Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2011 в 17:54, реферат
Елімізде сақтандыруды дамытудың негізгі мақсаты – мемлекеттің, азаматтардың және шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүддесін қорғаудың нақты құралы бола алатын толыққанды, орнықты жұмыс істейтін ұлттық сақтық рыногын қалыптастыру.

Қазіргі заманғы ұлттық сақтандыру жүйесін құру сақтық қызметі рыногын сапалы жаңа деңгейге көтеру жөнінде шаралар әзірлеуді және кезең кезеңімен іске асыруды талап етеді. Бұл қағида Қазақстан Республикасында сақтандыруды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде жүргізіледі. Онда мынадай міндеттерді шешу көзделінген:
- әлеуметтік сақтандыру түрі ретіндегі сақтық қорғауды ұсынудың қағидаттарын нақтылау;
- сақтандыруды қолдану аясын кеңейту және міндетті сақтандыру түрлерін нақтылау;
- сақтық рыногының қазіргі заманғы инфрақұрылымын қалыптастыру және оның қатысушыларының – сақтық ұйымы, сақтық брокер, сақтық агент, сақтанушы, сақтандырылушы, пайда алушы, өзара сақтандыру қоғамы, сақтандырумен байланысты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын өзге де заңи және жеке тұлғалардың қызметін ұйымдастыру үшін жағдай жасау;
- халықаралық стандарттарды ескере отырып, сақтық қадағалауын жүйесін ұйымдастыру;
- сақтық және қайта сақтандыру ұйымдарының қаржылық орнықтылығы мен төлем қабілеттігі бойынша талаптарды күшейту;
- осы заманғы сақтандыру технологиясын енгізуге жәрдемдесу;
- сақтандыру саласында кадрлар даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесін ұйымдастыру.
Сақтандыруды дамыту, өз кезегінде, заңнамалық базаны, мемлекеттік салық-бюджет және ақша-кредит саясатын жетілдіруге, сақтық қызметін қадағалау сапасы мен сақтық ұйымдары жүмысының сенімділігіне байланысты болады.
Қазақстанның сақтық рыногы қалыптасу стратегиясында тұр: экономикалық және құқықтық негіздемелері бойынша ол дүниежүзілік деңгейден айтарлықтай артта қалып келеді. Дамыған нарықтық қатынастары бар елдерде сақтық қызметтер көрсетудің ассортименті 500 түрге жетіп отыр, ал Қазақстанда ол не бары 40 түрін қамтиды.
Ерекше сақтық қатынастар, сақтық қызметінің рыногын дамыту, азаматтар мен заңды тұлғаларды сақтандыру тұрғысындағы қорғау «Сақтық қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңымен, сақтандыру мәселелері жөніндегі Үкімет қаулыларымен және Ұлттық банктің сақтық қадағалау департамаентінің нормативтік актілерімен реттеліп отырады.
Қазіргі кезде Қазақстанның сақтық рыногы қатысушыларының ассоциациясы құрылған. Ассоциацияның негізгі міндеттері Қазақстан Республикасының сақтық рыногын дамытудың қолайлы жағдайларын жасау және халықтың сақтық мәдениетінің деңгейін арттыру болып табылады.
Соңғы жылдары сақтандырудың отандық рыногында оң тенденциялар байқалуда. 2003 жылы сақтық сыйлықақыларының көлемі 27,1 пайызға көбейіп, 28,9 миллиард теңгені құрады, міндетті сақтандыру бойынша сақтық сыйлықақыларының көлемі 136,4 пайызға (2,8 миллиард теңгеге дейін) өсті. Ерікті мүлікті сақтандыру бойынша ол 18,6 пайызға (23,3 миллиард теңгеге дейін) көбейді. Сақтық төлемақысының көлемі 80 пайызға (4,2 миллиард теңгеге дейін), соның ішінде міндетті сақтандыру бойынша 73,5 пайызға (1,3 миллиард теңгеге дейін) өсті.
Сақтық ұйымдарының жиынтық есептік меншікті капиталы 47,3 пайызға (9 миллиард теңгеге дейін) көбейді, сақтық резервтері 66,7 пайызға (4,5 миллиард теңгеге дейін) өсті.
Барлық сақтық ұйымдарының жиынтық активтері 2003 жылы Қазақстанда 65,6 пайызға көбейіп, 0,7 миллиард теңгені құрады.
гі кезде
Қазақстанда 34 сақтық
үйымдарының сақтық
қызметін жүзеге асыру
құқығына лицензиялары
бар, соның ішінде 6 –
шетелдіктердің қатысуымен
және екеуінің өмірді
сақтандыру бойынша, 27-сінің
көлік құралдары иелерінің
АҚЖ-ні міндетті сақтандыру
бойынша лицензиялары
бар, 6 сақтық брокерлердің, 30
актуарийлердің, 34 аудиторлық
ұйымдарының және 67
аудитордың сақтық қызметінің
аудитын жүзеге асыруға
лицензиялары бар.
Қазақстанда
сақтандыру нарығы нашар
дамыған
Қазақстанда
сақтандыру нарығы нашар
дамыған, депесептейді
«Лондон-Алматы»
сақтандыру компаниясы»
АҚ басқарма төрағасы
Ерғали Бегімбетов.
«Сақтандыру
сыйақыларының өсуі
мен сақтандыру төлемдерінің
құлдырауы сынды
үрдістер Қазақстандағы
сақтандыру нарығының
тым дамымай қалғанын
көрсетеді.
Дәлірек
айтқанда, оны реттеу
тұрғысынан емес, осы
нарыққа қатысушылардың
сақтандыру үдерісіне
қатысуы тұрғысынан
қарағанда дамымаған.
Егер нарық тұрақты
болып, тұрақты қызмет
атқарса, онда сыйақы
мен өтемақыны төлеудегі
қарама-қайшы секірістер
болмауы тиіс. Немесе
осыншама тым күрт болмауы
тиіс», - деді ол сейсенбі
күні баспасөз мәслихатында.
Ондағы
бар мәліметтер бойынша,
қаңтар-шілдеде сақтандыру
нарығы 11%-ға өсіп Т94
млрд-қа жетті. Бұл
ретте сол мерзімге
саққтандыру төлемдерінің
жиынтық көлемі жалпы
нарықта Т14,5 млрд-ты
құрады. «Лондон-Алматы»
сақтандыру компаниясының
мәліметтері бойынша,
нарықтағы сақтандыру
төлемдерінің сақтандыру
сыйақыларына қатынасы 20%болды.
«Бұл 20%көрсеткіш
міндетті сақтандыру
нарығы айтарлықтай
кең қамтылмаған, бірақ
әзірге дамымағанын
көрсетеді. Нарықта
бұл көрсеткіш түсініксіз
түрде құбылмай, жыл
сайын біртіндеп өсіп
отырса онда сақтандыру
ақырындап бәскеге қабілеттілеу,
қарқынды дамып келе
жатыр дегенді аңғартады», -
деді Е. Бегімбетов.
«Біздіңше
бәсекелестіктің
негізгі алаңы
ерікті және міндетті
автосақтандыру болып
табылады. Бүкіл әлемде
сондай жағдай қалыптасқан.
Бізде өтемдердің
сыйақыға қатынасы 20%-ды
құрайды, ал егер Сингапурды
алсақ, онда - 97%. Көрдіңіз
ба, онда бәсекелстік
қаншалықты жоғары екенін.
Олар онда қалайша ақша
тауып жүргенін мен
елестете алмаймын!
Біздің компаниялар
олардың орнында болса,
ҚҚА-ға барып тарифтерді
көтеруін талап еткен
болар еді», - дейді Е.
Бегімбетов
Қазақстан Республикасындағы
сақтандыру нарығы
Сақтандырудың мақсаты қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс процестерін қоғамдық және ұжымдық қорғау болып табылады.
Елімізде сақтандыруды дамытудың негізгі мақсаты – мемлекеттің, азаматтардың және шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүддесін қорғаудың нақты құралы бола алатын толыққанды, орнықты жұмыс істейтін ұлттық сақтық рыногын қалыптастыру.
Қазіргі заманғы ұлттық сақтандыру жүйесін құру сақтық қызметі рыногын сапалы жаңа деңгейге көтеру жөнінде шаралар әзірлеуді және кезең кезеңімен іске асыруды талап етеді. Бұл қағида Қазақстан Республикасында сақтандыруды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде жүргізіледі. Онда мынадай міндеттерді шешу көзделінген:
- әлеуметтік сақтандыру түрі ретіндегі сақтық қорғауды ұсынудың қағидаттарын нақтылау;
- сақтандыруды қолдану аясын кеңейту және міндетті сақтандыру түрлерін нақтылау;
- сақтық рыногының қазіргі заманғы инфрақұрылымын қалыптастыру және оның қатысушыларының – сақтық ұйымы, сақтық брокер, сақтық агент, сақтанушы, сақтандырылушы, пайда алушы, өзара сақтандыру қоғамы, сақтандырумен байланысты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын өзге де заңи және жеке тұлғалардың қызметін ұйымдастыру үшін жағдай жасау;
- халықаралық стандарттарды ескере отырып, сақтық қадағалауын жүйесін ұйымдастыру;
- сақтық және қайта сақтандыру ұйымдарының қаржылық орнықтылығы мен төлем қабілеттігі бойынша талаптарды күшейту;
- осы заманғы сақтандыру технологиясын енгізуге жәрдемдесу;
- сақтандыру саласында кадрлар даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесін ұйымдастыру.
