын қаржы кәсіпкерлігінің ерекше формасы. Жарналардың қалған бөлігі кәсіпкерлік табысты құрайды.

   Кәсіпкерлікті  экономикалық формалардағы қызметіне қолға теп беру өзгешелігі, кәсіпкер барлық жұмыстарды қолға алады, ал тұтынушы оған бүгіннен бастап ақша төлеуге дайын.

   Кәсіпкер  тауарлар өндіреді, содан соң  оларды сатады. Осыған орай, кәсіпкерлік  өндірістік, коммерциялық және қаржылық  болып бөлінеді. Осылардың әрбір формасы өзіндік ерекшілігі, өзгешілігі, демек өзіндік технологиясы болады.

   Кәсіпкерліктің  түрлері: өндірістік, коммерциялық қаржылық,кеңес берушілік.

   Өндірістік: жаңартпашылық, ғылыми-техникалық, тауар өндіру, қызмет көрсету, өндірістік қызметті тұтыну, ақпараттық.

   Коммерциялық: саудалық, сауда-көтерме сатып алу, сауда делдалдық, тауар биржалары.

   Қаржылық: банкілік, сақтандырулық, аудиторлық, лизингілік биржа қорлары.

   Кеңес  берушілік: жалпы басқару, әкімшілік жолмен басқару,қаржылық басқару, кадрларды басқару, маркетинг, өндіріс, ақпараттық технология, арнайы қызметтер.

  Өндірістік кәсіпкерлікке – тұтынушылардың кейіннен сатып алуына тиісті өнім өндіру, жұмыстар жүргізу және қызмет көрсету, жинау, өндеу және ақпарат беру,рухани құндылық жасау тағы тағыларға бағытталған қызметтер жатады.

  Өндірістік  кәсіпкерліктің мүдделік өрісі  түрліне және оны іске асыру  үшін қаржылық және материалдық  ресурстарға, ал кейде олар  көп мөлшерде қажет болады. Өндірістік  кәсіпкерлік қызщметтінің нәтижесі мол өнім өндіру және сату мүмкіндігі болып табылады.

    Коммерциялық кәсіпкерлікке – қызмет түрін сипаттайтын оның мазмұнының мәнін айқындайтын тауар-ақша қатынастары, тауар-айырбастау операциялары жатады. Мұның өндірістік кәсіпкерліктен айырмашылығы – мұнда өнім өндіруге ету қажеттіліг тумайды.

Технологияның бастапқы сатысы ретінде, не сатып алу, нені қайта сату және қай жерде  екенін таңдай білу қажет. Бұл өткізубағасы жағдайында көтерме сатып алу  бағасы елеулі жоғары болуы керек  екніне сүйену қажет.

    Қаржылық кәсіпкерлік – коммерциялық кәсіпкерліктің бір түрі, солай      болғандықтан оның сатып алу, сату обьектісі айрықшалығы – тауар болып есептеледі: ақшалар, валюта , құнды қағаздар (акциялар, облигациялар, вексельдер, кепідіктер және т.б.). яғни бірдей ақшаларды сату тікелей немесе жаңама формада жүргізіледі. Солай болғандықтан қаржылық кәсіпкерлік – бұл коммерцияның бір түрі, ондақаржылық кәсіпкерінің технологиялық мәмілесі коммерциялық технология мәмілесімен ұқсас болады, айырмасы тек тауар- қаржы активі саналады. Коммерциялық кәсіпкерліктің бір түрі, солай болғандықтан оның сатып алу, сату обьектісі айрықшалығы – тауар болып есептеледі: ақшалар, валюта , құнды қағаздар (акциялар, облигациялар, вексельдер, кепідіктер және т.б.). яғни бірдей ақшаларды сату тікелей немесе жаңама формада жүргізіледі. Солай болғандықтан қаржылық кәсіпкерлік – бұл коммерцияның бір түрі, ондақаржылық кәсіпкерінің технологиялық мәмілесі коммерциялық технология мәмілесімен ұқсас болады, айырмасы тек тауар- қаржы активі саналады.

Мемлекеттік кәсіпкерлік әдетте тұрақты және капитал сыйымдылығы жоғары,- себебі, үкіметтң қаржылық және ұйымдастырушылық жағынан қамқорлығында. Сонда да, жеке сектор мемлекеттік қарағанда бірқатар артықшылықтарға ие:

- түсімділігі  жоғары қызмет сфераның таңдауға еркін.

- бизнес  көлемі шектелмеген.

- қатаң  бағамен шектелмейді..

Кәсіпкерлікте үш түрді бөліп алады:

    • жеке тұлғалар,
    • серіктестік,
    • корпорация (акционерлік қоғам).

Жеке  кәсіпкерлік деп бір адам ғана айналысатын бизнесті айтады. Оның жауапкершлігі шектелмеген және оның капиталы көп емес – жеке кәсіпкерліктің кемшіліктері осында.

