Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2012 в 21:32, реферат
Сақтандыру компаниясы –сақтандыру қорының қызмет етуінің тарихи анықталған қоғамдық формасы болып табылады. Нарықтық экономикағы өту, оның рөлін, ұйымдық құрылымын және экономикалық қатынастар жүйесіндегі орнын анықтайды. Сақтандыру компаниясы –коммерциялық ұйым. Ол өзінің қызметін лицензиялау негізінде сақтандыру келісімшарттарын жасау және орындау бойынша жүзеге асырады. Қазақстанда сақтандыру ұйымдары, олардың құрылтайшылары мен акционерлері заңды және жеке тұлғалар, Қазақстан Республикасының резидент және резидент емес тұлғалары болып табылатын акционерлік қоғам формасында құрылады. Сақтандыру ұйымының құрылтайшысы мемлекет те бола алады, бірақ ол тек Қазақстан Республикасының Үкіметі ретінде ғана болады
Кіріспе
Сақтандыру нарығының мәні және атқаратын функциялары
Сақтандыру нарығының түрлері
Қазақстанның сақтандыру нарығы
Сақтандыру нарығын мемлекеттік реттеу
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Дағдарысқа дейін сақтандыру құрылымдарының дені ұжымдық салаға көп мән берген еді. Мұнда бір келісім шартқа қол қою арқылы, мыңдаған долларға қызмет етуге болатын. Жеке тұлғаларды сақтандыру нарығының шығыны көп, бір келісім шарттан түсетін пайданың ауқымы да аз. Алайда, дағдарыс басталған сәтте көптеген ірі және орта деңгейлі компаниялар өз бюджетін қайта қарады. Осыған орай, сақтандыру компанияның кірісі бірнеше есеге төмендеп кетті.Осылайша, дағдарыс қызып тұрған сәтте құрылымдар бұрын соңды бармаған амалдарды іздей бастады. Олар өздерінің даму бағыттарын қайта қарауға мәжбүр болды. Бірінші орынға жеке тұлғалар мен тұтынушылар шыға келді. Бұл жұмысқа сақтандыру компаниялары мен сақтандыру саласының ойыншылары да кірісіп кетті.
Жыл сайын Қазақстанда медициналық сақтандыру қызметіне сұраныс артып жатыр. Демек, осы сала бойынша жасалған төлемдердің де артқаны анық. Алайда, бұған нарықтағы баға өсімі де әсер етіп отыр. Дәл осы себептен, АвтоКАСКО құны өсті. Сақтандыру омбудсмені таратқан статистикаға сүйенер болсақ, даудамайлардың 54 пайызы көлік апаттарына тиесілі болып отыр. Осыған орай, алдағы уақытта жол апаты кезінде, зақым алған көлік жүргізушісі көлікті сақтандыру полисінің негізінде қаржыға үміт арта алмайды. Тұтынушылар көлікті жөндеуге болатын орталықтарды таңдаумен шектеледі. Көп жағдайда жол апатына тауешкі белгісінде туғандар тап болады. Ең көп зардап шегіп отырғандардың арасында шаяндар бірінші орында келе жатыр. Бұл статистиканы сақтандыру компаниляларының біріңғай базасында табуға болады. Бұл жүйе 5 жыл бұрын нарықты реттеуші органмен енгізілген еді. Сақтандыру компаниялары апатарға өз зерттеулерін жүргізді. Құжатқа сәйкес жылда республика бойынша 35 000 жол апаты тіркеліп отырады. Әйлер адамдар сақтандыру компанияларын шығынға батырмайды екен. Айта кететін жайт, кейбір елдерде сақтандыру полисі сатылған кезде адамның жынысына көп мән беріледі. Мысалы, Италия, Франция, Австрия мен Испанияның нәзік жандылары полисті ерлерге қарағанда арзан алады. Себебі, олар жолда мұқият болады. Бұны қазақстандық статистика да дәлелдеп отыр. Қазақстанда көлік жүргізушілерінің басым бөлігі ерлер. Көп жағдайда атапқа жиі тап болатын жүргізушілердің саны 25-35 жас аралығындағы ерлер. Шымкент, Тараз қалалары мен Жамбыл облысында жол апаттары жиі орын алып тұрады.