Қазақстанның сақтық рыногы қалыптасу стратегиясында тұр:
экономикалық және құқықтық негіздемелері бойынша (ұзақ дағдарыс жетілмеген заңнамалық база) ол дүниежүзілік деңгейден айтарлықтай
артта қалып келеді. Дамыған нарықтык қатынастары бар елдерде сақтық қызметтер көрсетудің ассортименті 500 түрге жетіп отыр, ал Қазақстанда ол не бары 40 түрі қамтиды. Жеке басты сақтандыру және
азаматтардың мүлкін сақтандырудың көптеген түрлері нашар дамыған, бұл халықтың табысының төмен болып отырған деңгейіне байланысты.
Қазақстан Республикасы сақтық рыногының қатысушылары мыналар
болып табылады: сақтық ( қайта сақтандыру ) ұйымы; сақтық брокері;
сақтық агенті; сақтанушы, сақтандырылушы, пайда алушы; актуарий; уәкілетті аудиторлык ұйым (уәкілетті аудитор); өзара сақтандыру қоғамы;
сақтандырумен байланысты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын өзге де
заңи және жеке тұлғалар.
Жұмыс істейтін қызметкерлерді қоспағанда, Қазақстан Республи-касының аумағында тұрақты тұратын және табыс келтіретін қызметті жүзеге асыратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қоса алғанда, өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар міндетті әлеуметтік сақтан-дырылуға тиіс.
Қазақстан Республикасының "Міндетті әлеуметтік сақтандыру" туралы заңына сәйкес "Әлеуметтік сактандырудың мемлекеттік қоры" акционерлік қоғамы құрылған, ол бірден-бір құрылтайшысы мен қатысушысы мемлекет болып табылатын коммерциялық емес ұйым. Қор Орталықтың әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру үшін қаражаттың уақтылы аударылуын қамтамасыз етуге, қордың уақытша бос қаражатын ұлттық банк арқылы қаржы құралдарына орналастыруға, жыл сайын аудит өткізуді камтамасыз етуге, заңнамалық актілерге сәйкес өзге де міндеттерді атқаруға міндетті. Қордың өз қаражатын оның жарғылық капиталынан және комиссиялық сыйақыдан құралады және солардан тұрады.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар үшін әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорына төленуге тиісті әлеуметтік аударымдар мынадай мөлшерде белгіленеді:
есептеу объектісінен 2 пайыз;
есептеу объектісінен 3 пайыз.
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес арнаулы салық режімі қолданылатын өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар үшін олардың өз пайдасына төлейтін әлеуметтік аударымдардың мөлшері белгіленген (2005, 2006 және 2007 ж.ж. 1-ші қаңтарынан бастап ҚР-ның заңнамалық актісімен белгіленетін ең төменгі жалақының тиісінше 1,5, 2 және 3 пайызы).
Қазіргі кезде Қазақстанның сақтық рыногы қатысушыларының ассоциациясы құрылған. Ассоциацияның негізгі міндеттері Қазақстан Республикасының сақтық рыногын дамытудың қолайлы жағдайларын жасау және халықтың сақтық мәдениетінің деңгейін арттыру болып табылады.
Соңғы жылдары сақтандырудың отандық рыногында оң тенденциялар байқалуда. 2006 жылы сақтық сыйлықақыларының көлемі 27,1 пайызға көбейіп, 120,2 миллиард теңгені құрады, міндетті сақтандыру бойынша сақтық сыйлықақыларының көлемі 136,4 пайызға (2,8 миллиард теңгеге дейін) өсті. Ерікті мүлікті сақтандыру бойынша ол 18,6 пайызға (23,3 миллиард теңгеге дейін) көбейді. Сақтық төлемақысының көлемі 80 пайызға (4,2 миллиард теңгеге дейін), соның ішінде міндетті сақтандыру бойынша 73,5 пайызға (1,3 миллиард теңгеге дейін) өсті.
Сақтық ұйымдарының жиынтық есептік меншікті капиталы 47,3 пайызға (9 миллиард теңгеге дейін) көбейді, сақтық резервтері 66,7 пайызға (4,5 миллиард теңгеге дейін) өсті.
Барлық сақтық ұйымдарының жиынтық активтері 2006 жылы Қазақстанда 65,6 пайызға көбейіп, 0,7 миллиард теңгені құрады.
Қазіргі
кезде Қазақстанда 34
сақтық үйымдарының
сақтық қызметін жүзеге
асыру құқығына лицензиялары
бар, соның ішінде 6 –
шетелдіктердің қатысуымен
және екеуінің өмірді
сақтандыру бойынша, 27-сінің
көлік құралдары иелерінің
АҚЖ-ні міндетті сақтандыру
бойынша лицензиялары
бар, 6 сақтық брокерлердің, 30
актуарийлердің, 34 аудиторлық
ұйымдарының және 67
аудитордың сақтық қызметінің
аудитын жүзеге асыруға
лицензиялары бар.