Оның артықшылықтары: әр меншік иесі өзпайдасына өзі ие, кез келген өзгерісті өзі жасай  алады. Олтек табыс салығын төлейді  және корпорация үшін бекітіледі салықтан босатылған.

Бұл үсақ дүкендерге, қызмет көрсету саласындағы кәсіпорындарға, фирмаларға, сондай – ақ юристердің, дәрігерлердің т.б. кәсіби қызметіне  тән бизнестің кең тараған  формасы.

   Кәсіпкерлік  кең тарағанда қоғамның өмірі  нарық экономикасына сәйкес формаларда жүріп отырады. Кәсіпкерлік - бұл коммерциялық табысқа жетуді көздейтін іс-әрекет, ал кәсіпкерлік- кәсіпорнын (фирманы) иемденетін адам, немесе, иемденушінің атынан кәсіпорынның жұмыстарын басқаратын өкілетті менеджер.

  Ірі  өндірісте меншікті иемденуші мен кәсіпкер бір-бірінен ажыратылады. Олардың қызметтерінің бөлінуінің негізінде капитал функциядан капитал меншіктің бөлініп щығуы туады.

  Кәсіпкерлік  шарушылық іс- әрекеттің белгілі  типінен тұрады. Жаңашылық, ресурстарды  тиімді пайдалану, тәуекелдікке бел байлаушылық, технологиялық процестерді қолдап пайдаланудағы икемділік пен тапқырлық – осы және т.б. кәсіпкерлікті сипаттайды.Кәсіпкерлік өндірістік, қамқорлық – делдалдық, сауда-саттық, инновациялық, консультативтік іс-әрекеттерді және құнды қағаздармен жүргізілетін операцияларды қамтиды.

  Нарық  экономикасында шаруашылық жүргізудің  кәсіпкерлік іс-әрекеті тиімді  және белсенді жүріп отыруы  үшін белгілі шарттар қажет:

- еркін  тауар өндірушілердің шаруашылық  әрекеттерінің толық еркіндігінің  болуы;

- меншіктің барлық түрлерінің тең құқықтығы жағдайында, экономикалық әрекеттің нәтижесіне толық жауапкершіліктің болуы;

- игіліктер  мен қызметтер өндірісін ынталандыратын  фактор ретінде өндірушілердің  бәсекелестігінің болуы;

- нарықта  бағаның еркін белгіленуі;

- экономикалының  ашықтығы, оның бүкіләлемдік шарушаылық  жүйесімен интеграцияда болуы,  сыртқы экономикалық операциялар  жүргізуге кәсіпкердің құқы болуы.   

1.3. Кәсіпкерліктің факторлары  мен модельдері 

  Кәсіпкерліктің  барлық түрі табыс алуға бағытталған. Бірақ ол үшін шектеулі ресурстарды қиыстырып пайдалануға үйрену керек.

  Ресурстардың  әр түрлі комбинацияларын жасау  – кәсіпкер қызметтің қажетті  буыны. Олар Шумпетер қөзқарасы  бойынша бес бағытты қамтиды.

  1. Жаңа игілікті жасау немесе ескі игіліктің жаңа сапасын жасау,
  2. Өндірістің жаңа әдісін енгізу;
  3. Жаңа өткізу рыноғына шығу;
  4. Шикізат немесе жартылай фабрикатың жаңа көзін табу;
  5. Өндірісті қайта ұйымдастыруды жүргізу.

Әрбір мерзім аралығында жаңа комбинациялар көрінуі  мүмкін. Кәсіпкерліктің бұл қасиетіне  кәсіпкерлікті өндіріс факторын комбинация жасайтын экономикалық агент ретінде анықтай отырып А. Смиттің тұжырымын толықтырған Ж.Б.Сей назар аударды.

  Кәсіпкерлік  қызмет тек бір ғана меншік  фомасынмен (жеке, ұжымдық, қоғамдық) байланысты емес. Оның әр түрлі  варианттары мен үйлесімдері болуы мүмкін. Бұл кәсіпкерлікпен шұғылдану үшін қолданған капиталдың толық меншік болуы міндет емес деген сөз. Қарыз капиталдың қолдануға болады. Алайда қарыз капиталы пайданың белгілі бір бөлігімен бірге қайтарылады. Сондықтан оны пайдалану кезінде кәсіпкерліктің негізгі белгілерінің бірі.

Тәуекел – жоспар немесе болжауды қарастырылған вариантпен салыстырғанда табыс алмаудың немесе зиян шегудің ықтималдығы. Тәуеклдің бірнеше түрі бар.өндірістік, коммерциялық, қаржылық, несиелік, проценттік.