Сарапшылар көліктің түсі мен жүргізушінің мінезі бір біріне қатты ұқсас болады деп отыр. Көліктің түсі жүргізушінің айдау мәдениетіне сай келеді. Мысалы, қара және қызыл түсті таңдап отырғандар жолда жылдам жүргенді қалады. Олар бірден жол апатына жиі түсетіндердің тізіміне енеді. Айта кететін жайт, спорттық үлгідегі көліктердің басым бөлігінде қызыл және қара түс болады. Жасыл және көк түсті көліктердің жүргізушілері байсалды болады. Бүгінде Қазақстандағы көлік саны 3,5 млн. дананы құрап отыр. 2012 жылы сақтандыру компанияларының төлемдеріне кепілдік беру қорының ауқымы 1 млрд. теңгеге жететін болады. Жеке капиталдың ауқымы 10 млн. еуроны құрайды. Осы шамадаға қаржы елде сақтандыру тәуекелдерін ұстап отыруға әсер етеді дейді сарапшылар. Бір сөзбен айтқанда сақтандыру компаниялары тәуекелдерін сыртқа шығара алмайды. Осының арақасында тұтынушыларға қызмет көрсету сапасы өзгереді.
Қаржыгерлер бұл шығыны жоғары мүмкіндік деп отыр, ол өзін тез арада ақтай алмайды, Бір айда сақтандыру компаниясы 200-ден 400 000 теңгелік шығынға батып отырады. Бір компанияда бекітілген қызметкерлер саны еңбек етіп отыруы қажет болады. Шетелдік ойыншылар Қазақстанның сақтандыру нарығында айтарлықтай өзгеріс болмайды деп сендірді. Алдағы 2-3 жылда бар ойыншылар өз мүмкіндіктерін арттырады.
Сақтандыру нарығын мемлекеттік реттеу
Қазақстан Республикасы сақтандыру рыногының қатысушылары:
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы;
2) сақтандыру брокерi;
3) сақтандыру агентi;
4) сақтанушы, сақтандырылушы, пайда алушы;
5) актуарий;
6) сақтандырумен байланысты кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын өзгеде заңды және жеке тұлғалар болып табылады
Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының 2000 ж. 18 желтоқсандағы № 126-II Заңы (2009.11.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) бойынша Сақтандыру саласындағы мемлекеттiк реттеудiң негiзгi мiндеттерi:
2. Сақтандыру саласындағы
мемлекеттiк саясатты iске асыруды,
сақтандыру рыногындағы iстiң
жайына мемлекеттiк бақылау
Уәкiлеттi орган - Қазақстан
Республикасының заңдарына
Уәкiлеттi органның құқықтық мәртебесi Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен белгiленедi.
Уәкiлеттi органның функциялары және өкiлеттiгi (құқықтары):
Қорытынды
Қорытындылап айтқанда, сақтандыру нарығы біз үшін өте қажетті көрсеткіш болып табылады. Себебі сақтандырудың мақсаты қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс процестерін қоғамдық және ұжымдық қорғау болып табылады.
Мемлекеттік сақтандыруға мемлекеттік бюджет пен оның шығыс бөлігін қалыптастыратын қазір заңдық және атқарушы билік органдарының қарамағындағы халықтың еңбекпен қамтылмағандарын әлеуметтік қамтамасыз етілуін қамтитын әлеуметтік сақтандыру енуі тиіс. Халықтың бұл тобына түсетін жәрдемақылар мен жеңілдіктер, олардың қоғамға енгізген еңбек үлесіне емес, адамдардың бұл санатының тек мұқтаждық және еңбекке жарамсыздық дәрежесімен анықталады. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру бүкіл халық үшін міндетті болуы тиіс. Мемлекеттің міндетті ісі- кепілділік. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорын құру міндетті сақтандырудың жаппай және әлеуметті мәнді түрлері бойынша сақтанушылрдың мүдделерінің жоғарырақ қорғалуын қамтамасыз етеді. Бұл қордың құрылтайшылары ҚР Үкіметі мен Ұлттық банкі болып есептеледі. Қатысушылары – сақтандырудың міндетті түрлерін жүзеге асыратын барлық сақтандыру ұйымдары. Сақтанушыларға мәжбүр болған кепілдікті төлемдер Қор арқылы тек сақтандыру ұйымы таратылуға мәжбүр болған жағдайда жүзеге асырылады.Сақтандыру – сақтанушылардың сақтандыру жағдайлары салдарынан шеккен залалдарын өтеу үшін сақтандырылушылардың жарналары есебінен сақтандыру қорының құрылуына байланысты осы қорға қатысушылардың арасында туындайтын қайта бөлу қатынастарының жүйесі. Мүлікті сақтандыру, жеке басты сақтандыру, жауапкершілікті сақтандыру, кәсіпкерлік тәуекелдікті сақтандыру , әлеуметтік сақтандыру түрлеріне бөлінеді және міндетті, ерікті сақтандыру нысандарында жүзеге асырылады. Сақтандыру түрлері кәсіпорындардың, ұйымдардың, азаматтардың нақты сақтандыру мүдделерін ескереді, сақтандыру объектілері мен заттарының кең шеңберін түрлі сақтандыру жағдайларынан сақтандырмалық қорғаумен қамтуға мүмкіндік береді.
Пайдаланылған әдебиеттер: