Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2011 в 17:54, реферат
Елімізде сақтандыруды дамытудың негізгі мақсаты – мемлекеттің, азаматтардың және шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүддесін қорғаудың нақты құралы бола алатын толыққанды, орнықты жұмыс істейтін ұлттық сақтық рыногын қалыптастыру.
Қорытынды
Қорытындылап айтқанда, сақтандыру нарығы біз үшін өте қажетті көрсеткіш болып табылады. Себебі сақтандырудың мақсаты қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс процестерін қоғамдық және ұжымдық қорғау болып табылады.
Мемлекеттік сақтандыруға мемлекеттік бюджет пен оның шығыс бөлігін қалыптастыратын қазір заңдық және атқарушы билік органдарының қарамағындағы халықтың еңбекпен қамтылмағандарын әлеуметтік қамтамасыз етілуін қамтитын әлеуметтік сақтандыру енуі тиіс. Халықтың бұл тобына түсетін жәрдемақылар мен жеңілдіктер, олардың қоғамға енгізген еңбек үлесіне емес, адамдардың бұл санатының тек мұқтаждық және еңбекке жарамсыздық дәрежесімен анықталады. Сақтандыру төлемдерін қоғамның барлық жұмысқа жарамды мүшелері мен жұмыс берушілердің сақтандыру жарналарынан жиналған қаражаттан төлеу қажет. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру бүкіл халық үшін міндетті болуы тиіс. Мемлекеттің міндетті ісі- кепілділік. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорын құру міндетті сақтандырудың жаппай және әлеуметті мәнді түрлері бойынша сақтанушылрдың мүдделерінің жоғарырақ қорғалуын қамтамасыз етеді. Бұл қордың құрылтайшылары ҚР Үкіметі мен Ұлттық банкі болып есептеледі. Қатысушылары – сақтандырудың міндетті түрлерін жүзеге асыратын барлық сақтандыру ұйымдары. Сақтанушыларға мәжбүр болған кепілдікті төлемдер Қор арқылы тек сақтандыру ұйымы таратылуға мәжбүр болған жағдайда жүзеге асырылады.
Сақтандыру
– сақтанушылардың
сақтандыру жағдайлары
салдарынан шеккен залалдарын
өтеу үшін сақтандырылушылардың
жарналары есебінен
сақтандыру қорының
құрылуына байланысты
осы қорға қатысушылардың
арасында туындайтын
қайта бөлу қатынастарының
жүйесі. Мүлікті сақтандыру,
жеке басты сақтандыру,
жауапкершілікті сақтандыру ,
кәсіпкерлік тәуекелдікті
сақтандыру , әлеуметтік
сақтандыру түрлеріне
бөлінеді және міндетті,
ерікті сақтандыру нысандарында
жүзеге асырылады. Сақтандыру
түрлері кәсіпорындардың,
ұйымдардың, азаматтардың
нақты сақтандыру мүдделерін
ескереді, сақтандыру
объектілері мен заттарының
кең шеңберін түрлі
сақтандыру жағдайларынан
сақтандырмалық қорғаумен
қамтуға мүмкіндік береді.