Тәуекелдің  мүмкін деңгейі осы қызметке қатынасын  адамдардың санына кері тәуекел сақтандыру кәсіпкерлігімен шұғылданатын мекемелерде  сақтандырылады.

Тәуекелді әр түрлі әдістермен өлшеуге болады:

    • статистикалық, мұнда бұрыңғы шығындар статистикасына карап болашаққа болжау жасайды.
    • Эксперттік, мұнда мамандар мен тәжірибелі бизнесмендер көзқарастары зерттеленеді.
    • Есептік талдау математикалық тәсілдерге негізделенеді.

Кәсіпкерліктің  жаңашылдықсыз болуы мүмкін емес. Осыған байланысты кәсіпкерліктің екі моделін қарастырады: классикалық және инновациялық.

Біріншісінің  мәні мынада, бизнеспенөз қызметін қарамағаындағы бар ресурстардан максималды қайтарымды алу есебімен ұйымдастыруға  ұмтылады.

Екінші  модель өзінде бар ресурстарды тарту  және пайдалану мүмкіндігіне бағытталады. Өзінің және сыртқы ресурстарды пайдалана отырып, кәсіпкер өз бизнесті дамуының тиімді варианттарымен щұғылданады.

II Қазақстан экономикасындағы  кәсіпкерлік

2.1. Қазақстандағы кәсіпкерліктің  пайда болуы және  дамуы 

   Кәсіпкерлік  туралы теориялық концепция алғашқы рет 1725-1730 жылдары Ричард Кантиллионның еңбектерінде баяндалды. Кейінгі 250 жыл шегінде кәсіпкерлік теория әртүрлі ғалымдар мен экономистердің еңбектерінде дамытылды да, олар бірте-бірте кәсіпкерлік - бұл адамның тәуекел мен жаңартпаға деген бейімділігі ғана емес, қорыта келгенде жаңа  кәсіпорын құруды білдіретін ұғым деген пікірге келді.

    Алғашқыда кәсіпкерлік термині  тәуекел сөзімен, ал кәсіпкердің  өзі тауарды өндру мен өткізуді  белгілі бір тәуекел мен жауапкершілікті  өз мойынына алатын адаммен байланыстырылады. Мысалы, 1725 жылы Кантиллион кәсіпкерлікті, өз мойнына тәуекеклді алумен байланыстырады,сонымен қатар ол кспитал салушы кәсіпкерлер мен өз еңбегін, ресурстарын қолданушыларды ажыратып отырды. Ол кәсіпкерді өзіне өзі жұмыс істеу қанағаттандырмаса, ол өз ойларын жүзеге асыру жолдарын іздей бастайды, сөйте келе ол кәсіпкерге айналады. Кантиллионның пікірінше, кәсіпкерлердің басты ерекшелігі олардың тұрлаусызжағдайларда жұмыс істеулері.

    Кәсіпкерлік дегеніміз – адамдар мен олар құрған бірлестіктердің ьелсенді, дербес шаруашылық қызметі. Оның көмегімен адамдар тәуекелге бел буып, мүліктік жауапкершілікті сақтай отырып, пайда табу жолын көздейді. Кәсіпкерліктің шығармашылық күш-жігерді жүзеге асыруға, экономикалық және ұйымдастыру ісінде тапқырлыққа, жаңашылдыққа байланысты.

    Кәсіпкерлік- пайда алумен жеке табыс табуға бағытталған, азаматтардың белсеңді, шығармашылық дербес іс-әрекеттері. Кәсіпкерлік экономиканың дамуына үлкен үлес қосады,себебі осы қызметтің арқасында жаңа жұмыс орындары пайда болады, техника және технология дамиды, жаңа өндіріс және қызмет көрсету салалары қалыптасады, жаңа аймақтарды игеру жүзеге асырып, ұлттық кірістің көлемді бөлігі жасаланады. Кәсіпкерлік феномені жер, еңбек және капиталсияқты өндіріс факторларын жұмыс істеуге мәжбүрлейтін қозғаушы күш болып табылады.Бірінші кезекте сөз, кәсіпкердің фирманы құрудағы немесе барлық өндіріс факторларыныңбелсенділігін арттыру арқылы қазіргі кәсіпорынды дамытудағы зор еңбек жөнінідегі болып отыр.Сондықтан, кәсіпкерліктің соңғы уақытта негізгі өндіріс факторларымен бір қатарға қойылып жүргені кездейсоқтық емес.Кәсіпкерлік экономиканың дамуына үлкен үлес қосады,себебі осы қызметтің  арқасында жаңа жұмыс орындары пайда болады, техника және технология дамиды, жаңа өндіріс және қызмет көрсету салалары қалыптасады,жаңа аймақтарды игеру жүзеге асырып,ұлттық кірістің көлемді бөлігі жасаланады.

Информация о работе Кәсіпкерліктің жалпы мәні